Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және
мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО)
арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік
гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді
ратификациялау туралы
2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
РҚАО-ның ескертпесі!
Келісімнің мәтіні РҚАО-ға келіп түскен жоқ!