"Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы" автомобиль жолының "Орталық – Оңтүстік" дәлізін реконструкциялау" 2214 – 2295 км (Күрті – Бурылбайтал учаскесі)" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 69 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Еуропа Қайта Құру және Даму банкіне қарыз туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 140000000 (бір жүз қырық миллион) АҚШ долларына дейін баламалы сомада «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде «Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы» автомобиль жолының «Орталық – Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау» 2214 – 2295 км (Күрті – Бурылбайтал учаскесі)» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады