Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 288 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 12 мамырдағы
№ 288 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      5. "Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 422-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Халықаралық мектеп мәртебесін беру халықаралық білім беру тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне интеграциялау, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің дербес әзірленген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің жұмыс істеуінің қалыптасқан практикасы үшін құқықтық база құру мақсатында жүзеге асырылады.";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және халықаралық жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының талаптарын есепке ала отырып, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру;";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны (бағдарламаның негізгі мақсаттары, негізгі теориялық-әдіснамалық ережелері, оқушылардың білім сапасын бақылау, мониторингтеу және қамтамасыз ету құралдары, білім беру ұйымының бағдарламасын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік әзірлемелердің тізбесі);".

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.08.2017 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 448-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:

      1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 пайыз;

      5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады