Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2020 № 643 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы арқылы жіберіледі.
Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектілері ұсынатын ақпарат операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері, XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы арқылы немесе қағаз жеткізгіште жіберіледі.
Қаржы мониторингі субъектісі ақпаратты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделмеген тәсілмен жіберген жағдайда, уәкілетті орган бұл ақпаратты қарамай қайтарады.
Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсiлмен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқорда тіркелген материалдарға жүргізіліп жатқан талдау шеңберінде қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салу жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органнан электрондық тәсілмен қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салуды алған кезде уәкілетті органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері сұратылған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабының 3-1-тармағында белгіленген мерзімде осы Қағидалардың 3 - 5-тармақтарында айқындалған тәртіпке сәйкес осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Заңның 10-бабының 3-1-тармағы үшінші бөлігінің негізінде жіберілген сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған уәкілетті органның электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салу мерзімін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтініш жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны):
реттік нөмірі 1.5-жолда;
3-бағанда:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4.5-тармақшамен толықтырылсын:
"4.5. Әлеуметтік төлемдер мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер";
5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
ҚМ-1 нысанын толтыру бойынша түсініктемеде:
"ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер" деген 1-бөлімде:
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Күдікті операция" - мынадай:
қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған;
клиент қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған операцияны жасауға ұмтылыс жасаған;
қаржы мониторингі субъектісі Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тартқан, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлға қаржы мониторингі субъектісіне № 8012 күдікті операцияны айқындау белгісінің коды көрсетіле отырып, Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен жалақы алу бойынша операцияны жүзеге асыру үшін өтініш жасаған;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның банктік шотына № 8013 күдікті операцияны айқындау белгісінің коды көрсетіле отырып, ақша есепке жатқызылған жағдайда көрсетіледі.
№ 8001-8011 күдікті операцияларды айқындау белгілерінің кодтары көрсетілген жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелер толтыруға міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14. Бұл ретте 4.2-деректемеде "2. Болып табылады" деген мән көрсетілген кезде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 4.7 (1.4-жол), 4.13, жеке тұлғалар үшін: 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.";
жиырмасыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"4.5. Әлеуметтік төлемдер мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер" – терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға Заңның 12-бабы 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде қаражат төленген және салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу жүзеге асырылған жағдайда көрсетіледі.";
жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтар алып тасталсын;
"Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат" деген 3-бөлімдегі үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"0511, 0521, 0911, 1311, 1321, 1411, 1421, 1431-кодтарда көзделген операцияларды қоспағанда, клиентке қолма-қол ақша берілген не клиенттен қолма-қол ақша қабылданған жағдайда 0530, 0540-кодтар көрсетіледі.
0623, 0633-кодтар көрсетілген және оффшорлық аймақта (аймақтан) операция жүргізілген жағдайларда "Операцияға қатысушының банкі" деген 4.7-деректеменің "Банктің/филиалдың орналасқан елі" деген 4-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығына сәйкес толтырылады.
0623, 0633-кодтарда көзделген операцияларды қоспағанда, клиент оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар тұлғалардың санатымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаған жағдайда 0640-код көрсетіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері кодтарының анықтамалығында:
мына:
"
071 | Мынадай: жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу; клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе басқа мүлкін басқару; банктік шоттарды немесе бағалы қағаз шоттарын басқару; компанияны құру, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты шоғырландыру; заңды тұлғаларды құру, жұмыс істеу немесе басқару не кәсіпорындарды құру және сатып алу-сату қызметтеріне қатысты ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операцияларға клиенттің атынан немесе тапсырмасы бойынша қатысатын жағдайдағы адвокаттар |
072 | Мынадай: жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу; клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе басқа мүлкін басқару; банктік шоттарды немесе бағалы қағаз шоттарын басқару; компанияны құру, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі немесе басқару үшін қаражатты шоғырландыру; заңды тұлғаларды құру, жұмыс істеу немесе басқару не кәсіпорындарды құру және сатып алу-сату қызметтеріне қатысты ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операцияларға клиенттің атынан немесе тапсырмасы бойынша қатысатын жағдайда заңды мәселелер жөніндегі тәуелсіз мамандар |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
071 | Клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша мынадай қызметке қатысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысқан жағдайда адвокаттар: |
жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату; | |
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқару; | |
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқару; | |
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтау; | |
заңды тұлғаларды құру, сатып алу-сату, олардың жұмыс істеуі немесе оларды басқару | |
072 | Клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша мынадай қызметке қатысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысқан жағдайда заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар: |
жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату; | |
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқару; | |
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқару; | |
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтау; | |
заңды тұлғаларды құру, сатып алу-сату, олардың жұмыс істеуі немесе оларды басқару |
";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
130 | Лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар |
140 | Ломбардтар |
150 | Бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар |
160 | Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар |
170 | Төлемдер қабылдау бойынша операторлар |
";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығында:
мына:
"
0221 | Клиентке айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0221 | Клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы |
";
мына:
"
0311 | Бiржолғы операция ретiнде чек бойынша ақша алу |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0311 | Чек бойынша ақша алу |
";
мына:
"
0312 | Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде чек бойынша ақша алу |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
0321 | Бiржолғы операция ретiнде вексель бойынша ақша алу |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0321 | Вексель бойынша ақша алу |
";
мына:
"
0322 | Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде вексель бойынша ақша алу |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
0511 | Бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотынан алу |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0511 | Клиенттiң банктік шотынан ақшаны алу |
";
мына:
"
0512 | Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотынан алу |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
0521 | Бiржолғы операция ретiнде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотына салу |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0521 | Клиенттiң банктік шотына ақшаны есепке жатқызу |
";
мына:
"
0522 | Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде ақшаны клиенттiң банктік есеп шотына салу |
"
деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
0530 | Клиентке қолма-қол ақша беру |
0540 | Клиенттен қолма-қол ақша қабылдау |
";
мына:
"
0623 | Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0623 | Оффшорлық аймақта тиісті түрде тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк шотына есепке жатқызуы немесе аударуы |
";
мына:
"
0624 | Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
0633 | Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0633 | Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақшаны есепке жатқызуы немесе аударуы |
";
мына:
"
0634 | Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы |
"
деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
0640 | Клиенттің оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тiркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасайтын операциялары |
";
мына:
"
0711 | Бiржолғы операция ретiнде жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақша аудару |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0711 | Анонимді иеленушiге арнап ашылған шетелдегi шоттарға (салымдарға) ақша аудару |
";
мына:
"
0712 | Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде жасалған жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақша аудару |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
0721 | Бiржолғы операция ретiнде жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақшаның түсуi |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0721 | Анонимді иеленушiге арнап ашылған шетелдегi шоттан (салымнан) ақшаның түсуi |
";
мына:
"
0722 | Қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде жасалған жасырын иеленушiге арнап ашылған шетелдегi есепшоттарға (салымдарға) ақшаның түсуi |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
1711 | Бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сатып алу |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1711 | Клиенттің бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сатып алуы |
";
мына:
"
1721 | Бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сату |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1721 | Клиенттің бағалы металдарды, асыл тастарды және (немесе) олардан жасалған бұйымдарды сатуы |
";
мына:
"
1731 | Бағалы металдармен, асыл тастармен және (немесе) олардан жасалған бұйымдармен өзге де операциялар |
"
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
1911 | Бағалы қағаздармен мәмілелер |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1911 | Ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер |
";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
2020 | Ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен мәмілелер |
2110 | Ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын жасау |
6010 | Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның жалақы түрінде ақша алу |
6020 | Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде ақша алуы |
6030 | Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша төлемдері мен аударымдары |
6040 | Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызу |
";
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салу";
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салуға жауап";
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама";
көрсетілген Қағидалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген күдікті операцияны айқындау белгілерінде:
"1. Жалпы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24-1, 24-2, 24-3 24-4, 24-5, 24-6, 24-7, 24-8, 24-9, 24-10, 24-11-жолдармен толықтырылсын:
"
24-1 | 8001 | Қаржы мониторингі субъектісінде операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған деген күдік туындататын күдікті операцияны жасау әрекеті |
24-2 | 8002 | Қаржы мониторингі субъектісінде операция терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындататын күдікті операцияны жасау әрекеті |
24-3 | 8003 | Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту |
24-4 | 8004 | Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталуы мүмкін іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту |
24-5 | 8005 | Терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталуы мүмкін іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту |
24-6 | 8006 | Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда операция жүргізуден бас тарту |
24-7 | 8007 | Қаржы мониторингі субъектісінде операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталуы мүмкін деген күдік туындататын операцияны жүргізуден бас тарту |
24-8 | 8008 | Қаржы мониторингі субъектісінде операция терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталуы мүмкін деген күдік туындататын операцияны жүргізуден бас тарту |
24-9 | 8009 | Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату |
24-10 | 8010 | Клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату |
24-11 | 8011 | Клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату |
";
"3. Банктік қызмет көрсету кезінде" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 62-1, 62-2, 62-3-жолдармен толықтырылсын:
"
62-1 | 3006 | Жынысына қарамастан, діншілдігінің сыртқы белгілері бар ақша қаражатын жіберушінің кіріс көздерін анықтау рәсімін өтуден бас тартуы |
62-2 | 8012 | Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалақы алу операциясын жүзеге асыру үшін терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның өтініші |
62-3 | 8013 | Заңның 13-бабы 1-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызу |
";
"9. Лизинг қызметтерін көрсету кезінде" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. Лизинг қызметтерін көрсету кезінде | ||
90. | 1038 | Егер қолда бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін айқындауға мүмкіндік бермесе, бұрын міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуі |
91. | 9001 | Лизинг алушының тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаның лизингтік төлемдерді тұрақты түрде төлеуі |
92. | 9002 | Лизинг нысанасын сатушы және лизинг алушы (сублизинг алушы) сол бір адам болып табылса, мүлікті лизинг (сублизинг) шарты бойынша алу немесе беру |
93. | 9003 | Лизинг шарты жасалғаннан кейін оны қысқа уақыт ішінде айқын негізсіз мерзімінен бұрын бұзу |
";
мынадай мазмұндағы 10, 11, 12 және 13-бөлімдермен толықтырылсын:
"
10. Ломбард қызметін жүзеге асыру кезінде | ||
94. | 9004 | Кейін кері сатып алмай зергерлік бұйымдарды кепілге қою арқылы көп мәрте (жылына үш немесе одан да көп рет) қарыз алу |
95. | 9005 | Сынамалау таңбаларының бедерлері жоқ бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды кепілге немесе арзан сатуға қою |
96. | 9006 | Көлік құралын сенімхат бойынша ломбардқа кепілге қою |
11. Бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды арзан сатып алуды, сатып алуды-сатуды жүзеге асыру кезінде | ||
97. | 9007 | Жеке тұлғаның бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан (бір тұрпатты бұйымдар) және (немесе) сертификатталған асыл тастардан жасалған бірнеше зергерлік немесе басқа тұрмыстық бұйымды жүйелі түрде сатып алуы |
98. | 9008 | Клиенттің тапсырмасы бойынша өткізілген бағалы металдар, асыл тастар және осындай бұйымдардың сынықтары үшін ақша қаражатын үшінші тұлғалардың шоттарына аудару |
99. | 9009 | Клиенттің тапсырмасы бойынша өткізілген зергерлік бұйымдар үшін ақша қаражатын үшінші тұлғалардың шоттарына аудару |
100. | 9010 | Бедерлеу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын өндіруші заңды тұлғаның асыл тастарды, алмас шикізатын және бастапқы (өңделмеген) түрдегі асыл тастарды сатып алуы |
101. | 9011 | Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін бедерленген асыл тастарды (гауһарды қоспағанда) сатып алуы |
102. | 9012 | Бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған зергерлік бұйымдарды ағымдағы нарықтық бағалардан айтарлықтай ауытқуышылығы бар бағалар бойынша сату |
12. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде | ||
103. | 9013 | Клиенттің ауыртпалық салынған (ипотеканы қоспағанда) жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау ұсынысы немесе әрекеті |
104. | 9014 | Жылжымайтын мүлікпен нарықтық құнынан айтарлықтай ауытқушылығы бар баға бойынша мәміле жасау |
105. | 9015 | Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік объектілерін көп мәрте (үш немесе одан да көп рет) сатып алуы және (немесе) сатуы |
106. | 9016 | Жеке кәсіпкерлік субъектісі сатып алушы ретінде әрекет ететін мемлекеттік меншік болып табылатын жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыру |
13. Төлемдерді қабылдау бойынша оператордың қызметін жүзеге асыру кезінде | ||
107. | 9017 | Бұрын аударылған ақша қаражатын "Қате аударылған сомаларды қайтару" негіздемесі бойынша қайтару туралы төлем субагентінің талабы |
108. | 9018 | Төлем субагентінен түскен ақша қаражаты көлемінің сипатсыз ұлғаюы |
109. | 9019 | Қызметі клиенттерге қымбат тұратын қызметтер көрсетуді көздемесе де, көрсетілетін қызметті берушіге төленетін төлемдердің қомақты көлемі |
110. | 9020 | Өнім беруші кызметінің сипатымен негізделмесе де, көрсетілетін қызметтерді берушіге тұрақты төлемдер |
111. | 9021 | Көрсетілетін қызметтерді берушінің қызметі клиенттерге мәлімделген қызметтерді көрсету қабілеттілігіне күмән туғызады |
".
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, бір жүз тоқсан екінші, бір жүз тоқсан үшінші, бір жүз тоқсан төртінші, бір жүз тоқсан бесінші, бір жүз тоқсан алтыншы, бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші, бір жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші, екі жүз үшінші, екі жүз төртінші, екі жүз бесінші, екі жүз алтыншы, екі жүз жетінші, екі жүз сегізінші, екі жүз тоғызыншы, екі жүз оныншы, екі жүз он бірінші, екі жүз он екінші, екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Нысан
Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру жөнінде сұрау салу мерзімін ұзарту туралы
өтініш
___________________________________________________________________
(қаржы мониторингі субъектісінің атауы)
____________________ көрсетілген қажетті ақпаратты, мәліметтер мен
(уәкілетті орган)
құжаттарды беру жөніндегі №________ сұрау салуда көрсетілген мерзімді _____ жұмыс күніне дейін ұзарту туралы өтініш береді.
__________________________ ____________ ____________________
(қаржы мониторингі (қолы) (қолдың толық
субъектісінің жауапты жазылуы)
адамының Т.А.Ә.)