"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 219 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 408 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 463 қаулысымен

      Ескерту. . Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.07.2021 № 463 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 219 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады