Қырғыз Республикасындағы жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Қырғыз Республикасының межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ 229 қаулысына
қосымша
Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі
Р/с № |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Матрац |
дана |
5068 |
2 |
Жастық |
дана |
5068 |
3 |
Жастық тысы |
дана |
5068 |
4 |
Ақжайма |
дана |
10136 |
5 |
Көрпе |
дана |
5068 |
6 |
Плиталық күбіше |
дана |
500 |
7 |
Асханалық шәйнек |
дана |
500 |
8 |
Саптыаяқ |
дана |
5068 |
9 |
Қасық |
дана |
5068 |
10 |
Үлкен тостақ |
дана |
5068 |
11 |
Кіші тостақ |
дана |
5068 |
12 |
Жылытуға арналған пеш |
дана |
554 |
13 |
10 орындық қысқы шатырлар |
дана |
554 |