Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 613 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкімет атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салықтық бақылауды жетілдіру және Америка Құрама Штаттарының шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы Заңын енгізу жөніндегі келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1063 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 24 қазандағы
№ 613 қаулысымен  
мақұлданған     

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама
Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін
жетілдіру туралы
КЕЛІСІМ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі жеке-жеке «Тарап», бірге «Тараптар» деп аталатындар) автоматты түрде ақпарат алмасу үшін тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, салық салу мәселелерінде өзара жәрдем көрсету арқылы Халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісім жасасуға ниет білдіріп отырғанын назарға ала отырып;
      1993 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуға жол бермеу және кірістер мен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруды болғызбау туралы конвенцияның (бұдан әрі – «Конвенция») 26-бабы автоматты негізде алмасуды қоса алғанда, салық салу мақсаттары үшін ақпарат алмасуды көздейтіндігін назарға ала отырып;
      Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) қаржы ұйымдарының белгілі бір шоттарға қатысты есептілікті беру режимін көздейтін «Шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы заң» (бұдан әрі – «ШШСБЗ») ретінде белгілі ережелерді қолданысқа енгізгенін назарға ала отырып;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ШШСБЗ-нің салық тәртібін жетілдіру жөніндегі негізгі саяси мақсатын қолдайтындығын назарға ала отырып;
      Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының жергілікті заңдық кедергілердің салдарынан ШШСБЗ-нің белгілі бір аспектілерін сақтауға мүмкіндіктерінің болмауын қоса алғанда, ШШСБЗ-нің бірқатар проблемаларға әкеп соқтырғанын назарға ала отырып;
      Америка Құрама Штаттары Үкіметінің АҚШ-тың қаржы ұйымдарында қызмет көрсетілетін және Қазақстан Республикасының резиденттеріне тиесілі белгілі бір шоттарға қатысты ақпарат жинауды жүзеге асыратынын және Қазақстан Республикасының Үкіметімен осындай ақпарат алмасуды қолдайтынын, сондай-ақ тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданған және алмасудың тиімді қатынастары үшін инфрақұрылым қамтамасыз етілген жағдайда, алмасудың тең дәрежелеріне ұмтылатынын назарға ала отырып;
      ШШСБЗ-ні іске асырудың мемлекетаралық тәсілі заңдық кедергілер туралы мәселені шешуге және Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары үшін ауыртпалықты азайтуға тиіс екендігін назарға ала отырып;
      Тараптардың Халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісім жасасуға келісім білдіретіндерін және жергілікті есептілік пен Конвенцияға сәйкес автоматты түрде өзара алмасу негізінде, құпиялылық пен Конвенцияға сәйкес алмасу жүзеге асырылатын ақпаратты пайдалануды шектейтін ережелерді қоса алғанда, онда көзделген өзге де қорғау құралдарын сақтай отырып, ШШСБЗ-ні іске асыруды көздейтіндіктерін назарға ала отырып;
      Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Тараптар төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Анықтамалар
      1. Осы Келісімнің және оған кез келген қосымшалардың (бұдан әрі – «Келісім») мақсаттары үшін мына терминдердің бұдан әрі көрсетілген мағыналары бар:
      a) «Құрама Штаттар» термині Америка Құрама Штаттарын білдіреді, оның Штаттарын қамтиды, бірақ Құрама Штаттардың аумағын қамтымайды. Құрама Штаттардың «Штатын» әрбір сілтеме Колумбия Округын қамтиды.
      1 [Құрама Штаттар тараптардың географиялық сипаттамасын қамтымауды жөн санайды, өйткені оған деген қажеттілік жоқ]
      b) «АҚШ аумақтары» термині Америкалық Самоаны, Солтүстік Мариан аралдары Достастығын, Гуамды, Пуэрто-Рико Достастығын немесе АҚШ Виргиния аралдарын білдіреді.
      c) «ФСҚ» термині АҚШ-тың Федералдық салық қызметін білдіреді.
      d) «Қазақстан Республикасы» термині Қазақстан Республикасының аумағын білдіреді;
      e) «Әріптестік юрисдикция» термині қолданыстағы Құрама Штаттармен ШШСБЗ-ні іске асыруға жәрдемдесу туралы келісімі бар юрисдикцияны білдіреді. ФСҚ барлық Әріптестік юрисдикциялар тізімін жариялайды.
      f) «Құзыретті орган» термині:
      1) Құрама Штаттар жағдайында - Қаржы министрін немесе оның өкілін; және
      2) Қазақстан Республикасы жағдайында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрін немесе оның уәкілетті өкілін білдіреді.
      g) «Қаржы Ұйымы» термині Кастодиандық мекемені, Депозиттік мекемені, Инвестициялық ұйымды немесе Арнайы сақтандыру компаниясын білдіреді.
      h) «Кастодиандық мекеме» термині басқа тұлғалардың қаржы активтерін өз қызметінің елеулі бөлігі ретінде есепке алуды жүзеге асыратын кез келген ұйымды білдіреді.
      Ұйым, егер ұйымның қаржы активтерін иеленуіне және өзара байланысты қаржылық қызмет көрсетуге жататын жалпы кірісі мына кезеңдердің ең қысқасы: (і) есеп айырысу жүзеге асырылатын жыл басталғанға дейін 31 желтоқсанда аяқталатын (немесе күнтізбелік жылмен сәйкес келмейтін есепті кезеңнің соңғы күні) үшжылдық кезең; немесе (іі) ұйым жұмыс істеген кезеңі ішінде ұйымның жалпы кірісінің 20 пайызына тең болса немесе одан асатын болса, басқа тұлғалардың қаржы активтерін өз қызметінің елеулі бөлігі ретінде есепке алуды жүзеге асырады.
      і) «Депозиттік мекеме» термині әдеттегі банк қызметі немесе соған ұқсас бизнес барысында депозиттерді қабылдайтын кез келген ұйымды білдіреді.
      j) «Инвестициялық ұйым» термині клиенттің пайдасына немесе оның атынан қызметтің немесе операциялардың мынадай түрлерінің біреуін немесе одан көбін:
      1) ақша нарығы құралдары (чектер, вексельдер, депозиттік куәліктер, туынды қаржы құралдары және т.б.), шетел валютасы, валюталық, пайыздық және индекстелетін құралдар, айналымдағы бағалы қағаздар саудасын немесе мерзімдік мәмілелер бойынша биржалық сауданы;
      2) портфельдік инвестицияларды жеке дара және ұжымдық басқаруды; немесе
      3) басқа тұлғалардың атынан қорларды немесе ақшалай қаражатты өзгеше инвестициялауды, әкімшілік етуді немесе басқаруды өз қызметі ретінде жүзеге асыратын (немесе өз қызметі ретінде жүзеге асыратын ұйымның басқаруында болатын) кез келген ұйымды білдіреді.
      Осы 1(j) тармақша Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының Ұсынымдарында «қаржы ұйымы» деген анықтамада берілген осыған ұқсас тұжырымға сәйкес келетін тәртіппен түсіндірілуге тиіс.
      k) «Белгілі бір сақтандыру компаниясы» термині Сатып алу құны бар сақтандыру шартына немесе Аннуитет шартқа қатысты төлемдерді шығаратын немесе жүзеге асыруға міндетті сақтандыру компаниясы (немесе сақтандыру компаниясын иеленуші компания) болып табылатын кез келген ұйымды білдіреді.
      l) «Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы» термині (і) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған кез келген Қаржы ұйымын, бірақ оған осындай Қаржы ұйымының Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан кез келген филиалы кірмейді, және (іі) егер мұндай филиал Қазақстан Республикасында орналасқан болса, Қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылмаған кез келген филиалын білдіреді.
      m) «Әріптестік юрисдикцияның қаржы ұйымы» термині (і) Әріптестік юрисдикцияда құрылған кез келген Қаржы ұйымын, бірақ оған Әріптестік юрисдикциядан тысқары жерде орналасқан осындай Қаржы ұйымының кез келген филиалы кірмейді, және, егер мұндай филиалы Әріптестік юрисдикцияда орналасқан болса, (іі) Қаржы ұйымының Әріптестік юрисдикцияда құрылмаған кез келген филиалын білдіреді.
      n) «Есеп беретін қаржы ұйымы» термині түпмәтініне қарай, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымын немесе АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымын білдіреді.
      о) «Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы» термині Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасының кез келген Қаржы ұйымын білдіреді.
      р) «АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымы» термині Қаржы ұйымы немесе филиал осы Келісімнің 2-бабының (2) (b) тармақшасына сәйкес ақпарат алмасу талап етілетін кірісті бақылауды, алуды немесе жауапкершілікпен сақтауды жүзеге асырған жағдайда, (і) Құрама Штаттардан тысқары жердегі осындай Қаржы ұйымының кез келген филиалын қоспағанда, Құрама Штаттардың резиденті болып табылатын кез келген Қаржы ұйымын және (іі) егер мұндай филиал Құрама Штаттарда орналасса, Құрама Штаттардың резиденті болып табылмайтын Қаржы ұйымының кез келген филиалын білдіреді.
      q) «Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы ұйымы» термині II қосымшада Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы ұйымы ретінде көрсетілген Қазақстан Республикасының кез келген Қаржы ұйымын немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын немесе өзге жағдайда ШШСБЗ талаптарына сәйкес келетін шетелдік қаржы ұйымы немесе осы Келісімге қол қойылған күніге қолданылып жүрген АҚШ Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес салық ұстаудан босатылған пайда алушы ретінде сыныпталатын өзге де Ұйымды білдіреді.
      r) «Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымы» термині АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерінде осы термин белгіленген мағынасында, бірақ осы Келісімнің 5-бабының 2(b) тармақшасында немесе Құрама Штаттар мен Әріптестік юрисдикция арасындағы келісімнің тиісті ережесінде Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымы ретінде көрсетілген Қаржы ұйымдарынан ерекшеленетін Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымын немесе Әріптестік юрисдикцияның өзге Қаржы ұйымын қамтымайтын ынтымақтаспайтын қаржы ұйымын білдіреді.
      s) «Қаржы шоты» термині Қаржы ұйымында қызмет көрсетілетін шотты білдіреді және:
      (1) Инвестициялық ұйым болып табылатындығынан ғана Қаржы ұйымы болып табылатын ұйым жағдайында – Қаржы ұйымындағы кез келген үлестік қатысуды немесе борыштық пайызды (ұйымдастырылған нарығында тұрақты айналымдағы бағалы қағаздардың үлестік қатысудан (бағалы қағаздардан) ерекше);
      (2) осы баптың l (s) (1) тармақшасында көрсетілмеген Қаржы ұйымы жағдайында - егер (і) үлестік қатысудың немесе борыштық пайыздың құны тікелей немесе жанама түрде, бірінші кезекте АҚШ-тағы қаржы көзінен Салық салынатын төлемдердің туындауына әкеп соғатын активтер негізінде айқындалатын болса және (іі) үлестік қатысу (бағалы қағаздар) сыныбы осы Келісімге сәйкес есептілікті беруді болдырмау үшін белгіленген болса, Қаржы ұйымындағы кез келген үлестік қатысуды немесе борыштық пайызды (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында тұрақты айналымдағы үлестік қатысудан (бағалы қағаздардан) ерекше); және
      (3) инвестициялармен байланысты емес, беруге жатпайтын, жеке тұлғаға берілген және II қосымшадағы Қаржы шотының анықтамасынан алынып тасталған шоттың негізінде берілген зейнетақының немесе еңбекке жарамсыздық жәрдемақысының ақшалай мәнін белгілейтін өмір бойғы шұғыл аннуитетті қоспағанда, Қаржы ұйымы берген немесе қызмет көрсетілетін кез келген Сатып алу құны бар кез келген сақтандыру шартын және Аннуитет шартын қамтиды.
      Жоғарыда көрсетілгенге қарамастан, «Қаржы шоты» термині II қосымшадағы Қаржы шотының анықтамасынан алынып тасталған кез келген шотты қамтымайды. Осы Келісімнің мақсаттары үшін үлестік қатысу (бағалы қағаздар) тұрақты негізде осы үлестік қатысу (бағалы қағаздар) айналысының елеулі көлемі болған жағдайда, «тұрақты айналыстағы» болып есептеледі, сондай-ақ нарық құрылған, сондай-ақ биржада акциялар айналымының елеулі жылдық көлеміне ие сол елдің мемлекеттік органы ресми түрде мойындаған және реттейтін биржа «бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы» деп түсініледі. Осы l(s) тармақшаның мақсаттары үшін Қаржы ұйымындағы үлестік қатысу (бағалы қағаздар) «тұрақты айналыстағы» болып табылмайды және, егер үлестік қатысудың (бағалы қағаздардың) меншік иесі (делдал болып табылатын Қаржы ұйымын қоспағанда) осындай Қаржы ұйымының есептік жазбаларында көрсетілген жағдайда, Қаржы шоты болып танылуы тиіс. Алдыңғы сөйлем 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі осындай Қаржы ұйымының есептік жазбаларында алғаш рет көрсетілген үлестік қатысуға (бағалы қағаздарға) қолданылмайды, бұл ретте 2014 жылғы 1 шілдеден (қоса алғанда) кейін осындай Қаржы ұйымының есептік жазбаларында алғаш рет көрсетілген үлестік қатысуға (бағалы қағаздарға) қатысты Қаржы ұйымы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алдыңғы сөйлемнің ережелерін қолдануға міндетті емес.
      t) «Депозиттік шот» термині кез келген коммерциялық, чектік, жинақ, мерзімдік немесе ағымдағы шотты немесе депозиттік, жинақ, инвестициялық сертификатпен, берешек сертификатымен немесе әдеттегі банктік немесе ұқсас қызмет тәртібімен Қаржы ұйымы қызмет көрсететін өзге ұқсас құралмен құжат түрінде расталған шотты қамтиды. Депозиттік шот кепілдік берілген инвестициялық келісімшарттың немесе пайыздық кірісті төлеу немесе есепке жазу бойынша осыған ұқсас келісімнің ережелеріне сәйкес сақтандыру компаниясы ұстайтын соманы да қамтиды.
      u) «Кастодиандық шот» термині инвестициялау үшін ұсталатын кез келген қаржы құралын немесе келісімшартты (акцияларды немесе корпорациядағы қатысу үлесін, вексельдерді, облигацияларды, борыштық міндеттемелерді немесе өзге де борыштық құжаттарды, валюталық немесе тауарлық мәмілелерді, кредиттік дефолттық свопты, қаржылық емес индекс негізіндегі свопты, шартты негізгі сомаға арналған келісімшартты, Сақтандыру шартын немесе Аннуитет шартын немесе кез келген опционды немесе басқа туынды құралды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) иеленген басқа тұлғаның пайдасына шотты (Сақтандыру шартын немесе Аннуитет шартын қоспағанда) білдіреді.
      v) «Үлестік қатысу» термині Қаржы ұйымы болып табылатын серіктестік жағдайында - серіктестіктің капиталындағы немесе пайдасындағы үлестік қатысудың кез келген түрін білдіреді. Қаржы ұйымы болып табылатын сенімгерлік қор (траст) жағдайында Үлестік қатысу бүкіл трастқа немесе оның бір бөлігіне қатысты құрылтайшы немесе бенефициар немесе трастқа түпкілікті тиімді бақылауды жүзеге асыратын кез келген өзге жеке тұлға ретінде қаралатын кез келген тұлғаға тиесілі деп болжанады. АҚШ-тың белгілі бір жеке тұлғасы, егер АҚШ-тың осындай белгілі бір жеке тұлғасы тікелей немесе жанама түрде (мысалы, уәкілетті тұлға арқылы) міндетті төлемақыларды алуға құқығы бар немесе трастан түсетін кірістің дискрециялық төлемақыларын тікелей немесе жанама түрде ала алатын болса, шетелдік трастың бенефициары ретінде қаралуы тиіс.
      w) «Сақтандыру шарты» термині өлімнің, сырқаттанудың болуын, жазатайым оқиға қатерін, жауапкершілік тәуекелін немесе мүліктік тәуекелді көздейтін төтенше жағдайлар болған кезде эмитент соманы төлеуге міндеттенетін шартты (Аннуитет шартын қоспағанда) білдіреді.
      х) «Аннуитет шарты» термині эмитент бір немесе одан көп жеке тұлғалардың болжамды өмір сүру ұзақтығын негізге ала отырып, толығымен немесе ішінара есептелетін уақыт кезеңі ішінде төлемдер жүргізуге міндеттенетін шартты білдіреді. Термин заңнамаға, нормативтік актілерге немесе шарт берілген юрисдикция практикасына сәйкес Аннуитет шарты ретінде қаралатын шартты да қамтиды және оған сәйкес эмитент белгілі бір жылдар ішінде төлемақылар жүргізуге міндеттенеді.
      у) «Сатып алу құны бар сақтандыру шарты» термині Сатып алу құны 50000 АҚШ долларынан асатын сақтандыру шартын (екі сақтандыру компаниясы арасындағы залалдың өтелуін қайта сақтандыру шартын қоспағанда) білдіреді.
      z) «Сатып алу құны» термині мынадай сомалардың ең көбін: (і) сақтанушы шарттың күші жойылған немесе тоқтатылған кезде алуға құқығы бар соманы (сақтандыру полисінен немесе сақтандыру полисімен берілетін кредиттен бас тартқаны үшін алымды шегерусіз белгіленетін) және (іі) сақтанушы шарт бойынша немесе шартқа байланысты қарызға ала алатын соманы білдіреді. Жоғарыда көрсетілгенге қарамастан, «Сатып алу құны» термині:
      1) жеке келтірілген зиян үшін өтемақы немесе сырқатына байланысты берілетін жәрдемақы немесе сақтандыру жағдайының туындауына байланысты келтірілген экономикалық залалды өтеу мақсатындағы өзге төлем;
      2) сақтандыру полисі күшінің жойылуына немесе қолданылу мерзімінің тоқтатылуына, Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде тәуекелге ұшырау дәрежесінің азаюына байланысты немесе өткізілімдерді шоттар бойынша бөлуде жіберілген қателерден немесе осыған ұқсас қателерден сақтандыру сыйлықақысының қайта есептелуіне байланысты Сақтандыру шарты (өмірді сақтандыру шартын қоспағанда) бойынша бұрын төленген сақтандыру сыйлықақысын сақтанушыға қайтару; немесе
      3) тиісті шартты немесе топты сақтандыру тәжірибесі негізінде сақтанушыға берілетін сақтандыру дивидендтері ретінде Сақтандыру шарты бойынша төлеуге жататын соманы қамтымайды.
      аа) «Есеп беретін шот» термині түпмәтініне байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шотын немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін шотын білдіреді.
      bb) «Қазақстан Республикасының Есеп беретін шоты» термині, егер: (і) Депозиттік шот жағдайында - шот Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасына тиесілі болса және осындай шот бойынша кез келген есепті күнтізбелік жылда төленетін пайыз сомасы 10 АҚШ долларынан асатын болса; немесе (іі) Депозиттік шот болып табылмайтын Қаржы шоты жағдайында - салық салу мақсаттары үшін АҚШ Салық кодексінің А кіші бөлімінің 3-тарауына немесе F кіші бөлімінің 61-тарауына сәйкес ақпарат беру қажет АҚШ-тағы қаржы көзінен кіріс төленетін немесе есепке жатқызылатын Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатындығы жөніндегі фактіні растайтын ұйымды қоса алғанда, Шот ұстаушысы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымы қызмет көрсететін Қаржы шотын білдіреді.
      сс) «АҚШ-тың Есеп беретін шоты» термині Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы қызмет көрсететін және АҚШ-тың бір немесе одан көп белгілі бір жеке тұлғаларына немесе АҚШ-тың белгілі бір жеке тұлғалары болып табылатын бір немесе одан көп Бақылаушы тұлғалары бар АҚШ-тың бейрезидент ұйымына тиесілі Қаржы шотын білдіреді. Жоғарыда көрсетілгенге қарамастан, шот, егер мұндай шот I Қосымшада көрсетілген кешенді тексеру рәсімдерін қолданғаннан кейін АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде белгіленбесе, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қаралмауға тиіс.
      dd) «Шот иесі» термині шотқа қызмет көрсететін Қаржы ұйымы Қаржы шотының иесі ретінде көрсеткен немесе айқындалған жеке тұлғаны білдіреді. Қаржы ұйымын қоспағанда, Қаржы шотын басқа тұлғаның мүддесі үшін немесе оның атынан агент, кастодиан, номиналды ұстаушы, қол қоюға уәкілетті адам, инвестициялар жөніндегі консультант немесе делдал ретінде басқа тұлға атынан иеленетін тұлға осы Келісімнің мақсаттары үшін шотты иеленген тұлға ретінде қаралмайды және мұндай басқа тұлға шот иесі ретінде қаралады. Алдыңғы сөйлемнің мақсаттары үшін «Қаржы ұйымы» термині АҚШ аумағында құрылған немесе тіркелген Қаржы ұйымын қамтымайды. Сатып алу құны бар сақтандыру шарты немесе Аннуитет шарты жағдайында Шот иесі Сатып алу құнына қол жеткізу құқығы немесе шарт бойынша пайда алушыны ауыстыруға құқығы бар кез келген тұлғаны білдіреді. Егер бірде-бір тұлғаның Сатып алу құнына қол жеткізу құқығы немесе шарт бойынша пайда алушыны ауыстыруға құқығы болмаса, Шот иесі - бұл шартта меншік иесі ретінде көрсетілген кез келген тұлға және шарт талаптары бойынша төлемге сөзсіз құқығы бар кез келген тұлға. Сатып алу құны бар сақтандыру шартының немесе Аннуитет шартының мерзімі аяқталғаннан кейін шарт бойынша төлемдерді алуға құқығы бар әрбір тұлға Шот иесі ретінде қаралады.
      ее) «АҚШ тұлғасы» термині АҚШ азаматын немесе резидент болып табылатын жеке тұлғаны; Құрама Штаттарда немесе Құрама Штаттардың немесе штаттардың біреуінің заңдарына сәйкес тіркелген серіктестікті немесе корпорацияны; немесе, егер: (і) сот Құрама Штаттар шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трасты басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару немесе сот шешімдерін қабылдау өкілеттіктеріне ие болса немесе (іі) АҚШ-тың бір немесе одан көп тұлғасы бұл трастың барлық негізгі шешімдерін немесе Құрама Штаттардың азаматы немесе резиденті болып табылған қайтыс болған адамның мүлкін бақылау өкілеттіктеріне ие болса, трасты білдіреді. Осы 1 (ее) тармақшаны АҚШ Салық кодексінің ережелеріне сәйкес түсіндірген жөн.
      ff) «АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы» термині мыналарды: (і) акциялары бағалы қағаздардың бір немесе одан көп танымал нарықтарында тұрақты түрде айналыста болатын корпорацияны; (н) тармағында корпорация ретінде көрсетілген АҚШ Салық кодексінің 1471 (e)(2) бөлімінде белгіленгендей, сол бір кеңейтілген үлестес топтың мүшесі болып табылатын кез келген корпорацияны; (ііі) Құрама Штаттарды немесе АҚШ-тың үкіметтік агенттіктерін немесе мемлекеттік мекемелерді; (iv) Құрама Штаттардың кез келген Штатын, АҚШ-тың кез келген Аумағын немесе олардың кез келген әкімшілік-аумақтық  ірліктерін немесе үкіметтік агенттіктерді немесе мемлекеттік мекемелерді; (v) АҚШ Салық кодексінің 501 (а) бөліміне сәйкес салықтар төлеуден немесе АҚШ Салық кодексінің 7701(а)(37) бөліміндегі анықтамаға сәйкес жеке зейнеткерлік бағдарламалардан босатылған кез келген ұйымды; (vi) АҚШ Салық кодексінің 581-бөліміндегі анықтамаға сәйкес кез келген банкті; (vii) АҚШ Салық кодексінің 856-бөліміндегі анықтамаға сәйкес жылжымайтын мүліктің инвестициялық трастарын; (viii) АҚШ Салық кодексінің 851-бөліміндегі анықтамаға сәйкес кез келген реттелетін инвестициялық компанияны немесе 1940 жылғы (15 U.S.C.80a-64) Инвестициялық компаниялар туралы заңның негізінде АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген кез келген ұйымды; (іх) АҚШ Салық кодексінің 584(a) бөліміндегі анықтамаға сәйкес кез келген жалпы сенімгерлік қорды; (х) АҚШ Салық кодексінің 664 (с) бөлімінің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған кез келген трасты немесе АҚШ Салық кодексінің 4947(a)(1) бөлімінде көрсетілген трасты; (хі) Құрама Штаттардың немесе кез келген Штаттың заңнамасына сәйкес тіркелген бағалы қағаздар, тауарлар және туынды қаржы құралдары жөніндегі дилерді (номиналды негізгі сома келісімшарттарын, фьючерстерді, форвардтық келісімшарттарды және опциондарды қоса алғанда); немесе (хіі) АҚШ Салық кодексінің 6045(c) бөліміндегі анықтамаға сәйкес брокерді немесе (хііі) АҚШ Салық кодексінің 403(b) немесе 457 (b) бөлімінде көзделген жоспарға сәйкес салық салудан босатылған кез келген трасты (сенімгерлік басқарушыны) қоспағанда, АҚШ тұлғасын білдіреді.
      gg) «Ұйым» термині заңды тұлғаны немесе траст сияқты заңды келісімді білдіреді.
      hh) «Америкалық емес ұйым» термині АҚШ тұлғасы болып табылмайтын Ұйымды білдіреді.
      іі) «Салық ұстауға жататын АҚШ төлемі» термині, егер төлем Құрама Штаттардағы қаржы көздерін жүзеге асырылатын болса, пайыздардың (бастапқы эмиссиялық жеңілдікті қоса алғанда), дивидендтердің, жалдау ақысының, айлықақының, жалақының, сыйлықақылардың, аннуитеттердің, өтемақылардың, сыйақылардың, айлықтардың және өзге де тіркелген немесе айқындауға болатын жылдық немесе кезеңдік кірістер мен пайдалардың төлемін білдіреді. Жоғарыда көрсетілгенге қарамастан, Америкалық төлем көзінен салық ұстауға жататын төлем АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында салық ұстауға жататын төлем деп есептелмейтін төлемді қамтымайды.
      jj) Ұйым, егер осы Ұйымдардың біреуі басқа Ұйымды бақылайтын болса немесе екі Ұйым да жалпы бақылауда болса, Басқа Ұйымның «Байланысты ұйымы» болып табылады. Бұл мақсат үшін бақылау Ұйымдағы дауыстардың немесе капиталдың 50 пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленуді қамтиды. Жоғарыда көрсетілгенге қарамастан, Қазақстан Республикасы Ұйымды, егер осы Ұйымдар АҚШ Салық кодексінің 1471(e)(2) бөліміндегі анықтамаға сәйкес кеңейтілген үлестес бір топтың құрамына кірмейтін болса, басқа Ұйымның Байланысты ұйымы емес деп есептеуге құқылы.
      kk) «Америкалық ССН» термині АҚШ салық төлеушісінің федералдық сәйкестендіру нөмірін білдіреді.
      ll) «Қазақстан Республикасының ССН-і» термині Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің сәйкестендіру нөмірін білдіреді.
      mm) «Бақылаушы тұлғалар» деген термин Ұйымды бақылайтын жеке тұлғаларды білдіреді. Траст жағдайында, бұл термин құрылтайшыны, басқарушыларды, протекторды (ол болған жағдайда), бенефициарларды немесе бенефициарлар сыныбын немесе осы трастқа нақты тиімді бақылауды жүзеге асыратын кез келген басқа жеке тұлғаны білдіреді, ал траст болып табылмайтын заңдық келісім жағдайында бұл термин осындай немесе ұқсас лауазымдағы тұлғаларды білдіреді. «Бақылаушы тұлғалар» терминін Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының Ұсынымдарына сәйкес түсіндірген жөн.
      Осы Келісімде айқындалмаған кез келген терминнің, егер ол түпмәтінге қайшы келмесе немесе Құзыретті органдар жалпы анықтаманы келіспесе (егер ол мемлекетішілік құқықпен рұқсат етілсе), Келісімді қолданатын Тараптың заңнамасына сәйкес қазіргі кезде қабылданған мағынасында болады және осы Тараптың қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес анықтама осы Тараптың басқа заңнамасына сәйкес анықтамаға қатысты басым күшке ие болады.

2-бап

      Есеп беретін шоттар туралы ақпаратты алу мен алмасу жөніндегі міндеттемелер
      1. Осы Келісімнің 3-бабының ережелеріне сәйкес әрбір Тарап барлық Есеп беретін шоттар туралы осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты алады және жыл сайын басқа Тараппен Конвенцияның 26-бабының ережелеріне сәйкес автоматты негізде осы ақпаратпен алмасады.
      2. Алуға және алмасуға жататын ақпарат:
      а) Қазақстан Республикасы жағдайында - Қазақстан Республикасының әрбір Есеп беретін қаржы ұйымының АҚШ-тағы әрбір Есеп беретін шот бойынша:
      1) Шот иесі болып табылатын АҚШ-тың әрбір Белгілі бір тұлғасының атауын, мекенжайын, АҚШ ССН-ін, ал I Қосымшада көрсетілген кешенді тексеру рәсімінен өткеннен кейін АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатын бір немесе одан көп Басқарушы тұлғалар белгіленген Америкалық емес ұйым жағдайында - кез келген ұйымның және АҚШ-тың әрбір осындай көрсетілген тұлғасының атауын, мекенжайын, АҚШ ССН-ін (ол болған жағдайда);
      2) шот нөмірін (немесе шот нөмірі болмаған жағдайда функционалдық баламасын);
      3) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының атауы мен сәйкестендіру нөмірін;
      4) тиісті күнтізбелік жылдың соңындағы немесе өзге де тиісті есепті кезеңдегі немесе, егер шот сол жыл ішінде жабылған болса - оның тікелей жабылу алдындағы шоттағы қалдығын немесе шоттағы соманы (Сатып алу құны бар сақтандыру шарты немесе Аннуитет шарты жағдайында Ақшалай құнын немесе Сатып алу құнын қоса алғанда);
      5) кез келген Кастодиандық шот жағдайында:
      (A) әрбір жағдайда күнтізбелік жыл немесе өзге де тиісті есепті кезең ішінде шотқа төленген немесе есепке жатқызылған (немесе шот бойынша есебіне жазылғандарды), пайыздардың ортақ жалпы сомасын, дивидендтердің ортақ жалпы сомасын және шотта сақталған активтер бойынша алынған өзге де кірістің ортақ жалпы сомасын,; және
      (B) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы депозитарий, брокер немесе номиналды ұстаушы немесе Шот иесінің агенті ретінде әрекет еткен өткен күнтізбелік жыл немесе өзге де тиісті есепті кезең ішінде шотқа төленген немесе есепке жатқызылған мүлікті сатудан немесе сатып алудан түскен ортақ жалпы пайданы;
      6) кез келген Депозиттік шот жағдайында күнтізбелік жыл немесе өзге де тиісті есепті кезең ішінде шотқа төленген немесе есепке жатқызылған пайыздардың ортақ жалпы сомасын;
      7) осы Баптың 2(a)(5) немесе 2(a)(6) тармақшаларында көрсетілмеген кез келген шот жағдайында күнтізбелік жыл немесе өзге де тиісті есепті кезең ішінде Шот иесіне жүргізілген сатып алу үшін төлемдердің жалпы сомасын қоса алғанда, міндеттеме бойынша борышкер немесе дебитор болып табылатын Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы күнтізбелік жыл немесе өзге де тиісті есепті кезең ішінде Шот иесіне шот бойынша төленген немесе есепке жазылған жалпы соманы қамтиды.
      b) Америка Құрама Штаттары жағдайында АҚШ-тың әрбір Есеп беретін қаржы ұйымының Қазақстан Республикасы әрбір Есеп беретін шоты бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті және Шот иесі болып табылатын кез келген тұлғаның атауын, мекенжайын және Қазақстан Республикасының ССН-ін;
      2) шот нөмірін (немесе шот нөмірі болмаған жағдайда функционалдық баламасын);
      3) АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымының атауы мен сәйкестендіру нөмірін;
      4) Депозиттік шотқа төленген пайыздардың жалпы сомасын;
      5) АҚШ көздерінен шотқа төленген немесе есепке жатқызылған дивидендтердің жалпы сомасын; және
      6) егер АҚШ Салық кодексінің А кіші бөлімінің 3-тарауына немесе F кіші бөлімінің 61-тарауына сәйкес декларациялауға жататын болса, америкалық қаржы көздерінен шотқа төленген немесе есепке жатқызылған өзге де кірістің жалпы сомасын қамтиды.

3-бап

      Ақпарат алмасудың мерзімі мен тәртібі
      1. Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген ақпарат алмасу жөніндегі міндеттеменің мақсаттары үшін АҚШ-тағы Есеп беретін шотқа қатысты жүргізілген төлемдердің сомасы мен сипаттамасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының қағидаттарына сәйкес айқындалуы мүмкін, ал Қазақстан Республикасының Есеп беретін шотына қатысты жүргізілген төлемдердің сомасы мен сипаттамасы АҚШ федералдық салық заңнамасының қағидаттарына сәйкес айқындалуы мүмкін.
      2. Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген ақпарат алмасу жөніндегі міндеттеменің мақсаттары үшін алмасатын ақпарат әрбір тиісті сома көрсетілген валютаның көрсетілуін қамтуы тиіс.
      3. Осы Келісімнің 2-бабының 2-тармағына қатысты ақпарат: Қазақстан Республикасының жағдайында:
      1) 2014 жыл үшін алуға және алмасуға жататын ақпарат осы Келісімнің 2-бабының 2(a)(1) - 2(a)(4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты ғана қамтитынын;
      2) 2015 жыл үшін алуға және алмасуға жататын ақпарат осы Келісімнің 2-бабының 2(a)(5)(B) тармақшаларында көрсетілген жалпы пайданы қоспағанда, осы Келісімнің 2-бабының 2(а)(1) - 2(а)(7) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтитынын; және
      3) 2016 жыл және одан кейінгі жылдар үшін алуға және алмасуға жататын ақпарат осы Келісімнің 2-бабының 2(a)(1) - 2(a)(7) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтитынын;
      Америка Құрама Штаттары жағдайында, 2014 жыл және одан кейінгі жылдар үшін алуға және алмасуға жататын ақпарат осы Келісімнің 2-бабының 2(b) тармақшасында көрсетілген барлық ақпаратты қамтитынын қоспағанда, 2014 жыл және одан кейінгі барлық жылдар үшін алмасу үшін алынуға және берілуге тиіс.
      4. Осы баптың 3-тармағына қарамастан, жылғы жағдай бойынша Есеп беретін қаржы ұйымында ашылған әрбір Есеп беретін шот бойынша және осы Келісімнің 6-бабының 4-тармағына сәйкес Тараптар тиісті тұлғаның нақты жағдайына қарай, егер салық төлеушінің мұндай сәйкестендіру нөмірі Есеп беретін қаржы ұйымының құжаттарында тіркелмеген болса, берілетін ақпаратты алуға және оған Қазақстан Республикасының ССН-ін немесе АҚШ ССН-ін қосуға міндетті емес. Мұндай жағдайда, Тараптар алмасатын ақпаратқа, егер Есеп беретін қаржы ұйымының құжаттарында мұндай туған күн тіркелген болса, тиісті тұлғаның туған күнін алуға және қосуға тиіс.
      5. Осы Баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген ақпарат алмасу ақпарат қатысы бар күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейінгі тоғыз ай ішінде жүзеге асырылады.
      6. Қазақстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының құзыретті органдары Конвенцияның 25-бабында көзделген өзара келісу рәсімінің шеңберінде келісім жасасады немесе уағдаластыққа келеді, ол:
      (a) осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді орындау рәсімдерін белгілейді;
      (b) осы Келісімнің 5-бабын орындау үшін қажетті қағидалар мен рәсімдерді айқындайды; және c) қажет болған жағдайда осы Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасына сәйкес берілетін ақпарат алмасу рәсімін белгілейді.
      7. Алмасатын ақпараттың пайдаланылуын шектейтін ережелерді қоса алғанда, барлық алмасатын ақпарат Конвенцияда көзделген құпиялылық және өзге де қорғау шаралары ескеріле отырып беріледі.
      8. Осы Келісім күшіне енгеннен кейін әрбір Құзыретті орган басқа Құзыретті органға ол басқа Құзыретті органның юрисдикциясында (і) осы Келісімге сәйкес алынған ақпарат құпиялылығының сақталуына және оны салық салу мақсатында ғана пайдаланылуына кепілдік беретін тиісті қауіпсіздік шаралары мен (іі) ақпаратты тиімді алмасуға арналған инфрақұрылымның (уақтылы, дәл және құпия ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін белгіленген рәсімдерді, тиімді және сенімді байланысты және ақпарат алмасумен немесе оны алмасуға арналған сұрау салумен байланысты мәселелер мен проблемаларды дереу шешудің, сондай-ақ осы Келісімнің 5-бабының ережелерін әкімшілендіру үшін практикалық мүмкіндіктерді қоса алғанда) бар екендігіне көз жеткізгеннен кейін жазбаша хабарлама беруге тиіс. Құзыретті органдар әрбір юрисдикцияда осындай қауіпсіздік шаралары мен инфрақұрылым бар екендігін белгілеу үшін 2017 жылғы шілдеге дейін кездесу үшін ізгі ниет рухында барлық қажет шараларды қабылдайды.
      9. Тараптардың осы Келісімнің 2-бабына сәйкес ақпарат алу және алмасу жөніндегі міндеттемелері осы баптың 8-тармағында көрсетілген жазбаша хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшіне енеді. Жоғарыда баяндалғанға қарамастан, егер Қазақстан Республикасының Құзыретті органы Америка Құрама Штаттарының осы баптың 8-тармағында көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтайтындығына және инфрақұрылымның бар екендігіне көз жеткізген болса, бірақ Америка Құрама Штаттарына Қазақстан Республикасының да осындай қауіпсіздік шаралары мен инфрақұрылымының бар екендігіне көз жеткізу үшін қосымша уақыт қажет болса, осы Келісімнің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат алу және алмасу жөніндегі міндеттемесі осы баптың 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Құзыретті органының АҚШ-тың Құзыретті органына жазбаша хабарламаны ұсынған күні күшіне енеді.
      10. Осы Келісімнің қолданысы Келісім күшіне енгеннен кейін 12 айдан соң, егер осы күнге Тараптардың қандай да біріне қатысты осы баптың 9-тармағына сәйкес 2-бап күшіне енбесе, сол күні тоқтатылады.

4-бап

      Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымдарына ШШСБЗ-ні қолдану
      1. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарына арналған шарттар. Егер Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының осындай Есеп беретін қаржы ұйымына қатысты осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көзделген өз міндеттемелерін сақтайтын болса және Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы:
      (a) АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын айқындайтын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Құзыретті органына осы Келісімнің 3-бабында белгіленген мерзімде және тәртіппен осы Келісімнің 2-бабының 2 (a) тармақшасына сәйкес берілуге тиісті ақпаратты беретін;
      (b) Қазақстан Республикасының Құзыретті органына 2015 және 2016 жылдары өзі төлемдер жүргізген әрбір Қатыспайтын қаржы ұйымының атауын және осындай төлемдердің жалпы сомасын жыл сайын хабарлайтын;
      (c) АҚШ салық қызметінің ШШСБЗ-нің тіркеу веб-сайтында көрсетілген тіркеу талаптарын сақтайтын;
      (d) егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы (і) АҚШ Салық кодексінің А кіші бөлімінің 3-тарауына сәйкес салықтар ұстау жөнінде өзіне негізгі міндет алған білікті делдал (АҚШ Салық кодексінің 1441-бөлімінің мақсаттары үшін) ретінде әрекет етсе, (іі) шетелдік серіктестіктің салықтарын ұстауды жүзеге асырушы ретінде әрекет ететін шетелдік серіктестік болып табылса (АҚШ Салық кодексінің 1441 және 1471-бөлімдерінің мақсаттары үшін), немесе (ііі) салықтарды ұстауды жүзеге асырушы ретінде әрекет ететін шетелдік траст болып табылса (АҚШ Салық кодексінің 1441 және 1471-бөлімдерінің мақсаттары үшін) ол кез келген Қатыспайтын қаржы ұйымы үшін америкалық төлем көзінен салық ұстауға жататын Төлемнен 30 пайыз ұстайтын; және e) америкалық төлем көзінен салық ұстауға жататын Төлемді жүргізетін немесе кез келген Қатыспайтын қаржы ұйымы үшін америкалық төлем көзінен салық ұстауға жататын Төлем бойынша делдал ретінде әрекет ететін, осы баптың 1(d) тармақшасында көрсетілмеген Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы жағдайында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы америкалық төлем көзінен салық ұстауға жататын осындай Төлемнің тікелей төлеушісіне салық ұстау және осы төлем бойынша есептілік беру үшін талап етілетін ақпаратты ұсынатын болса, Қазақстан Республикасының әрбір Есеп беретін қаржы ұйымы АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің талаптарын сақтаушы және АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінде көзделген салықтарды ұстау жөніндегі талаптардың аясына түспеуші ретінде қаралатын болады.
      Жоғарыда көрсетілгенге қарамастан, өзіне қатысты осы 1-тармақтың шарттары сақталмайтын Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер АҚШ-тың Салық қызметі осы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымын осы Келісімнің 5-бабының 2(b) тармақшасына сәйкес Қатыспайтын қаржы ұйымы ретінде қарастырмаса, АҚШ Салық кодексінің 1471-бөліміне сәйкес салықтар ұстау аясына жатпайды.
      2. Есеп бермейтін шоттар бойынша қағидалардың қолданылуын тоқтата тұру. Құрама Штаттар, егер АҚШ-тың құзыретті органы осы Келісімнің 3-бабының ережелеріне сәйкес осы Келісімнің 2-бабының 2(a) тармақшасында көрсетілген шот бойынша осындай шотқа қатысты ақпарат алса, АҚШ Салық кодексінің 1471 немесе 1472-бөлімінің ережелеріне сәйкес есеп бермейтін шот иесіне тиесілі шот бойынша салық ұстауды (АҚШ Салық кодексінің 1471(d)(6) бөліміндегі анықтамаға сәйкес) немесе мұндай шотты жабуды Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымынан талап етпейді.
      3. Қазақстан Республикасының зейнетақы бағдарламалары бойынша ерекше талаптар. Құрама Штаттар шетелдік қаржы ұйымдарын немесе нақты жағдайға қарай, АҚШ Салық кодексінің 1471 және 1472-бөлімдері мақсатында, мәжбүрлеп салық ұстаудан босатылған пайда алушыларды, II Қосымшада сипатталған Қазақстан Республикасының зейнетақы бағдарламаларын ШШСБЗ талаптарын сақтаушылар деп танылғандар ретінде қарайды. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасының зейнетақы бағдарламалары елде құрылған немесе орналасқан және Қазақстан Республикасы реттейтін ұйымдарды немесе зейнетақыларды немесе жұмыстан шығу жәрдемақыларын беруге немесе Қазақстан Республикасының жарналар, төлемақылар, есептілік, қаржылық қолдау және салық салу реттелетін заңнамасына сәйкес осындай жеңілдіктерді ұсынудан түсетін пайданы алуға арналып алдын ала белгіленген шарттық немесе заңдық құқықтық қатынастарды қамтиды.
      4. ШШСБЗ талаптарын сақтаушылар деп танылған шетелдік қаржы ұйымдары немесе мәжбүрлеп салық ұстаудан босатылған пайда алушылар үшін анықтама және шарттар. Құрама Штаттар Қазақстан Республикасының әрбір есеп бермейтін қаржы ұйымын ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған шетелдік қаржы ұйымы ретінде немесе нақты жағдайға қарай, АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің мақсаттары үшін мәжбүрлеп салық ұстаудан босатылған пайда алушы ретінде қарайды.
      5. Қатыспайтын қаржы ұйымдары болып табылатын Байланысты ұйымдар мен филиалдарға қатысты арнайы қағидалар. Егер өзге негіздер бойынша осы Баптың 1-тармағында сипатталған немесе осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында сипатталған талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасы қаржы ұйымының АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің мақсаттары үшін осындай Байланысты ұйымның немесе филиалдың ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған қатысушы шетелдік қаржы ұйымына немесе қаржы ұйымына арналған талаптарды орындауына кедергі жасайтын юрисдикция шеңберінде жұмыс істейтін Байланысты ұйымы немесе филиалы болса не АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті қағидалары негізінде шектеулі шетелдік қаржы ұйымдары мен шектеулі филиалдарға арналған уақытша қолданыстағы қағидалар күшін жойғаны үшін ғана Қатыспайтын қаржы ұйымы деп танылатын Байланысты ұйымы немесе филиалы болса, Қазақстан Республикасының осы қаржы ұйымы:
      (a) осы Келісімге сәйкес есептілік және салықтар ұстау бойынша барлық талаптарды сақтау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы әрбір ұқсас Байланысты ұйымды немесе филиалды жеке Қатыспайтын қаржы ұйымы ретінде қарайған және әрбір Байланысты ұйым немесе филиал өзін салықтар ұстау жөніндегі агенттермен өзара қатынастарда Қатыспайтын қаржы ұйымы ретінде айқындаған;
      (b) әрбір осындай Байланысты ұйым немесе филиал Құрама Штаттардағы өз шоттарын айқындаған және АҚШ Салық кодексінің1471-бөлімінің талаптарына сәйкес Байланысты ұйымға немесе филиалға қатысы бар тиісті заңнамамен рұқсат етілген дәрежеде осы шоттарға қатысты ақпарат берген; және
      (c) осындай Байланысты ұйым немесе филиал осы Байланысты ұйым немесе филиал орналасқан юрисдикцияның резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға тиесілі Құрама Штаттардағы шоттарымен немесе осындай Байланысты ұйым немесе филиал орналасқан юрисдикцияларда құрылмаған Қатыспайтын қаржы ұйымына тиесілі шоттармен арнайы айналыспаған және осындай Байланысты ұйымды немесе филиалды осы Келісім бойынша міндеттемеден жалтару мақсатында немесе нақты жағдайға қарай, АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе өзге де Байланысты ұйым пайдаланбаған жағдайларда, осы Келісімнің шарттарына сәйкес келуін жалғастырады және нақты жағдайға қарай АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің мақсаттары үшін ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған қаржы ұйымы немесе мәжбүрлеп салық ұстаудан босатылған пайда алушы ретінде қарайтынын жалғастырады.
      6. Мерзімдерді үйлестіру. Осы Келісімнің 3-бабының 3 және 5-тармақтарының ережелеріне қарамастан:
      (a) Қазақстан Республикасы күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылға қатысты ақпаратты алуға және алмасуға міндетті емес, оған сәйкес қатысатын шетелдік қаржы ұйымдарының осыған ұқсас ақпаратты Салық қызметіне беруі Құрама Штаттар Қаржы министрлігінің тиісті қағидаларына сәйкес талап етіледі;
      (b) Қазақстан Республикасы қатысатын шетелдік қаржы ұйымы осыған ұқсас ақпаратты Құрама Штаттар Қаржы министрлігінің тиісті қағидаларына сәйкес Құрама Штаттардың Салық қызметіне беруге тиіс күнге дейін ақпарат алмасуды бастауға міндетті емес;
      (c) Құрама Штаттар Қазақстан Республикасы ақпарат алуға және алмасуға тиіс бірінші күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылға қатысты ақпаратты алуға және алмасуға міндетті емес; және
      (d) Құрама Штаттар Қазақстан Республикасы ақпарат алмасуды бастауға тиіс күнге дейін ақпарат алмасуды бастауға міндетті емес.
      7. Анықтамаларды Құрама Штаттар Қаржы министрлігінің Қағидаларымен үйлестіру. Осы Келісімнің 1-бабына және осы Келісімге қосымшаларда берілген анықтамаларға қарамастан, осы Келісімді іске асырған кезде Қазақстан Республикасы осы Келісімдегі тиісті анықтаманың орнына Құрама Штаттар Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында ұсынылған анықтаманы, егер бұл қолдану осы Келісімнің мақсаттарына теріс ықпал етпесе, пайдалана алады және Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымының пайдалануына рұқсат бере алады.

5-бап

      Талаптарды сақтаудағы ынтымақтастық және мәжбүрлеп орындату
      1. Елеусіз және әкімшілік қателер. Құзыретті орган, егер әкімшілік қате немесе өзге де елеусіз қате бірінші аталған Құзыретті органның анық емес немесе толық емес ақпаратты ұсынуға әкеп соғуы мүмкін не осы Келісім ережелерінің өзгеше бұзылуына әкеп соқтырды деп пайымдауға негіздері болған жағдайда, екінші Тараптың Құзыретті органына хабарлауға міндетті. Басқа Тараптың Құзыретті органы анық және/немесе толық ақпаратты aлу үшін не Келісімнің өзге де бұзушылықтарын жою үшін жергілікті заңнама ережелерін (тиісті санкцияларды қоса алғанда) қолдануға міндетті.
      2. Міндеттемелердің елеулі түрде сақталмауы.
      a) Құзыретті орган басқа юрисдикциядағы Есеп беретін қаржы ұйымына қатысты бірінші аталған Құзыретті орган осы Келісім бойынша міндеттемелердің елеулі түрде сақталмауы орын алғандығын анықтаған жағдайда, екінші Тараптың Құзыретті органына хабарлайды. Екінші Тараптың Құзыретті органы хабарламада сипатталған міндеттемелердің елеулі түрде сақталмауын жою үшін өзінің мемлекетішілік құқығын (қолданылатын айыппұлдарды қоса алғанда) қолдануға тиіс.
      b) Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі осы мәжбүрлі әрекеттер осы сақтамау туралы хабарламаны алғаш жібергеннен кейін 18 ай ішінде міндеттемелердің сақталмауын жоюға алып келмеген жағдайда, Құрама Штаттар Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымын осы 2(b) тармақшаға сәйкес Қатыспайтын қаржы ұйымы ретінде қарайтын болады.
      3. Көрсетілетін қызметтердің бөгде берушілерін тарту. Әрбір Тарап Есеп беретін қаржы ұйымына өздеріне Тарап жүктеген міндеттемелерді орындау үшін көрсетілетін қызметтердің бөгде берушілерін осы Келісімде көзделген тәртіппен пайдалануға рұқсат етуге құқылы, бірақ бұл міндеттемелерді орындалуы үшін Есеп беретін қаржы ұйымдары жауап беруді жалғастырады.
      4. Талаптарды орындаудан жалтаруды болдырмау. Тараптар Қаржы ұйымдарының осы Келісімде көзделген есептілік бойынша талаптарды орындаудан жалтаруына жол бермеу үшін қажетті шараларды қолдануға тиіс.

6-бап

      Ақпарат алмасу тиімділігін және ашықтығын арттырудың өзара міндеттемелері
      1. Өзаралық. Құрама Штаттардың Үкіметі Қазақстан Республикасымен автоматты түрде өзара ақпарат алмасудың баламалы деңгейлеріне қол жеткізу қажеттігін мойындайды. Құрама Штаттардың Үкіметі автоматты түрде өзара ақпарат алмасудың баламалы деңгейлеріне қол жеткізу үшін қағидалар қабылдау және тиісті заңнаманы қолдау арқылы Қазақстан Республикасымен ақпарат алмасудың ашықтығы мен тиімділігін одан әрі арттыруға ұмтылады.
      2. Транзиттік төлемдер мен жалпы пайда жөніндегі шарттар. Тараптар шығасыларды барынша азайту үшін шетелдік транзиттік төлемдер мен жалпы пайда бойынша салық ұстау жөніндегі саясат саласында мақсаттарға қол жеткізуге практикалық тиімді баламалы тәсіл әзірлеу мақсатында өзара, сондай-ақ Әріптестік юрисдикциялармен ынтымақтасуға міндеттенеді.
      3. Белгіленген күнгі жағдай бойынша шоттарды құжаттау. Белгіленген күн жағдай бойынша Есеп беретін қаржы ұйымдары қызмет көрсететін шоттар бойынша:
      a) Құрама Штаттар АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымдарынан осы Келісімнің 2-бабы 2(b)(1) тармақшасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Есеп беретін шоты тиесілі әрбір Шот иесінің Қазақстан Республикасының ССН-ы туралы ақпаратты алуды және беруді талап ететін қағидаларды 2017 жылғы және одан кейінгі жылдардағы есептілік үшін 2017 жылғы 1 қаңтарға қарай белгілеуге міндеттенеді; және
      b) Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарынан осы Келісімнің 2-бабының 2(a)(1) тармақшасының талаптарына сәйкес АҚШ-тың әрбір көрсетілген тұлғасының америкалық ССН-дері туралы ақпарат алуды талап ететін қағидаларды 2017 жылғы және одан кейінгі жылдардағы есептілік үшін 2017 жылғы 1 қаңтарға қарай белгілеуге міндеттенеді.

7-бап

      Әріптестік юрисдикцияға ШШСБЗ-ны қолданудағы сәйкестік
      1. Әріптестік юрисдикция Қазақстан Республикасы сияқты осы Келісімнің 2 және 3-баптарында сипатталған осындай міндеттемелерді осы Келісімнің 5-9-баптарында сипатталғандай шарттармен қабылдауға міндеттенетін. Қол қойылған екіжақты келісімге сәйкес Басқа Әріптестік юрисдикцияға берілетін Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымдарына ШШСБЗ-ны қолдануға жататын осы Келісімнің 4-бабына немесе оған I қосымшаға сәйкес неғұрлым қолайлы шарттарды пайдалану түрінде Қазақстан Республикасына жеңілдік беріледі.
      2. Құрама Штаттар Қазақстан Республикасына осындай неғұрлым қолайлы шарттар туралы хабарлайды және, егер мұндай шарттар осы Келісімде көрсетілген болса, осындай қолайлы шарттар осы Келісімге сәйкес автоматты түрде қолданылатын болады және егер Қазақстан Республикасы қол қоюдан бас тартпаса ғана, неғұрлым қолайлы шарттар туралы келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

8-бап

      Консультациялар және түзетулер
      1. Осы Келісімді іске асыруда қиындықтар туындаған жағдайда,кез  келген Тарап осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды әзірлеу үшін консультациялар жүргізілуін талап ете алады.
      2. Осы Келісімге түзетулер Тараптардың өзара жазбаша келісімі негізінде енгізілуі мүмкін. Егер өзгеше көзделмесе, мұндай түзетулер осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағында көрсетілген сол рәсімдер арқылы күшіне енеді.

9-бап

      Қосымшалар
      Қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

10-бап

      Келісімнің қолданылу мерзімі
      1. Осы Келісім Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасының осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа жазбаша нысанда тоқтату туралы хабарлама жібере отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтатуы мүмкін. Осындай тоқтату тоқтату туралы хабарлама алынған күннен кейін 12 ай кезең аяқталғаннан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Тараптар 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы Келісімнің 6-бабында көрсетілген міндеттемелерді орындауда ілгерілеуді көрсету мақсатында осы Келісімге қажетті өзгерістер енгізу туралы ізгі ниет рухында консультациялар өткізуге тиіс.
      Жоғарыда баяндалғанды растау үшін өз үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қойғандар осы Келісімге қол қойды.
      20__ жылғы «__» ______________ _______ қаласында әрқайсысы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде үш данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

АМЕРИКА ҚҰРАМА
ШТАТТАРЫНЫҢ
ҮКІМЕТІ АТЫНАН:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҮКІМЕТІ АТЫНАН:

I қосымша

      АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын анықтау мен олар бойынша және кейбір Қатыспайтын қаржы ұйымдарына жүргізілетін төлемдер бойынша ақпарат беру мақсатында кешенді тексеру рәсімінен өту жөніндегі міндеттемелер

      I. Жалпы ережелер
      A. Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын және Қатыспайтын қаржы ұйымдарында ашылған шоттарды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарынан осы I қосымшада көрсетілген кешенді тексеру рәсімдерін орындауды талап етеді.
      B. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      1. Доллардағы барлық сомалар АҚШ долларында көрсетілген деп түсініледі және басқа валюталардағы баламаны қамтуға тиіс.
      2. Егер осы құжаттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, шоттағы қаражат қалдығы немесе сомасы күнтізбелік жылдың соңғы күніндегі немесе басқа тиісті есепті кезеңдегі жағдай бойынша айқындалады.
      3. Егер шоттағы қаражат қалдығының немесе сомасының шекті мәні осы I қосымшаға сәйкес Белгіленген күнгі жағдай бойынша айқындалса, онда шоттағы тиісті қаражат қалдығы немесе сомасы тиісті күнгі немесе Белгіленген күнге дейін тікелей аяқталатын есепті кезеңнің соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады; шоттағы қаражат қалдығының немесе сомасының шекті мәні осы I қосымшаға сәйкес күнтізбелік жылдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалған жағдайларда, шоттағы тиісті қаражат қалдығы немесе сомасы күнтізбелік жылдың немесе өзге тиісті есепті кезеңнің соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады.
      4. Осы I қосымшаның II бөлімінің Е (1) тармақшасына сәйкес шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде осы I қосымшада көрсетілген кешенді тексеру рәсімдеріне сәйкес сондай болып айқындалатын күннен бастап қаралады.
      5. Егер өзгеше көрсетілмесе, АҚШ-тың Есеп беретін шоты бойынша ақпарат көрсетілген ақпарат тиесілі жылдан кейін келетін күнтізбелік жылы жыл сайын ұсынылады.
      C. Осы I қосымшаның әрбір бөлімінде сипатталған рәсімдерге балама ретінде Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарына шоттың АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Қатыспайтын қаржы ұйымында ашылған шот болып табылатынын не табылмайтынын анықтау үшін АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында көрсетілген рәсімдерді қолдануға рұқсат бере алады. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарына осы I қосымшаның әрбір бөлімі үшін жеке осындай рәсімдерді не оларды барлық тиісті Қаржы шоттарына не жеке осындай шоттардың белгілі бір нақты тобына (мысалы, қызмет түріне немесе шот ашылған мекеменің орналасқан жеріне сәйкес) қолдана отырып, таңдауға рұқсат бере алады.
      II. Жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттары. Мына қағидалар мен рәсімдер жеке тұлғаларға тиесілі бұрын ашылған шоттардың («жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттары») ішінен АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын анықтау үшін қолданылады.
      A. Тексеруге, анықтауға немесе есептілікке енгізуге жатпайтын шоттар. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы жеке тұлғалардың барлық бұрын ашылған шоттарына қатысты не жеке осындай шоттардың белгілі бір нақты тобына қатысты өзгеше шешім қабылдамаса, егер Қазақстан Республикасының келісімін іске асыру қағидалары осындай шешімдер қабылдауды көздейтін жағдайда, онда төменде көрсетілген жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттары АҚШ-тың Есеп беретін шоттары ретінде тексеруге, анықтауға немесе есептілікке енгізуге жатпайды:
      1. Осы бөлімнің Е(2) тармақшасына сәйкес қаражат қалдығы немесе сомасы Белгіленген күні жағдай бойынша 50,000 АҚШ долларынан аспайтын жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты.
      2. Осы бөлімнің Е(2) тармақшасына сәйкес қаражат қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша 250000 АҚШ долларына тең немесе одан аз Сатып алу құны бар сақтандыру шартына немесе Аннуитет шартына байланысты жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты.
      3. Сатып алу құны бар сақтандыру шартына немесе Аннуитет шартына байланысты жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты Қазақстан Республикасының немесе Құрама Штаттардың заңнамасы немесе нормативтік актілері осындай Сатып алу құны бар сақтандыру шартын немесе Аннуитет шарты АҚШ резиденттеріне сатуды іс жүзінде (мысалы, егер тиісті Қаржы ұйымының АҚШ заңнамасына сәйкес қажетті тіркеуі болмаса және Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының резиденттері сатып алған сақтандыру өнімдері бойынша есептілік беруді немесе салықты ұстап қалуды көздейтін болса) болдырмайды.
      4. Қалдығы 50,000 АҚШ долларына тең немесе одан аз депозиттік шот.
      B. Белгіленген күнгі жағдай бойынша қаражат қалдығы немесе сомасы 50000 АҚШ долларынан асатын (Сатып алу құны бар сақтандыру шарты немесе Аннуитет шарты бойынша 250,000 АҚШ доллары), бірақ 1,000,000 АҚШ долларынан аспайтын («Шағын сома шоттары») жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарын тексеру рәсімдері.
      1. Электрондық құжаттардан іздеу. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымында сақталатын электрондық құжаттардан америкалық шоттың төменде тізбеленген белгілерінің кез келгенін табу үшін іздеу жүргізуге тиіс:
      a) Шот иесі АҚШ азаматы немесе резиденті болып табылатыны туралы сілтеме;
      b) Шот иесінің АҚШ-тағы туған жеріне тікелей сілтеме;
      c) Шот иесінде қазіргі уақыттағы АҚШ-тағы пошталық мекенжайының немесе АҚШ-тағы нақты тұратын мекенжайының (АҚШ-тағы пошта жәшігін қоса алғанда) болуы;
      d) қазіргі уақытта Шот иесінде АҚШ-тағы телефон нөмірінің болуы;
      e) АҚШ-тағы шотқа қаражат аудару бойынша Шот иесі белгілеген қолданыстағы нұсқаулықтар;
      f) АҚШ-та тұрақты мекенжайы бар тұлғаға шотты басқаруға (Шот бойынша операциялар жасауға) берілген қолданыстағы сенімхаттың болуы; немесе
      g) «хат-хабарды түпкі алушыға беру үшін» мекенжайы немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы Шот иесінің Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымында бар жалғыз мекенжайы болып табылады. Сомасы шағын шот болып табылатын жеке тұлғаның бұрын ашылған шотына қатысты Құрама Штаттар аумағынан тыс «хат-хабарды түпкі алушыға беру үшін» мекенжайы немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы шоттың америкалық шоттарға қатыстылығының белгілері ретінде қаралмайды.
      2. Егер электрондық іздеу кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген америкалық шот белгілерінің бір де бірі табылмаса, егер тек мән-жайлар өзгермей, нәтижесінде осы шотта америкалық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болса немесе, егер шот осы бөлімнің D тармағында сипатталғандай, Сомасы Ірі шотқа айналса, онда одан әрі әрекеттер талап етілмейді.
      3. Егер электрондық іздеу кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген америкалық шоттың қандай да бір белгілері табылса немесе мән-жайлар өзгеріп, нәтижесінде осы шотта америкалық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болса, осындай жағдайда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы көрсетілген шотты, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелерін қолдану туралы шешім қабылданбаса, сондай-ақ көрсетілген тармақшаның ерекшеліктерінің бірі көрсетілген шотқа қолданылмайтын болса ғана, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
      4. Осы бөлімнің В(1) тармақшасына сәйкес америкалық шоттың анықталған белгілеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы мынадай жағдайларда көрсетілген шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға міндетті емес:
      а) Егер Шот иесі туралы ақпаратта АҚШ-тағы Шот иесінің туған жеріне тікелей сілтеме болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы мынадай:
      (1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСҚ W-8 нысанымен немесе ұқсас өзге келісілген құжатпен расталуы мүмкін);
      (2) Шот иесінде АҚШ-тан ерекшеленетін мемлекет паспорты немесе басқа елде Шот иесі резидентінің азаматтығын немесе мәртебесін растайтын, АҚШ-тан ерекшеленетін басқа елдің биліктері берген өзге құжаттың болуы; және
      (3) Шот иесінде «АҚШ азаматтығын жоғалту туралы куәлік» көшірмесінің немесе:
      (a) АҚШ азаматтығынан бас тартуына қарамастан, Шот иесінде осындай куәліктің болмауы себептері;
      немесе
      (b) Шот иесі АҚШ азаматтығын туған кезде алмауының себептерінің ақылға қонымды түсініктемелерінің болуы туралы мәліметтерді сұратады немесе тексереді және сақтайды.
      b) Егер Шот иесі туралы ақпаратта пошталық мекенжайы немесе АҚШ-тағы нақты тұратын мекенжайы туралы немесе осы шот бойынша жалғыз байланыс телефон нөмірлері ретінде көрсетілген АҚШ-тағы бір немесе бірнеше телефон нөмірлері туралы ақпарат болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы:
      (1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСҚ W-8 нысанымен немесе ұқсас өзге келісілген құжатпен расталуы мүмкін); және
      (2) осы I қосымшаның VI бөлімі D тармағының ережелеріне сәйкес Шот иесінде АҚШ азаматы немесе резиденті мәртебесінің жоқ екенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді сұратады немесе тексереді және сақтайды.
      c) Егер Шот иесі туралы ақпаратта қаражатты АҚШ-тағы шотқа аудару бойынша Шот иесі белгілеген қолданыстағы нұсқаулықтар болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы:
      (1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСҚ W-8 нысанымен немесе ұқсас өзге келісілген құжатпен расталуы мүмкін); және
      (2) осы I қосымшаның VI бөлімі D тармағының ережелеріне сәйкес Шот иесінде АҚШ азаматы немесе резиденті мәртебесінің жоқ екенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді сұратады немесе тексереді және сақтайды.
      d) Егер Шот иесі туралы деректерде АҚШ-та тұрақты мекенжайы бар тұлғаға берілген шотты басқаруға (шот бойынша операциялар жасауға) арналған қолданыстағы сенімхат туралы; Шот иесі байланыс мекенжайы ретінде көрсеткен жалғыз мекенжай болып табылатын «хат-хабарды түпкілікті алушыға беру үшін» немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы туралы; немесе АҚШ-тағы бір немесе бірнеше телефон нөмірлері туралы ақпарат болса (егер бұл ретте шот үшін АҚШ-тан тыс жерлердегі телефон нөмірі де көрсетілген болса), Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы:
      (1) салық мақсаттары үшін Шот иесі өзінің АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтыны туралы мәлімдемесі (бұл ФСҚ W-8 нысанымен немесе ұқсас өзге келісілген құжатпен расталуы мүмкін); және
      (2) осы I қосымшаның VI бөлімі D тармағының ережелеріне сәйкес Шот иесінде АҚШ азаматы немесе резиденті мәртебесінің жоқ екенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді сұратады немесе тексереді және сақтайды.
      С. «Шағын сома шоты» санатына жататын жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарын тексеру кезінде қолданылатын қосымша рәсімдер.
      1. «Шағын сома шоты» санатына жататын жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарын америкалық шот белгілерін анықтау үшін тексеру Белгіленген күннен бастап екі жылдың ішінде аяқталуға тиіс.
      2. «Шағын сома шоты» санатына жататын жеке тұлғаның Бұрын ашылған шоты бойынша мән-жайлар өзгерген жағдайда, нәтижесінде бұл шотта осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген америкалық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болса, онда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы көрсетілген шотты, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелері қолданылмайтын болса, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
      3. Осы бөлімнің А(4) тармақшасында сипатталған Депозиттік шоттарды қоспағанда, осы бөлімнің ережелеріне сәйкес АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған Жеке тұлғаның кез келген Бұрын ашылған шоты Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып отырған кезде барлық кейінгі жылдары АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қаралады.
      D. Қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі немесе 2015 жылғы 31 желтоқсандағы немесе кез келген одан кейінгі жылдағы жағдай бойынша 1,000,000 АҚШ долларынан асатын жеке тұлғалардың бұрын ашылған шоттарын («Ірі сома шоттары») кеңейтілген тексеру рәсімдері.
      1. Электрондық құжаттардан іздеу. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы бөлімнің В(1) тармақшасында сипатталған америкалық шоттардың кез келген белгілерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымында сақталатын электрондық құжаттардан іздеу жүргізуге тиіс.
      2. Қағаз жеткізгіштегі құжаттардан іздеу. Егер Қазақстан Республикасы Есеп беретін қаржы ұйымының электрондық дерекқорларында осы бөлімнің D(3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жазу үшін бос орындар болса және осындай жазу жүргізілетін болса, осындай жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжаттардан қосымша іздеу талап етілмейді. Егер электрондық дерекқорларда көрсетілген ақпарат жазылмаса, онда Ірі сома шоттарына қатысты Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесі туралы ағымдағы негізгі деректерді де және Шот иесі туралы ағымдағы негізгі деректердегі ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, осы бөлімнің В(1) тармақшасында сипатталған америкалық шоттардың белгілерін анықтау тұрғысынан шотқа байланысты және Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы соңғы бес жыл ішінде алған мынадай құжаттарды да:
      a) шот бойынша қазіргі кезде соңғы ұсынылған растау құжаттарын;
      b) уақыты бойынша соңғы келісімшартты немесе шот ашуға арналған құжаттарды;
      c) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл саясаты/«Өз клиентіңді біл» саясаты (бұдан әрі – АЖҚІ/ӨКБ) рәсімдеріне сәйкес және басқа реттеу мақсаттары үшін алған уақыты бойынша соңғы құжаттарды;
      d) шотты басқаруға (шот бойынша операциялар жасауға) берілген кез келген қолданыстағы сенімхатты;
      e) Шот иесінің қаражатты аудару бойынша кез келген қолданыстағы нұсқаулықтарын тексеруге тиіс.
      3. Дерекқорлардағы ақпарат жеткілікті болған жағдайдағы ерекшеліктер. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының электрондық дерекқорларында мынадай ақпарат:
      a) елдегі Шот иесінің азаматтығы немесе болу мәртебесі;
      b) қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымында Шот иесі туралы сақталған ақпаратта көрсетілген оның тұратын мекенжайы мен пошталық мекенжайы;
      c) қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымында Шот иесі туралы сақталған ақпаратта көрсетілген (егер көрсетілген болса) оның телефонының нөмірі (нөмірлері);
      d) Шот иесінің осы шоттан басқа шотқа қаражат аудару бойынша қолданыстағы нұсқаулықтары (Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының басқа филиалында немесе басқа Қаржы ұйымында жүргізілетін шотты қоса алғанда);
      e) Шот иесінің «хат-хабарды түпкі алушыға беру үшін» мекенжайы немесе «талап етілгенге дейінгі» мекенжайы; және
      f) шотты басқаруға (шот бойынша операциялар жасауға) берілген кез келген қолданыстағы сенімхат болса, рәсімі D(2) тармақшасында сипатталған қағаз жеткізгіштегі құжаттардан іздеу жүргізуге міндетті емес.
      4. Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджердің нақты ақпаратын пайдалану. Электрондық дерекқорлардан және қағаз жеткізгіштегі құжаттардан іздеуден басқа, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерде Шот иесінің АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатынын растайтын нақты ақпарат болса, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерге бекітілген кез келген Ірі сома шотын (көрсетілген Ірі сома шотына байланысты кез келген Қаржы шоттарын қоса алғанда) АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
      5. Шоттың америкалық шоттардың белгілеріне сәйкестігін анықтаған кездегі кейінгі әрекеттер
      a) Егер рәсімдері жоғарыда сипатталған Ірі сома шоттарын кеңейтілген тексеру кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген америкалық шоттардың бірде бір белгілері табылмаса және D(4) тармақшаға сәйкес шот АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасына тиесілі шот ретінде сәйкестендірілмесе, онда нәтижесінде осы шотта америкалық шоттың бір немесе бірнеше белгісі пайда болған мән-жайлардың өзгеруін қоспағанда, одан әрі қарай әрекеттер талап етілмейді.
      b) Егер рәсімдері жоғарыда сипатталған Ірі сома шоттарына кеңейтілген тексеру кезінде осы бөлімнің В(1) тармақшасында тізбеленген америкалық шоттың бір немесе бірнеше белгісі анықталса немесе нәтижесінде осы шотта америкалық шоттың белгілері пайда болған мән-жайлар елеулі түрде өзгерсе, онда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелерін қолдану туралы шешім қабылданбаса және көрсетілген тармақшаның ерекшеліктерінің бірі осы шотқа қолданылмайтын болса ғана осы шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
      с) Осы бөлімнің А(4) тармақшасында сипатталған Депозиттік шоттарды қоспағанда, осы бөлімнің ережелеріне сәйкес АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған жеке тұлғаның кез келген бұрын ашылған шоты Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып танылып отырған кезде барлық кейінгі жылдары АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қаралады.
      Е. Ірі сома шоттарына қолданылатын қосымша рәсімдер.
      1. Егер жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты Белгіленген күнгі жағдай бойынша Ірі сома шоты болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы шот бойынша Белгіленген күннен бастап бір жыл ішінде осы бөлімнің D тармағында көрсетілген кеңейтілген тексеру рәсімдерін орындауға тиіс. Егер осындай тексерудің нәтижесінде осындай шот
      2014 жылғы 31 желтоқсан күніне немесе оның алдындағы күнге АҚШ-тың есеп беретін шоты ретінде айқындалса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осындай шот туралы 2014 жылғы ақпаратты шот бойынша бірінші есепті беруге және одан әрі кейінгі жылдардың бәрінде шот туралы ақпаратты жыл сайын беруге міндетті. 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған шотқа қатысты Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осындай шот туралы 2014 жылғы ақпаратты беруге міндетті емес, бірақ кейінгі жылдардың бәрінде шот туралы ақпаратты жыл сайын беруге тиіс.
      2. Егер Жеке тұлғаның бұрын ашылған шоты Белгіленген күнгі жағдай бойынша Ірі сома шоты болып табылмаса, бірақ 2015 жылдың немесе кез келген кейінгі күнтізбелік жылдың соңғы күніндегі жағдай бойынша Ірі сома шотына айналса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы шот Ірі сома шотына айналған күнтізбелік жылдың соңғы күнінен кейінгі алты айдың ішінде осы шот бойынша осы бөлімнің D тармағында көрсетілген кеңейтілген тексеру рәсімдерін орындауға тиіс. Егер осындай тексерудің нәтижесінде шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы шот туралы талап етілетін ақпаратты, ол АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде айқындалған жыл үшін және Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып танылып отырған кезде, кейінгі жылдары үшін де жыл сайын беруге тиіс.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы Ірі сома шотына қатысты осы бөлімнің D тармағында көрсетілген кеңейтілген тексеру рәсімдерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы бөлімнің D(4) тармақшасының ережелеріне сәйкес солбір Ірі сома шотына қатысты клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерден ақпарат алуды қоспағанда, бұл рәсімдерді кейінгі жылдары қайта орындауға міндетті емес.
      4. Нәтижесінде осы шотта осы бөлімнің В(1) тармақшасында көрсетілген америкалық шоттың белгілері пайда болған Ірі сома шотына қатысты мән-жайлар өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы бұл шотты, егер осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелерін қолдану туралы шешім қабылданбаса және көрсетілген тармақшаның ерекшеліктерінің бірі осы шотқа қатысты қолданылмайтын болса ғана АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
      5. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджеріне шотқа байланысты мән-жайлардағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін рәсімдерді енгізуге тиіс. Мысалы, егер клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер Шот иесінің АҚШ-тағы жаңа пошталық мекенжайы туралы ақпарат алса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы жаңа мекенжайды мән-жайлардың өзгеруі деп есептеуге тиіс және егер ол осы бөлімнің В(4) тармақшасының ережелерін қолдануды шешсе, Шот иесінен тиісті құжаттама алуға тиіс.
      F. Жеке тұлғалардың басқа мақсаттар үшін ресімделген, бұрын ашылған шоттары. Бұрын Шот иесінен оның АҚШ азаматы да, АҚШ резиденті де болып табылмайтын тұлға ретіндегі мәртебесін растайтын құжаттаманы алған Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы білікті делдалмен, салық ұстайтын шетелдік әріптестікпен және салық ұстайтын шетелдік трастпен, ФСҚ-мен жасалған келісімге сәйкес өз міндеттемелерін орындау мақсатында немесе АҚШ Салық кодексінің 26-бөлімінің 61-тарауына сәйкес өз міндеттемелерін орындау үшін Шағын сома шоттарына қатысты осы бөлімнің В(1) тармақшасында немесе Ірі сома шоттарына қатысты осы бөлімнің D(l)-D(3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдерді орындауға міндетті емес.
      III. Жеке тұлғалардың жаңа шоттары. Жеке тұлғаларға тиесілі және Белгіленген күннен кейін ашылған Қаржы шоттарының («жеке тұлғалардың жаңа шоттары») ішінен АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын анықтау үшін мынадай қағидалар мен рәсімдер қолданылады.
      А. Тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап  етпейтін шоттар. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы жеке тұлғалардың барлық жаңа шоттарына қатысты не жеке осындай шоттардың нақты айқындалған тобына қатысты өзге шешім қабылдамаса, егер Қазақстан Республикасының келісімін іске асыру қағидалары осыған ұқсас шешімдер қабылдауды көздейтін жағдайда, төмендегі жеке тұлғалардың жаңа шоттары АҚШ-тың Есеп беретін шоттары ретінде тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейді:
      1. Шоттағы қалдығы күнтізбелік жылдың немесе басқа тиісті есепті кезеңнің соңына 50,000 АҚШ долларынан аспайтын Депозиттік шот;
      2. Егер сатып алу құны күнтізбелік жылдың немесе басқа тиісті есепті кезеңнің соңына 50,000 АҚШ долларынан аспаса, Сатып алу құны бар сақтандыру шарты.
      В. Жеке тұлғалардың өзге жаңа шоттары. Осы бөлімнің А тармағында көрсетілмеген жеке тұлғалардың жаңа шоттарына қатысты, шот ашылғаннан кейін (немесе осы шот осы бөлімнің А тармағында көрсетілген шот болуы тоқтатылатын күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесінің өзінің растауын алуға тиіс, ол Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының салық салу мақсаттары үшін Шот иесі Америка Құрама Штаттарының резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындауына (осы мақсат үшін АҚШ азаматы, егер тіпті Шот иесі басқа юрисдикцияда салық резиденті болып табылса да, салық салу мақсатында Құрама Штаттардың резиденті деп есептеледі) және Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жинақталған құжаттаманы қоса алғанда, шот ашуға байланысты алған ақпараттың негізінде Шот иесі ұсынған осы бекітудің тиімділігін растауына мүмкіндік беретін, шотты ашуға арналған құжаттаманың бір бөлігі болуы мүмкін.
      1. Егер Шот иесінің өзінің растауында Шот иесінің салық салу мақсаттары үшін Америка Құрама Штаттарының резиденті болып табылатыны мәлімделсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осындай шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп есептеуге және Шот иесінің АҚШ ССН-ін қамтитын оның өзінің растауын алуға тиіс (ол ФСҚ W-9 нысанымен немесе осыған ұқсас өзге де келісілген құжатпен расталуы мүмкін).
      2. Жеке тұлғаның жаңа шотына байланысты мән-жайлардың өзгеруі нәтижесінде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымына Шот иесінің бастапқы растауы қате немесе анық емесекеші мәлім болған немесе солай пайымдауға негіздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесінің өзінің бастапқы растауын негізге ала алмайды және Шот иесінің ол АҚШ-та салық салу мақсаттары үшін АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтауға мүмкіндік беретін оның өзінің дұрыс растауын алуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының Шот иесінің өзінің дұрыс растауын алу мүмкіндігі болмаса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп есептеуге тиіс.
      IV. Ұйымдардың бұрын ашылған шоттары. Ұйымдарға тиесілі, бұрын ашылған шоттардың ішінен («Ұйымдардың бұрын ашылған шоттары») АҚШ-тың Есеп беретін шоттарын және Қатыспайтын қаржы ұйымдарына тиесілі шоттарды айқындау мақсаттары үшін төмендегідей қағидалар мен рәсімдер қолданылады.
      A. Ұйымдардың тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейтін шоттары. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Ұйымдардың бұрын ашылған барлық шоттарына қатысты не жеке осындай шоттардың нақты айқындалған тобына қатысты өзге шешім қабылдамаса, егер Қазақстан Республикасының келісімін іске асыру қағидалары осындай шешімдер қабылдауды көздеген жағдайда, қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша 250,000 АҚШ долларынан аспайтын Ұйымның бұрын ашылған шоты ондағы қалдық немесе сома 1,000,000 АҚШ долларынан аспайынша, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейді.
      B. Ұйымның тексеруге жататын шоттары. Қалдығы немесе сомасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша 250,000 АҚШ долларынан асатын Ұйымның бұрын ашылған шоты және қалдығы немесе сомасы Белгіленген күндегі жағдай бойынша 250,000 АҚШ долларынан аспайтын, бірақ ондағы қалдығы немесе сомасы 2015 жылғы немесе кез келген кейінгі күнтізбелік жылғы соңғы күндегі жағдай бойынша 1,000,000 АҚШ долларынан асатын Ұйымның бұрын ашылған шоты осы бөлімнің D тармағында көрсетілген рәсімдерге сәйкес тексерілуге тиіс.
      C. Ұйымдардың есептілік беру талап етілетін шоттары.
      Осы бөлімнің В тармағында көрсетілген, Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарына қатысты АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары немесе АҚШ азаматтары немесе АҚШ резиденттері болып табылатын бір немесе бірнеше Бақылаушы тұлғалармен Белсенді емес ШҚЕҮ болып табылатын бір немесе бірнеше ұйымға тиесілі шоттар ғана АҚШ-тың Есеп беретін шоттары болып есептеледі. Бұдан басқа, Қатыспайтын қаржы ұйымдарына тиесілі шоттар деп Қазақстан Республикасының Құзыретті органына Келісімнің 4-бабының 1(b) тармағында көрсетілген жиынтық төлемдер туралы ақпарат берілетін шоттар есептеледі.
      D. Ұйымдардың есептілік беру талап етілетін шоттарын айқындауға арналған тексеру рәсімдері. Осы бөлімнің В тармағында көрсетілген Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарына қатысты Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы шоттың АҚШ азаматтары немесе АҚШ резиденттері немесе Қатыспайтын қаржы ұйымы болып табылатын бір немесе бірнеше Бақылаушы тұлғалармен Белсенді емес бір немесе бірнеше АҚШ-тың Белгілі бір тұлғаларына тиесілілігін айқындау мақсатында тексерудің мынадай рәсімдерін орындауға тиіс:
      1. Ұйым АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылатынын айқындау.
      а) Бақылау органдарына беру мақсатында немесе клиенттермен жұмыс істеу үшін сақталатын ақпаратты (АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жиналған ақпаратты қоса алғанда) осы ақпарат Шот иесінің АҚШ тұлғасы болып табылатынын көрсететінін не көрсетпейтінін айқындау үшін тексеру. Осыған байланысты Шот иесінің АҚШ тұлғасы болып табылатынын көрсететін ақпарат АҚШ-та тіркелу немесе құрылу орнын немесе АҚШ-тағы мекенжайды қамтуға тиіс.
      b) Егер ақпарат Шот иесінің АҚШ тұлғасы болып табылатындығын көрсетсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер ол Шот иесінің өзінің растауын алмаса (бұл ФСҚ W-8 немесе W-9 нысаны немесе осыған ұқсас келісілген нысан болуы мүмкін) немесе өзінің қолында бар немесе жалпыға қолжетімді ақпараттың негізінде Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылмайтынын негізді түрде анықтамаса, осы шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп есептеуге тиіс.
      2. Америкалық емес ұйым Қаржы ұйымы болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындау.
      a) Бақылау органдарына беру мақсатында немесе клиенттермен жұмыс істеу үшін сақталатын ақпаратты (АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жиналған ақпаратты қоса алғанда) осы ақпарат Шот иесінің Қаржы ұйымы болып табылатынын көрсететінін не көрсетпейтінін айқындау үшін тексеру.
      b) Егер ақпарат Шот иесінің Қаржы ұйымы болып табылатынын көрсетсе немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы делдалдың Шот иесіне тиесілі Федералық салық қызметі шетелдік қаржы ұйымдарының жарияланған тізімінде халықаралық сәйкестендіру нөмірін растаса, онда бұл шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды.
      3. Қаржы ұйымы өзіне қатысты төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасына сәйкес жиынтық есептілікке енгізілуге тиіс, Қатыспайтын қаржы ұйымы болып табылатындығын не табылмайтынын айқындау.
      a) Осы бөлімнің D(3) (b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер мән-жайларға қарай, ФСҚ шетелдік қаржы ұйымдарының жарияланған тізімінде немесе жалпыға қолжетімді немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының қолында бар ақпаратта делдалдың Шот иесіне тиесілі Халықаралық сәйкестендіру нөмірінің (ХСН) негізінде Шот иесінде осындай мәртебе бар екендігін негізді түрде анықтаса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесі Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы ұйымы болып табылады деген қорытындыға келе алады. Мұндай жағдайда осы шотқа қатысты қосымша тексеру, оны анықтау немесе есептілікке енгізу талап етілмейді.
      b) Егер Шот иесі Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе ФСҚ Қатыспайтын қаржы ұйымы ретінде қарастыратын басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы ұйымы болып табылса, онда бұл шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды, бірақ Шот иесіне жүргізілген төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасына сәйкес есепке енгізілуге тиіс.
      c) Егер Шот иесі Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы ұйымы болып табылмаса, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы ғана:
      1) Шот иесінің өзінен АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларындағы осы ұғымдардың анықтамасына сәйкес оның ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған, сертификатталған шетелдік қаржы ұйымы немесе салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушы болып табылатынын растауды (бұл ФСҚ W-8 нысаны немесе осыған ұқсас келісілген нысан болуы мүмкін) алмаса; немесе
      2) Шетелдік қаржы ұйымдарымен ынтымақтасатын немесе ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған, шетелдік қаржы ұйымдары тіркеген жағдайда Шетелдік қаржы ұйымдарының (ШҚҰ) Федералдық салық қызметі (ФСҚ) жарияланған тізімінде делдалдың Шот иесіне тиесілі халықаралық сәйкестендіру нөмірінің болуын растамаса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы оған қатысты төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасына сәйкес есептілікке енгізілуге тиіс Шот иесін Қатыспайтын қаржы ұйымы деп есептеуге тиіс.
      4. ШҚҰЕ-ге тиесілі шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылатынын не табылмайтынын айқындау. АҚШ тұлғасы немесе Қаржы ұйымы ретінде айқындалмаған Ұйымның бұрын ашылған шоты бар Шот иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы (і) Шот иесінде Бақылаушы тұлғалардың бар-жоғын, (іі) Шот иесінің Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылатынын не болып табылмайтынын және (ііі) Шот иесінің Бақылаушы тұлғаларының бірі АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындауға тиіс. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы бөлімнің D(4)(a)-D(4)(d) тармақшаларында қамтылған нұсқаулықтарды нақты мән-жағдайларда неғұрлым қолайлы дәйектілікпен ұстануға тиіс.
      a) Шот иесінің Бақылаушы тұлғаларын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жинақталатын және сақталатын ақпаратты негізге алуы мүмкін.
      b) Шот иесінің Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесі Белсенді ШҚЕҰ болып табылатынын иелігіндегі немесе жалпыға қолжетімді ақпараттың негізінде негізді түрде айқындай алатын жағдайда қоспағанда, оның мәртебесін белгілеу үшін Шот иесінің өзінің растауын (бұл ФСҚ W-8 немесе W-9 нысаны немесе осыған ұқсас келісілген нысан болуы мүмкін) алуға тиіс.
      c) Салық салу мақсаттары үшін белсенді емес ШҚЕҰ Бақылаушы тұлғасы АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы мыналарды:
      1) Қалдығы немесе сомасы 1,000,000 АҚШ долларынан аспайтын, бір немесе бірнеше ШҚЕҰ-ға тиесілі Ұйымның бұрын ашылған шоты үшін АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес жинақталатын және сақталатын ақпаратты; немесе
      2) Қалдығы немесе сомасы 1,000,000 АҚШ долларынан асатын бір немесе бірнеше ШҚЕҰ-ға тиесілі ұйымның бұрын ашылған шоты үшін Шот иесінің өзінің (бұл ФСҚ W-8 немесе W-9 нысаны немесе осыған ұқсас келісілген нысан болуы мүмкін) растауын немесе Бақылаушы тұлғаның растауын негізге алуы мүмкін.
      d) Егер Белсенді емес ШҚЕҰ-ның Бақылаушы тұлғасы АҚШ азаматы немесе АҚШ резиденті болып табылса, бұл шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қаралады.
      Е. Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарына қолданылатын тексеру мерзімдері және қосымша рәсімдер.
      1) Белгіленген күнгі жағдай бойынша қалдығы немесе сомасы250,000 АҚШ долларынан асатын Ұйымдардың бұрын ашылған шоттарын тексеру Белгіленген күннен бастап екі жыл ішінде аяқталуға тиіс.
      2) Белгіленген күнгі жағдай бойынша қалдығы немесе сомасы 250,000 АҚШ долларынан аспайтын, бірақ 2015 жылғы немесе кез келген кейінгі күнтізбелік жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1,000,000 АҚШ долларынан асатын ұйымдардың Бұрын ашылған шоттарын тексеру шоттағы қалдығы немесе сомасы 1,000,000 АҚШ долларынан асатын күнтізбелік жылдың соңғы күнінен кейін алты айдың ішінде аяқталуға тиіс.
      3) Ұйымның Бұрын ашылған шотына байланысты мән-жайлар өзгерген жағдайда, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымына Шот иесінің өзінің растауы немесе шотқа байланысты басқа құжаттама қате немесе анық емес екені мәлім болса немесе солай пайымдауға негіздер болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы шот мәртебесін осы бөлімнің D тармағында белгіленген рәсімдерге сәйкес қайта айқындауға тиіс.
      V. Ұйымдардың жаңа шоттары. Ұйымдарға тиесілі және белгіленген күннен кейін ашылған Қаржылық шоттардың («Ұйымдардың жаңа шоттары») арасынан АҚШ-тың Есеп беретін шотын және Қатыспайтын қаржы ұйымдарына тиесілі шоттарды айқындау үшін мынадай қағидалар мен рәсімдер қолданылады.
      A. Ұйымдардың тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейтін шоттары. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы ұйымдардың барлық жаңа шоттарына қатысты немесе жеке осындай шоттардың нақты айқындалған тобына қатысты өзгеше шешім қабылдамаса, егер Қазақстан Республикасының келісімін іске асыру қағидалары осындай шешімдер қабылдауды көздесе, осындай шот ашылған Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесіне ашылған кредиттік желі мөлшерінің 50,000 АҚШ долларынан асуына кедергі келтіретін саясат пен рәсімдерді енгізген жағдайда, Ұйымның Жаңа шоты болып саналатын кредиттік картаның шоты немесе жаңартылатын кредиттік желі тексеруді, анықтауды немесе есептілікке енгізуді талап етпейді.
      B. Ұйымдардың өзге жаңа шоттары. Осы бөлімнің А тармағында сипатталмаған Ұйымдардың жаңа шоттарына қатысты, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесінің: бұл ұғымдардың АҚШ-тың Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында айқындалуына қарай (і) АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы; (іі) Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы қаржы ұйымы; (ііі) Шетелдік қаржы ұйымымен, ынтымақтасатын ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған Қаржы ұйымы немесе салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушы; немесе (iv) белсенді ШҚЕҰ немесе белсенді емес ШҚЕҰ болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтауға тиіс.
      1. Осы бөлімнің В(2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы нақты жағдайға байланысты делдалдың халықаралық сәйкестендіру нөмірінің (GIIN) немесе ашық қолжетімді немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының иелігіндегі өзге де ақпараттың негізінде Шот иесінің осындай мәртебесі бар екенін негізді түрде айқындаса, Шот иесі белсенді ШҚЕҰ, Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы ұйымы болып табылатынын анықтауы мүмкін.
      2. Егер Шот иесі Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе ФСҚ Қатыспайтын қаржы ұйымы деп таныған басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы ұйымы болып табылса, онда шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты деп танылмайды, бірақ Шот иесінің шотына жүргізілген төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасында көрсетілгендей есепте көрсетілуге тиіс.
      3. Барлық басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы Шот иесінің мәртебесін анықтау үшін Шот иесінің өзінен растауды алуға тиіс. Алынған растауға байланысты мынадай қағидалар қолданылады:
      a) Егер Шот иесі АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы бұл шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
      b) Егер Шот иесі Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы АЖҚІ/ӨКБ рәсімдеріне сәйкес Бақылаушы тұлғалардың жеке басын анықтауға тиіс және Шот иесінің немесе осы тұлғаның өзінің растауы негізінде Бақылаушы тұлғаның Құрама Штаттардың азаматы немесе резиденті болып табылатынын не болып табылмайтынын анықтауға тиіс. Егер Бақылаушы тұлға Құрама Штаттардың азаматы немесе резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы шотты АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде қарауға тиіс.
      c) Егер Шот иесі: осы ұғымдардың АҚШ-тың Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында айқындалуына қарай (і) АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылмайтын АҚШ тұлғасы; (іі) осы бөлімнің B(3)(d) тармақшасының ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы немесе басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы ұйымы; (ііі) Шетелдік қаржы ұйымдары ынтымақтасатын ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған Қаржы ұйымы немесе салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушы; немесе (iv) Бақылаушы тұлғаларының ешқайсысы АҚШ-тың азаматы немесе резиденті болып табылмайтын Белсенді ШҚЕҰ немесе Белсенді емес ШҚЕҰ болып табылса, онда шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды және ол бойынша есептілік талап етілмейді.
      d) Егер Шот иесі Қатыспайтын қаржы ұйымы болып табылса (Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымын немесе ФСҚ Қатыспайтын қаржы ұйымы ретінде қарайтын басқа Әріптестік юрисдикциядағы Қаржы ұйымын қоса алғанда), онда шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты болып табылмайды, бірақ Шот иесінің шотына төлемдер Келісімнің 4-бабының 1(b) тармақшасында көзделген тәртіппен есепте көрсетілуге тиіс.
      VI. Ерекше қағидалар мен анықтамалар. Жоғарыда сипатталған кешенді тексеру рәсімдерін қолдану кезінде мынадай қосымша қағидалар мен анықтамалар қолданылады:
      A. Шот иесінің өзінің растаулары мен құжаттамалық растаулардың негізінде шешімдер қабылдау. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымына Шот иесінің өзінің растауы немесе құжаттамалық растауы қате немесе анық емес екені мәлім болса немесе ол негізді түрде солай деп есептесе, Шот иесінің өзінің растауын немесе құжаттамалық растауды негізге алмауға тиіс.
      B. Анықтамалар. Осы 1-қосымшаның мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады.
      1. АЖҚІ/ӨКБ рәсімдері. «АЖҚІ/ӨКБ рәсімдері» – бұл Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл саясатының» талаптарына немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы сақтауға міндетті Қазақстан Республикасының осыған ұқсас өзге де талаптарына сәйкес қолданатын кешенді тексеру рәсімдері.
      2. ШҚЕҰ. «Шетелдік қаржылық емес ұйым» – бұл АҚШ-тың Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларындағы анықтамаға сәйкес АҚШ резиденті, шетелдік қаржы ұйымдары болып табылмайтын кез келген ұйым немесе Қазақстан Республикасының аумағында немесе басқа Әріптестік юрисдикцияда тіркелген және Қаржы ұйымы болып табылмайтын, АҚШ-тың кез келген бейрезидент ұйымын қоса алғанда, осы бөлімнің B(4) (j) тармағында сипатталған Ұйым.
      3. Белсенді емес ШҚЕҰ. «Белсенді емес Шетелдік қаржылық емес ұйым» – бұл: АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Қағидаларына сәйкес (і) белсенді ШҚЕҰ немесе (іі) салық ұстайтын шетелдік әріптестік немесе салық ұстайтын шетелдік траст болып табылмайтын ШҚЕҰ.
      4. Белсенді ШҚЕҰ. «Белсенді Шетелдік қаржылық емес ұйым» – бұл мынадай өлшемшарттардың біріне сай келетін кез келген ШҚЕҰ:
      а) ШҚЕҰ-ның алдыңғы күнтізбелік жылдағы немесе өзге тиісті есепті кезеңдегі жалпы кірісінің 50 пайызынан азы - бұл пассивті кіріс және ШҚЕҰ-ның алдыңғы күнтізбелік жылдағы немесе өзге тиісті есепті кезеңдегі иелік еткен 50 пайыздан аз активтері - бұл пассивті кіріс әкелетін немесе пассивті кіріс алу үшін есепке алынатын активтер;
      b) ШҚЕҰ акциялары жүйелі түрде бағалы қағаздардың танылған нарығында айналады немесе акциялары бағалы қағаздардың танылған нарығында жүйелі түрде айналатын ұйыммен ШҚЕҰ Байланысты ұйым болып табылады;
      c) ШҚЕҰ АҚШ Аумағында құрылған және төлемдер алушының барлық меншік иелері АҚШ-тың осы Аумағының заңды резиденттері болып табылады;
      d) ШҚЕҰ үкімет (АҚШ үкіметінен басқа), осындай үкіметтің әкімшілік-аумақтық бірлігі (екі түрлі мағынада түсінілуін болғызбау үшін ол штатты, облысты, округті, қаланы немесе ауданды қамтиды) немесе аталған үкіметтің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің функцияларын орындайтын мемлекеттік орган, АҚШ Аумағының үкіметі, халықаралық ұйым, америкалық емес орталық эмитент банк немесе жоғарыда көрсетілген субъектілердің біріне немесе бірнешеуіне толығымен тиесілі Ұйым болып табылады;
      e) ШҚЕҰ-ның барлық қызметі негізінде бір немесе бірнеше еншілес компанияның шығарылған акцияларын иеленуді (толық немесе ішінара) және Қаржы ұйымының қызметінен ерекшеленетін коммерциялық немесе шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше еншілес компанияға қаржыландыруды және көрсетілетін қызметтерді ұсынуды білдіреді, алайда, егер ұйым пайлық инвестициялық қор, венчурлік капитал қоры, қарыз қаражаты көмегімен бақылау пакеттерін (акцияларын/үлестерін) сатып алу қоры немесе мақсаты инвестициялық мақсаттарға арналған капитал активтері ретінде осы компаниялардағы үлестерді кейіннен иелене отырып, компанияларды сатып алу немесе қаржыландыру болып табылатын инвестициялық құрылым сияқты инвестициялық қор ретінде жұмыс істесе (немесе) әрекет ететін болса, ұйым мұндай ШҚЕҰ мәртебесіне ие бола алмайды.
      f) ШҚЕҰ өзінің бастапқы құрылған күнінен бастап 24 ай өткеннен кейінгі күнге ШҚЕҰ осындай ерекшеліктің ықпалына түспейтін жағдайда, ШҚЕҰ әзірге коммерциялық қызметті жүргізбейді және оған дейін бизнес жүргізу өтілі болмайды, бірақ Қаржы ұйымының коммерциялық қызметінен ерекшеленетін коммерциялық қызметті жүргізу ниетімен активтерге капиталдар салады;
      g) ШҚЕҰ соңғы бес жылда Қаржы ұйымы болмаған және қазіргі уақытта өз активтерін жоюда немесе Қаржы ұйымының коммерциялық қызметінен ерекшеленетін коммерциялық қызметті жалғастыру немесе қайта жаңарту ниетімен қайта ұйымдастырылуда;
      h) ШҚЕҰ негізінде, Қаржы ұйымдары болып табылмайтын Байланысты ұйымдармен немесе Байланысты ұйымдардың атынан қаржыландыру және хеджирлеу операцияларын жасайды және осындай кез келген Байланысты ұйымдар тобы, негізінде Қаржы ұйымының коммерциялық қызметінен ерекшеленетін коммерциялық қызметті жүзеге асырған жағдайда Байланысты ұйымдар болып табылмайтын Ұйымдарға қаржыландыру және хеджирлеу бойынша көрсетілетін қызметтерін ұсынбайды;
      і) ШҚЕҰ АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Қағидаларына сәйкес «ШҚЕҰ-ға қойылатын талаптарды орындаудан босатылған» болып табылады; немесе
      j) ШҚЕҰ барлық мынадай талаптарға сай келеді:
      і. Ол тек діни, қайырымдылық, ғылыми, көркем өнер, мәдени, спорттық немесе білім беру мақсаттарында өзі тұрақты орналасқан жердің юрисдикциясында құрылған және әрекет етеді; немесе ол өзі тұрақты орналасқан жердің юрисдикциясында құрылған және әрекет етеді, кәсіптік ұйым, кәсіпкерлер одағы, сауда палатасы, кәсіподақ ұйымы, ауыл шаруашылығы немесе бау-бақша ұйымы, азаматтық одақ немесе тек әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын ілгерілету үшін әрекет ететін ұйым болып табылады;
      іі. Ол өзі тұрақты орналасқан жердің юрисдикциясында пайдаға салынатын салықты төлеуден босатылған;
      ііі. Онда меншік құқығы немесе оның пайдасында немесе активтерінде бенефициарлық үлесі бар акционерлер немесе қатысушылар жоқ;
      iv. ШҚЕҰ-ның тұрақты орналасқан жерінің юрисдикциясында қолданылатын заңнама немесе ШҚЕҰ-ның құрылтай құжаттары ШҚЕҰ қайырымдылық қызметін жүзеге асыру немесе көрсетілген қызметтер үшін негізді сыйақы төлеуге немесе ШҚЕҰ сатып алған мүліктің әділ нарықтық құнын төлеуге арналған жағдайлардан басқа кезде ШҚЕҰ пайдасын немесе активтерін бөлуге немесе оларды жекеше адамның немесе қайырымдылық емес Ұйымның мүддесіне пайдалануға мүмкіндік бермейді; және
      v. ШҚЕҰ-ның тұрақты орналасқан жерінің юрисдикциясында қолданылатын заңнама немесе ШҚЕҰ-ның құрылтай құжаттары ШҚЕҰ жойылған немесе таратылған кезде оның барлық активтері мемлекеттік ұйымға немесе өзге коммерциялық емес ұйымға берілуін немесе ШҚЕҰ немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің тұрақты орналасқан жерінің юрисдикциясы жарамсыз ретінде мемлекеттің меншігіне өтуін талап етеді.
      5. Бұрын ашылған шот. «Бұрын ашылған шот» Белгіленген күндегі жағдай бойынша Есеп беретін қаржы ұйымында ашылған Қаржы шотын білдіреді.
      6. Белгіленген күн. «Белгіленген күн» осы Келісім күшіне енуі мүмкін күнді, АҚШ Салық кодексінің 1471-бабына сәйкес АҚШ Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымдарына қатысты ұстауды қолданбауды анықтайтын күнді білдіреді. Бұл күн: (a) 2014 жылғы 30 маусым, (i) 2014 жылғы 30 маусымға дейін немесе оған дейін ШШСБЗ-ды іске асыру немесе ШҚЕҰ-ды жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында Құрама Штаттармен келісімге қол қойған юрисдикция немесе (ii) АҚШ Қаржы министрлігі 2014 жылғы 30 маусымда немесе оған дейін осындай келісімге қол жеткізген юрисдикция деп айқындаған және АҚШ Қаржы министрлігінің осындай юрисдикцияларының тізіміне кіретін жағдайда, (b) 2014 жылғы 30 қараша, егер 2014 жылғы 1 шілдеден кейін және 2014 жылғы 30 қарашаға немесе оған дейін Қаржы министрлігі осындай келісімге қол жеткізген юрисдикция деп айқындаған және АҚШ Қаржы министрлігінің осындай юрисдикцияларының тізіміне кіретін жағдайда, немесе (c) кез келген басқа юрисдикциялар жағдайында осындай келісімге қол қойған күн. Қазақстан Республикасы үшін 2014 жылғы 30 қараша Белгіленген күн болып табылады.
      С. Шоттардағы қалдықтарды біріктіру және сомаларды басқа валютада қайта есептеу қағидалары.
      1. Жеке тұлғалардың шоттарын біріктіру. Жеке тұлғаға тиесілі Қаржы шоттары бойынша активтердің жалпы қалдығын және/немесе жалпы құнын айқындау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы тек егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының автоматтандырылған жүйесі осы Қаржы шоттарын клиент нөмірі немесе салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі сияқты деректер элементіне сілтеме жасау арқылы байланыстырса және шоттар бойынша қалдықтарды және сомаларды біріктіруге мүмкіндік берсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы немесе Байланысты ұйым ашқан барлық Қаржы шоттарын біріктіруге тиіс. Осы 1-тармақта көрсетілген біріктіру бойынша талаптарды орындау мақсаттары үшін біріктірілген Қаржы шотының әрбір иесіне бірлескен Қаржы шотының қалдықтарының барлық сомасы немесе жалпы сомасы жатқызылады.
      2. Ұйымдардың Шоттарын біріктіру. Ұйымға тиесілі Қаржы шоттары бойынша активтердің жалпы қалдығын және/немесе жалпы құнын айқындау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы тек егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының автоматтандырылған жүйесі бұл Қаржы шоттарын клиент нөмірі немесе салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі сияқты деректер элементіне сілтеме жасау арқылы байланыстырса және шоттар бойынша қалдықтарды және сомаларды біріктіруге мүмкіндік берсе, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы немесе Байланысты ұйым ашқан, Ұйымға тиесілі барлық Қаржы шоттарын назарға алуға тиіс.
      3. Шоттар бойынша қалдықтарды біріктірудің клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлерге арналған ерекше қағидалары. Тұлғаға тиесілі Қаржы шоттары бойынша активтердің жалпы қалдығын және/немесе жалпы құнын айқындау мақсаттары үшін Қаржы шоты Ірі сома шоты болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындау үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы, сондай-ақ клиенттермен жұмыс істейтін менеджерге олардың тікелей немесе жанама бір тұлғаға тиесілі екендігі, оларды бір тұлға бақылайтындығы немесе ашқандығы (сенім білдірілген тұлға ретінде емес) мәлім болған немесе ол солай негізді түрде пайымдаса Қаржы шоттары жағдайында осы шоттардың барлығын біріктіруге тиіс.
      4. Сомаларды басқа валютада қайта есептеу қағидалары. АҚШ долларынан басқа валютада көрсетілген Қаржы шоттары бойынша активтердің жалпы қалдығын және/немесе жалпы құнын айқындау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы I қосымшада көрсетілген доллардағы шекті сомаларды Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы активтердің қалдығын және/немесе жалпы құнын айқындайтын жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың соңғы күніне айқындалған, ресми спот бағамын пайдалана отырып, осы шоттардың валютасына қайта есептеуге тиіс.
      D. Құжаттамалық растау. Осы I қосымшаның мақсаттары үшін қолайлы құжаттамалық растау мынадай құжаттардың кез келгенін қамтиды:
      1. Юрисдикцияның тиісті мемлекеттік органы (мысалы, үкімет немесе үкіметтік мекемелер) берген, резиденттікті растайтын құжат, онда резиденттік туралы төлем алушы мәлімдейді.
      2. Жеке тұлғаларға қатысты - әдетте жеке басын анықтау мақсаттары үшін пайдаланылатын, осы жеке тұлғаның толық атын көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган (мысалы, үкімет, үкіметтік мекеме немесе муниципалитет) берген жарамды жеке куәлік.
      3. Ұйымға қатысты - осы Ұйым резиденттік туралы мәлімдейтін юрисдикциядағы (немесе АҚШ Аумағындағы) немесе осы Ұйым заңды тұлға ретінде тіркелген немесе құрылған юрисдикциядағы (немесе АҚШ Аумағындағы) осы Ұйымның атауын және оның бас офисінің мекенжайын көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган (мысалы, үкімет, үкіметтік мекеме немесе муниципалитет) берген ресми құжаттар.
      4. Білікті делдалдық туралы (АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларында көрсетілген) келісімге байланысты ФСҚ мақұлдаған, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл қағидалары қабылданған юрисдикцияда ашылған Қаржы шотына қатысты - осы юрисдикция үшін жеке тұлғаларды немесе Ұйымдарды сәйкестендіру үшін Білікті делдалдық туралы келісімге қосымшада көрсетілген W-8 немесе W-9 нысанынан басқа кез келген басқа құжаттар.
      5. Кез келген қаржы есебі, кредиттік операциялар туралы тәуелсіз есеп, банкроттық туралы мәлімдеме немесе АҚШ Комиссиясының бағалы қағаздар мен биржалар бойынша есебі.
      Е. Жеке тұлғаларға - Сатып алу құны бар сақтандыру шарттары бойынша пайда алушыларға тиесілі Қаржы шоттары бойынша қосымша рәсімдер. Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымында пайда алушының АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы екенін растайтын нақты деректер немесе солай пайымдауға негіздер болған жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы жеке тұлғаны - сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуына байланысты сақтандыру жәрдемақысын алатын, Сатып алу құны бар сақтандыру шарты бойынша пайда алушыны (иегер емес) АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылмайды деп есептей алады және мұндай Қаржы шотын АҚШ-тың Есеп бермейтін шоты деп қарай алады. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы алған және пайда алушыға байланысты ақпаратта осы 1 қосымшаның II бөлімінің (B)(1) тармақшасына сәйкес америкалық шоттардың белгілері болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымының Сатып алу құны бар сақтандыру шарты бойынша пайда алушыны АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасы болып табылады деп есептеуге нақты деректері немесе солай пайымдауға негіз болады. Егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымында бенефициар АҚШ-тың  Белгілі бір тұлғасы болып табылады деп есептеге нақты деректер немесе солай пайымдауға негіздер болса, Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы осы І қосымшаның II бөлімінің В(3) тармағында сипатталған рәсімдерді ұстануы керек.
      F. Үшінші тұлғалардан алынған ақпаратқа сенім. Осы І-қосымшаның I бөлімінің С тармағына сәйкес шешім қабылданғанына не қабылданбағанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымына АҚШ Қаржы министрлігінің Қағидалары шеңберінде үшінші тұлғалар орындаған кешенді тексерудің рәсімдеріне сілтеме жасауға рұқсат береді.
      G. Осы Келісім күшіне енгенге дейін ашылған Жаңа шоттарға арналған Баламалы рәсімдер.
      1. Қолданылуы. Егер Қазақстан Республикасы Белгіленген күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарынан не: (і) Шоттардың иелерінен осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде көрсетілген талап етуге Жеке тұлғалардың жаңа шоттарының расталуын қамтамасыз етуді талап етуге немесе (іі) осы І қосымшаның V бөлімінде көрсетілген Ұйымның жаңа шоттарымен байланысты тексерудің барлық тиесілі рәсімдерін орындау үшін осы Келісім күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының заңдық негізі болмағаны туралы АҚШ-қа жазбаша хабарлама ұсынса, онда осы І қосымшаға сәйкес көзделмеген өзге де рәсімдердің орнына Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарына осындай Жаңа шоттарға қатысты қолданылатын осы баптың G (2) тармақшасында сипатталған баламалы рәсімдер қолданылуы мүмкін. Осы бөлімнің G (2) тармақшасында сипатталған баламалы рәсімдер нақты жағдайға байланысты, (і) Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарын осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде немесе V бөлімінде сипатталған тиісті рәсімдерді сақтауға Қазақстан Республикасының міндеттеу мүмкіндігі болған күннен бұрын ашылған, нақты жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасының осы Келісімнің күшіне ену күнін көрсете отырып, Құрама Штаттарды жазбаша түрде хабардар еткен күніне дейін немесе (іі) осы Келісім күшіне енген күннен бастап Жеке тұлғалардың сол жаңа шоттары немесе Ұйымның жаңа шоттары үшін ғана қолданылуға тиіс. Егер Белгіленген күннен кейін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған, осы бөлімнің Н тармағында сипатталған Ұйымның жаңа шоттарына арналған баламалы рәсімдер Ұйымның барлық жаңа шоттарына немесе осындай шоттардың дәл белгіленген тобына қатысты қолданылса, осы G тармағында сипатталған баламалы рәсімдер Ұйымның осындай жаңа шоттарына қатысты қолданылмайды. Қалған барлық Жаңа шоттар бойынша Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдары, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымының шоты болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындау үшін осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде немесе V бөлімінде сипатталған тиісті тексеру рәсімдерін қолдануға тиіс.
      2. Баламалы рәсімдер.
      a) Осы Келісім күшіне енген күннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдары: (і) осы баптың G (1) тармақшасына сәйкес Жеке тұлғалардың жаңа шоттары бойынша осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде көрсетілген растауды сұратуға және осы І қосымшаның ІІІ бөлімінде сипатталған рәсімдерге сәйкес осындай растаудың негізділігін растауға және (ii) осы баптың G (1) тармақшасына сәйкес Ұйымның жаңа шоттары бойынша осы І қосымшаның V бөлімінде көрсетілген тексеру рәсімдерін орындауға және шотты құжаттау, оның ішінде осы І қосымшаның V бөліміне сәйкес кез келген растау үшін қажетті ақпаратты сұратуға тиіс.
      b) Қазақстан Республикасы, (і) нақты жағдайға байланысты, шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Ынтымақтастық жасамайтын қаржы ұйымының шоты ретінде сәйкестендірілген күннен кейінгі 30 қыркүйектен немесе (іі) нақты жағдайға байланысты, шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Ынтымақтастық жасамайтын қаржы ұйымының шоты ретінде сәйкестендірілгеннен кейін 90 күннен кейін, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін қаржылық шоты немесе Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымының шоты ретінде осы бөлімнің G (2) (а) тармақшасына сәйкес айқындалатын кез келген Жаңа шоты туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Ақпарат осындай Жаңа шотқа қатысты ұсынылуға тиіс, егер Жаңа шот шотты ашу күніндегі жағдай бойынша, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымының шоты ретінде сәйкестендірілген болса, ол осы Келісімге сәйкес есептік болып табылатын кез келген ақпарат.
      c) Осы Келісім күшіне енген күннен кейін бір жыл толған күнге қарай Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдары өздері қажетті растауларды немесе осы бөлімнің G (2) (а) тармағында сипатталған рәсімдерге сәйкес өзге де құжаттаманы жинай алмаған осы бөлімнің G (1) тармақшасында сипатталған кез келген Жаңа шотты жабуға тиіс. Бұдан басқа, осы Келісім күшіне енген күннен кейін бір жыл толған күнге Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдары: (i) осындай жабылуға дейін Жеке тұлғалардың жаңа шоттары болған (мұндай шоттар ірі сомадағы шоттар болғанына қарамастан) осындай жабық шоттарға қатысты осы І қосымшаның ІІ бөлімінің D тармағында көрсетілген барлық қажетті тексеру рәсімдерін орындауға немесе (іі) осындай жабылуға дейін Ұйымның жаңа шоттары болған осындай жабық шоттарға қатысты осы І қосымшаның IV бөлімінде көрсетілген барлық қажетті тексеру рәсімдерін орындауға тиіс.
      d) Қазақстан Республикасы, (і) нақты жағдайға байланысты, шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымында бар шот ретінде сәйкестендірілген күннен кейінгі 30 қыркүйектен немесе (іі) нақты жағдайға байланысты, шот АҚШ-тың Есеп беретін шоты немесе Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымында бар шот ретінде сәйкестендірілген күннен кейінгі 90 күннен кейін, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін қаржылық шоты немесе Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымында бар шоты ретінде осы бөлімнің G (2) (С) тармақшасына сәйкес айқындалған кез келген жабық шоты туралы ақпаратты ұсынуға тиіс. Ақпарат осындай жабық шотқа қатысты ұсынылуға тиіс, егер шот шотты ашу күнгі жағдай бойынша, нақты жағдайға байланысты, АҚШ-тың Есеп беретін шоты ретінде немесе Ынтымақтаспайтын қаржы ұйымының шоты болып сәйкестендірілген болса, ол осы Келісімге сәйкес есептік болып табылатын кез келген ақпарат.
      H. Белгіленген күннен кейін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған Ұйымның жаңа шоттарына арналған баламалы рәсімдер. Белгіленген күннен кейін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған Ұйымның жаңа шоттары үшін не Ұйымның барлық жаңа шоттарына немесе осындай шоттардың қандай да бір нақты тобына қатысты жеке Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымдарына мұндай шоттарға Ұйымның бұрын ашылған шоттары ретінде қарауға және осы І қосымшаның V бөлімінде көрсетілген тексеру рәсімдерінің орнына І қосымшаның ІV бөлімінде көрсетілген Ұйымның бұрын ашылған шоттарымен байланысты барлық тексеру рәсімдерін қолдануға Қазақстан Республикасы рұқсат бере алады. Бұл жағдайда осы І қосымшаның ІV бөліміндегі тексеру рәсімдері осы І қосымшаның ІV бөлімінің А тармағында көрсетілген шот балансына немесе шекті мәніне қарамастан қолданылуға тиіс.

II қосымша

      Мына Ұйымдар салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушылар ретінде немесе нақты жағдайға байланысты ШШСБЗ талаптарын сақтаушылар деп танылған шетелдік қаржы ұйымдары (бұдан әрі – ШҚҰ) ретінде қаралуға тиіс және мынадай шоттар Қаржылық шоттардың анықтамасынан алып тасталады.
      Осы II қосымша: (1) оған қосымша Ұйымдар мен АҚШ тұлғаларының АҚШ салықтарын төлеуден жалтару үшін оларды пайдалану тәуекелі болмашы және Келісімге қол қойылған күні осы II қосымшада сипатталған Ұйымдармен және шоттармен бірдей сипаттамалары бар шоттарды қосу; немесе (2) одан Ұйымдар мен АҚШ тұлғаларының АҚШ салықтарын төлеуден жалтару үшін оларды пайдалану тәуекелі, өзгерген мән-жайларға байланысты болмашы болуын тоқтатқан шоттарды алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының және Құрама Штаттардың Құзыретті органдары арасында жасалған өзара жазбаша шешімнің негізінде өзгертілуі мүмкін. Кез келген осындай толықтырулар немесе алып тастаулар, егер көрсетілген құжаттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, өзара шешімге қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Осындай өзара шешім жасасу рәсімдері Келісімнің 3-бабының 6-тармағында сипатталғандай, өзара келісімге немесе уағдаластыққа енгізілуі мүмкін.
      I. Қорлар болып табылмайтын, салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушылар. Төлемдер Белгілі бір сақтандыру компаниясы, Кастодиандық мекеме немесе Депозиттік мекеме айналысатын коммерциялық қаржы қызметімен байланысты міндеттемелерден туындайтын жағдайларды қоспағанда, мынадай Ұйымдар Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы ұйымдары және АҚШ Салық кодексінің 1471 және 1472-бөлімдерінің мақсаттары үшін салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушылар ретінде қаралуға тиіс.
      А. Үкіметтік ұйым. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының кез келген әкімшілік-аумақтық бірлігі (екі мағынада түсінулерді болғызбау үшін ол штатты, облысты, округті, қаланы немесе ауданды қамтиды) немесе Қазақстан Республикасының үкіметтік агенттіктері немесе мемлекеттік мекемелері немесе жоғарыда көрсетілген субъектілердің кез келгені (әрқайсысы жеке алғанда «Қазақстан Республикасының үкіметтік ұйымы»). Осы санатқа Қазақстан Республикасының құрауыш органдарының құрамбөліктері, бақыланатын ұйымдары және әкімшілік-аумақтық бірліктері енгізіледі.
      1. Қазақстан Республикасының басқарушы органын білдіретін кез келген тұлға, ұйым, агенттік, бюро, қор, мемлекеттік мекеме немесе өзге де органдар, қалай айқындалғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының басқару органдарының құрауышы деп түсініледі. Басқарушы органның таза кірісі көрсетілген басқарушы органның шотына немесе Қазақстан Республикасының басқа да шоттарына аударылуға тиіс, көрсетілген таза кірістің ешқандай бөлігі де жекеше адамның пайдасына кіріс болып табылмайды. Басқару органдарының құрауыштары билікті жүргізушілер, лауазымды адамдар немесе әкімшілер болып табылатын жекеше адамдар ретінде немесе жеке өздері әрекет ететін адамдарды қамтымайды.
      2. Қазақстан Республикасының ұйымынан нысаны бойынша ерекшеленетін немесе мынадай:
      a) Ұйым Қазақстан Республикасының бір немесе одан да көп Үкіметтік ұйымдарының толығымен меншігінде болатын және тікелей немесе бір және одан көп бақыланатын ұйымдары арқылы бақыланатын;
      b) Ұйымның таза кірісі оның өз шотына немесе Қазақстан Республикасының бір немесе одан көп Үкіметтік ұйымдарының шоттарына аударылатын, көрсетілген таза кірістің ешқандай бөлігі де жекеше адамның пайдасына кіріс болып табылмайтын; және
      c) Ұйымның жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, оның активтері Қазақстан Республикасының бір немесе одан көп Үкіметтік ұйымына берілетін жағдайларда, өзі дербес заңды тұлға болып табылатын Ұйым бақыланатын ұйым деп түсініледі.
      3. Егер жекеше адамдар мемлекеттік бағдарлама бойынша тікелей көрсетілген пайда алушылар болып табылса және мұндай бағдарлама бүкіл халықтың пайдасына арналған іс-шараларды көздесе және жалпы әл-ауқатына немесе мемлекеттік басқарудың нақты саласына қатысты болса, кіріс осындай тұлғалардың пайдасына кіріс ретінде қаралмайды. Алайда, жоғарыда жазылғанға қарамастан, егер кіріс жеке тұлғаларға қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін мемлекеттік ұйым арқылы, мысалы, коммерциялық ұйымдарға банктік қызмет көрсету сияқты коммерциялық қызмет жүргізу есебінен алынса, кіріс жеке тұлғалардың пайдасына кіріс деп есептеледі.
      В. Халықаралық ұйым. Бұл кез келген халықаралық ұйым немесе оның толығымен меншігіндегі мекеме немесе оның әкімшілік органдары. Осы санатқа (1) ең бастысы шетелдік үкіметтерді (АҚШ Үкіметі емес) қамтитын; (2) штаб-пәтер туралы Қазақстан Республикасымен қолданыстағы келісімі бар; және (3) кірістері жеке тұлғалардың пайдасына арналмаған осындай үкіметаралық ұйымдар (ұлттық ұйымдардан жоғары тұрған ұйымдарды қоса алғанда) кіреді.
      С. Орталық Банк. Заң бойынша немесе Үкіметтің рұқсатымен, ақша ретінде жүруге арналған құралдарды шығаруға құқығы бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзін қоспағанда, басты орган болып табылатын ұйым. Мұндай орган, Қазақстан Республикасының Үкіметімен байланысты емес, бірақ осылай немесе өзгеше түрде Қазақстан Республикасының толық меншігіндегі немесе оған ішінара тиесілі дербес мекемелерді қамти алады.
      II. Салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушылар анықтамасындағы қорлар. Мынадай Ұйымдар Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы ұйымдары және АҚШ Салық кодексінің 1471 және 1472-бөлімдерінің мақсаттары үшін салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушылар ретінде қаралуға тиіс.
      A. Салық салу туралы келісімге сәйкес жеңілдіктерге ие зейнетақы қоры. Қазақстан Республикасында құрылған қор егер жеңілдіктерді пайдалануға арналған шектеу жөніндегі қолданылып жүрген талаптарға сәйкес келетін және зейнетақы активтерін басқару және зейнетақылар немесе жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу негізгі қызметі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті ретінде Құрама Штаттар аумағындағы қаржы көздерінен алатын кірісіне (немесе егер көрсетілген жеңілдіктерге құқығы болса, егер осындай кіріс алса) салық салу жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Құрама Штаттар арасындағы пайдаға салық салу туралы келісімге сәйкес жеңілдіктерге құқығы бар болса, көрсетілген қор.
      B. Ашық түрде қол жеткізілетін зейнетақы қоры. Зейнетақы жәрдемақыларын, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар немесе қайтыс болуына байланысты жәрдемақылар беру мақсатында немесе көрсетілген жәрдемақыларды бір немесе бірнеше жұмыс берушінің қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері (немесе осындай жұмыскерлер ретінде көрсетілген адамдар) болып табылатын пайда алушыларға:
      1. Қордың қор активтерінің бес пайыздан асатын үлесіне құқығы бар ешбір осындай пайда алушысы болмаған;
      2. Қор мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасындағы салық органдарына есеп беретін; және
      3. Қор, ең болмаса, мынадай:
      a) қор, әдетте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру қорының өз мәртебесіне орай Қазақстан Республикасында инвестициялық кіріске салық төлеуден босатылған;
      b) қор жарналарының бүкіл сомасының кемінде 50 пайызы (осы бөлімнің A-D тармақтарында сипатталған басқа да зейнетақы қорларынан және осы II қосымшаның V бөлімінің (1) тармақшасында сипатталған зейнетақыш оттарынан активтерді аударуды қоспағанда) жұмыс берушілерден түскен жарналарына сай келетін;
      c) отставкаға шығуына, мүгедектігіне немесе қайтыс болуына байланысты көрсетілген жағдайлар басталған кезде ғана төлемақыларға немесе қаражатты қордан шығарып алуға (осы бөлімнің A-D тармақтарында сипатталған басқа да зейнетақы қорларына немесе осы II қосымшаның V бөлімінің А (1) тармақшасында сипатталған зейнетақы шоттарына қаражат аударуды қоспағанда) рұқсат етілген немесе осындай көрсетілген жағдайлар басталғанға дейінгі төлемдер немесе қаражатты қордан шығарып алу үшін айыппұлдар салынған; немесе
      d) жұмыскерлердің қорға төлейтін жарналарының сомасы (шотты толтыру үшін өзге де рұқсат етілген жарналарды қоспағанда) жұмыскердің тапқан табысының сомасын негізге ала отырып шектелуі мүмкін болатын немесе шоттарды біріктіру және басқа валютадағы соманы қайта есептеу туралы бөлімдегі I қосымшада көрсетілген қағидаларды қолдану кезінде жыл сайын 50,000 АҚШ долларынан асыруға болмайтын талаптардың біріне сәйкес келетін жағдайда, олар ұсынған қызметтер үшін сыйақы есебінен кешенді түрде беру мақсатында Қазақстан Республикасында құрылған қор.
      C. Қолжетімділігі шектеулі зейнетақы қоры. Бір немесе бірнеше жұмыс берушінің қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері (немесе осындай жұмыскерлер ретінде көрсетілген адамдар) болып табылатын пайда алушыларға зейнетақы жәрдемақыларын, мүгедектігі бойынша жәрдемақыларды немесе қайтыс болуына байланысты жәрдемақыларды:
      1. Қорда 50 қатысушыдан аз болған;
      2. Қорды инвестициялық ұйымдар немесе белсенді емес ШҚҰ болып табылмайтын бір немесе бірнеше жұмыс беруші қаржыландырған;
      3. Жұмыскер мен жұмыс берушінің қорға төлейтін жарналарының сомасы (осы бөлімнің А тармағында сипатталған салық салу туралы келісімге сәйкес жеңілдіктері бар зейнетақы қорларынан немесе осы II қосымшаның V бөлімінің А (1) тармақшасында сипатталған зейнетақы шоттарынан активтерді аударуды қоспағанда) тиісінше жұмыскердің тапқан табысының және жұмыскер жалақысының сомасын негізге ала отырып шектелетін; 4. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын қорға қатысушылардың қор активтерінің 20 пайыздан асатын үлесіне құқығы болмайтын; және
      5. Қор мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының салық органдарына есеп беретін жағдайда, олар ұсынған қызметтер үшін сыйақы есебінен беру мақсатында Қазақстан Республикасында құрылған қор.
      D. Салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушының зейнетақы қоры. Пайда алушыларға немесе салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушының қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері (немесе осындай жұмыскерлер ретінде көрсетілген адамдар) болып табылатын қатысушыларға немесе егер осындай пайда алушыларға немесе қатысушыларға жәрдемақы олар салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушыға ұсынған қызметтер үшін сыйақы есебінен берілсе, оның қазіргі немесе бұрынғы жұмыскерлері болып табылмайтындарға зейнетақы жәрдемақылары, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар немесе қайтыс болуына байланысты жәрдемақылар беру үшін салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушы Қазақстан Республикасында құрған қор.
      E. Салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушының толық меншігіндегі инвестициялық ұйым. Ұйымдағы Үлестік қатысудың әрбір тікелей иесі - салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушы және осындай Ұйымның қарыз капиталына қатысу үлесінің әрбір тікелей иесі немесе Депозиттік мекеме (осындай Ұйым ұсынған қарызға қатысты) немесе салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған пайда алушы болып табылатын жағдайда, Инвестициялық ұйымы болғаны үшін ғана Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы болып табылатын Ұйым.
      III. Шағын қаржы ұйымдары немесе ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған ШҚҰ ретінде сыныпталатын қызметтер көрсету спектрі шектеулі қаржы ұйымдары. Мынадай Қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы ұйымдары болып табылады, олар АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің мақсаттары үшін ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған ШҚҰ ретінде қаралуға тиіс.
      А. Жергілікті клиенттері бар қаржы ұйымы. Мынадай талаптарды қанағаттандыратын Қаржы ұйымы:
      1. Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы ұйымы ретінде лицензиялауға және реттеуге жатқызылуға тиіс;
      2. Қаржы ұйымының тұрақты қызмет орны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болмауға тиіс. Бұл ретте, жұртшылыққа хабарланбайтын және Қаржы ұйымы әкімшілік қолдау функциясын ғана жүзеге асыратын қызмет орны тұрақты қызмет орны деген ұғымға кірмейді;
      3. Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі клиенттерді немесе Шот иелерін тартпауға тиіс. Бұл ретте, Қаржы ұйымы: (а) веб-сайты бар, бірақ бұл сайтта Қаржы ұйымы Қаржылық шоттар ашуды немесе бейрезиденттер үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатыны арнайы көрсетілмеген және сайт америкалық клиенттерге немесе Шот иелеріне немесе оларды өзгеше тартуға арналмаған жағдайда ғана, немесе (b) ең бастысы Қазақстан Республикасында таратылатын немесе хабар тарататын және мезгілмезгі басқа елдердеде таратылатын немесе хабар ретінде таратылатын бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарында немесе радио немесе телеарналарда жарнамалық хабарландыруларды орналастырса, бірақ жарнамалық хабарландыруда Қаржы ұйымы Қаржылық шоттарды ашуды немесе бейрезиденттер үшін көрсетілетін қызметтерді ұсынатыны арнайы көрсетілмеген және бұл хабарландыру америкалық клиенттерге немесе Шот иелеріне немесе оларды өзгеше тартуға арналмаған жағдайда ғана Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі клиенттерді немесе Шот иелерін тартушы ұйым ретінде қаралмайды;
      4. Қаржы ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қаржылық шоттар бойынша есептілікті жасау немесе резиденттерге тиесілі Қаржылық шоттардың сомасынан салықты ұстау үшін немесе Қазақстан Республикасының АЖҚІ жөніндегі міндеттемелерінде көзделген осындай шоттарды кешенді тексеру бойынша талаптарды орындау  шін Шоттардың резидент иелерін айқындауды ұйғарады;
      5. Қаржы ұйымы Қаржылық шоттарының кемінде 98 пайызы құндық мәнінде Қазақстан Республикасының резиденттеріне (Ұйымдар болып табылатын резиденттерді қоса алғанда) тиесілі болуға тиіс;
      6. Белгілі бір күннен бастап немесе оған дейін Қаржы ұйымына Есеп бермейтін қаржы ұйымдары үшін Қаржылық шоттар ашуға мүмкіндік бермейтін және Қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын (Қаржылық шот ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті болған, бірақ кейіннен Қазақстан Республикасының резиденті болуын тоқтатқан АҚШ-тың адамын қоса алғанда) АҚШ-тың кез келген Белгілі бір тұлғасына Қаржылық шот ашқанын немесе Қаржылық шот жүргізетінін немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын, АҚШ резиденттері немесе АҚШ азаматтары болып табылатын Бақылаушы тұлғалары бар белсенді емес ШҚҰ-лардың Қаржылық шот ашқанын немесе жүргізетінін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін I қосымшада көрсетілгендерге сәйкес келетін Қаржы ұйымының қағидалары мен рәсімдері болуға тиіс;
      7. Мұндай қағидалар мен рәсімдер, егер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын АҚШ-тың Белгілі бір тұлғасына немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын, АҚШ резиденттері немесе АҚШ азаматтары болып табылатын Бақылаушы тұлғалары бар белсенді емес ШҚҰ-ға тиесілі Қаржылық шот анықталса, Қаржы ұйымы, егер Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы (оның ішінде ШШСБЗ бойынша ФСҚ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарын орындай отырып) болып табылған жағдайда талап етілетіндей, осындай Қаржылық шот туралы ақпаратты есепке енгізуге немесе осындай Қаржылық шотты жабуға тиіс екенін көздеуге тиіс;
      8. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлғаға немесе Ұйымға тиесілі бұрын ашылған шотқа қатысты Қаржы ұйымы Қатыспайтын қаржы ұйымына тиесілі АҚШ-тың Есеп беретін шотын немесе Қаржылық шотты айқындау үшін бұрын ашылған шоттарға қолданылатын I қосымшада көрсетілген рәсімдерге сәйкес осы Бұрын ашылған шоттарды тексеруге тиіс және егер Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы (оның ішінде ШШСБЗ бойынша ФСҚ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарын орындай отырып) болған жағдайда талап етілетіндей, осындай Қаржылық шот туралы ақпаратты есепке енгізуге немесе мұндай Қаржылық шотты жабуға тиіс;
      9. Қаржы ұйымы болып табылатын Қаржы ұйымының кез келген Байланысты ұйымы, осы II қосымшаның II бөлімінің A-D тармақтарында көрсетілген зейнетақы қоры болып табылатын Байланысты ұйымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тіркелуге немесе құрылуға тиіс және А тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс; және
      10. АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке тұлғалар үшін Қаржылық шоттар ашуға және ұстауға қатысты Қаржы ұйымының кемсітушілік қағидаттары немесе практикасы болмауға тиіс.
      В. Жергілікті банк. Мынадай талаптарға сай келетін Қаржы ұйымы:
      1. Қаржы ұйымы: (а) банк немесе (b) пайдасыз жұмыс істейтін кредиттік одақ немесе соған ұқсас кооперативтік кредиттік ұйым ретінде ғана өз қызметін жүзеге асырады (және лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі);
      2. Қаржы ұйымының коммерциялық қызметі, ең бастысы, егер бұл банкке қатысты болса, байланысты емес жеке клиенттерден депозиттер алуды және осындайларға қарыздар беруді, егер бұл кредиттік одаққа немесе соған ұқсас кооперативтік кредиттік ұйымға қатысты болса - мүшесінің осындай кредиттік одаққа немесе кооперативтік кредиттік ұйымға қатысу үлесі бес пайыздан аспайтын жағдайда, өз мүшелерінен депозиттер алуды және осындайларға қарыздар беруді білдіреді;
      3. Қаржы ұйымы, осы бөлімнің А (3) тармақшасында көрсетілген веб-сайттағы шектеулерге қосымша веб-сайт қаржылық шот ашуды көздемеген жағдайда, осы бөлімнің А (2) және А (3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келеді;
      4. Қаржы ұйымы өз баланстық есебінің активтерінде 175 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды, ал Қаржы ұйымы мен Байланысты ұйымдар өздерінің шоғырландырылған немесе жалпы баланстық есептерінде активтердің жалпы сомасымен жиынтығында 500 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды; және
      5. Барлық Байланысты ұйымдар Қазақстан Республикасында тіркелуге немесе құрылуға тиіс және осы II қосымшаның II бөлімінің A-D тармақтарында көрсетілген зейнетақы қорлары немесе осы бөлімнің С тармағында көрсетілген шағын сомаға ғана шоттары бар Қаржы ұйымы болып табылатын Байланысты ұйымдарды қоспағанда, Қаржы ұйымдары болып табылатын барлық Байланысты ұйымдар осы В тармағында көрсетілген талаптарға сай келуге тиіс.
      C. Шағын сомаға ғана шоттары бар қаржы ұйымы. Мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы:
      1. Қаржы ұйымы Инвестициялық ұйым болып табылмайды;
      2. Қаржы ұйымындағы немесе Байланысты ұйымдағы қаржылық шоттарда, шоттарды біріктіруге және сомаларды басқа валютаға қайта есептеуге қатысты I қосымшада көрсетілген қағидаларды қолдану кезінде қалдығы және/немесе жалпы құны 50,000 АҚШ долларынан асатын активтері болмауға тиіс; және
      3. Қаржы ұйымы өз баланстық есебінің активтерінде 50 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды және Қаржы ұйымы мен Байланысты ұйымдар өздерінің шоғырландырылған немесе жалпы баланстық есептерінде активтердің жалпы сомасымен жиынтығында 50 миллионнан артық АҚШ долларын иелене алмайды.
      D. Кредиттік карталардың сыныпталған эмитенті. Мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы:
      1. Қаржы ұйымы, клиент карта бойынша берешектің сомасынан асатын төлемді жүргізген және артық төлем сомасы клиентке дереу қайтарылмайтын жағдайда ғана депозиттер қабылдайтын кредиттік карталардың эмитенті болуы себебінен ғана Қаржы ұйымы болып табылады; және
      2. Белгілі бір күннен бастап немесе одан бұрын Қаржы ұйымының шоттарды біріктіруге және сомаларды басқа валютаға қайта есептеуге қатысты I қосымшада көрсетілген қағидалар орындалатын әрбір жағдайда, клиенттер депозиттерінің 50,000 АҚШ долларынан асатын сомада болуына жол бермеуге не сомасы 50,000 АҚШ долларынан асатын депозитті клиентке 60 күн ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге бағытталған қағидалары мен рәсімдері болуға тиіс. Бұл ретте, клиенттің депозиті дау тудыратын есепке жатқызу мөлшеріндегі кредиттік балансқа қатысты болмайды, бірақ клиентке қайтару салдарынан туындаған кредиттік балансты қамтиды.
      IV. «ШҚҰ-ның ШШСБЗ талаптарын сақтаушылар деп танылғандар» ретінде сыныпталатын инвестициялық ұйымдар және өзге де арнайы қағидалар. Осы бөлімнің А-Е тармақтарында көрсетілген Қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының Есеп бермейтін қаржы ұйымдары болып табылады, олар АҚШ Салық кодексінің 1471-бөлімінің мақсаттары үшін ШҚҰ-ның ШШСБЗ талаптарын сақтаушылар деп танылғандар болып есептелуге тиіс. Бұдан басқа, осы бөлімнің F тармағы Инвестициялық ұйымға қолданылатын арнайы қағидаларды көздейді.
      A. Сенімгерлік басқарушыға ресімделген траст. Трастың сенімгерлік басқарушысы АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымы, 1-модель бойынша есеп беретін ШҚҰ немесе Қатысушы ШҚҰ болып табылатын және, егер Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы (оның ішінде ШШСБЗ бойынша ФСҚ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарын орындай отырып) болған жағдайда талап етілетіндей сенімгерлік басқарушы Келісімге сәйкес талап етілетін барлық ақпаратты есепке енгізген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған Траст.
      B. Демеушілік көрсетілетін инвестициялық ұйым және Бақыланатын шетелдік корпорация. Осы бөлімнің В(1) немесе В(2) тармақшаларында көрсетілген, осы бөлімнің В(3) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін демеушілік көрсететін ұйымы бар Қаржы ұйымы.
      1. Қаржы ұйымы, егер: (а) бұл Қазақстан Республикасында құрылған, АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларына сәйкес шетелдік әріптестік арқылы салықтар ұстауды жүзеге асыратын немесе шетелдік траст арқылы салықтар ұстауды жүзеге асыратын білікті делдал болып табылмайтын Инвестициялық ұйым болса; және (b) Ұйым осы Қаржы ұйымымен осы Қаржы ұйымына демеушілік көрсететін ұйым ретінде әрекет етуге уағдаласса, демеушілік көрсетілетін инвестициялық ұйым болып табылады.
      2. Қаржы ұйымы, егер: (а) Қаржы ұйымы – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларына сәйкес шетелдік әріптестік арқылы салықтар ұстауды жүзеге асыратын немесе шетелдік траст арқылы салықтар ұстауды жүзеге асыратын білікті делдал болып табылмайтын бақыланатын шетелдік корпорация1 болса; (b) осы Қаржы ұйымына демеушілік көрсететін ұйым ретінде әрекет етуге келіскен немесе үлестес Қаржы ұйымынан осыны талап ететін АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымы Қаржы ұйымын толықтай, тікелей немесе жанама түрде иеленсе; және (с) Қаржы ұйымының демеушілік көрсететін ұйымға Қаржы ұйымының барлық Шот иелерін және төлемдерді алушыларын айқындауға және өзгелердің арасында клиенттің сәйкестендіру ақпаратын, клиент жөніндегі құжаттаманы, шоттағы қалдықты және Шот иесі немесе төлемдерді алушы жүргізген барлық төлемдерді қоса алғанда, Қаржы ұйымында сақталатын, шоттар мен клиенттерге қатысты барлық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін демеушілік көрсететін ұйыммен ортақ электрондық шоттар жүйесі болса, демеушілік көрсетілетін бақыланатын шетелдік корпорация болып табылады.
      1«Бақыланатын шетелдік корпорация» егер осындай корпорацияның барлық санаттағы акцияларының жиынтық дауыс санының 50 пайызынан астамының дауыс беру құқықтары болса немесе осындай корпорация акцияларының жалпы құны салықтық жылдың ішінде кез келген күні осындай шетелдік корпорацияның «Құрама Штаттар акционерлеріне» тиесілі немесе олардың меншігі болып есептелетін болса, кез келген шетелдік корпорацияны білдіреді. «Құрама Штаттар акционерлері» деген термин кез келген шетелдік корпорацияға қатысты осындай шетелдік корпорацияның барлық санаттағы дауыс беру құқықтары бар жалпы акцияларының жиынтық дауыс санының 10 пайызын немесе одан көп пайызын иеленсе немесе соның иелері болып есептелсе, Америка Құрама Штаттары тұлғаларын білдіреді.      
      3. Демеушілік көрсететін ұйым мынадай талаптарға сай келеді:
      a) демеушілік көрсететін ұйым ШШСБЗ бойынша ФСҚ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарын орындау үшін Қаржы ұйымы атынан (қорды басқарушы, сенімгерлік басқарушы, корпоративтік директор немесе басқарушы әріптес ретінде) әрекет етуге уәкілетті;
      b) демеушілік көрсететін ұйым ШШСБЗ бойынша ФСҚ-ның тіркеу веб-сайтында ФСҚ-дағы демеушілік көрсететін ұйым ретінде тіркелген;
      c) егер демеушілік көрсететін ұйым Қаржы ұйымына қатысты АҚШ-тың Есеп беретін шотын айқындаса, демеушілік көрсететін ұйым бұрын немесе 2015 жылғы 31 желтоқсанға немесе қайсысы кешірек болатынына байланысты АҚШ-тың осы Есеп беретін шоты алғаш анықталғаннан кейін 90 күннен соң ШШСБЗ бойынша ФСҚ-ның тіркеу веб-сайтында қолданыстағы тіркеу талаптарына сәйкес Қаржы ұйымын тіркейді;
      d) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы ұйымының атынан кешенді тексеру, салықты ұстау, есептілік бойынша барлық талаптарды, сондай-ақ Қаржы ұйымы, егер Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы болса, орындауға тиіс басқа да талаптарды орындауды өз міндетіне алады;
      e) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы ұйымын және Қаржы ұйымының (ШШСБЗ бойынша ФСҚ тіркеу веб-сайтында қолданыстағы талаптарды орындағаннан кейін алынған) сәйкестендіру нөмірін Қаржы ұйымының атынан жасалған барлық есептілікте көрсетеді; және
      f) демеушілік көрсететін ұйым өзінің демеуші мәртебесін кері қайтарып алмайды.
      С. Демеушілік көрсетілетін инвестициялардың жабық қоры. Мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы:
      1. Қаржы ұйымы Инвестициялық ұйым болып табылатыны және АҚШ Қаржы министрлігінің тиісті Қағидаларына сәйкес шетелдік әріптестік арқылы салықтарды ұстауды жүзеге асыратын немесе шетелдік траст арқылы салықтарды ұстауды жүзеге асыратын білікті делдал болып табылмауы себебінен ғана Қаржы ұйымы болып табылады;
      2. Демеушілік көрсететін ұйым АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымы, 1-модель бойынша ШҚҰ-ның Есеп беретін немесе ШҚҰ-ның ынтымақтасатын ұйымы болып табылады, Қаржы ұйымының атынан (кәсіби менеджер, сенімгерлік басқарушы немесе басқарушы әріптес ретінде) әрекет етуге уәкілетті және Қаржы ұйымының атынан кешенді тексеру, салықты ұстау, есептілік бойынша барлық талаптарды, сондай-ақ Қаржы ұйымы, егер ол Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы болса, орындауға тиіс басқа да талаптарды орындауға келіседі;
      3. Қаржы ұйымы байланысты емес тараптарға қатысты инвестициялық құрылым ретінде әрекет етпейді;
      4. Қаржы ұйымына борыштық қатысудың барлық үлестері және барлық үлестік қатысу (Ынтымақтасатын ШҚҰ және ШШСБЗ талаптарын сақтаушылар деп танылған ШҚҰ-ға тиесілі борыштық қатысу үлестерін және егер осы Ұйымға Қаржы ұйымындағы үлестік қатысудың 100 пайызы тиесілі және ол өзі осы В тармағында көрсетілген, демеушілік көрсетілетін Қаржы ұйымы болып табылатын Ұйымға тиесілі үлестік қатысудың үлестерін есепке алмағанда) жиырма немесе одан аз жеке тұлғаларға тиесілі; және
      5. Демеушілік көрсететін ұйым мынадай талаптарға сай келеді:
      a) демеушілік көрсететін ұйым ШШСБЗ бойынша ФСҚ тіркеу веб-сайтында ФСҚ-да демеушілік көрсететін ұйым ретінде тіркелген;
      b) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы ұйымының атынан кешенді тексеру, салықты ұстау, есептілік бойынша барлық талаптарды, сондай-ақ Қаржы ұйымы, егер ол Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы болса, орындауға тиіс басқа да талаптарды орындауға келіседі және Қаржы ұйымына қатысты алты жылдың ішінде жинақталған құжаттаманы сақтайды;
      c) демеушілік көрсететін ұйым Қаржы ұйымын Қаржы ұйымының атынан жасалған барлық есептілікте көрсетеді; және
      d) демеушілік көрсететін ұйым өзінің демеуші мәртебесін кері қайтарып алмайды.
      D. Инвестициялық консультанттар және инвестициялық менеджерлер. Қазақстан Республикасында құрылған, Қатыспайтын қаржы ұйымынан басқа, Қаржы ұйымындағы клиенттің атынан орналастырылған қаражатты инвестициялау, басқару немесе билік ету мақсатында (1) клиент үшін және оның атынан инвестициялық консультация беру қызметтерін көрсетуі немесе (2) клиент үшін және оның атынан портфельді басқару бойынша қызметтерді көрсетуі себебінен ғана Қаржы ұйымы болып табылатын Инвестициялық ұйым.
      E. Ұжымдық инвестициялар құрылымы. Қазақстан Республикасында құрылған, ұжымдық инвестициялар құрылымына қатысудың барлық үлестері (50,000 АҚШ долларынан асатын борыштық қатысу үлестерін қоса алғанда) салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған бір немесе бірнеше пайда алушы, осы I қосымшаның VI бөлімінің В(4) тармақшасында сипатталған белсенді ШҚЕҰ, АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары болып табылмайтын АҚШ тұлғалары немесе Қатыспайтын қаржы ұйымдары болып табылмайтын Қаржы ұйымдары арқылы орналастырылған немесе олардың атында тұрған жағдайда, ұжымдық инвестициялар құрылымы ретінде басқарылатын инвестициялық ұйым.
      F. Арнайы қағидалар. Инвестициялық ұйымға мынадай қағидалар қолданылады:
      1. Осы бөлімнің Е тармағында сипатталған ұжымдық инвестициялар құрылымы болып табылатын Инвестициялық ұйымға үлестік қатысуға қатысты Инвестициялық ұйымның (ұжымдық инвестициялар құрылымында қатысу үлестері есептелетін Қаржы ұйымынан басқа) есептілігі бойынша міндеттемелер орындалған болып есептелуге тиіс.
      2. Мыналарға:
      a) қатысудың барлық үлестері (50,000 АҚШ долларынан асатын борыштық қатысу үлестерін қоса алғанда) салықты мәжбүрлеп ұстаудан босатылған бір немесе бірнеше пайда алушы, осы I қосымшаның VI бөлімінің В(4) тармақшасында сипатталған белсенді ШҚЕҰ, АҚШ-тың Белгілі бір тұлғалары болып табылмайтын АҚШ тұлғалары немесе Қатыспайтын қаржы ұйымы болып табылмайтын Қаржы ұйымы арқылы орналастырылған немесе олардың атында тұрған, ұжымдық Инвестициялар құрылымы ретінде басқарылатын, Әріптестік юрисдикцияда құрылған Инвестициялық ұйымға; немесе
      b) АҚШ Қаржы министрлігінің Қағидаларына сәйкес білікті ұжымдық инвестициялар құрылымы болып табылатын инвестициялық ұйымға қатысу үлестеріне қатысты;
      Қазақстан Республикасының Қаржы ұйымы болып табылатын (ұжымдық инвестициялар құрылымындағы қатысу үлестері есептелетін Қаржы Ұйымынан басқа) Инвестициялық ұйымның есептілік ұсыну бойынша міндеттемелері орындалған болып есептелуге тиіс.
      3. Осы бөлімнің Е тармағында немесе F (2) тармақшасында сипатталмаған, Қазақстан Республикасында құрылған Инвестициялық ұйымға қатысу үлесіне қатысты Келісімнің 5-бабының 3-тармағына сәйкес барлық басқа Инвестициялық ұйымдардың есептілігі бойынша міндеттемелер, егер бірінші атап көрсетілген Инвестициялық ұйым ұсынуға тиіс ақпаратты Келісім бойынша көрсетілген қатысу үлестеріне қатысты осы Инвестициялық ұйым немесе басқа тұлға ұсынған болса, орындалған болып есептелуге тиіс.
      4. [Қазақстан Республикасында құрылған, Ұжымдық инвестициялар қоры ретінде басқарылатын Инвестициялық ұйым осы бөлімнің Е тармағына немесе F (2) тармақшасына сәйкес немесе өзге де негіздер бойынша, Ұжымдық инвестициялар қорының ұсынушыға арналған нақты акциялар шығаруына байланысты ғана мынадай:
      a) Ұжымдық инвестициялар қоры 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін ұсынушыға арналған нақты акцияларды шығармаған және шығармайтын;
      b) Ұжымдық инвестициялар қоры оларды сатып алу кезінде барлық ұқсас акцияларды өтейтін;
      c) Ұжымдық инвестициялар қоры (немесе Қазақстан Республикасының Есеп беретін қаржы ұйымы) I қосымшада көрсетілген кешенді тексеру бойынша рәсімдерді орындайтын және есептілікке мұндай акциялар өтеу үшін немесе өзге де төлемдер үшін ұсынылған кезде осы акцияларға қатысты барлық қажетті ақпаратты енгізетін және
      d) Ұжымдық инвестициялар қорының акциялардың тез өтелуін немесе оларды алуды қамтамасыз ететін қолданыстағы саясаты және рәсімдері болатын жағдайларда, «ШШСБЗ талаптарын сақтаушы деп танылған ШҚҰ» санатына жататын болып қала береді; кез келген жағдайда - 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін, 1, 20171.]
      V. Қаржы шоттарына жатпайтын шоттар. Мына шоттар Қаржы шоттары анықтамасынан алып тасталған және тиісінше АҚШ-тың Есеп беретін шоттары болып есептелмеуге тиіс.
      А. Белгілі бір жинақ шоттары.
      1. Зейнетақы шоттары. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптарға сай келетін, Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін Зейнетақы шоты:
      a) шот жеке зейнетақы шоты немесе зейнетақы жәрдемақыларын (мүгедектігі бойынша жәрдемақыны немесе қайтыс болуға байланысты жәрдемақыны қоса алғанда) төлеу үшін тіркелген немесе реттелетін зейнетақы қорындағы шот ретінде қағидалардың қолданысына жатады;
      b) шотқа салық салудың жеңілдікті режимі қолданылады (яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жағдайда салық салынуы мүмкін шотқа салынатын жарналардың сомасы шегеріледі немесе шотты ұстаушының жалпы кірісінен алып тасталады немесе төмендетілген салық мөлшерлемесі бойынша салық салынады немесе шот бойынша инвестициялық кіріске салық салу кейінге қалдырылады немесе көрсетілген шоттың сомасына төмендетілген мөлшерлеме бойынша салық салынады);
      c) осы шот бойынша Қазақстан Республикасындағы салық органдары үшін жылдық ақпараттық есептілік талап етіледі;
      d) көрсетілген зейнетақы жасына жеткен жағдайда, мүгедектігі кезінде және қайтыс болған жағдайда шоттан қаражат алынуы мүмкін немесе осындай көрсетілген оқиғалар басталғанға дейін шоттан төлемдер немесе қаражатты алғаны үшін айыппұл салынады, және
      e) не (і) жылдық жарналар 50,000 АҚШ долларымен немесе одан аз сомамен шектеледі не (іі) I қосымшада көрсетілген, шоттарды біріктіру және басқа валютадағы шоттардың сомаларын қайта есептеу жөніндегі қағидаларды қолдану кезіндегі әрбір жағдайда өмір сүру мерзімі ішінде 1 000,000 АҚШ доллары мөлшерінде немесе одан аз салым бойынша ең көп лимит бар.
      2. Зейнетақылық емес жинақ шоттары. Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін (Сақтандыру шартынан немесе Аннуитет шартынан басқа) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптарға сай келетін шот.
      а) шот зейнетақы шоттарынан ерекшелеу мақсатында жинақ құрылымдары жөніндегі қағидалардың қолданысаясына түседі;
      b) шотқа салық салудың жеңілдікті режимі қолданылады (яғни, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жағдайда салық салынуы мүмкін шотқа салынатын жарналардың сомасы шегеріледі немесе шотты ұстаушының жалпы кірісінен алып тасталады немесе төмендетілген салық мөлшерлемесі бойынша салық салынады немесе шот бойынша инвестициялық кіріске салық салу кейінге қалдырылады немесе көрсетілген шоттың сомасына төмендетілген мөлшерлеме бойынша салық салынады);
      c) шоттан қаражат алу жинақ шотының мақсаттарына жататын белгілі бір өлшемшарттарды (мысалы, білім алуға немесе медициналық қызмет көрсетуге жәрдемақылар беру) сақтауға негізделген немесе егер шоттан қаражат көрсетілген өлшемшарттар сақталғанға дейін алынған болса, шотқа айыппұл санкциялары қолданылады; және
      d) жылдық жарналар I қосымшада көрсетілген шоттарды біріктіру және басқа валютадағы шоттардың сомаларын қайта есептеу жөніндегі қағидаларды қолдану кезіндегі әрбір жағдайда 50,000 АҚШ долларымен немесе одан аз сомамен шектеледі.
      B. Өмірді сақтандыру шарттарының белгілі бір талаптары. Шарт мынадай:
      1. Уақыт өткен сайын азаймайтын мерзімдік сыйлықақылар, шарттың қолданыс мерзімінің ішінде немесе сақтандырылған адам 90 жасқа толғанға дейін, қай кезеңнің қысқа болуына байланысты, ең аз дегенде жылына бір рет төленетін;
      2. Шарттың шартты бұзбай кез келген адам алуы мүмкін (қаражатты алу, қарыз алу немесе өзге тәсіл арқылы) сатып алу құны болмайтын;
      3. Шартты жойғаннан кейін немесе бұзғаннан кейін төленетін сома (қайтыс болуына байланысты жәрдемақыдан басқа) қайтыс болуына немесе сырқаттануына байланысты төленетін соманы және шарттың қолданылу кезеңі немесе кезеңдеріндегі шығыстар сомаларын (нақты алынатын немесе алынбаған), сондай-ақ шартты бұзғанға немесе жойғанға дейін төленген сомаларды шегергенде, сақтандыру шарты бойынша төленген сыйлықақыларуың жалпы сомасынан аспайтын; және
      4. Полис өтеулі негізде құқықтық мирасқорға тиесілі емес деген талаптарға сай келген жағдайда, сақтандырылған адам 90 жасқа толғанға дейін аяқталатын сақтандыру мерзімі бар, Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін өмірді сақтандыру шарттары.
      C. Мүлікті басқаруға арналған шот. Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін, егер осы шот бойынша құжаттамада қайтыс болған адамның өсиетінің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы куәлік қамтылса, мүлікті басқаруға арналған шот.
      D. Эскроу шоттар. Төменде жазылғанға байланысты ашылған Қазақстан Республикасында қызмет көрсетілетін шот:
      1. Өкім немесе соттың шешімі.
      2. Шот мынадай:
      a) шот алдын ала төлеу, ақшалай кепілақы, мәмілеге тікелей байланысты міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті сомадағы депозит сомаларынан немесе осыған ұқсас төлем сомаларынан ғана қаржыландырылады немесе меншікті сатуға, айырбастауға немесе жалға беруге байланысты шотқа енгізілген қаржылық активтің көмегімен қаржыландырылады;
      b) шот сатып алушының меншікті сатып алу құнын төлеу бойынша, сатушының шартты міндеттемелерін төлеу бойынша, жалға алушының немесе жалға берушінің жалға беру шартына сәйкес меншікті жалға беруге байланысты залалды төлеу бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында ғана ашылған және пайдаланылады;
      c) ол бойынша тапқан кірісті қоса алғанда, шот бойынша активтер мүлікті өткізген, айырбастаған немесе иеліктен шығарған жағдайда немесе жалға беру шарты бұзылған кезде сатып алушының, сатушының, жалға алушының немесе жалға берушінің (осындай тұлға міндеттемелерінің төлемақысын қоса алғанда) мүдделеріне орай төленетін болады немесе өзге де жолмен бөлінеді;
      d) шот маржиналды немесе Қаржы активін сатуға немесе айырбастауға байланысты ашылған ұқсас шот болып табылмайды; және
      e) шот кредиттік карта шотымен байланысты емес деген талаптарға сай келген жағдайда, жылжымайтын немесе жеке мүлікті сату, айырбастау немесе жалға беру.
      3. Жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген қарызға қызмет көрсететін Қаржы ұйымының кейінгі кезеңдерде жылжымайтын мүлікке қатысты салықтарды төлеуге немесе сақтандыру шарттарын төлеуге ғана арналған төлемдерінің бір бөлігін кейінге қалдыру бойынша міндеттемесі.
      4. Қаржы ұйымының осы шотты кейінгі кезеңдердегі салықтарды төлеу үшін ғана пайдалану міндеттемесі.
      E. Әріптестік юрисдикция шоттары. Қазақстан Республикасында ашылған және осындай шотқа қатысты, егер осы шот осы Әріптестік юрисдикциядағы Әріптестік юрисдикцияның Қаржы ұйымында қалай ашылған болса, Әріптестік юрисдикция заңнамасына сәйкес сондай талаптар мен бақылау белгіленген жағдайда, ШШСБЗ бойынша міндеттемелерді іске асыру мақсатында Құрама Штаттар мен басқа да Әріптестік юрисдикция арасындағы келісім бойынша Қаржы шотының анықтамасынан алып тасталған шот.
      VI. Анықтамалар. Мынадай қосымша анықтамалар жоғарыда көрсетілген терминдерді сипаттау үшін пайдаланылуға тиіс:
      А. 1-модель бойынша Есеп беретін ШҚҰ. 1-модель бойынша Есеп беретін ШҚҰ термині оған қатысты шетелдік (америкалық емес) үкімет немесе оның үкіметтік органы Үкіметаралық келісімнің 1-моделіне сәйкес Қатыспайтын қаржы ұйымы деп есептелетін Қаржы ұйымынан басқа, Үкіметаралық келісімнің 1-моделіне сәйкес ақпарат алуға немесе ақпарат алмасуға келіскен Қаржы ұйымын білдіреді. Осы анықтаманың мақсатында «1-модель бойынша Үкіметаралық келісім» термині Қаржы ұйымының осы америкалық емес үкіметке немесе оның үкіметтік органына есепте қамтылатын, кейіннен есептілікте осы ақпаратты автоматты түрде алмаса отырып, ФСҚ-дан есептілік ұсыну арқылы ШШСБЗ бойынша талаптарды іске асыру мақсатында Құрама Штаттар немесе Қазынашылық департаменті және америкалық емес үкімет немесе оның бір немесе бірнеше үкіметтік органдары арасындағы келісімді білдіреді.
      В. Қатысатын ШҚҰ. «Қатысатын ШҚҰ» термині ШҚҰ-мен Келісімнің талаптарын орындауға келіскен, Үкіметаралық Келісімнің 2-моделінде сипатталған Қаржы ұйымын қоса алғанда, ШҚҰ-мен Келісімнің талаптарын орындауға келіскен Қаржы ұйымын білдіреді. «Қатысатын ШҚҰ» термині, егер осы филиал 1-модельдің Есеп беретін ШҚҰ болып табылмаса, АҚШ-тың Есеп беретін қаржы ұйымының білікті делдалының филиалын да қамтиды. Осы анықтаманың мақсаттары үшін «ШҚҰ-мен келісім» термині Қаржы ұйымын АҚШ Салық кодексінің 1471 (b) бөлімінің талаптарына сәйкес келеді деп тану үшін оған арналған талаптарды белгілейтін келісімді білдіреді. Осы анықтаманың мақсаты үшін қосымша «Үкіметаралық келісімнің 2-моделі» термині Қаржы ұйымының ШҚҰ-мен Келісімге сәйкес тікелей ФСҚ-ға осындай америкалық емес үкіметтің немесе оның үкіметтік органының және ФСҚ-ның арасында ақпарат алмасумен толықтырылған есептілікті ұсыну арқылы ШШСБЗ бойынша талаптарды іске асыру үшін Құрама Штаттар немесе Қазынашылық департаменті және америкалық емес үкімет немесе оның бір немесе бірнеше үкіметтік органы арасындағы келісімді білдіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады