РҚАО-ның ескертпесі!
2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі!
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы |
|
Үкіметінің |
|
2016 жылғы 29 қыркүйектегі |
|
№ 551қаулысымен |
|
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19-1. Комиссиялардың/жұмыс топтарының дауыс беру парақтары қоса берілген материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды:
1) комиссияны/жұмыс тобын мемлекеттік органның лауазымды адамы басқарған жағдайда – комиссияның/жұмыс тобының жұмыс органы;
2) комиссияны/жұмыс тобын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басқарған жағдайда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.".
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
"Мәсімов |
– |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: |
||
"Сағынтаев |
– |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға". |
3. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
мына:
"Мәсімов |
– |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Сағынтаев |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Сағынтаев |
– |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Мамин |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары". |