"Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 52 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – мекеме) құрылсын.

      2. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады