"2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 494 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулыға 42-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:
      «

43-1

Аурулар диагностикасының және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің әлеуетін арттыру және енгізу

Шетелдік мамандарды тарта отырып, негізгі клиникалық бағыттар, сондай-ақ озық клиникалық бағыттарды/технологияларды енгізу бойынша оқытуды жүргізу

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ

059 «Аурулар диагностикасының және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің әлеуетін арттыру және енгізу»

159 676

                                                                  ».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 494 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 972 қаулысына   
4-қосымша       

Облыстық бюджеттерге дағдарыстық жағдай қаупі төнген және
туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар жүргізуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу

Р/с № Облыстардың атауы Сомасы, мың теңге

Барлығы

78 986

1.

Ақтөбе облысы

17 291

2.

Атырау облысы

15 251

3.

Алматы облысы

8 291

4.

Қостанай облысы

17 291

5.

Оңтүстік Қазақстан облысы

1 571

6.

Батыс Қазақстан облысы

19 291

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады