"Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)" жобасының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 93 қаулысы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 4640 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd», «Beijing State-Owned Assets Management Co., Ltd», «China Railway No.2 Engineering Group Co., Ltd» қытай компанияларының құрамындағы консорциум одан «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын өнім беруші болып айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р.Әлиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады