Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 283 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментіне арналған арнайы көлік құралы республикалық меншіктен Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2016 жылғы 6 мамырдағы
№ 283 қаулысына  
қосымша   

Республикалық меншіктен Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің атауы

Р/с № Мемлекеттік мүліктің атауы Шығарылған жылы Шанақ (рама)
нөмірі
Қозғалтқыштың нөмірі Түсі Бөліністің атауы Облыстың атауы
1 2 3 4 5 6 8 9

1.

КАМАЗ автомобилі маркасы
43118-3078-46 негізінде мобильді байланыс кешені

2015

ХТС431184F2458418

F 2775523

қорғаныш

Солтүстік Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті

Солтүстік Қазақстан облысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады