"Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 600 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының
қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2
қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін
тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (2016 жылғы 1 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына – уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылымдар) үшiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске сәйкес берiледi.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.»;
      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 126-құжат) қолданысқа енгізілуі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады