"Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 233 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық органды айқындау туралы» Қазақстан
Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан
тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция бойынша
Қазақстан Республикасынан орталық органды айқындау туралы

      1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) орталық орган ретінде айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне қабылданған шешім туралы хабарласын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады