Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы № 159 қаулысы

      «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар:
      1) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың  10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 26 наурыздағы
№ 159 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.10.2016 № 628 қаулысымен.

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Әдістемелік іс-шаралар

1. 

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму (2025 жылға дейінгі) тұжырымдамасын түсіндіру жөніндегі әдістемелік (электрондық форматта) материалдар әзірлеу

әдістемелік материалдар

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МСМ, БҒМ

2016 жылғы 1 маусымға дейін

-

талап етілмейді


2. 

Этносаралық саладағы жағдайдың тоқсан сайынғы мониторингін қамтамасыз ету

мониторинг бойынша есеп

МСМ, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, БП (келісім бойынша), ИДМ, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері

жыл сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 күніне дейін тоқсанына бір рет

-

талап етілмейді


3.

Қайырымдылыққа белсене қатысқаны үшін заңды және жеке тұлғаларды қоғамдық көтермелеу жүйесін әзірлеу

ҚХАХ шешімі

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МСМ, ДСӘДМ

2016 жылғы 20 желтоқсанға дейін

-

талап етілмейді


4.

ҚХА медиация кабинеттері туралы үлгі ережелер (электрондық форматта) әзірлеу, олардың қызметін әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету

үлгі ережелер, әдістеме

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

2016 жылғы 25 шілдеге дейін әзірлеу

-

талап етілмейді


5.

ҚХА кафедралары базасында «Медиация негіздері» элективті курсын әзірлеу және енгізу

элективті курстар

БҒМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

2016 жылғы 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді


6.

Өңірлердің этномәдени бірлестіктері мен достық үйлеріне арналған (электрондық форматта (365 себеп)) әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері

2016 жылғы 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді


2. Ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар

 7.

Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік мәселелері бойынша ҚХА-ның мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру

ҚХА-ның МСМ, БҒМ, ДСӘДМ, ИДМ, ІІМ келісім жасасу

ҚХАХ (келісім бойынша), «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МСМ, БҒМ, ДСӘДМ, ИДМ, ІІМ

жыл сайын, 20 желтоқсанға дейін

-

талап етілмейді


8.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

МСМ-ге жүргізілген жұмыс туралы есеп

МСМ, БҒМ, ДСӘДМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, жарты жылда бір рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді


9.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілетуге және іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту

ҮЕҰ-мен бірлескен іс-шаралар өткізу

МСМ, БҒМ, ДСӘДМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Азаматтық Альянсы (келісім бойынша)

тұрақты

-

талап етілмейді


10.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөнінде Мемлекет басшысына жылдық есепке ақпарат беру

МСМ-ге ақпарат

МСМ, БҒМ, ДСӘДМ, СІМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жылғы 20 маусымға дейін, одан әрі жыл сайын 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

кездесулер, дөңгелек үстелдер, отырыстар өткізу

ҚХАХ (келісім бойынша), «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), Парламент Мәжілісінің аппараты (келісім бойынша), Парламент Мәжілісіндегі ҚХА-ның депутаттық тобы (келісім бойынша)

тұрақты

-

талап етілмейді


12.

Саяси партиялармен және басқа да азаматтық қоғам институттарымен жасалған меморандумдар негізінде ҚХА-ның іс қимылын қамтамасыз ету

кездесулер, дөңгелек үстелдер, отырыстар өткізу

ҚХАХ (келісім бойынша)

тұрақты

-

талап етілмейді

13.

Жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге этномәдени бірлестіктердің қатысуын қамтамасыз ету бойынша ҚХА-ның арнайы бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету

бағдарламаны іске асыру есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, жарты жылда бір рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді

14.

Халықтың өзекті мәселелерін қарау жөніндегі тетік ретінде ҚХА-ның қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін нығайту, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен сындарлы шешімдер әзірлеу және қабылдау

жұмыс туралы есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

тұрақты

-

талап етілмейді

15.

Қоғамдық бақылау саласындағы ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын жандандыру:
жергілікті қауымдастықтардың аса маңызды проблемаларын талқылауды тоқсан сайын жүргізу;
өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдар басшыларының ақпараттарын қоғамдық тыңдауды жарты жылда бір рет қамтамасыз ету;
жергілікті жерлерде (аудандар мен ауылдық округтерде) өткір әлеуметтік проблемаларды шешу жөніндегі практикалық ұсынымдарды әзірлей отырып, оларды жедел қарау мен талқылауды қамтамасыз ету

жұмыс туралы есеп

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, жарты жылда бір рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді

 16.

Қазақстанда және өңірлерде қайырымдылық ұйымдарды, меценаттарды, донорлар мен этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, қайырымдылық қызметін дамытуға ықпал ету және үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру

жоспарды іске асыру туралы есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді

17.

ҚХА Медиация орталығының жұмыс жоспарын іске асыру («Қоғамдық келісім» РММ базасында)

жоспарды іске асыру туралы есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, жарты жылда бір рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді

18.

ҚХА медиация кабинеттерінің базасында достық үйлерінде:
қоғамдық қабылдау жұмысын;
қоғамдық келісім мәселелері бойынша медиаторлар қызметін;
ҚХА қоғамдық келісім кеңестерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру

іске асыру туралы есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

тұрақты

-

талап етілмейді

19.

Медиация негіздерін оқытуға арналған білім беру бағдарламасын іске асыру

МСМ-ге ақпарат есеп

БҒМ, («Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), «Жарасым» РҚҰ, Медиаторлар қауымдастығы, «Самұрық-Қазына» әлеуметтік әріптестік орталығы

жыл сайын 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді

20.

Мемлекеттік тілді зерделеу бойынша этномәдени бірлестіктер мен достық үйлеріндегі этно ағарту кешендерінің қызметін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

іске асыру туралы есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

тұрақты

-

талап етілмейді

21.

«Жастар» ҒЗО-мен қазақстандық құндылықтарды зерделеу және жастар арасында бірлік пен келісім құндылықтарының сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру

кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар

БҒМ, «Жастар» ҒЗО, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

тұрақты

-

талап етілмейді

22.

Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруға жастарды тартуды қамтамасыз ету

жобаларды іске асыру туралы есеп

БҒМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

23.

Мемлекеттік тілдің одан әрі дамуын қамтамасыз ететін Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру бойынша ҚХА жобасын іске асыруды қамтамасыз ету

жобаларды іске асыру туралы есеп

БҒМ

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

24.

«Тілдарын» оқу-әдістемелік кешенін басып шығару (2 және 3-деңгейлер)

оқу-әдістемелік кешен

БҒМ, МСМ

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

2016 ж.-10,607 млн. теңге;
2017 ж.-10,607 млн. теңге;
2018 ж.-10,607 млн. теңге 021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

3. Қоғамдық-бұқаралық іс-шаралар

25.

ҚХА-ның қолдауымен Алғыс айту күні мерекесіне арналған іс-шараларды ұйымдастыру

іс-шаралар

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 1 наурыз

2016 ж.– 21,977 млн. теңге;
2017 ж.– 21,977 млн. теңге;
2018 ж. – 21 977млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

26.

ҚХА-ның жыл сайынғы сессиясының отырысын дайындау және өткізу

отырыс хаттамасы

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,

1 мамырға дейін

2016 ж.– 67,913 млн. теңге;
2017 ж.– 67,913 млн. теңге;
2018 ж. –67,913 млн. теңге 009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

27.

ҚХА сессиясына арналған концерт өткізу

концерт өткізу

МСМ

жыл сайын, 1 мамырға дейін

2016 ж.-58,706 млн. теңге;
2017 ж.- 58,706 млн. теңге
012 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» бағдарламасы

республикалық бюджет

28.

ҚХА Кеңесінің отырысын өткізу

отырыс хаттамасы

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

тоқсан сайын

2016 ж. – 7,795 млн. теңге;
2017 ж. – 7,795 млн. теңге;
2018 ж. – 7,795 млн. теңге 009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

29.

ҚХА қолдауымен Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған акциялар өткізу

акциялар өткізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,

1 мамыр

2016 ж. – 8,600 млн. теңге;
2017 ж. – 8,600 млн. теңге;
2018 ж. – 8,600 млн. теңге

жергілікті бюджет

30.

ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумын өткізу

форум өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын

2016 ж. – 4,553 млн. теңге;
2017 ж. – 4, 553 млн. теңге;
2018 ж. – 4,553 млн. теңге 009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

31.

ҚХА-ның «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы шеңберінде барлық қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру

акциялар өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, жарты жылда бір рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді

32.

ҚХА-ның «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының қорытындылай отырып, қайырымдылық ұйымдар мен донорлардың республикалық съезін өткізу

съезд өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МСМ, БҒМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, қараша

2016 ж.– 21,977 млн. теңге;
2017 ж.– 21,977 млн. теңге;
2018 ж.– 21,977 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

33.

Балалар күніне арналған «Балаларға күлкі сыйлайық» акцияларын өткізу

акциялар өткізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, маусым

-

талап етілмейді

34.

Даулардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша медиация орталығының отырысын өткізу

отырыстың хаттамасы

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МБА келісім бойынша)

жыл сайын, тамыз

2016 ж. – 6, 201 млн. теңге;
2017 ж. – 6, 201 млн. теңге;
2018 ж. – 6, 201 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

35.

«Этно-fashion» ҚХА сән фестивалін өткізу

фестиваль өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, IV тоқсан

2017 ж.– 9,807 млн. теңге;
2018 ж. –11,802 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

36.

Журналистер клубының аясында журналистика факультетінің студенттері арасында «Аңсар» КХА-ның әдеби конкурсын өткізу

конкурс өткізу

БҒМ

жыл сайын III тоқсан

040 «Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

37.

Қазақстан Республикасы этностық театрларының фестивалін өткізу

фестиваль өткізу

МСМ

2017 жыл, III тоқсан

25, 470 млн. теңге
033.105 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

38.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақ үшін естелік» халықаралық жобасын іске асыру

жобаны іске асыру

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 1 шілдеге дейін

2016 ж. – 9, 272 млн. теңге;
2017 ж. – 9, 272 млн. теңге;
2018 ж. – 9, 272 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

39.

Жыл сайынғы Қазақстан халқы достығының фестивальі шеңберінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен ұлттық-мәдени орталықтар форумын өткізу

форум өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), БҒМ, СІМ

жыл сайын, маусым

2016 ж.– 12,300 млн. теңге;
2017 ж.– 12,300 млн. теңге;
2018 ж.– 12,300 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

40.

«Ақ бидай» VI республикалық ауыл ойындарын өткізу

спорт ойындарын өткізу

МСМ

2017 жыл, III тоқсан

24, 699 млн. теңге 035100 «Ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 100 «ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдауды қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы

республикалық бюджет

41.

«Шаңырақ» этно журналистика саласында шығармашылық конкурсын өткізу

конкурс өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, қазан

2016 ж. – 5, 671 млн. теңге;
2017 ж. – 5, 671 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

42.

«Жібек Жолы бойындағы сырласу» халықаралық мәдени-танымдық жобаны іске асыру

ұсынымдар

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, тамыз-қыркүйек

2016 ж.– 15,306 млн. теңге;
2017 ж. –15,306 млн. теңге;
2018 ж. –15,306 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

43.

«Елім менің» патриоттық әндердің республикалық конкурсын өткізу

конкурс өткізу

МСМ

жыл сайын, желтоқсан

2016 ж.- 9,405 млн. теңге;
2017 ж.- 9,405 млн. теңге;
2018 ж.- 9,405 млн. теңге
033.105 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

44.

Достықты, толеранттықты, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Бірлік түбі - береке» атты жыл сайынғы жастар фестивалін өткізу 

фестиваль өткізу

БҒМ

жыл сайын, III тоқсан

040 «Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

45.

Қоғамдық келісім құндылықтарын ілгері жылжыту мақсатында халықтың түрлі атаулы топтарында «Ырыс алды - ынтымақ» атты қоғамдық пікір көшбасшылары – ақсақалдардың кездесулерін өткізу

кездесулер өткізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, жыл ішінде

-

талап етілмейді

46.

«Өнеріміз саған – Қазақстан!» - қазақ ұлттық аспаптарын (домбыра қобыз, би) жетік меңгерген этникалық топтар өкілдерінің фестивалін өткізу

фестиваль өткізу

МСМ

2017 жылғы IV тоқсан

9, 077 млн. теңге 033.105 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

47.

Этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісім мәселелері бойынша Орталық Азия ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысын өткізу

отырыс өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша), БҒМ

жыл сайын, қазан

2016 ж. – 6, 644 млн. теңге;
2017 ж. – 6, 644 млн. теңге;
2018 ж. – 6, 644 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

48.

«МЫҢ БАЛА» жыл сайынғы республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыруды жалғастыру

іске асыру туралы есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, Тілдер күніне орай

009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат шегінде

республикалық бюджет

49.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері бойынша Журналистер клубы мен сарапшылар қызметін қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), ИДМ

жыл сайын, маусым

2016 ж. – 7, 683 млн. теңге;
2017 ж. – 7, 683 млн. теңге 009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

50.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Халықаралық медиа-форумын өткізу

форум өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), ИДМ

2017 жыл, қазан

2017 ж.– 13,104 млн. теңге 009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

51.

Отбасындағы толеранттық мәселелерімен айналысатын республикалық Аналар кеңесін өткізу

кеңес өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, қазан

2016 ж. – 4,287 млн. теңге;
2017 ж. – 4, 287 млн. теңге;
2018 ж. – 4, 287 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

52.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының ғылыми-білім беру және қоғамдық орта саласында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

БҒМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

53.

ҚХА Достық үйлері директорларының республикалық әдістемелік кеңесінің отырысы

отырыс өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, шілде

2016 ж. – 3, 676 млн. теңге;
2017 ж. – 3, 676 млн. теңге;
2018 ж. – 3, 676 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

54.

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының отырысын өткізу

отырыс өткізу

ҚХА, Кәсіпкерлер қауымдастығы,
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

3. Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары

55.

Қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ҚХА қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарын әзірлеу

Министрдің бұйрығы


«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), ИДМ

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

56.

ҚХА ресми сайтының қызметін қамтамасыз ету (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), әлеуметтік желілерде сайтты ілгерілету

МСМ-ге ақпарат

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл ішінде

2016 ж.– 20,000 млн. теңге;
2017 ж.–20, 000 млн. теңге;
2018 ж. –20, 000 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

57.

Қазақстан Республикасының этностық бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялауды ұйымдастыру

материалдар жариялау

ИДМ

жыл сайын, 25 желтоқсанға дейін

087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру» бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

58.

ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

баспасөз хабарлама, мақалалар, БАҚ-та жарияланымдар

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ИДМ

жыл сайын, 25 шілдеге дейін

009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

талап етілмейді

59.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді дәріптеу жөніндегі материалдар шығару (буклеттер, этно саясат бойынша әдістемелік құралдар, ҚХА қызметі туралы анықтамалар мен брошюралар, ҒСК ұсыныстары бойынша кітаптар, ҚХА анықтама-жинағы және т.б.)

әдістемелік құралдар

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл ішінде

2016 ж.– 10,000 млн. теңге;
2017 ж. –10,000 млн. теңге;
2018 ж.– 10,000 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

60.

www.kazneb.kz порталында ҚХА депозитарийлерін контенттік толықтыруға этномәдени бірлестіктерді тартуды қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жылдан бастап 2018 жыл аралығында жыл ішінде

-

талап етілмейді

61.

ҚХА-ның www.assambly.kz порталында және әлеуметтік желілерде «Мен – Қазақстан азаматымын» онлайн-акциясына этномәдени бірлестіктерді тартуды ұйымдастыру (акция тақырыбы бойынша бейне баяндар, әлеуметтік желілер)

онлайн-акциясын өткізу қорытындысы бойынша есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

маусым, Мемлекеттік рәміздер күніне орай

-

талап етілмейді

62.

Тең мүмкіндіктер туғызған ел ретінде Қазақстан туралы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және табысты қызмет мансабына жеткен Қазақстан этностарының өкілдері, «әлеуметтік баспалдақтар» пайдаланушы адамдар, «Болашақ» президенттік бағдарламасы стипендиаттарының табыс тарихы туралы материалдарды жариялау

материалдар жариялау

ИДМ - БАҚ-та жариялау, БҒМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері – материалдарды дайындау

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

63.

Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу бойынша республикалық лекторий өткізу

лекторий өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), БҒМ

жыл ішінде

2016 ж.– 29,209 млн. теңге;
2017 ж.– 29,209 млн. теңге;
2018 ж.– 29,209 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

64.

«Болашағы біртұтас ұлт» ақпараттық науқанын, «Болашаққа 100 қадам» медиа-жоспарын, «100kadam.kz» сайтының мазмұнын толықтыруды іске асыруға ықпал ету

материалдар жариялау

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

65.

Әлеуметтік желілерде және белгілі Интернет-ресурстарда Болашағы біртұтас ұлттың концептуалды негіздерін ілгерілетуді қамтамасыз ету

БАҚ-та материалдар жариялау

ИДМ, БҒМ, МСМ, Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

66.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту, Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру тақырыптары бойынша БАҚ-та материалдар шығару

материалдар жариялау

ИДМ, БҒМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, 25 қаңтарға дейін

087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

67.

Білім мекемелерінде «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясын зерделеуді ұйымдастыру

ашық сабақтар, лекциялар, сынып сағаттарын өткізу

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын, оқу кезеңі ішінде

-

талап етілмейді

68.

Республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми-сараптамалық топтардың өкілдеріне оқыту семинар-тренингтерін өткізу

семинар-тренингтер өткізу

МҚІМ, МБА (келісім бойынша)

жыл сайын

013 «Мемлекеттік қызметшілерді дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

69.

Тілдерді жеделдетіп оқытуға арналған заманауи технологияларды әзірлеу және енгізу жөнінде семинар –тренингтер өткізу

семинар-тренингтер өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын

2016 ж. – 4,731 млн. теңге;
2017 ж. – 4,199 млн. теңге;
2018 ж. – 4, 199 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

5. Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу іс-шаралары

 70.

ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысын өткізу

отырыс хаттамасы

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), БҒМ, МБА (келісім бойынша)

жылына 2 рет

2016 ж.–18, 400 млн. теңге;
2017 ж.– 18,400 млн. теңге;
2018 ж. –18,400 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

71.

Этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік проблемалары бойынша ғылыми зерттетулер ұйымдастыру

ғылыми зерттетулер

БҒМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

жыл сайын 1 қазанға дейін

бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

72.

Этносаралық қатынастар саласындағы проблемалар, қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік саласы тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуді жалғастыру

ғылыми зерттетулер

БҒМ

жыл сайын 25 қаңтарға дейін

бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

73.

Этносаралық қатынастар саласындағы проблемалар, қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік тақырыбы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер негізінде мемлекеттік органдарға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), БҒМ

жыл сайын 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

74.

Мемлекеттік органдардың этносаралық қатынастар саласындағы проблемалар, қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін практикалық қызметінде тиімді пайдалануына талдау жүргізу

талдау бойынша есеп

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), БҒМ

жыл сайын 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

75.

Қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделіне арналған талдамалық шолу дайындау

талдамалық шолу

БҒМ, МСМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

жыл сайын 25 қаңтарға дейін

-

талап етілмейді

76.

Бірегейлік пен бірлікті нығайту саласындағы халықаралық тәжірибе бойынша жылдық шолу дайындау

шолу дайындау

СІМ, БҒМ

жыл сайын, 25 шілдеге дейін

-

талап етілмейді

77.

Ғалымдар мен сарапшылардың «Көп этностық қоғам мен заманауи мемлекет: ұлттық модельдер және даму стратегиялары» форумын өткізу

форум өткізу

«Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша), БҒМ

жыл сайын, I тоқсан

2016 ж. – 9,554 млн. теңге;
2017 ж. – 9,554 млн. теңге;
2018 ж. – 9,554 млн. теңге
009 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша

республикалық бюджет

78.

Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен
Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсын өткізу

конкурс өткізу

МҚІСҚА (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша)

жыл сайын, IV тоқсан

013 «Мемлекеттік қызметшілерді дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

6. Халықаралық іс-шаралар

 79.

Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуге арналған гуманитарлық сипаттағы іс-шараларға қатысу үшін ҚХА өкілдерінің шет елдерге шығуын ұйымдастыру

өткізілген іс-шаралар туралы есеп

СІМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

2016 – 2018 жылдар

005 «Шетелдік іс-сапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

80.

Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделін және «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясын танымал ету бойынша шетелдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл ұйымдастыру

орындалған жұмыс туралы есеп

СІМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

2016 – 2018 жылдар ішінде

-

талап етілмейді


81.

Қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету бойынша шетелдерде жұмыстар жүргізу

орындалған жұмыс туралы есеп

СІМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

2016 – 2018 жылдар

-

талап етілмейді


82.

Лондон қаласындағы (Ұлыбритания)

қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығының жұмысына көмек көрсетуді қамтамасыз ету

орындалған жұмыс туралы есеп

СІМ, БҒМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)


2016 жыл, мамыр

-

талап етілмейді


83.

«Бірлік-Единство.kz» шекаралық ынтымақтастық халықаралық этномәдени форумын өткізу

форум өткізу

Павлодар облысының әкімдігі,

БҒМ

жыл сайын

2016 ж. – 3, 000 млн. теңге;
2017 ж. – 3, 000 млн. теңге;
2018 ж. – 3, 000 млн. теңге

жергілікті бюджет

84.

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне ҚХА-ның қатысуын қамтамасыз ету

ҚХА-ның көрмеге қатысуы

МСМ, «Астана-ЭКСПО-2017 » ұлттық компаниясы» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

2017 жыл,

маусым-қыркүйек

-

талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

МБА

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

ҚХА

Қазақстан халқы Ассамблеясы

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ҰҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

МҚІСҚА –

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ИДМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ДСӘДМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қоғамдық келісім» РММ

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі

«Жарасым» РҚҰ

«Жарасым» республикалық қоғамдық ұйымы

ҚХАХ

Қазақстан халқы Ассамблеяның хатшылығы

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады