Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 621 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік
қорғау жөніндегі консультативтік кеңесін құру туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту мәселелеріндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін ұғына отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің 2009 жылғы 9 қазандағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ереженің талаптарын ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты жұмыспен қамту жөніндегі консультативтік кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру және атауын өзгерту қажеттілігіне байланысты,
2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының одан әрі даму тұжырымдамасының 4.5-тармағын іске асыру мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Келісімнің атауындағы «көші-қон» деген сөз «жұмыспен қамту» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Кіріспедегі «көші-қонның» деген сөз «еңбек нарығының» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрамына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбек нарығын, еңбек қатынастарын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды реттеу мәселелерінен хабардар тиісті мемлекеттік билік органдарының басшылары кіретін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
Кеңес өз қызметін Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес редакциядағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесі туралы ережеге (қоса беріледі) сәйкес жүзеге асырады».
4. 2-баптың үшінші абзацындағы «көші-қонмен» деген сөз «еңбек нарығымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 3-баптың бірінші және үшінші абзацтары алып тасталсын.
2-бап
Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийдің алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
3-бап
Осы хаттама күшіне енгенінен кейін Келісімге қатысушы кез келген мемлекеттің депозитарийге қосылу туралы құжатты беру жолымен қосылуы үшін ашық. Қосылушы мемлекет үшін Хаттама депозитарийдің қосылу туралы құжатты алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2016 жылғы «__» __________ _____________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Армения Республикасының Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасының Молдова Республикасының |
Ресей Федерациясының Тәжікстан Республикасының Түрікменстан Өзбекстан Республикасының Украина |
Жоба
1992 жылғы 13 қарашадағы
Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы
мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік
қорғау жөніндегі консультативтік
кеңесін құру туралы келісімге
қосымша
2016 жылғы «__»_ӨӨӨ_____ редакцияда
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
консультативтік кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі – ТМД) салалық ынтымақтастық органы болып табылады.
Кеңес өз қызметінде ТМД-ның Жарғысын, ТМД шеңберінде жасалған халықаралық шарттарды, ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Экономикалық кеңесінің шешімдерін, 2009 жылғы 9 қазандағы ТМД-ның Салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
Кеңес өз қызметін ТМД-ның Атқарушы комитетімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Кеңес өз қызметінде ТМД-ның Үкімет басшылары кеңесіне есеп береді.
Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпарат береді.
2. Кеңестің міндеттері
Кеңестің негізгі міндеттері:
еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, еңбекті қорғау, еңбек нарығы, жұмыспен қамту, халықты, оның ішінде радиация әсерінен зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
ынтымақтастықтың аталған бағыттарын іске асыру бойынша шаралар әзірлеу;
Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ТМД-ның басқа салалық ынтымақтастық органдарымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
3. Кеңестің функциялары
3.1. Кеңестің негізгі функциялары:
көпжақты халықаралық шарттардың, кешенді бағдарламалар мен Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге және қарауға қатысу;
әлеуметтік-еңбек саласындағы модельді заңдар мен ұсынымдардың жобаларын әзірлеуге қатысу және ортақ еңбек нарығын құруға, жұмыспен қамтуға, еңбекті қорғауға және халықты әлеуметтік қорғауға байланысты мәселелерді қарау;
радиация әсерінен зардап шеккен адамдардың мәртебесін айқындау бойынша қағидаттар мен өлшемшарттарды негіздеу мен әзірлеуге қатысу;
радиация әсерінен зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін оңалтудың және денсаулығын қорғаудың әдістемелік тәсілдерін, ұсынымдарын және өзара келісілген әлеуметтік стандарттары мен базалық деңгейлерін әзірлеуге қатысу;
1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттер арасында әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру;
еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдесу болып табылады.
3.2. Кеңеске ТМД-ның Үкімет басшылары кеңесі айқындайтын басқа да міндеттер мен функциялар жүктелуі мүмкін.
4. Кеңестің құқықтары
Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Кеңес:
ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдауға;
құжаттардың жобаларын әзірлеуге және оларды белгіленген тәртіппен ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің қарауына енгізуге;
қажетті жағдайларда құжаттардың жобаларын дайындау және қарау үшін жұмыс топтарын құруға құқылы.
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5.1. Кеңес Келісімге қатысушы мемлекеттердің Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелермен айналысатын министрліктерінің (ведомстволарының) басшыларынан қалыптастырылады. Келісімге қатысушы әр мемлекет Кеңесте бір дауысқа ие.
Кеңес беру құқығына ие Кеңес хатшылығының басшысы және ТМД Атқарушы комитетінің өкілі Кеңес құрамына кіреді.
5.2. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшелерін алмастыратын адамдарды жіберген жағдайда, олардың өкілеттіктері Кеңес хатшылығын кезекті отырыс басталғанға дейін алдын ала хабардар ету жолымен расталуға тиіс.
Кеңестің келісімімен оның отырыстарына ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделі министрліктерінің (ведомстволарының), мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Кеңес мүшелері сарапшыларды Кеңестің отырыстарына қатысуға тарта алады.
5.3. Кеңес мүшелері бірдей құқықтарға ие, Кеңес қызметі және Кеңес шеңберіндегі жұмыс топтарының қызметі туралы қажетті ақпаратты алады, сондай-ақ Кеңестің құзыреті шегінде мәселелерді талқылауға енгізе алады.
5.4. Кеңес хатшылығының функциялары осы Ережеде айқындалады және басшысы Кеңесте төрағалық ететін Келісімге қатысушы мемлекеттің мемлекеттік билік органына және ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.
Кеңес хатшылығының басшысы Кеңесте төрағалық ететін Келісімге қатысушы мемлекеттің мемлекеттік билік органының өкілі, хатшылық басшысының орынбасары ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады.
Кеңес қабылдаған құжаттардың депозитарийі ТМД-ның Атқарушы комитеті болып табылады.
5.5. Кеңес өз отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей, Келісімге қатысушы мемлекеттерде кезек бойынша өткізеді. Кеңестің алдыңғы отырысында кезекті отырыстың өткізілу орны айқындалады (әдетте, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен).
5.6. Кеңес отырыстары оларға Келісімге қатысушы мемлекеттердің дауыс беру құқығына ие өкілдерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
5.7. Кеңестегі төрағалықты Келісімге қатысушы әрбір мемлекет атынан оның өкілі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен, әдетте, бір жыл бойы жүзеге асырады. Кеңестің алдыңғы және келесі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады. Кеңес төрағасының уақытша болмауы жағдайында оның міндеттері тең төрағалардың біреуіне жүктеледі.
5.8. Кеңестің кез келген мүшесінің ұсынысы бойынша, егер Кеңестің барлық мүшелерімен консультациядан кейін ол үшін Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берсе, Кеңестің кезектен тыс отырысы шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда отырыс өкілі Кеңес мүшесі – отырысты шақыру бастамашысы болып табылатын мемлекеттің аумағында өткізіледі.
5.9. Кеңестің шешімдері дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Шешіммен келіспеген Кеңес мүшелері отырыстың хаттамасында көрсетілетін және оған қоса берілетін ерекше пікір білдіре алады.
5.10. Келісімге қатысушы кез келген мемлекет талқыланатын мәселеде өзінің мүдделі еместігі туралы мәлімдей алады, бұл шешім қабылдау үшін бөгет ретінде қарастырылмауға тиіс.
5.11. Келісімге қатысушы қандайда бір мемлекеттің мүддесін тікелей қозғайтын Кеңестің шешімдері оған өкілдік ететін Кеңес мүшесі немесе уәкілетті өкілі болмағанда қабылданбайды.
5.12. Кеңестің отырыстары, Кеңес өзге шешім қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, ашық түрде өтеді.
5.13. Кеңес хатшылығы:
Кеңес қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Кеңес отырыстарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Кеңес отырысының хаттамасын жазады;
келіп түсетін материалдарды жалпылайды және олардың жолдануын ұйымдастырады;
Кеңес мүшелері арасында Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді;
өзінің функцияларын орындауға байланысты өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады.
5.14. Кеңестің отырыстарын өткізуді қаржыландыруға байланысты шығыстар Келісімге қатысушы қабылдаушы мемлекеттің тиісті мемлекеттік билік органының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Кеңестің мүшелерін және Кеңес отырыстарының қатысушыларын іссапарға жіберу шығыстарын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жіберуші мемлекеттік билік органдары және ұйымдары жүзеге асырады.
5.15. Кеңестің жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.