"Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 290 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 213 қаулысымен.
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асырады:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

      мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

      арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламалары;

      әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.";

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органның мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін күнтізбелік жылға бекітуі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдауы.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті орган мемлекеттік аттестаттауға жататын білім ұйымдарының тізбесін аттестаттау мерзімдерін көрсете отырып, жыл сайын бірінші қарашаға дейін бекітеді және уәкілетті органның сайтында орналастырылады.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады.";

      20-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру ұйымдарын бітіруші курстарында (олар болмаған жағдайда – жоғары курстарында) білім алушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін мамандықтардың оқу-әдістемелік секциялары базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тестілеуге келген әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ сынақ кітапшасы болуы тиіс.";

      26-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 70 %-ының дұрыс жауап бергендігін айқындаса, білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.

      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 23-тармағында келтірілген бағалау шәкілі бойынша "қанағаттанарлық" бағасынан төмен емес деп айқындаса білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.";

      32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының қорытындысы негізінде күнтізбелік он күн ішінде уәкілеттік органның тиісті лауазымды адамы бұйрық шығарады.

      33. Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы шешім, егер білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қабылданады.

      34. Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғандығы айқындалған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы білім беру ұйымына оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама (бұдан әрі – нұсқама) шығарады.

      Нұсқамада белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті орган жоспардан тыс тексеру нысанында білім беру ұйымының нұсқаманы орындауына бақылау жүргізеді.

      Білім беру ұйымы нұсқамада белгіленген мерзім өткенге дейін бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізуге жазбаша бастамашылық жасауға құқылы.";

      35 және 36-тармақтар алып тасталсын;

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы ақпарат тиісті уәкілетті органның ресми сайтына орналастырылады.".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жиырма төртінші, жиырма алтыншы және жиырма сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

      мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

      арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламалары;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.";

      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

      мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

      арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламалары;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары;

      әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.".

      4. Осы қаулының 1-тармағы жиырма төртінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітіруші курстарында (олар болмаған жағдайда – жоғары курстарында) білім алушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін мамандықтардың оқу-әдістемелік секциялары базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының бітіруші курстарында (олар болмаған жағдайда – жоғары курстарында) білім алушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін мамандықтардың оқу-әдістемелік секциялары базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.".

      5. Осы қаулының 1-тармағы жиырма алтыншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "22. Тестілеуге келген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ сынақ кітапшасы болуы тиіс.";

      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "22. Тестілеуге келген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім алушыларының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ сынақ кітапшасы болуы тиіс.".

      6. Осы қаулының 1-тармағы жиырма сегізінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 70 %-ының дұрыс жауап бергендігін айқындаса, білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.";

      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 70 %-ының дұрыс жауап бергендігін айқындаса, білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.".

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады