Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016 – 2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспар (бұдан әрі – Егжей-тегжейлі жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ
Егжей-тегжейлі жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Егжей-тегжейлі жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Егжей-тегжейлі жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жылына екі рет, 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Егжей-тегжейлі жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминге жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2017 № 220 қаулысымен.5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және Кеден одағы шеңберінде инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі кешенді жұмыс жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 643 қаулысы;
2) "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және Кеден одағы шеңберінде инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі кешенді жұмыс жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 643 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1092 қаулысы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016 – 2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспар
Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2017 № 220 қаулысымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бағыт: мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды енгізу | ||||
1. | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарға арналған корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ҰЭМ бұйрығы | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2016 жылғы қыркүйек |
2-бағыт: инвестициялық ахуалдың тартымдылығын арттыру | ||||
2. | Үкіметтік бағдарлама жобасын әзірлеу және енгізу (Қазақстанның инвестициялық стратегиясы) | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ, АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз |
3. | Трансферттік баға қалыптастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | ИДМ-ге ұсыныстар | Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, ҰКП (келісім бойынша) | 2017 жылғы мамыр |
4. | ИДМ-мен келісім бойынша нақты мақсаттар, көрсеткіштер мен "тауашалық жобалар" көрсетілген инвестициялар тарту жөніндегі салалық және өңірлік жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын қабылдау | министрліктердің, ұйымдар мен өңірлер басшыларының бұйрықтары | ИДМ, АШМ, ЭМ, ҚАӨМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2016 жылғы сәуір, 25 желтоқсан, жыл сайын |
5. | Халықаралық стандарттарға сәйкес "тауашалық жобаларды" ресімдеуді қамтамасыз ету | ИДМ-ге ақпарат |
ИДМ, АШМ, ЭМ, | 2017 жылы маусым |
6. | Инвесторларды, оның ішінде трансұлттық компанияларды тартуды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, АШМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
25 қаңтар, |
7. | Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңестің (инвестициялық штаб) қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, АШМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 25 шілде |
8. | Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестердің қызметін қамтамасыз ету | ИДМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 5 қаңтар, 5 шілде, жыл сайын |
9. | ИДМ-мен келісу бойынша инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестердің жыл сайынғы жұмыс жоспарларын қабылдау | өңірлер басшыларының бұйрықтары | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы сәуір, 25 желтоқсан, жыл сайын |
10. | Іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланып отырған, Мемлекет басшысының шетелдік сапарлары барысында уағдаластыққа қол жеткізілген шетелдік инвесторлардың жобаларын (бұдан әрі –"Follow up" жобалары) қоса алғанда, инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру және өзектілендіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, АШМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы наурыз, тоқсан сайын |
11. | Барлық "Follow up" жобалары бойынша жол картасын әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, АШМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 25 шілде |
12. | "Follow up" жобалары жөніндегі жол картасының орындалуына мониторинг жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, АШМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | тоқсан сайын |
13. | Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан-Қытай инвестициялық жобаларын іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, АШМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
25 шілде, |
14. | Жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратқа еркін қол жеткізу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ | 2017 жылғы 25 шілде |
15. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдегі мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдарының, ұлттық компаниялары мен Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзара іс-қимылдары қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арасындағы шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру жөніндегі жыл сайынғы бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу | ИДМ мен және СІМ-нің бірлескен бұйрығы | ИДМ, СІМ "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы қазан |
16. | Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын инвестициялар тарту бойынша негізгі басым елдердегі инвестициялар жөніндегі арнайы кеңесшілерді кезең-кезеңмен тағайындауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, СІМ | 2016 жылғы мамыр, 2016 жылғы қыркүйек, 2017 жылғы қаңтар |
17. | Нысаналы көрсеткіштерді ескере отырып, Инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық оператордың өкілдерін тағайындау жөніндегі жұмысты жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, АШМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша) |
2017 жылғы 25 шілде, жыл сайын |
18. | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі тәсілдерін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ИДМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша) |
2016 жылғы сәуір |
3-бағыт: инвесторлардың халықаралық коммерциялық төрелікке қолжетімділігін кеңейту | ||||
19. | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанынан Халықаралық кеңес құру | ведомстволық нормативтік құқықтық акт | ЖС (келісім бойынша) |
2016 жылғы наурыз |
4-бағыт: көрсетілетін қызметтердегі, тауарлар мен жұмыс күшіндегі жергілікті қамтуға қойылатын талаптардың икемділігін және шынайылығын қамтамасыз ету | ||||
20. | Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шеңберінде жергілікті қамту бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысты жалғастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, Еңбекмині, ҰЭМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2016 жылғы шілде |
5-бағыт: мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту | ||||
21. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвесторлар тартуды қамтамасыз ету үшін жобаларды дайындау мен іске асыру рәсімдерін оңайлату жөнінде шаралар қабылдау | ИДМ-ге ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, АШМ | 5 қаңтар, жыл сайын |
6-бағыт: зияткерлік меншік құқықтарын қорғау | ||||
22. | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау | ИДМ-ге ақпарат | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2017 жылғы желтоқсан |
7-бағыт: бизнесті жауапты жүргізу практикасын дамыту | ||||
23. | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес Ұлттық байланыс орталығының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ИДМ, ҰЭМ, Еңбекмині, ЭМ, ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы 25 шілде |
24. | Ұлттық байланыс орталығының жұмысын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясына сәйкес қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, ҰЭМ, Еңбекмині, ЭМ, ҰКП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 25 шілде |
25. | Трансұлттық компаниялардың бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын тарату бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, ҰЭМ, Еңбекмині, ЭМ, АШМ, ҰКП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 25 шілде |
8-бағыт: инвесторлардың жер ресурстарына қолжетімділігін кеңейту | ||||
26. | Инвесторларға жер учаскелерін беру рәсімдерін оңайлату жөнінде шаралар әзірлеу | ИДМ-ге ақпарат | АШМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2016 жылғы 5 шілде |
27. |
Инвесторлар үшін жер учаскелері бойынша кадастрлық ақпаратты: | ИДМ-ге ақпарат | АКМ, АШМ, ИДМ, ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 5 шілде |
9-бағыт: сауда саясатын ырықтандыру | ||||
28. | Сауда операцияларына қызмет көрсету жөніндегі электрондық қызметтерді дамыту, кедендік деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру | ИДМ-ге ақпарат | АКМ, Қаржымині, АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2017 жылғы 5 шілде |
29. | Сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуына бақылау жүргізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың кейіннен пайдалануы үшін Бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандартталған түрде бір мәрте құжат тапсыру функционалын іске асыру мақсатында "бір терезе" қағидатын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ИДМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар |
2016 жылғы 25 шілде |
10-бағыт: инвесторларға әкімшілік және сыбайлас жемқорлық жүктемені төмендету үшін жағдай жасау, инвесторлардың ұлттық нарыққа шығуын неғұрлым тиімді сүйемелдеуді қамтамасыз ету | ||||
30. | Инвесторларға арналған "бір терезе" қағидаты бойынша ИДМ-мен өзара іс-қимыл жасау арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету | ИДМ-ге ақпарат | мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 5 қаңтар, 5 шілде, жыл сайын |
31. | Инвесторлар үшін "бір терезе" қағидатының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, Еңбекмині, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 25 шілде |
32. | Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул жоспары ұсынымдарын орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау | ИДМ-ге ақпарат | МҚІСҚА (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЭМ, ІІМ, БП (келісім бойынша) | 5 қаңтар, жыл сайын |
33. | Шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | ИДМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, ИДМ, СІМ, ҰЭМ, ЭМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 5 шілде |
34. | "Пилоттық жоба" ретінде Қытайда визалық орталық ашу мәселесін пысықтау | ИДМ-ге ақпарат | СІМ, ИДМ, ІІМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы 5 шілде |
35. | Заңнамалық деңгейде электронды визаларды беру тетіктерін енгізу мәселесін пысықтау | ИДМ-ге ақпарат | ҰҚК (келісім бойынша), СІМ, ИДМ, БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 5 шілде |
11-бағыт: инвестицияларға арналған салық және кеден режимін жақсарту | ||||
36. | Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру | ИДМ-ге ақпарат | Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, ҰКП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 5 шілде |
37. | Салық заңнамасын жетілдіру | ИДМ-ге ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ | 2017 жылғы 5 шілде |
38. | Салықтар мен айыппұлдар ерікті түрде төленген жағдайда салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту және салықтық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау бойынша ұсыныстар әзірлеу | ИДМ-ге ұсыныстар | Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, БП (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 5 шілде |
12-бағыт: мемлекеттің экономикаға қатысуын және инвесторлар үшін кедергілерді азайту | ||||
39. | Экономиканың негізгі салаларында кәсіпкерлер үшін бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту не жою бойынша ұсыныстар әзірлеу | ИДМ-ге ұсыныстар | ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, Қаржымині, АШМ, ҰКП (келісім бойынша) | 2017 жылғы 5 шілде |
40. | Қазақстандық және шетелдік инвесторлардың активтерді жекешелендіруге, квазимемлекеттік сектордан бәсекеге қабілетті ортаға беруге қатысуы бойынша шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 25 қаңтар жыл сайын, |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
ҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi
Қаржыминi – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ – "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы