Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 560 қаулысымен


      "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қол қойған "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы 2016 жылдың 6 қазанынан бастап қолдануға енгізілді (бұдан әрі - Қағидалар).

      Қаулыны қабылдау мақсаты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісу тәртібін реттеу болып табылады.

      Қағидалар "Құқықтық актілер туралы" Заңның 21-бабының 7) тармағына сәйкес әзірленген, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы министрлерінің нормативтік құқықтық бұйрықтарының және өзге де орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының және мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктерінің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларының және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу тәртібін бекітеді.

      Қағидалар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірлеу күнінен бастап Премьер-Министрінің Кеңсесіне немесе әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге енгізуге дейін әзірлеу және келісілу бойынша бүкіл процесін реттейді.

      Атап айтқанда, аталған процесте міндетті түрде мемлекеттік органдарының заң қызметтерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуын, Қоғамдық кеңесінің отырыстарында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру, олардың орналастыруы және реттеушілік әсердің талдауын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және кәсіпкерлік бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруы көздейді. Бұдан басқа, Қағидалар мүдделі мемлекеттік органдармен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің келісуінің рәсімдері мен мерзімдерін көздейді.

      Сондықтан, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға аталған Қағидаларының ережелерін басшылыққа алу кажет.

      Қаулы республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз