2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбеде жасалған 2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар – Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекші-мигранттар – Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 4 ақпандағы 
№ 55 қаулысымен    
бекітілген       

2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

(2016 жылғы 28 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2016 ж., № 3, 52-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
      екі ел халықтарының тарихи дәстүрлі достық байланыстар мен тату көршілік қатынастарды сақтауға және нығайтуға ұмтылысын негізге ала отырып,
      екі мемлекеттің де азаматтарының Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асыру, екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жан-жақты қатынастарын дамыту және тереңдету үшін оларға қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып, екі мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және дамытуға өзара ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші-мигранттарға оңайлатылған тәртіп ұсыну мақсатында, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар – Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекші-мигранттар – Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабына сәйкес мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап
      Осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін Тараптар:
      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін;
      Тәжікстан Республикасынан - Тәжікстан Республикасы Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту министрлігін уәкілетті органдар етіп тағайындайды.
      Тараптардың уәкілетті органдары жыл сайын еңбекші-мигранттардың саны мен кәсіптік құрамы туралы деректер алмасуды жүзеге асырады.
      Уәкілетті органдардың атаулары өзгерген кезде Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі дереу хабардар етеді.
      Уәкілетті органдардың осы Келісімге байланысты мәселелерді шешу үшін Тараптардың өзге де құзыретті органдарын тартуға құқығы бар.
      Тәжікстан Республикасының Үкіметі қажет болған кезде осы Келісім нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тәжікстан Республикасы елшілігінің жанынан уәкілетті органның өкілдігін құра алады.».

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы кезеңінде күшінде болады.
      2015 жылғы «14» қыркүйекте Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. 

      Қазақстан Республикасының        Тәжікстан Республикасының
            Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады