Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 347 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттарында 5500000000 (бес миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында бюджеттік кредит берілсін:
      1) кредиттің мақсаты бюджеттік кредит беру арқылы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының теміржол жолаушылар вагондарының жылжымалы құрамының паркін жаңарту болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен негізгі борышты өтеу бойынша он жылдық жеңілдікті кезеңмен жылдық 0,05 (нөл бүтін жүзден бес) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша
30 (отыз) жыл мерзімге беріледі;
      3) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен осы тармақшада көрсетілген жеңілдікті кезеңнің мерзімі аяқталған соң тең үлестермен жүзеге асырады;
      4) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит қарыз алушының шотына аударылған кезден бастап 12 (он екі) ай өткен соң жүргізіледі;
      5) қарыз алушы үшін игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
      2. Кредитті беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – кредит беруші), Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – әкімші) және қарыз алушы кредиттік шарттың тараптары болып табылады.
      4. Кредит беруші мен әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кредит шартын жасасуды қамтамасыз етсін.
      5. Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов
 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады