Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 264 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» мемлекеттік мекемесі болып, сондай-ақ осы қаулыға қосымшаға сәйкес оның аумақтық бөлімшелері қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 408-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып белгіленсін.»;
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы:
      бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында, мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару аясында басшылық ету және салааралық үйлестіру, оңалту және банкроттық (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласында, сондай-ақ салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тексеру бойынша мемлекеттік реттеу.»;
      15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;»;
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мемлекеттiк сатып алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алу, iшкi мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттiк есептiлiк саласында салааралық үйлестiру және әдiснамалық басшылық ету;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiмен бiрлесiп, мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзiрлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiмен келісу бойынша ішкі мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзiрлеу және бекіту;»;
      17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау кезiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      18) мемлекеттiк, шоғырландырылған, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептi жасау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және iшкi мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға, ал республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепті Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетіне ай сайын ұсыну;»;
      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) қаржы және экономика мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің кадрларға қажеттілігін айқындау;»;
      45), 46), 47), 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «45) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің деректер базасына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, жинақтау және талдау қағидаларын бекіту;     
      46) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерін әзiрлеуге, енгiзуге және пайдалануға қатысу;
      47) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жұмысының техникалық істен шығуы туындаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының қағидаларын бекіту;
      48) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2), 48-3), 48-4), 48-5), 48-6), 48-7), 48-8), 48-9), 48-10), 48-11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «48-1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу;
      48-2) ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
      48-3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын әзірлеу;
      48-4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шарттарын бекіту;
      48-5) мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;
      48-6) конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге арналған күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
      48-7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
      48-8) мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай операторды айқындау;
      48-9) мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту;
      48-10) мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
      48-11) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларын сертификаттау қағидаларын бекіту;»;
      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «51) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi әзiрлейтін және бекiтетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;»;
      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «55) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 55-1), 55-2), 55-3), 55-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «55-1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу;     
      55-2) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      55-3) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеу және бекіту;
      55-4) ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;»;
      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «61) бюджет қаражатын басқаруды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеу, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн жалпы үйлестіру;»;
      72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «72) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іріктеп тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді және тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;»;
      113) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «113) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
      ведомстволарының функцияларында:
      99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «99) мыналардың:
      бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстардың;
      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалануға;
      мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;
      тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасын сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру;»
      мынадай мазмұндағы 99-1), 99-2) және 99-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «99-1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
      99-2) Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тұлғаларды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлыққа кандидаттардың білімін растау бойынша қызметті ұйымдастыру;
      99-3) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қызметін ұйымдастыру;»;
      100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «100) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізу;»;
      101), 102), 103), 104) және 105) тармақшалар алып тасталсын;
      106) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «106) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті орындауға жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 106-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «106-1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 107-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «107-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;»;
      108) тармақша алып тасталсын;
      109) және 110) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «109) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
      110) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне мәліметтер мен қажетті материалдар ұсыну туралы талаптарды жіберу;»;
      111), 112) және 113) тармақшалар алып тасталсын;
      114), 115) және 116) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «114) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
      115) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды келісілген мерзімде жүзеге асыру;
      116) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
      ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз ету;
      жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізу;
      ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
      ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізу;»;
      117) тармақша алып тасталсын;
      118) және 119) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «118) мынадай:
      анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) оларды есепке алу бойынша көрсету және нұсқамаларды орындау арқылы қалпына келтіру мақсатында;
      міндеттемелер тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу;
      119) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
      128) және 130) тармақшалар алып тасталсын;
      130-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «130-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;»;
      мынадай мазмұндағы 130-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «130-2) мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару бойынша қызметінің тиімділігін бағалау;»;
      179) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «179) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
      235-1) және 235-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «235-1) уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
      235-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
      тапсырыс беруші ұсынған Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын әзірлеу және бекіту;
      конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
      конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
      мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;
      тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберу;
      конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау;»;
      235-3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 235-9) тармақшамен толықтырылсын:
      «235-9) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешім қабылдау;»;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетiнiң аумақтық инспекциялары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.».
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 2) тармақшасының отыз тоғызыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 264 қаулысына  
қосымша   

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қайта аталатын аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі  мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі  мемлекеттік аудит департаментіне.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.
      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады