Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 және "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 516 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 294 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:

      «Досаев         – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
Ерболат Асқарбекұлы     министрі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «Бишімбаев      - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
Қуандық Уәлиханұлы      министрі»;

      2) «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат) қаулысында:
      7-1-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «7-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес құрамда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулыға 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2016 жылғы 17 мамырдағы  
      № 294 қаулысына      
қосымша          

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына    
5-қосымша      

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Смайылов
Әлихан Асханұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)

Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады