Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 348 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «DERAN SERVICES B.V.» компаниясына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының акциялары пакетінің 7,6 %-ын «Sobrio Limited» компаниясының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. «BODAM B.V.» компаниясына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының акциялары пакетінің 16,87 %-ын «Sobrio Limited» компаниясының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады