Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1360 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 395 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.07.2016 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Бағдарламаның орындалуына жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1360 қаулысымен   
бекітілген        

Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы
тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама

Мазмұны

      1. Паспорт
      2. Кіріспе
      3. Ағымдағы жағдайды талдау
      4. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
      6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      7. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
      8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Паспорт

Атауы

Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысыменІ бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының
2014 жылға арналған бірінші кезектегі шараларының жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 57-тармағы

Бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттеудің инвестициялық тартымдылықты, тариф белгілеудің ашықтығын жоғарылатуға бағытталған тиімді теңгерімделген жүйесі және табиғи монополия жағдайынан бәсекелі нарық жағдайына өту

Бағдарламаның міндеттері

1. Тарифтердің болжамдылығын қамтамасыз ету.
2. Инвестициялық тартымдылықты арттыру және инвестициялардың табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарын жаңғыртуға және жаңартуға салынуын ынталандыру.
3. Энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді ынталандыру

Мерзімдері

2014 – 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1. Табиғи монополиялар субъектілерінің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа мына салаларда кең ауқымда өтуі:
1) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда көрсететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында – 2018 жылы;
2) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда көрсететін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласында –
2018 жылы;
3) мұнай мен газды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласында – 2016 жылы;
4) магистральдық теміржол желілерінің қызметі саласында – 2018 жылы;
5) порттардың көрсетілетін қызметтері саласында – 2015 жылы;
6) әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласында – 2017 жылы.
2. 2020 жылға қарай инвестиция көлемінің артуы:
1) жылу энергетикасы, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, электр энергиясын беру және тарату салаларында – 40 %;
2) мұнай мен газ тасымалдау салаларында – 25 %;
3) магистральдық теміржол желілері саласында – 29 %;
4) порттар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласында – 32 %.
3. 2020 жылға қарай мына салалардағы табиғи монополиялар субъектілері негізгі құралдарының тозу деңгейінің азаюы:
1) жылу энергетикасы – 71 %-дан 55 %-ға дейін;
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру – 65 %-дан 45 %-ға дейін;
3) электр энергиясын беру және тарату – 69 %-дан 52 %-ға дейін;
4) мұнайды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау – 65 %-дан 50 %-ға дейін;
5) газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау – 40 %-дан 23 %-ға дейін;
6) газды газ тарату желілері арқылы тасымалдау – 40 %-дан 21 %-ға дейін;
7) магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтері – 40 %-ға дейін;
8) порттардың көрсетілетін қызметтері – 29 %-ға дейін;
9) әуежайлардың көрсетілетін қызметтері – 26 %-ға дейін.
4. 2020 жылға қарай табиғи монополиялар субъектілері желілеріндегі нормативтік ысыраптар деңгейінің азаюы:
1) жылу энергетикасында – 18,9 %-ға дейін;
2) сумен жабдықтауда – 15,5 %-ға дейін;
3) электр энергиясын беру және тарату саласында – 12,8 %-ға дейін

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджеттен және өзге көздерден ақшалай қаражат бөлуді көздемейді

2. Кіріспе

      2014 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама бекітілді.
      Жаңа бағыттағы экономикалық саясат экономикалық әлеуетті ұлғайту мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруды, инвестициялардың пайдалылығы мен қайтарымдылығын, сондай-ақ экономиканың тиімді жеке секторын құруды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды, экспортты мемлекеттік ынталандыруды білдіреді.
      Қазақстан Республикасы экономика секторларының бәсекеге қабілеттігін дамыту мен жоғарылатуға әсер ететін факторлардың бірі табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі болып табылады.
      Қазақстан Республикасының экономика секторларының дамуына қажетті көрсетілетін қызметтердің сапасы табиғи монополиялар салаларының дамып жетілуі мен жаңғыртылу деңгейіне тәуелді.
      Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъектілер) қанағаттанарлықсыз қаржы жағдайымен, негізгі қорлардың тозу дәрежесінің жоғары деңгейімен, энергия мен суды ысыраптаудың жоғары болуымен сипатталады.
      Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама Қазақстан Республикасында жүргізілетін тарифтік саясатты дамытудың және субъектілердің қызметін мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастырудың келешектегі қадамдарын айқындайды.
      Бағдарлама инфрақұрылымды жаңғырту мен дамытудың, субъектілер қызметінің ашықтығын жоғарылатудың есебінен табиғи монополиялар салаларына инвестициялардың көлемін ұлғайту, субъектілердің негізгі құралдары тозуының, субъектілердің желілеріндегі нормативтік ысыраптардың деңгейін азайту мәселелерін шешуге бағытталған шараларды көздейді.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      1. Табиғи монополиялар салаларындағы реттеудің қолданыстағы саясаты

      Қазіргі уақытта «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларына 15 көрсетілетін қызмет (тауарлар, жұмыстар), оның ішінде экономика салаларының дамуына және тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз етуге біршама дәрежеде әсер ететін:
      1) мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
      2) тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
      3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі;
      4) топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
      5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі;
      6) магистральдық теміржол желілерінің (бұдан әрі – МТЖ);
      7) порттар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері жатады.
      Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
      Табиғи монополиялар салаларында 1637 реттеліп көрсетілетін қызмет көрсететін 1186 субъект, оның ішінде:
      сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында – 850 субъекті;
      электр және жылу энергетикасы саласында – 456 субъекті;
      көлік саласында – 279 субъекті;
      мұнай мен газды тасымалдау саласында – 52 субъекті өз қызметін жүзеге асыруда.
      Алға қойылған экономиканың өсу қарқынын және тиісінше, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін субъектілер қызметін мемлекеттік тарифтік реттеу жүйесі:
      1) реттелетін секторлардағы инвестициялық тартымдылықтың артуына;
      2) тұтынушылар құқығын қорғауға;
      3) энергия үнемдеу мен ресурс үнемдеу міндеттерін шешуге ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
      Инвестициялық тартымдылықты арттыру және сумен жабдықтаудың реттелетін секторын жаңғырту шеңберінде 2012 жылы Суға тарифтерді белгілеудің жаңа тетіктерін енгізудің 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды.
      Кешенді жоспарда мақсаты суды үнемдеу, инвестицияларды қаржыландыру көздерін ұлғайту болып табылатын су арналарын кең ауқымды жаңғырту мен реконструкциялау, субъектілердің қызметін реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
      Инвесторларды тарту мақсатында заңнаманы жетілдіруді есепке ала отырып, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап өңірлік электр желілік компаниялар (бұдан әрі – ӨЭК) үшін салыстырмалы талдау әдісі (бенчмаркинг) бойынша тарифтер енгізілді.
      Жылу энергетикасы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және жаңғырту мақсатында Жылу желілерін жаңғырту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар) әзірленді.
      Жоспардың мақсаты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасының тарифі мен ресурстары арқылы жылумен жабдықтау саласында қаржыландыру көздерін қамтамасыз ету болып табылады.
      Жоспар экономикаға мультипликативті әсер ететін, шұғыл ауыстыруды және жаңғыртуды қажет ететін 17 субъекті бойынша желілерді нақты атаулы инвестициялауды көздейді. Бұл ретте, ауыстыру алдын ала оқшауланған құбырлардың аралықтарын және басқа да тиімділігі жоғары материалдарды көздейді.
      Бұл ретте, тарифтердің өсуі инфляция дәлізінің шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Жоспардың іске асырылуы азаматтардың өмір сүруіне жайлы және қауіпсіздік жағдайларын жасау үшін айтарлықтай тозған желілер мен жабдықтардың, көрсетілетін қызметтер сапасының және тиісінше, жылумен жабдықтау жүйелерінің беріктігі мен төзімділігін арттырудың проблемалық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
      Бүгінде шамамен 92 субъекті шекті (инвестициялық) тарифтер бойынша жұмыс істейді. Бұл тұтынушыларға тарифтердің орнықтылығы мен айқындылығын, негізгі құралдардың жаңғыртылуына инвестициялар салу есебінен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
      Шекті тарифтерді қолдану субъектілер үшін инвестициялық бағдарламаның іске асырылу мерзіміне байланысты тарифтерді орта және ұзақ мерзімді кезеңге бекітуді білдіреді. Инвестиция көлемінің ұлғаюы әр субъектінің инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру міндетін белгілеу есебінен қол жеткізіледі. Инвестициялық бағдарламаның болуы – шекті тарифтерді бекітудің міндетті шарты.
      Бүгінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді төлеу бойынша шығыстар индустриялық және инвестициялық жобаларға арналған шығындардың құрамдас бөлігі болып табылады.
      Инвестор инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау кезеңінде тұрса, онда ең негізгі фактор оның рентабельділігі болып табылады.
      Субъектілердің тарифтері жыл сайын өзгеруі мүмкін жағдайларда, олардың өсу қарқынын болжау мүмкін емес және тиісінше, инвесторлар инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тарифтер деңгейінің өзгеру қаупіне ұшырап отырады.
      Осылайша, бизнес субъектілері (әлеуетті инвесторлар) тарифтердің өсу болжамын есепке ала отырып, инвестициялық жобаларды, оның ішінде, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде сапалы әзірлеп, толық көлемде іске асыра алатын болады.
      Реттеу әдістерінің тағы бір жаңа әдісі қуаты аз субъектілердің өтінімдік науқаннан хабарлама жасау тәсіліне өтуі болып табылады. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қуаты аз субъект – мынадай:
      1) жалпы белгіленген қуаты, қоса алғанда жиырма Гкал/сағатқа дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді;
      2) көлемi жылына бір жүз елу мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
      3) көлемі мың вагон/км-ге дейін кірме жолдар саласындағы қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiсi.
      Бұл субъектілер шағын және шалғайдағы елді мекендерде орналасқан, әдетте, тарифтерді бекітуге өтінім қалыптастыру үшін әкімшілік ресурстары жоқ.
      Тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында қабылданатын шешімдердің ашықтығын және азаматтардың хабардар болуын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылуда, оның ішінде:
      1) тұтынушылардың, депутаттардың, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, тәуелсіз сарапшылар мен монополистердің қатысуымен тарифтерді бұқаралық талқылау өткізілуде;
      2) субъектілер басшыларының тұтынушылар алдында есеп беруі өткізілуде.
      Энергия үнемдеу және ресурс үнемдеу бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, ресурстар мен тұтынушылар қаражатын үнемдеуді қамтамасыз ететін электр энергиясына (тәулік аймақтары және тұтыну көлемдері бойынша) және суға (тұтынушылар топтары бойынша) сараланған тарифтер енгізілді және олар қолданылуда.
      Сондай-ақ, электр, жылу желілерінде және сумен жабдықтау желілеріндегі нормативтік ысырап деңгейінің жыл сайынғы азаю үрдісі байқалуда. 2006 жылдан бастап олардың деңгейі іс жүзінде жартысына дейін азайған (тиісінше 43 %, 26 % және 45 %).
      Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) теміржол көлігімен жүк тасымалдауға арналған тарифтерін өсіруді көздейтін 2008 – 2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны мақұлдады. Осылайша, 2009 жылды қоспағанда, 2008 жылдан 2014 жылға дейін жыл сайын экономикалық дағдарыстың салдарынан теміржол көлігімен жүк тасымалдау тарифтерін өсіру жүргізілді.
      2008 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңдегі күрделі салымдар 683031 млн. теңгені құрады. Қаражатты инвестициялаудың нәтижесінде МТЖ операторы 3374 км жолға күрделі жөндеу жүргізді; жүк және жолаушы пойыздарының қозғалыс жылдамдығын арттырды.

      2. Табиғи монополиялар салаларындағы түйінді проблемалар

      Электр энергиясын беру және тарату саласында

      Бүгінгі күні электр энергиясын беру және тарату саласында 129 субъекті қызмет көрсетеді, оның ішінде:
      электр энергиясын беруді өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша 2013 – 2015 жылдар аралығында қолданатын бекітілген шекті тариф (орта мерзімді) бойынша жүзеге асыратын «КЕГОК» акционерлік қоғамы;
      электр энергиясын беруді өңірлік желілер бойынша салыстырмалы талдау әдісі (бенчмаркинг) арқылы бекітілген тарифтер бойынша жүзеге асыратын 20 ірі ӨЭК;
      жалпы тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметті жыл сайын қайта қарау құқығымен көрсететін энергия беруші 108 ұсақ ұйым.
      Электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне тариф белгілеу әдіснамасында субъектілерді негізгі өндірістік қорларға қаражат инвестициялауға ынталандыруға бағытталған жеткілікті тетіктер жоқ.
      Инвестиция көлемі төмендігінің салдарынан осы саладағы негізгі құралдардың тозу деңгейі 70 %-ды құрайды, ал желілердегі ысырап деңгейі 13,5 %-ға жетеді.
      Тозу мен ысыраптың жоғары деңгейіндегі жағдайды түзету мақсатында электр энергиясын беру және тарату саласына Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) бағалауы бойынша, тек ірі субъектілер бойынша 975 млрд. теңгеге жуық сомада инвестиция салу қажет.
      2004 жылы ӨЭК-нің электр энергиясын сату-сатып алу бойынша қызметі оны беру қызметінен бөлінді, энергия жабдықтаушы ұйымдар (бұдан әрі – ЭЖҰ), оның ішінде электр энергиясын кепілдік беретін жеткізушілер құрылды. Алайда, реформадан кейін өткен онжылдық ішінде бөлшек сауда нарығында бағаның төмендеу фактілері тіркелген жоқ.
      Іс жүзінде бөлшек сауда нарығында электр энергиясын жеткізуді ЭЖҰ және жекелеген энергия беруші ұйымдар жүзеге асырады, бүгінде олардың әрқайсысы белгілі бір электр желісіне немесе желі аймағына қосылған барлық тұтынушыларға монополиялық түрде қызмет көрсетеді.
      Кейбір жағдайларда ЭЖҰ-ның энергия өндіруші ұйымдармен (бұдан әрі – ЭӨҰ) үлестес болуы бәсекелестікті дамыту үшін кедергілердің бірі болып отыр. ЭӨҰ-нің мүдделілігі өндірілген электр энергиясын өткізудің тұрақты нарығының болуында. Өз кезегінде, ЭЖҰ неғұрлым арзан энергияны іздеуге мүдделі емес.
      Бұдан басқа, өткізу қызметінің бөлінуімен қызмет көрсетуші мен тұтынушының өзара іс-қимыл жасауының тетігінен, ең басты буын – тасымалдаудың үздіксіздігі мен сапасына жауапты ең маңызды құрауыш – ӨЭК шығып қалды, ал тұтынушылар жағдайға тәуелді болып қалды.
      Мысалы, электрмен жабдықтау шарты ЭЖҰ мен тұтынушы арасында жасалады. Сонымен қатар, ЭЖҰ-ның электр желілері және есепке алу құралдары жоқ, ол тасымалдаудың сапасына ықпал ете алмайды, проблемалық мәселелерді өз бетінше шеше алмақ түгіл, тұтынушыға есепке алу құралдарын орнатып, пломбалауды да реттей алмайды.
      Бұл функциялардың барлығын ӨЭК атқарады, ал ЭЖҰ-ның компьютер мен кеңселерден басқа активтер жоқ. Сондықтан, проблемалық жағдайлар болған кезде тұтынушы бірнеше инстанцияға жүгінуі тиіс, сондай-ақ ӨЭК-ның тұтынушыға қатысты ешқандай міндеттемесі жоқ. Нәтижесінде, тұтынушы қорғалмаған.
      Қазақстан Республикасының бірқатар өңірлерінде электр энергиясын беру қызметтерін ӨЭК-мен қоса, меншігінде аздаған электр беру желілері бар өзге энергия беруші ұйымдар да атқарады.
      Мысалы, Қарағанды облысында 41 энергия беруші ұйым бар, ШҚО-да – 9, Ақмола және Қостанай облыстарында – 7-ден, Астана қаласында – 5.
      Электр беру желілерінің ұсақталуына, ауқым тиімділігінің болмауына байланысты электр энергиясын таратудың бұл құрылымы тиімсіз болып табылады және салдары ретінде электр энергиясын беру кезінде тиімсіз шығындары мен ысыраптың ұлғаюына әкеп соғады. Мысалы, «Жезқазған энергия өткізу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Жезқазған энергия өткізу» ЖШС) энергиямен жабдықтау бағасының құрылымына 22 энергия беруші ұйым енгізілген. Бұл ретте, осы энергия беруші ұйымдарында желілердің ұзындығы аз. Бір энергия беруші ұйым болған жағдайда «Жезқазған энергия өткізу» ЖШС-ның энергиямен жабдықтау бағасы қолданыстағыдан төмен болар еді.
      Бұдан басқа, осындай ұсақталудың нәтижесінде электр энергиясының түпкілікті бағасы қымбаттайды, инфляциялық қысым ұлғаяды, бұл тұтынушылар арасындағы әлеуметтік шиеленіске әкеп соғады.

      Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату саласында

      Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату саласында 305 субъекті қызмет көрсетеді. Бұл ретте, 16 ірі субъектінің тек 11 субъектісі ғана шекті (орта мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейді.
      Аталған сала тариф белгілеу әдіснамасында субъектілерді инвестицияларды тартуға және салуға, шығындарды қысқартуға әлсіз ынталандыратын тарифті есептеудің шығынды әдісінің (шығын қосу пайда) қолданылумен сипатталады.
      Негізгі құралдардың тозу деңгейі 71 %-ды, ал желілердегі ысыраптың деңгейі – 19,6 %-ды құрайды.
      Субъектілер үшін негізгі инвестициялар көздерінің бірі амортизациялық шығындар болып табылады. Агенттік жүргізген талдау субъектілердің көбінде инвестициялар үшін жеткілікті қаражаттың болмайтынын көрсетті. Айталық, 2013 жылы облыс орталықтарында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын субъектілерде амортизациялық шығындар 65 млн. теңгеден 778 млн. теңгеге дейін құрады.
      Инвестицияларды тартудың маңыздылығы жағынан кемінде екінші көзі тарифтік сметалардың «Пайда» бабында көзделген сомалар болып табылады.
      Агенттік жүргізген тарифтік сметаларды талдау 2009 жылдан бастап 2013 жыл аралығындағы соңғы 5 жылда осы бапта жеткілікті қаражаттың жоқ екенін көрсетті. Алматы мегаполисіне қызмет көрсететін станция үшін нөлден бастап 5 млн. теңгеге дейін ауытқитын ең аз сомалар және ең ауқымды сома 468 млн. теңге субъектілердің тарифтік кірістерден түсетін инвестициялық мүмкіндіктерінің болмауы проблемасының өткірлігін көрсетеді.

      Сумен жабдықтау және су бұру саласында

      Сумен жабдықтау және су бұру саласында 537 субъект қызмет көрсетеді, оның 16 ірі субъектісі шекті (орта мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейді.
      Осы саладағы тариф белгілеу әдіснамасы тарифті есептеудің шығынды әдісін (шығын қосу пайда) қолдану негізінде құрылған, бұл субъектілерді инвестицияларды тартуға және салуға, шығындарды қысқартуға әлсіз ынталандырады.
      Осы саладағы негізгі құралдардың тозу деңгейі 66 %-ды, ал желілердегі ысыраптардың деңгейі – 18,1 %-ды құрайды.
      Салдары ретінде, Агенттіктің бағалауы бойынша, сумен жабдықтау және су бұру саласына тек базалық (ірі) субъектілер бойынша шамамен 417 млрд. теңге сомасына инвестициялық салымдарды жүзеге асыру қажет.
      2007 – 2011 жылдарғы кезеңде сумен жабдықтау және су бұру саласына жалпы алғанда 554 млрд. теңге салынды, оның ішінде:
      410 млрд. теңге немесе 72 %-ы республикалық бюджет қаражаты;
      96 млрд. теңге немесе 17 %-ы жергілікті бюджеттердің қаражаты;
      26 млрд. теңге немесе 4,5 %-ы субъектілердің меншікті қаражаты;
      22 млрд. теңге немесе 3,8 %-ы қарыз қаражаты есебінен.
      Бұл ретте, субъектілерде тарифтік сметаларда көзделген инвестициялар үшін жеткілікті қаражаттың болмау проблемасы бар.
      Айталық, Агенттіктің талдауына сәйкес 2013 жылы шағын және ірі қалаларға қызмет көрсететін субъектілердің амортизациялық аударымдары мынадай мөлшерді құрады:
      5 субъектіде амортизациялық аударымдар көзделмеген;
      6 субъектіде 160 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейінгі сома бар;
      19 субъектіде – 1,2 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейінгі сома;
      12 субъектіде – 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейінгі сома;
      10 субъектіде – 10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейінгі сома.
      Осылайша, субъектілердің көпшілігінде инвестициялар тарту үшін жеткілікті қаражат жоқ.
      Субъектілердің пайдасына қатысты да осындай жағдай қалыптасқан.
      Айталық, Агенттіктің талдауына сәйкес 2013 жылы шағын және ірі қалаларға қызмет көрсететін субъектілердің пайдасы мынадай мөлшерді құрады:
      35 субъектіде қаражат жоқ;
      10 субъектіде 1 мың теңгеден 999 мың теңгеге дейінгі сома бар;
      19 субъектіде – 1 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейінгі сома;
      6 субъектіде – 10 млн. теңгеден 40 млн. теңгеге дейінгі сома;
      5 субъектіде – 40 млн. теңгеден 60 млн. теңгеге дейінгі сома;
      7 субъектіде – 261 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге дейінгі сома.

      Мұнайды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау, газды магистральдық және тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында

      Мұнайды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансОйл» АҚ), «Қазақстан-Қытай құбыржолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Мұнай Тас» СБҚК» акционерлік қоғамы қызмет көрсетеді.
      Газды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласында «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Интергаз Орталық Азия» АҚ), «Азиялық газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Бейнеу – Бозой-Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетеді. Газды газ тарату желілері арқылы тасымалдау қызметтерін «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ) және «ҚазТрансГаз Алматы» акционерлік  қоғамы (бұдан әрі – «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ) көрсетеді.
      Бұл ретте, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ ғана шекті (орта мерзімді) тарифтер бойынша қызметті жүзеге асырады, ал қалған субъектілер тарифтер бойынша, жыл сайын оларды қайта қарау құқығымен жұмыс істейді.
      Көрсетілген табиғи монополиялар салаларындағы тариф белгілеу әдіснамасы субъектілерді қаражатты негізгі өндірістік қорларға инвестициялауға ынталандыруға бағытталған жеткілікті тетіктердің болмауымен сипатталады.
      Тариф есептеудің қолданыстағы шығындық әдісі (шығын қосу пайда) субъектілерді инвестицияларды тарту мен салу, шығындарды қысқарту бөлігінде әлсіз ынталандырады.
      Салдары ретінде, негізгі құралдардың тозу деңгейі жоғары:
      1) мұнайды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қызмет мерзімі 20 жылдан асатын құбыржолдарының үлесі 73,6 %-ды, 10 жылдан 20 жылға дейін – 11,8 %-ды, 10 жылға дейін – 14,6 %-ды құрайды;
      2) газды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның негізгі құралдарының тозу деңгейі 30,7 %- ды, тарату құбыржолдары бойынша – 28 %-ды құрайды.
      Негізгі құралдардың тозу деңгейі жоғары болуына байланысты жоғарыда көрсетілген салаларға ауқымды инвестициялық салымдарды жүзеге асыру қажет.
      Айталық, субъектілердің деректері бойынша мұнай тасымалдау саласында «ҚазТранОйл» АҚ-ның инфрақұрылымы 188 млрд. теңге сомасында инвестициялық салымдарды қажет етеді. Газ тасымалдаумен байланысты ақтивтерді жалпы алғанда шамамен 430 млрд. теңге инвестициялау қажет.
      Бұдан басқа, қазіргі уақытта, мұнай мен газды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларында мемлекеттік реттеудің аясына нарықтың үнемі өзгеріп отыратын конъюнктурасына қатты тәуелді қызметтер жатады.
      Атап айтқанда, экспорттық және транзиттік бағыттардағы мұнай мен газды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер мемлекеттік реттеуге жатады. Бұл ретте, экспортталатын және транзитпен өткізілетін өнімдерді тұтынушылар елден тыс орналасқан және ел аумағындағы тұтынушыларды қорғауға бағытталған мемлекеттік реттеу субъектіге де, реттеуші органға да елеулі әкімшіліктік жүктеме салуда. Бұдан басқа, салдарынан субъекті шығынға ұшырауы мүмкін тиімсіз тарифтердің бекітілуі мүмкін.

      Магистральдық теміржол желісінің, әуежайлар мен порттардың көрсетілетін қызметтері саласында

      МТЖ көрсетілетін қызметтері саласында қызметті «ҚТЖ» ҰК» АҚ, порттар саласында «Ақтау халықаралық теңіз сауды порты» акционерлік қоғамы жүзеге асырады. 18 субъект әуежайлар қызметтерін көрсетеді.
      Көрсетілген табиғи монополиялар салаларындағы тариф белгілеу әдіснамасы субъектілерді қаражатты негізгі өндірістік қорларға инвестициялауға ынталандыруға бағытталған жеткілікті тетіктердің болмауымен сипатталады.
      Салдары ретінде, негізгі құралдардың тозу деңгейі жоғары:
      1) МТЖ көрсетілетін қызметтері саласында – 62 %-ды құрайды;
      2) порттар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласында – тиісінше 40 %-ды және 42 %-ды құрайды.
      Негізгі құралдардың тозу деңгейі жоғары болуына байланысты жоғарыда көрсетілген салаларға ауқымды инвестициялық салымдарды жүзеге асыру қажет.
      Айталық, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның деректері бойынша МТЖ инфрақұрылымы 3236 млрд. теңге мөлшерінде инвестициялық салымдарды талап етеді.
      МТЖ көрсетілетін қызметтері саласындағы негізгі проблема қолданыстағы тариф белгілеу жүйесінің КСРО ЖҚМ темір жолдарының ортажелілік жағдайлары (басқа валюта, жүк ағындарының құрылымы, тасымалдаулардың жалпы көлемінің орташа қашықтығы мен жүк түрлерінің үлестік салмағы, тауарлық-материалдық құндылықтар мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың басқа құрылымы) үшін есептері келтірілген
1989 жылғы 10-01 прейскурантының тарифтік мөлшерлемелерінің индекстелуіне негізделгені болып табылады.
      Салдарынан, қолданыстағы тарифтер экономикадағы салааралық тепе-теңдік пен баға үйлесімінің өзгеруіне алып келген экономикадағы орын алған құрылымдық өзгерістерді және шығындар құрылымындағы шығыстардың негізгі үлес салмағын ескермейді. Осыған байланысты уақытша төмендету коэфициенттерін белгілеу тетігі (табиғи монополиялар субъектілері есебінен экономика субъектілеріне қолдау ретінде) амалсыздан қолданылуда.
      Азаматтық авиация саласы:
      1) жергілікті әуе желілерінің жұмыс істеп тұрған әуеайлақтар санының аз болуымен;
      2) әуеайлақтардың қонуға кірудің нақты жүйелерімен және қиын метеожағдайларда пайдалануды қамтамасыз ететін көру құралдарымен жеткіліксіз жабдықталуымен;
      3) арнайы техниканың, жарық-сигнал жабдығының және электрмен жабдықтау жабдығының, коммуникациялардың айтарлықтай тозуымен сипатталады.
      Осыған байланысты, әуежайларға бірнеше жылдар бойы инвестициялар салуды ескере отырып, инвестициялық бағдарламалар мен шекті тарифтерді бекіту қажет.

      Жалпы жүйелік мәселелер

      Жоғарыда көрсетілген проблемалардан басқа табиғи монополиялардың 15 саласының бәрі мынадай проблемалардың болуымен сипатталады.
      1. Шекті (орта және ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейтін субъектілер санының аз болуы және салдары ретінде тарифтер өсуінің тұрақсыздығы мен болжанбауы.
      Бүгінгі күні 798 субъектінің (қуаттылығы аз субъектілерді, сондай-ақ суару қызметтерін көрсететін субъектілерді қоспағанда) шамамен 12 %-ы ғана шекті (орта мерзімді) тарифтер бойынша қызмет көрсетеді.
      Жылу, су шаруашылығы, кәріз және электр желілері саласында шекті (орта және ұзақ мерзімді) тарифтерді қолдану ел экономикасы үшін мынадай оң аспектілерге ие:
      1) субъектілердің бюджеттен тыс жеке қаражатының есебінен негізгі және өндірістік активтерді жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялар көлемін ұлғайту.
      Бүгінде коммуналдық саладағы инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту іс жүзінде көбінесе республикалық және жергілікті деңгейлердегі бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, қолжетімді бюджет қаражатының шектеулі болуын ескерсек, бізде инфрақұрылымды жаңарту көлемі төмен және тозу деңгейі жоғары.
      «Шекті тарифтер» қағидаты бүгінде бюджеттік қаржыландыруды болдырмау және жеке қаражатты инвестициялауға ынталандыру тұрғысынан және субъектілердің негізгі құралдарын жаңарту тұрғысынан электр станциялары үшін өз тиімділігін дәлелдеді.
      Айталық, электр станциялары үшін шекті тарифтер енгізілген сәттен бастап 2009 – 2013 жылдар аралығында энергия өндіруші қуаттарды реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған инвестициялардың жалпы сомасы 692,2 млрд. теңгені құрады, 1776 МВт жаңа қуат енгізілді.
      2014 жылы энергия өндіруші қуаттарды реконструкциялауға және жаңғыртуға 158,8 млрд. теңге сомаға инвестиция бағыттау және 593 МВт жаңа қуаттарды енгізу жоспарланып отыр.
      Тұтастай алғанда, шекті тарифтерді қолдану кезеңінде 2009 – 2015 жылдар аралығында 988 млрд. теңге сомаға инвестицияларды игеру және 3309 МВт электр қуаттарын енгізу жоспарланып отыр.
      Осылайша, шекті тарифтерді қолдану ел бюджетіне жүктемені айтарлықтай азайтады, бұл өз кезегінде, экономика дамуының басқа басым және стратегиялық бағыттары бойынша бюджеттік қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді;
      2) субъектілердің қызметтеріне тарифтердің болжамдылығы.
      2. Мыналарды:
      1) тарифтер мен тарифтік сметаларды;
      2) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын және энергия шығыстарының нормаларын;
      3) персоналдың нормативтік санын;
      4) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қарауға және бекітуге субъектілердің өтінімдерін реттеуші органға беру рәсімінің күрделілігі түрінде әкімшілік кедергілердің болуы.
      Айталық, субъектілер өтінім берген кезде құжаттардың қомақты көлемін ұсыну талап етіледі. Бұл субъектілерге, реттеуші органға айтарлықтай әкімшілік жүктеме салады, сондай-ақ субъектінің қосымша шығыстарына әкеп соғады, бұл өз кезегінде, тарифтердің өсу деңгейіне әсер етеді.
      3. Табиғи монополиялар салаларын мемлекеттік реттеу дәрежесінің жоғары болуы.
      Бүгінгі күні «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектілерге табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтерді көрсетуге және өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ өндіріспен және реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес мүліктің меншік құқығында болуына тыйым салынады.
      Бұл ретте, субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүргізуге міндетті.
      Бұдан басқа, субъектілердің қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты емес шығындарды тарифке енгізуге тыйым салатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осылайша, субъектілерге реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты емес шығындарды тарифке енгізуге заңнамалық деңгейде тыйым салынғанына қарамастан, Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес субъект бәсекелес нарықтарда дами алатын өзге қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      Бұл ретте, субъект үшін табиғи монополиялар салаларына жатпайтын өзге қызметпен айналысу мүмкіндігі әлемдік тәжірибеге сай келеді. Мысалы, неміс темір жолы (Deutsche Ваhn) темір жол жүйесімен байланысты емес қызметтермен және тауарлармен және логистикалық және көліктік қызметтердің кең спектрінің өнім берушісі ретінде әлемге танымал.
      4. Тұтынушылардың мыналар туралы жеткілікті деңгейде хабардар болмауы:
      1) субъектілер тарифтері өсуінің себептері мен негізі;
      2) тарифтерде салынған және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаражатты субъектілердің тиімді пайдалануы.
      5. Субъектілерді реттеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану мүмкіндігінің болмауы.
      Практика көрсеткендей, қазіргі кезде қолданылатын тариф қалыптастырудың шығынды әдісі (шығын қосу пайда) субъектілерді қызметтің тиімділігін арттыруға, инвестицияларды тартуға және салуға, энергия мен ресурстарды үнемдеуге, пайдалану шығыстары мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға жеткілікті деңгейде ынталандырмайды, себебі шығындарды үнемдеген кезде субъектілер тарифтің төмендеуіне ие болады.
      Тариф есептеудің осы әдісі мынадай үш негізгі факторды ескереді:
      1) шығындар бөлігі субъектінің экономикалық негізделген шығындарын қамтиды;
      2) табыстар бөлігі пайданың жол берілген деңгейін қамтиды;
      3) көрсетілетін қызмет көлемі.
      Бұл ретте, мемлекеттік реттеу көрсетілген құрауыштардың үшеуіне де қолданылады.
      6. Субъектілердің қарыз қаражатын тарту бойынша тетіктерді қолданбауы.
      Ұзақ уақыт бойы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың табиғи монополиялар салаларында активтерді жаңғырту мен жаңартуға инвестицияларды қаржыландыру үшін меншікті көздерінің (амортизация және пайда) төмен деңгейі және салдары ретінде активтердің жоғары тозу деңгейі, желілердегі көптеген ысыраптар және көрсетілетін қызметтердің төмен сапасы байқалады.
      Айталық, мысалы, инвестицияларды су арналарының негізгі капиталына тартуды талдау мемлекеттік бюджеттің қаржыландыру үлесінің ұлғаюын, оның ішінде қайтарымды қаржыландыру тетіктерінің мүлдем болмауын және жеке капитал көлемдерінің мүлдем дерлік болмауын көрсетеді.
      Субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды іске асыру үшін қарыз қаражатын тарту мүмкіндігі ерекше тәртіппен көзделген. Алайда, субъектілердің оларды тартуға деген қызығушылығы болмағандықтан, бұл тетік қолданылмайды. Сонымен қатар, қарыз қаражатын тарту субъектілерге тарифке барынша аз жүктеме түсіре отырып, ауқымда жаңғыртуды бүгін жүргізуге мүмкіндік берер еді, оған қоса, қолданыстағы заңнамада олардың қайтарылуы (амортизация мен пайда есебінен) көзделген. Осындай нарықтық тәсіл аталған салаларға қарыз алу тартымдылығы үшін түрткі болуға мүмкіндік берер еді.
      Алайда, жандандыру әрекеті, мысалы, қалалық су арналарына қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) кредит беруі жолымен олардың қарыз қаражатын қолдануы мынадай проблемаларды айқындады: ЕДБ-да кредит алу үшін мемлекеттік су арналары менеджментінің жұмыс істегісі келмейді және жұмыс істей алмайды, себебі бұл кредит берушілердің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін барынша ашу қажеттілігіне әкеп соғады; ЕДБ-ның қайтарылмау қаупі жоғары болғандықтан мемлекеттік су арналарына кредит бергісі келмейді, себебі кепілдік мүлік әкімдіктерге тиесілі және басқалар.

       3. Шетел тәжірибесін шолу

      Ұзақ мерзімді және ынталандырушы реттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүшелері болып табылатын мемлекеттер – АҚШ-та және Еуропада, сондай-ақ әлемнің өзге елдерінде, мысалы Латын Америкасында кеңінен қолданылады.
      Мысалы, АҚШ-тың заңнамасына сәйкес, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтері штаттар арасында тарифтерді индекстеу әдісімен белгіленеді.
      Тарифтерді индекстеуді Энергетиканы реттеу жөніндегі Федералдық комиссия (FERC) индекстік жылға дейінгі екі күнтізбелік жылға АҚШ Еңбек министрлігі және Еңбек статистикасы бюросы жариялайтын маусымдық ауытқуларды ескере отырып, дайын өнімге өндірушілер бағаларының түпкілікті индексін өзгерту (PPI – FG) негізінде 5 жыл мерзімге жүргізеді.
      АҚШ-тың заңнамасына сәйкес мұнай тасымалдау қызметіне тарифті мұнай тасымалдаушы компаниясының өзі тікелей айқындайды. Тарифтің өзгеруі кез келген уақытта Комиссия белгілеген барынша ықтимал ауытқудан аспайтын деңгейге дейін болуы мүмкін.
      Тариф мынадай әдістердің біреуімен айқындалады:
      1) негізделген шығындар әдісі – бұл әдіс субъектіден тарифті негіздеу үшін шығындар мен кірістер туралы деректерді беруді талап етеді. Субъектіге ұсынылған қызметтердің құнын жабуға және өз инвестицияларынан орынды пайда табуға рұқсат етіледі.
      2) келісімді тариф – бұл әдіс субъектіге құбыржол компаниясы және жүк жөнелтуші арасындағы келіссөздер нәтижесі болып табылатын тарифті белгілеуге мүмкіндік береді. Өз мүдделерін қорғау үшін жүк жөнелтуші негізделген шығындар әдісіне негізделген тариф бойынша құбыржол компаниясының қызметін таңдай алу мүмкіндігіне ие;
      3) нарықтық мөлшерлеме – бұл әдіс субъекті нарықтық қуат тапшылығын сезінген жағдайда пайдаланылады. Бұл жағдайларда субъекті тарифті нарық талаптарына сәйкес белгілеуге құқылы. Кейбір құбыржол компаниялары сақтауға нарықтық баға белгілейді.
      Колумбияда тұрақты төлемі (ең аз тұтыну құқығынсыз) және өсетін блоктік тарифтері бар тарихи қалыптасқан тарифтер құрылымы қолданылады; тұтынушылар тұрмыстық және тұрмыстық емес деп бөлінеді.
      Тариф белгілеу әдістемесін дамытуға қатысты бұл процесс екі реформаға ұшырады: бірінші кезеңде тиімділікті назарға алмай, тек пайдалану шығыстарын ескерді, ал екінші кезеңде тиімділікті басқару мен шығындарды толық өтеуге назар аударылды.
      Келесі тарифтік кезеңге (2011 – 2014 жылдар) реттеудің жаңа тетігі таңдап алынды: қызмет ету ортасын талдау негізінде басқа ұқсас кәсіпорындардың шығыстарын салыстыру негізінде пайдалану шығыстарын айқындау, күрделі шығындарға қатысты капиталдың реттелетін базасының (КРБ) тұжырымдамасын енгізуді көздейді. КРБ – бұл кейін қолданыстағы активтердің тозуына және жаңа инвестициялардың жүзеге асырылғанына қарай өзгеретін активтердің құны.
      Тарифтердің әр бес жыл сайын түзетілуіне қарамастан, бұл сондай-ақ, концессияның өзгеруіне әкелетін қызметтердің талап етілетін стандарттарына, «әдеттен тыс» жағдайларға және өзге факторларға байланысты. Бұдан басқа, бес жылдық кезең ішінде тариф инфляцияның деңгейі бойынша түзетіледі (соңғы түзетуден кейін тұтыну бағаларының индексі 3 %-ға жеткен әр кезде автоматты түрде) және заңнама кәсіпорындарға шикі суды өңдеумен байланысты шығындарды және «әдеттен тыс» жағдайлармен байланысты пайдалану шығыстарын тұтынушыларға артуға мүмкіндік береді.
      ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін егжей-тегжейлі қарау төрешілдік рәсімдермен, әкімшілік кедергілермен, асыра реттеумен байланысты реттеудегі проблемаларды шешу үшін мынадай шаралар қабылданып жатқанын көрсетті.
      Біріншіден, Жапонияда, Кореяда кері реттеу арқылы мемлекеттің рөлін төмендету, сондай-ақ, мысалы АҚШ-тағы сияқты реттеу сапасын арттыру.
      Екіншіден, қоғамдық тыңдаулар, формалды емес кеңестер, ақпарат тарату жолымен ашықтықты арттыру (АҚШ, Германия, Финляндия, Канада).
      Үшіншіден, ақпаратты электрондық түрде беру және «бір терезе» қағидаты енгізілді. Тұтынушыларды телефонды, почтаны, ІТ-құралдарын, веб- порталдарды қолдана отырып хабардар ету тәсілдері үнемі кеңейтілуде.

4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері
мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.1. Бағдарламаның мақсаты

      Осы Бағдарламаның мақсаты инвестициялық тартымдылықты, тариф белгілеудің ашықтығын арттыруға бағытталған субъектілердің қызметін тиімді теңгерімделген реттеу жүйесі және табиғи монополия жағдайынан бәсекелестік нарық жағдайына өту болып табылады.

4.2. Нысаналы индикаторлар

      4.2.1. Субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа кең ауқымда көшуі

Мына салаларда:

Өлш. бірл.

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді көрсететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру

%

-

20

40

70

100

-

-

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді көрсететін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау

%

-

20

40

70

100

-

-

мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау

%

-

-

100

-

-

-

-

газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау

%

-

-

100

-

-

-

-

магистральдық темір жол желілері

%

-

-

-

-

100

-

-

порттар

%

-

100

-

-

-

-

-

әуежайлар

%

-

30

60

100

-

-

-

      4.2.2. Инвестициялар көлемінің ұлғаюы (2013 жылмен салыстырғанда)

Мына салаларда:

Өлш. бірл.

2015 жыл

2018 жыл

2020 жыл

жылу энергетикасы

%

115

130

140

сумен жабдықтау және (немесе) су бұру

%

115

130

140

электр энергиясын беру және тарату

%

115

130

140

мұнайды магистральдық құбыржол арқылы тасымалдау

%

110

119

125

магистральдық газ құбырлары арқылы газды тасымалдау

%

110

119

125

газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау

%

110

119

125

магистральдық теміржол желілері

%

114

123

129

порттар

%

112

124

132

әуежайлар

%

112

124

132

      4.2.3. Субъектілердің негізгі құралдарының тозу деңгейінің төмендеуі (2013 жылмен салыстырғанда)

Мына салаларда:

Өлш. бірл.

2015 жыл

2018 жыл

2020 жыл

жылу энергетикасы

%

69

61

55

сумен жабдықтау және (немесе) су бұру

%

60

51

45

электр энергиясын беру және тарату

%

67

58

52

мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау

%

60

54

50

газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау

%

28

25

23

газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау

%

26

23

21

магистральдық темір жол желілері

%

60

48

40

порттар

%

39

33

29

әуежайлар

%

36

30

26

      4.2.4. Субъектілердің нормативтік ысыраптарының деңгейін төмендету

Мына желілерде:

Өлш. бірл.

2015 жыл

2018 жыл

2020 жыл

жылу *

%

19,4

19,1

18,9

сумен жабдықтау *

%

18

16,5

15,5

электр **

%

13,3

13,0

12,8

      Ескертпе:
      * – астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді көрсететін субъектілер;
      ** – өңірлік электр желілік компаниялар

      Комитет нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады.

       4.3. Бағдарламаның міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1. Субъектілердің қызметтеріне тарифтердің болжамдылығын қамтамасыз ету:
      мына салаларда шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істейтін ірі субъектілерді 100 % қамту:
      1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді көрсететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру – 2018 жылы;
      2) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді көрсететін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау –
2018 жылы;
      3) магистральдық құбырлар арқылы мұнай мен газ тасымалдау –
2016 жылы;
      4) МТЖ көрсетілетін қызметтері – 2018 жылы;
      5) порттардың көрсетілетін қызметтері – 2015 жылы;
      6) әуежайлардың көрсетілетін қызметтері – 2017 жылы.
      2. Инвестициялардың тартымдылығын арттыру және инвестицияларды субъектілердің негізгі құралдарын жаңғыртуға және жаңартуға салуды ынталандыру:
      2018 және 2020 жылдарға қарай инвестициялардың көлемі тиісінше:
      1) жылу энергетикасы, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, электр энергиясын беру және тарату салаларында – 30 %-ға және 40 %-ға;
      2) мұнай мен газ тасымалдау салаларында – 19 %-ға және 25 %-ға;
      3) МТЖ көрсетілетін қызметтері саласында – 23 %-ға және 29 %-ға;
      4) порттар мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласында – 24 %-ға және 32 %-ға артады.
      3. Энергия тиімділігін және энергия үнемдеуді ынталандыру:
      2018 және 2020 жылдарға қарай мына салалардағы субъектілердің негізгі құралдарының тозу деңгейі тиісінше төмендейді:
      1) жылу энергетикасы – 71 %-дан 61%-ға және 55 %-ға дейін;
      2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру – 65 %-дан 51 %-ға және 45 %-ға дейін;
      3) электр энергиясын беру және тарату – 69 %-дан 58 %-ға және 52 %-ға дейін;
      4) мұнайды магистральдық құбыржол арқылы тасымалдау – 65 %-дан 54 %-ға және 50 %-ға дейін;
      5) газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау – 40 %-дан 25 %-ға және 23 %-ға дейін;
      6) газды газ тарату желілері арқылы тасымалдау – 40 %-дан 23 %-ға және 21 %-ға дейін;
      7) МТЖ көрсетілетін қызметтері – 48 %-ға және 40 %-ға дейін;
      8) порттардың көрсетілетін қызметтері – 33 %-ға және 29 %-ға дейін;
      9) әуежайлардың көрсетілетін қызметтері – 30 %-ға және 26 %-ға дейін.
      2018 және 2020 жылдарға қарай субъектілер ысыраптарының деңгейі тиісінше:
      1) жылу энергетикасы саласында – 19,1 %-ға және 18,9 %-ға дейін;
      2) сумен жабдықтау саласында – 16,5 %-ға және 15,5 %-ға дейін;
      3) электр энергиясын беру және тарату саласында – 13,0 %-ға және 12,8 %-ға дейін төмендейді.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен
міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар

      Табиғи монополиялар салаларындағы реттеуді дамыту және жетілдіру ұзақ мерзімді перспективаға жоспарлауды талап етеді.
      Табиғи монополиялар салаларындағы проблемаларды шешу, Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу және міндеттерін шешу үшін 2014 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде мынадай шаралар іске асырылатын болады.
      1. Қуаты аз субъектілерді қоспағанда, субъектілер қызметтеріне қолданылу мерзімі 5 және одан да көп жыл болатын шекті (ұзақ мерзімді) тарифтерді бекіту арқылы қысқа мерзімді реттеуден ұзақ мерзімді реттеуге көшу.
      Бұл ретте, субъект сондай-ақ тарифтердің қолданылуының бүкіл ұзақ мерзімді кезеңінің ішінде өндірістің тиімділігін арттырудан алынған кірістерді дербес иелік ету мүмкіндігін беру жолымен өндірістік шығындарды қысқартуға ынталандырылады.
      2. ӨЭК-терді ірілендірудің орындылығы туралы мәселені қарау.
      Энергетиканың дамуына жауапты салалық мемлекеттік орган электр желілерін пайдаланушы ұйымдарды ӨЭК-ке жатқызу критерийлері айқындалатын болады.
      ӨЭК-терді ірілендіру бір өңірдегі электр энергиясына бағаларды теңестіруге, субъектілердің шығындарын азайтуға және соның нәтижесінде көрсетілетін қызметтерге тарифті төмендетуге мүмкіндік береді.
      3. Салыстырмалы талдау әдісін және тәулік кезеңдері бойынша сараланған тарифтерді алып тастаудың орындылығы туралы мәселені қарау.
      4. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) оларды бәсекелестік ортаға шығару тұрғысынан тұрақты тұрғыда талдау жүргізу.
      Бұл ретте, субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) оларды бәсекелес ортаға шығару тұрғысынан талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар тәуелсіз сарапшылық ұйымдар мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
      5. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда шығындарды реттеудің жаңа ынталандырушы әдісін енгізу мәселесін мыналар арқылы да қарау:
      1) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарды тариф құрылымының 80 %-ын қамтитын негізгі баптар – электр энергиясы және отын, персоналдың жалақысы, жөндеу, амортизация, шикізат және материалдар бойынша шығындарды реттеудің жаңа әдісін кезең-кезеңмен енгізу. Шығындардың қалған 20 %-ын субъект реттеуші органға негіздеуші материалдарды енгізбей өздігінен қалыптастыра алады;
      2) субъектілерге нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын және энергия нормаларын, персоналдың нормативтік санын бекітуге өтінімдерді тариф және тарифтік сметаларды бекітуге өтініммен бірге бірлесіп енгізу құқығын беру;
      3) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын және энергия шығындарының нормаларын, персоналдың нормативтік санын бекіту тетігін қайта қарау.
      6. Субъектілерге табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ өндіріспен және реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетумен байланысты емес мүлікке меншік құқығына ие болу құқығын беру мәселесін қарау.
      7. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту рәсімдерін және субъектілердің оларды орындауын бақылауды, оның ішінде субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды іске асыруы тиімділігінің мынадай жаңа критерийлері мен көрсеткіштерін енгізу жолдарымен одан әрі жетілдіру мәселесін қарау:
      1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бір бірлігіне жұмсалатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарын азайту;
      2) негізгі құралдардың тозу деңгейін азайту.
      Бұл шара инвестициялық бағдарламаларды іске асыруда қаражаттың тиімді пайдаланылуына кепілдік беруге мүмкіндік береді.
      8. Салынған инвестицияларды ескере отырып, субъектілердің негізгі құралдарының тозу деңгейін төмендетуді есептеу тетігі туралы мәселені қарау.
      9. МТЖ көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың әдіснамасын өзгерту.
      10. Теңіз порттарының көрсетілетін қызметтері саласында «лендлорд» үлгісін (жеке меншік операторлары бар мемлекеттік порт) енгізу.
      11. Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен бірлесіп, «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» тақырыбында бірлесіп жүргізген зерттеудің қорытындылары бойынша субъектілерді реттеудің заңнамасы мен тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған егжей-тегжейлі іс-шаралары бар Жол картасын әзірлеу.
      Бұл ретте тариф белгілеудің жаңа әдістемелерін енгізу реттеу субъектілерін салыстырмалы техникалық-экономикалық көрсеткіштердің біртектілігіне, олардың нарықтық коммерциялануына және тиісті табиғи монополия саласының практикалық тұрғыдан жаңашылдықтарға іс жүзінде дайындығына жеткізу қағидаттарына негізделетін болады.

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Субъектілердің 2014 – 2015 жылдары өтінім беру науқанына дайындық жұмысын, оның ішінде бес жылдық кезеңге барлық нормалар мен нормативтерді қайта қарауды қамтитын жұмысты жүргізу қажеттілігін ескере отырып, мынадай жұмыс жүргізілетін болады.
      1. Мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласында 2015 жылдан бастап субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істеуге көшуін жүзеге асыру басталатын болады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай салаға инвестициялар көлемін 25 %-ға өсіруге және негізгі құралдардың тозу деңгейін 50 %-ға төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр.
      2. Газды магистральдық газ құбырлары және газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау саласында 2015 жылдан бастап субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуін жүзеге асыру басталатын болады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай саладағы инвестициялар көлемін 25 %-ға өсіруге және газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау саласында негізгі құралдардың тозу деңгейін 23 %-ға дейін, газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау саласында 21 %-ға дейін төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр.
      3. Электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласында:
      1) 2016 жылдан бастап электр энергиясын беруді өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша жүзеге асыратын субьектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі жүзеге асырылатын болады;
      2) салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген тарифтер бойынша 20 ірі ӨЭК жұмысы жалғастырылатын болады;
      3) 2015 жылдан бастап энергия беруші субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі бойынша жұмыс басталатын болады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай салаға салынатын инвестициялар көлемін 40 %-ға өсіруге, негізгі құралдардың тозу деңгейін
52 %-ға дейін және ысыраптар деңгейін 12,8 %-ға дейін төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр.
      4. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында 2015 жылдан бастап субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі бойынша жұмыс басталатын болады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай салаға салынатын инвестициялар көлемін 40 %-ға, негізгі құралдардың тозу деңгейін 45 %-ға дейін және ысыраптар деңгейін 15,5 %-ға дейін төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр.
      5. Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату саласында 2015 жылдан бастап субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі жүзеге асырылатын болады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай салаға салынатын инвестициялар көлемін 40 %-ға өсіруге, негізгі құралдардың тозу деңгейін 55 %-ға дейін және ысыраптар деңгейін 18,9 %-ға дейін төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр.
      6. МТЖ қызметтері саласында 2018 жылдан бастап субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі жүзеге асырылады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай инвестициялар көлемін 29 %-ға өсіруге және негізгі құралдардың тозу деңгейін 40 %-ға дейін төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр.
      7. Порттар және әуежайлар қызметтері саласында 2015 жылдан бастап субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      Нәтижесінде 2020 жылға қарай порттар және әуежайлар саласында инвестициялар көлемін 32 %-ға өсіруге және негізгі құралдардың тозу деңгейін тиісінше 29 %-ға дейін және 26 %-ға дейін төмендетуге қол жеткізу көзделіп отыр.
      8. Басқа табиғи монополиялар салаларында сондай-ақ 2015 жылдан бастап субъектілердің шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшуі жүзеге асырылатын болады.

7. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджеттен және өзге көздерден ақшалай қаражат бөлуді көздемейді.

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

1

Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерін оларды бәсекелес ортаға шығару тұрғысынан талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰЭМ, ММО

Жыл сайын

2

Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифті есептеу әдістемесін бекіту

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы 1-тоқсан

3

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

Ведомствоаралық комиссияның Тұжырымдаманы қарауы

ҰЭМ

2015 жыл

4

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы 1-тоқсан

5

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы 1-тоқсан

6

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы 1-тоқсан

7

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы 1-тоқсан

8

Порттар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін шекті тарифтерді бекіту

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2015 жыл

9

Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен бірлесіп «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» тақырыбында бірлесіп жүргізген зерттеудің қорытындылары бойынша субъектілерді реттеудің заңнамасы мен тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған егжей-тегжейлі іс-шаралары бар Жол картасын әзірлеу

Жол картасы

ҰЭМ

2015 жылғы қаңтар

10

Салыстырмалы талдау әдісін және тәулік кезеңдері бойынша сараланған тарифтерді алып тастау орындылығы туралы мәселені қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰЭМ, ММО

2015 жылғы 1-тоқсан

11

Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін шекті тарифтер бекіту

ҰЭМ бұйрықтары

ҰЭМ

2015 – 2017 жылдар

12

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді көрсететін субъектілер үшін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы шекті тарифтер бекіту

ҰЭМ бұйрықтары

ҰЭМ

2015 – 2018 жылдар

13

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді көрсететін субъектілер үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы шекті тарифтер бекіту

ҰЭМ бұйрықтары

ҰЭМ

2015 – 2018 жылдар

14

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығымен бекітілген Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы 2-тоқсан

15

Газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін шекті тарифтерді бекіту

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2016 жыл

16

Мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін шекті тарифтерді бекіту

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2016 жыл

17

МТЖ көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың әдіснамасын өзгерту мәселесін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰЭМ, ММО

2016 жылғы 4-тоқсан

18

Теңіз порттарының көрсетілетін қызметтері саласында «лендлорд» үлгісін (жеке меншік операторлары бар мемлекеттік порт) енгізу мәселесін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰЭМ, ММО

2016 жылғы 4-тоқсан

19

Магистральдық теміржол желілері саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін шекті тарифтерді бекіту

ҰЭМ бұйрығы

ҰЭМ

2018 жыл

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ММО – мүдделі мемлекеттік органдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады