Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 206 қаулысы

      Тәжікстан Республикасындағы табиғи апат салдарын жоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны анықтасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасының межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 11 сәуірдегі
№ 206 қаулысына   
қосымша       

Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Өсімдік майы

литр

100 000

2

Жоғарғы сұрыпты бидай ұны

килограмм

250 000

3

2 сұрыпты бидай ұны

килограмм

250 000

4

Шай

килограмм

5 000

5

Макарон өнімдері

килограмм

40 000

6

Сүт консервілері

физикалық банка

130 000

7

Сары май

килограмм

90 000

8

Кептірілген көкөністер

тонна

5

9

Ет консервілері

физикалық банка

90 000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады