"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 316 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1127 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Болат Серғазыұлы Сәрсенбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға уәкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады