"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.04.2018 № 173 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізiледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 30 қыркүйектегі
  № 557 қаулысына
  қосымша



  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2015 жылғы 13 наурыздағы
  № 133 қаулысымен
  бекітілген

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері

Р/с



1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен)


Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)

(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0)


Дизель отыны

(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0)


1


2


3


4


1.


Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

(сәуір – қазан)


10500


9300


2.


Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

(қараша – наурыз)


10500


540


3.


Жеке және заңды тұлғалардың бензинді авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі


0


0


4.


Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

(сәуір – қазан)


11000


9360


5.


Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

(қараша – наурыз)


11000


600


6.


Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы


500


60


7.


Импорт


4500


540


8.


Осы Кодекстің 279-бабының

5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру

(сәуір – қазан)


10500


9300


9.


Осы Кодекстің 279-бабының

5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша - наурыз)


10500


540



      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      V х 0,730

      М = --------------------, мұндағы:

      1000

      М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;

      V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;

      0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      V х 0,769

      М = -------------------, мұндағы:

      1000

      М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;

      V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;

      0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады