2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 330 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:           1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 3 маусымдағы
№ 330 қаулысына    
қосымша        

2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер (+/-)


Әкімші



Бағдарлама







I. Шығындар

0

3





Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі




501

001

Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі

-59 542

4





Білім беру





244

013

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер

-206 553



501

017

Сот кадрларға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру

266 095

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады