Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 409 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің аумақтық органдары:
      1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      2) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
      4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгі туралы ережеде:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;»;
      16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) мұнай және газ саласында лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;
      14-2) рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;
      14-3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
      14-4) мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелдерін талдау және бағалау жүргізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-1) көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 26-7) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-7) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «58) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, көмірсутек шикізаты бойынша келісімшарттардың және өнімді бөлу туралы келісімдердің талаптарын жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын мониторингтеу мен бақылауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 66-1), 66-2), 66-3), 66-4) және 66-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «66-1) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      66-2) теңіз құрылысын салуға немесе орналастыруға рұқсат береді;
      66-3) іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе теңіздегі өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсат береді;
      66-4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында айқындалатын тәртіппен теңіздегі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдайды;
      66-5) теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту жөніндегі жұмыстарға рұқсат береді;»;
      мынадай мазмұндағы 77-1), 77-2) және 77-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «77-1) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      77-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында айқындалатын тәртіппен мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдайды;
      77-3) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 78-1) тармақшамен толықтырылсын:
      78-1) ұңғымалар объектілерін сынау, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат береді;»;
      мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «79-1) газ желілері ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «82-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 89-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «89-1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      17-тармақтың 9)10)11)12)14)15)16)17)18)19)20)21)22)23)24) және 25) тармақшалары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қармағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі» деген бөліммен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қармағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 15 шілдедегі
№ 409 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      5. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      6. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      7. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      8. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      9. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      10. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      11. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      12. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      13. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      14. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      15. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      16. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады