2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 454 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 11 тамыздағы
№ 454 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының  қосылуы туралы
ХАТТАМА

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкiметтерi
      2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарттың 2-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Хаттамамен Қырғыз Республикасы 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге қосылады.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшiне енуі үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшiне енедi, бірақ 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімнің күшiне енген күнінен ерте емес.

      2016 жылғы «___»________ ____________ қаласында орыс тiлiнде бір төлнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийi бола отырып, оның куәландырылған көшiрмесiн Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетке жібереді.

Армения Республикасының Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады