Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 395 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 5 шілдедегі
№ 395 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 288-құжат).
      2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 1084 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 583-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1360 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады