Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат):
1) 12-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды және оларды алып қою мөлшерін бекітеді;»;
17-20) тармақша алып тасталсын;
2) 13-баптың 1-тармағында:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мыналардың: мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдалануға төлем ставкалары есептемесінің; орман қоры аумағында өрттерден келтірілген залалдарды есепке алудың және анықтаудың; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің және заңсыз кесілуден келтірілген залалдың көлемін есепке алудың және анықтаудың әдістемелік нұсқамаларын әзірлейді және бекітеді;»;
18-4) және 18-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18-4) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-5) мемлекеттік орман иеленушілері бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастырады және бекітеді;»;
18-15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18-15) Қазақстан Республикасының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы және оларды алып қою мөлшері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 18-45), 18-46) және 18-47) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-45) мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары жасайтын актілер нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18-46) ведомстволық бағыныстағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасын және жалауын) бекітеді;
18-47) өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;»;
3) 15-бап мынадай мазмұндағы 15-4) тармақшамен толықтырылсын:
«15-4) олардың ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасын және жалауын) бекітеді;»;
4) 18-бап мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына ие орман пайдаланушылары бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді;
15) орман мекемесінің нышанын (эмблемасын және жалауын) әзірлейді;»;
5) 36-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орман пайдаланушылар үшін – орман мекемесі бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты;»;
8-тармақта «аң шаруашылығы,», «қажеттігі» деген сөздер алып тасталсын;
6) 37-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік орман иеленушімен келісім бойынша ағаш кесудің барлық түрін жүргізуге, орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді орналастыруға құқығы бар.»;
7) 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындаудың мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық талаптар, бүлінген жерлердің құнарлылығын кейіннен рекультивациялау шарттары мен мерзімдері көрсетiледi.»;
8) 56-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бастапқы орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте белгiленген тәртiппен бекiтiлген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік орман иелігінің аумағында ревизиялық кезең аяқталып, жаңа орман орналастыру жобасы қолданысқа енгізілмеген жағдайда:
1) өртке қарсы іс-шаралар ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемде орындалады;
2) ағашты санитариялық мақсатта кесуді қоса алғанда, орман қорғау іс-шаралары ормандардың санитариялық жай-күйіне қарай мемлекеттік орман иеленушілер немесе уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүргізетін орман-патологиялық зерттеулердің материалдары бойынша айқындалатын көлемде орындалады;
3) ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар орман дақылдары қорының болуына қарай ең алдымен ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерде ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемде орындалады;
4) орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесу өспей қалған немесе басты тұқымдылар ағаштарының өсуіне бөгет болатын ағаштарды жоюды талап ететін екпелердің болуына қарай ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемде орындалады;
5) басты пайдалану үшін ағаш кесу есептік кеспеағаштың орман орналастыру жобасында белгіленген шекте уәкілетті орган бекіткен жыл сайынғы мөлшерде жүргізіледі. Бір жыл ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен есептік кеспеағашқа ағаш түзетулер енгізіледі;
6) осы тармақтың 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілмеген орман пайдаланудың қалған түрлері осы Кодексте белгіленген тәртіппен ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен орман пайдалану туралы деректерді бұрынғы орман орналастыру материалдарына енгізуге міндетті.»;
9) 77-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Селекциялық-тұқымдық шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен анықталады, құрылады және пайдаланылады.»;
10) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен анықталады, құрылады және пайдаланылады.»;
11) 100-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.
Шоқ ормандар аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес беріледі.»;
12) 113-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өрт қауiпсiздiгi талаптарын, ормандардағы санитариялық қағидаларды, кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, сүректі түбірімен беру, ағаш кесу қағидаларын бұзу;».
2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, № 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат, № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат, № 19-ІІ, 103-құжат, № 20-IV,
113-құжат):
1) мазмұнындағы 21-тараудың тақырыбы мен 107 және 108-баптардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-тарау. Су объектілерін балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану
«107-бап. Су объектiлерiн балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану
108-бап. Су объектілерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану»;
2) 21-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«21-тарау. Су объектілерін балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану
1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiндегі немесе олардың бөлiктерiнде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану мен балық шаруашылығын жүргізу құқығы жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушы Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға алуға құқығы бар.
2. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi немесе олардың бөліктері берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су объектiлерi жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық өсіру және мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;
2) су объектiлерiнiң жағалауларын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
3. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн жеке тұлғалар белгiленген балық аулау қағидаларын сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады.
108-бап. Су объектілерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
Су объектiлерiнде жануарлар дүниесін пайдалану және аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен беріледі.
Жануарлар дүниесін пайдаланушының Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су объектілерін пайдалануға алуға құқығы бар.».
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж. № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат, № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):
1) мазмұнындағы 240-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету кезіндегі экологиялық талаптар»;
240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету кезіндегі экологиялық талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеменің негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің рұқсаты бойынша жол беріледі.
Жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның қолданысына жататын жануарларды, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілетін рұқсат арқылы жүзеге асырылады.
Жануарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Будан жануарларды табиғи ортаға интродукциялауға тыйым салынады.
3. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға тыйым салынады.»;
2) 245-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар санын реттеу тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»;
3) 250-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «, жерсіндіру, қайта жерсіндіру» деген сөздер алып тасталсын;
4) 251-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар белгіленген мерзімде, тіршілік ету ортасынан алынған сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар дарағының санына сәйкес келетін жасанды өсіру жолымен алынған жануарларды тіршілік ету ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу акт бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары лауазымды адамдарының қатысуымен жүзеге асырылады.»;
5) 252-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, олар:»;
4) тармақшадағы «жеке тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
6) 255-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «интродукциялауға және жануарларды жерсіндіруге» деген сөздер «және жануарларды интродукциялауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3;16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17; 82-құжат; № 18; 84-құжат; № 23; 100-құжат; № 24; 134-құжат; 2010 ж., № 1-2; 5-құжат; № 5; 23-құжат; № 7; 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1; 2, 3-құжаттар; 2; 21, 25-құжаттар; № 4; 37-құжат; № 6; 50-құжат; № 11; 102-құжат; № 12; 111-құжат; № 13; 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24; 196-құжат; 2012 ж., № 1; 5-құжат; № 2; 11, 15-құжат; № 3; 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4; 32-құжат; № 5; 35-құжат; № 6; 43, 44-құжаттар; № 8; 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2; 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 4-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-1, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 119-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат, № 21-ІІІ, 136, 134-құжаттар; № 22-І, 140,143-құжат; № 22-ІІ, № 144, 145-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22- V, 156, 158-құжат; № 22-VІ,159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж. № 1, 4-құжат):
1) 499-бапта:
5-тармақтың 1) тармақшасындағы «жерсiндiру,» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді ұсынады.»;
2) 503-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді табиғи ортадан алу туралы шешім қабылданған кезде белгілейді.».
5. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4; 33-құжат; 2003 ж., № 23; 168-құжат; 2004 ж., № 23; 142-құжат; 2006 ж., № 3; 22-құжат; 2007 ж., № 2; 18-құжат; № 17; 139-құжат; 2008 ж., № 13-14; 57-құжат; 2009 ж., № 18; 84-құжат; 2010 ж., № 5; 23-құжат; 2011 ж., № 1; 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12; 111-құжат; 2012 ж., № 15; 97-құжат; 2013 ж., № 14; 75-құжат; 2015 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат);
1) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Туризм түрлері – әлеуметтiк, экологиялық, аңшылық, балық аулау, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және басқа да түрдегі туризм.».
6. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18; 107-құжат; 2006 ж., № 3; 22-құжат; 2007 ж., № 1; 4-құжат; 2008 ж., № 23; 114-құжат; 2009 ж., № 18; 84-құжат; 2010 ж., № 1-2; 5-құжат; № 5; 23-құжат; 2011 ж., № 1; 2, 7-құжаттар; № 11; 102-құжат; № 12; 111-құжат; № 21; 161-құжат; 2012 ж., № 3; 27-құжат; № 15; 97-құжат; 2013 ж., № 9, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-бапта:
29) тармақша алып тасталсын;
40-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды жолмен өсіру – көлде тауарлы балық өсіру және шарбақта балық өсіру шаруашылығын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;»;
57) тармақша алып тасталсын;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«71) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;»;
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«79) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық шаруашылығының шекаралары мен санаттарын белгiлеу, ауданын, жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн есептеу, жануарларды есепке алу әдістемелерін айқындау, негізгі түрлері бойынша есеп жүргізу, жобаланып отырған аңшылық шаруашылығы үшін жануарларды есепке алудың бақылау маршруттары мен алаңқайларын айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 79-1), 79-2), 79-3), 79-4), 79-5), 79-6) және 79-7) тармақшаларымен толықтырылсын:
«79-1) ихтиологиялық қызмет – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ихтиологиялық мониторингті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
79-2) ихтиологиялық мониторинг – балық ресурстарын басқару және биологиялық әралуандықты сақтау, сондай-ақ су айдындарының өнімділігін арттыру үшін осы ресурстарды бақылау және бағалау жүйесі;
79-3) кәсіпшілік күш-жігер жұмсау – кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялардың көлемі, аулау құрал-саймандары мен техникалық құралдарының, жүзу құралдарының, балықшылардың рұқсат етілетін саны;
79-4) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарының ихтиофаунасын толық немесе ішінара ауыстыру арқылы балықты жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осы су айдындарында балық өсірумен айналысатын шаруашылық;
79-5) шарбақта балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және балық пен басқа да су жануарларын жартылай еркін бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғыларда (шарбақтарда) оларды өсірумен айналысатын шаруашылық;
79-6) балық өсіру материалы – су айдындарына балық жіберуге арналған балық өсіру объектісіне байланысты дернәсілдер, құртшабақтар, биылғы шабақтар және балықтардың жасына қарай басқа да топтары;
79-7) фермерлік аңшылық шаруашылығы – жеке меншіктегі жануарларды аңшылық мақсаттар үшін жасанды түрде өсіруге негізделген қарқынды аңшылық шаруашылығы;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру уәкілетті органның ведомствосы құрған комиссияның ұсынысы бойынша биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар дүниесiнiң түрлiк әралуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.»;
3) 6-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;»;
4) 9-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен оның ведомствосының және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті»;
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрілген зиянның орнын толтыру мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеудің әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың типтік нысандарын әзірлейді және бекітедi;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) екі және одан да көп облыс аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;»;
44) тармақшадағы «және жергілікті» деген сөздер алып тасталсын;
72) және 73) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-1), 77-2), 77-3) 77-4), 77-5) және 77-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«77-1) ихтиологиялық мониторинг қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-2) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
77-3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ведомствоның аумақтық бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
77-4) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-5) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін пайдалану типі бойынша: кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, шарбақта балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін оларды жіктеу өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
77-6) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре балығы түрлерінің өнімін өндіруі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптарының және шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 10-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, шарбақта балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін су айдындары және (немесе) учаскелері бөлінісінде жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн өлшемшарттарға сәйкес бекiтедi;»;
5-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-4) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн қоса алғанда, жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 5-11) және 5-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-11) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
5-12) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі төнген жағдайларда уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиоративтік балық аулауды ұйымдастырады;»;
6) 11-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік кәсіпорын ғана жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін қолдан молайту және балық өсіру материалын және өсімін молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдер алынғаннан кейін тірі күйінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің дарақтарын сату жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметіне байланысты технологиялық қызметке жатады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде табиғи мекендеу ортасынан алып қою Балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мемлекеттік монополия субъектісі бекіре тұқымдас балық түрлерінің өнімін өндеу кезінде шикізат қалдықтарының, ысыраптарының және шығыстарының нормаларын уәкілетті орган белгілейді.»;
7) 14-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «қажеттігі негіз болып табылады.» деген сөздер «қажеттігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты балықтардың уылдырық шашуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі негiз болып табылады.»;
3-тармақтың 12) тармақшасындағы «бүлдiруге тыйым салынады;» деген сөздер «бүлдіруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) балық қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және су ағызу құрылыстарын пайдалануға тыйым салынады.»;
8) 15-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін арнайы жасалған жағдайларда өсіру;»;
9) 17-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды және су объектілерінің балық шаруашылығын мелиорациялауды қалпына келтіруді көздейтін іс-шараларды орындау арқылы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.»;
10) 19-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) фермерлік аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Балықты қолдан өсіру мақсаттары үшін мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындары балықтардың уылдырық шашуына гормоналдық стимуляция препараттарын жасау, сондай-ақ оларды күтіп ұстауға арналған жемшөп өндіру үшін ауланым ретінде алынған балықтар дериваттарын пайдалана алады.»;
11) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
Жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген экологиялық талаптарды сақтай отырып жол беріледі.»;
12) 22-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
13) 23-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылып:
«3. Реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Фермерлік аңшылық шаруашылықтарында еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалану тәртібі мен мерзімін олардың иелері айқындайды.»;
14) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;»;
2-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;»;
15) тармақша алып тасталсын;
18) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес», «қызметтік қару-жарақпен» деген сөздер алып тасталсын;
22) тармақшада «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу кезінде кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға міндетті.»;
15) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық), өсімін молайту, ғылыми-зерттеу және бақылау мақсатында аулау үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бір бөлігі.»;
16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi және шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.»;
17) 33-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi.»;
2-тармақтағы «және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берілген құжаттың» деген сөздер алып тасталсын;
18) 34-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.»;
8-тармақ алып тасталсын;
19) 35-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы органмен балық шаруашылығын жүргізуге жасасқан шарты болған кезде берiледi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғылыми-зерттеу үшін және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығына жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамасы болған кезде беріледі.»;
20) 37-баптың 2-тармағындағы «немесе солармен аң аулау немесе балық аулау шартын жасасқаннан кейін» деген сөздер алып тасталсын;
21) 38-баптың 5-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);»;
22) 39-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес биологиялық негіздемесі болған кезде көлде тауарлы балық өсіру және шарбақта балық өсіру шаруашылықтарын дамыту мақсатында пайдаланылуы мүмкін.»;
5-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Балық аулау қағидаларында көзделмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданып, балық аулауға тыйым салынады.»;
23) 40-бапта:
1-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелері орындалған жағдайда, олар бұдан бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта бекітіп беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Балық шаруашылығы су айдынын бекітіп беру – балық шаруашылығы су айдындарына жатқызылған су объектісінде немесе оның учаскесінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын бүкіл су объектісін пайдалану құқығынсыз беру;»;
24) 43-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балық ресурстарының өсiмiн молайтуды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.»;
25) 45-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жануарлар дүниесінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі.»;
26) 52-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) су жинау және су ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларының болуын және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қарап тексеруді жүзеге асыруға;»;
27) 56-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;».
7. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат, № 16, 96-құжат):
1) мазмұндағы 2-бөлімнің тақырыбы мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен және тақырыптары мынадай мазмұндағы 53-1, 53-2, 53-3-баптармен толықтырылсын:
«9-1-тарау. Биосфералық резерваттар
53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері
53-2-бап. Биосфералық резерваттарды құру мен басқару тәртібі
53-3-бап. Биосфералық резерваттарды аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимі»;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 22-1) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) биосфералық резерват – Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің немесе мемлекеттік табиғи резерваттың және олардың күзет аймақтарының негізінде құрылған халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ;
22-2) үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган;»;
3) 3-баптың 9) тармақшасындағы «ынтымақтастық болып табылады.» деген сөздер «ынтымақтастық;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) табиғат қорғау мекемелері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және оны басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге үйлестіру кеңестерінің қатысуы болып табылады.»;
4) 8-бапта:
6-1) тармақша сегізінші абзацтағы «ережесін әзірлеу және бекіту;» деген сөздер «ережесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жанындағы қоғамдық кеңестің үлгі ережесін;»;
«ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
5) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік табиғи-қорық қорының мемлекеттік орман қорының жерлерінде және оларға іргелес жерлерде орналасқан табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды мемлекеттік орман күзетінің қызметтері, басқа санаттағы жерлерде табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның және өздерінің құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізіледі.»;
6) 45-баптың 2, 3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Реттелмелі экологиялық туризмді қоспағанда, қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрлерiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi.
Қорық режимі аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағының 10 %-ынан 40 %-на дейінгі жерді құрайды.
3. Реттелмелi экологиялық туризмдi және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимi белгiленедi, уақытша құрылыстар (қысқы қойма, омарташының тұруына арналған уақытша үй-жай) салып, тұрақты омарталар орналастыруға рұқсат етіледі.
4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.
Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн тапсырыстық күзет режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайлар, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай керек-жарағын жалға беру пункттерін құруды ұйымдастыруға, уақытша құрылыстар (қысқы қойма, омарташының тұруына арналған уақытша үй-жай) салып, тұрақты омарталар орналастыруға рұқсат етіледі.
5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi күзету және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажеттi шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтар, қонақүйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады.»;
7) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті оларда туристік операторлық қызметке лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
8) 47-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) көшпелі және тұрақты омарталарды пайдалана отырып, бал ара шаруашылығы;»;
7) тармақша алып тасталсын;
9) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің күзет аймақтарының режимi
1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің күзет аймақтарында:
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттарды шығаруға және сарқынды суларды төгуге;
3) пайдалы қазбалар өндіруге;
4) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын және басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің күзет аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жайылымы мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әралуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер үлестерін беру.
3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге де объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің күзет аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.»;
10) 52-баптың 1-тармағында:
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) көшпелі және тұрақты омарталарды пайдалана отырып, бал ара шаруашылығы;»;
11) 53-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік табиғи резерваттардың күзет аймақтарында осы Заңның 48-бабында белгіленген табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің түрлеріне рұқсат етіледі, тыйым салынады немесе шектеу қойылады»;
12) 2-бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен және 53-1, 53-2, 53-3-баптармен толықтырылсын:
«9-1-тарау. Биосфералық резерваттар
53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері
Биосфералық резерваттар:
1) мәдени және табиғи мұрасы бай табиғи аумақтарды сақтау, қалпына келтіру және пайдалану;
2) табиғи ресурстарды сақтауды және қалпына келтіруді ескере отырып, аумақтардың ұзақ мерзімді, орнықты экономикалық, әлеуметтік дамуын, оның ішінде олардың рекреациялық пайдаланылуын қолдау;
3) ұзақ мерзімді экологиялық бақылау, мониторинг және экологиялық зерттеулер, сондай-ақ халықты экологиялық сауаттандыру мен тәрбиелеу мақсатында құрылады.
53-2-бап. Биосфералық резерваттарды құру мен басқару тәртібі
Биосфералық резерваттардың халықаралық желісіне енгізілгені туралы сертификат алғаннан кейін биосфералық резерваттар құрылған болып есептеледі.
Биосфералық резерват туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
53-3-бап. Биосфералық резерваттарды аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимі
Биосфералық резерваттар аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлiнедi:
ұйытқы аймақ – биологиялық және ландшафтық әралуандықты сақтауға арналған қорықтық қорғау режимi бар аймақ.
Ұйытқы аймақта ғылыми-зерттеулер мен табиғи процестерге мониторинг жүргізуді қоспағанда, кез келген шаруашылық қызметке тыйым салынады.
Аралық аймақ – экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшін пайдаланылатын аумақ учаскесі.
Аралық аймақта ғылыми зерттеулер жүргізуге, биологиялық әртүрлілікті молықтыруға және қорғауға, өртке қарсы, орман қорғау, ветеринариялық және профилактикалық іс-шаралар жүргізуге, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн сақтау үшін жануарлар санын реттеуге, резерват қызметкерлерінің мұқтажы үшін мал жаю мен шөп шабуға, санитариялық мақсатта ағаш кесуге, резерваттың қызметтік үй-жайларын салуға, экологиялық туризмдi жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Ауыспалы аймақ – экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын басқа да жер иелеріне, жер пайдаланушыларға тиесілі аумақ учаскесі.»;
13) 81-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экологиялық дәлiздер барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық әртүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мен орналастыру мақсаттарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiнiң басқа да элементтерi арасындағы кеңiстiк байланысты қамтамасыз ету үшiн құрылады.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Экологиялық дәліздерді табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның шешімдерімен жүргізіледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті