2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 217 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы қаулыға қол қойылған сәттен бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарға және бюджеттік бағдарламаларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ 217 қаулысына   
қосымша       

2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер (+/-)



Әкімші





Бағдарлама







II. Шығындар

0

8





Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк




240



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі






033

Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру

+ 959 917





036

Жоғары жетістіктер спортын дамыту

- 959 917

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады