Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 18-бабының 7-тармағына және 38-2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) құрылсын.

      2. Академияға жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі берілсін.

      3. Академия қызметінің негізгі бағыттары:

      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

      2) судьяларды және сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

      3) ғылыми қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының мүлкін Академияға беруді қамтамасыз етсін;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 198 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 1, 1-құжат):

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы 55 бірлікті құрайды.".

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына жол:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) оның ішінде:
облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері)

6221
 
 
 
 
5993


      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) оның ішінде:
облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)

6203
 
 
 
 
5975


      ".

      3. "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат):

      1-тармақтың 11) тармақшасы "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;" деп жазылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына ерекше мәртебе берілсін.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайтын, Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекітсін;".

      4. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады