"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 71 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №
954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары мен қоғамдық кеңестердің ұсынымдары;»;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға сауалнама қою, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары негізінде алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сапасы туралы ақпараты пайдаланылады, сондай-ақ қосымша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілуі мүмкін.».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады