Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізбесінде:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық ұлан күні - 10 қаңтар
1-1. Қазақстан жастары күні - 9 ақпан»;
мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Басқа мемлекеттердің аумағында әскери борышын атқарған қазақстандықтарға құрмет көрсету күні - 15 ақпан
1-3. Алғыс айту күні - 1 наурыз
1-4. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні - Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні - сәуірдің үшінші сенбісі»;
мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-2. Еңбек күні - сәуірдің үшінші жексенбісі
2-3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір
2-4. Чернобыль АЭС-індегі аварияның, басқа да техногендік және экологиялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан қазақстандықтарға құрмет көрсету күні - 26 сәуір»;
26-1-тармақ алып тасталсын.
2. Осы Жарлық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он үшінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев