Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Авиациялық оқу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілсін.
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын кәсіптік деңгейде даярлау, қайта даярлау және ұстау бойынша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ азаматтар мен әскери міндеттілерді әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша бастапқы оқыту болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-3-жолмен толықтырылсын:
"280-3. "Авиациялық оқу орталығы" ЖШС";
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлімде реттік нөмірі 359-23-жол алып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.