Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 183 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.
      2. Тиісті мәслихаттар 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 183 қаулысымен  
бекітілген     

Облыстық бюджеттерге моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған негізгі шарттары

      1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) 2016 жылға моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында көзделген 2647284000 (екі миллиард алты жүз қырық жеті миллион екі жүз сексен терт мың) теңге сомасындағы кредитор қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан қаражат аударылған кезден бастап есептеледі және 2021 жылғы 1 сәуірде аяқталады.
      Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады