Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2016 жылға арналған нысаналы трансферт қаражатын бөлуде:
«3. Бағдарламалық жобаларды іске асыруға» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2, 3-жолдармен толықтырылсын:
«
2. |
Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру |
1 305 |
ҰЭМ |
ДБ |
3. |
Өнімді инновацияларды ынталандыру |
944 000 |
БҒМ |
ДБ |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов