"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 634 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-ІI, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 8-II, 72-құжат):
      109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, жеңiл үлгiдегi құрылыстарды (сауда жасайтын шатырларды (павильондарды), киоскiлердi, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыруы үшiн уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер құрамынан, оның iшiнде сауда базарларын, ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) орналастыру үшін, Алматы қаласының ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актілерге сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана көшелерінің бойынан бөлінген белдеулерде орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) қоспағанда, жол (көше, өтпелi жолдар) жиегiнен учаскелер беруге жол берiлмейдi.».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 13-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 10, 87-құжат):
      1) 49-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшiн төлемақы;»;
      2) 50-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшiн төлемақы;»;
      3) 51-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін салық түсімдері болып табылады.»;
      4) 52-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы;».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат;
№ 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-І, 110-құжат;
№ 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-І, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 10, 87-құжат):
      1) 528-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «528-бап. Жалпы ережелер
      1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
      2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнама деп:
      1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда;
      2) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің аумағы шегіндегі республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатындарды қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын жарнама танылады.
      3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор беретiн паспорт негiзiнде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, ал облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы беретiн паспорт негiзiнде облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;
      2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде жүргізіледі.
      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.
      4. Тиiстi рұқсат беру құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.
      5. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей рұқсат беру құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.»;
      2) 529-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) мен заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;
      3) 530-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің (бұдан әрі – жарнама объектісі) бір жағының ауданы үш шаршы метрге дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарға тең болып белгіленеді:»;
      4) 531-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат беру құжатында белгiленген, бiрақ күнтiзбелiк бiр ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы мөлшерлемесі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып есептеледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлемақы сомасы рұқсат беру құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.».
      4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; № 8-II, 67-құжат):
      18-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сыртқы (көрнекі) жарнамасын орналастыру;».
      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1,2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9,46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III,
149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар); № 10, 87-құжат):
      1) 193-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны сату кезінде тауар бағасын ұлттық валютада көрсетпеу –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 428-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «428-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнамаға қойылатын талаптарды бұзу
      1) Тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасын қоғамдық көлікте, тағайындалуына, пайдаланылуы мен босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда тарату және орналастыру, жарнамада тағамға биологиялық активті қоспаларды бірегей, барынша тиімді және қауіпсіз етіп таныстыру, сондай-ақ жарнамаланатын тағамға биологиялық активті қоспалардың емдеуде тиімділігі кепілдендірілген болып табылатынына және қолдануы жағымсыз әсерлер туғызбайтынына болжам туғызу –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2) Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын таратуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 455-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «455-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнамаға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамаларын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану –
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын:
      1) жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, және жасырын жарнамалар;
      2) ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамалар;
      3) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанындағы жарнамалар;
      4) ресми хабарламаларды, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және дiни телебағдарламалар трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлу;
      5) сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетуде фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберу;
      6) тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру;
      7) өзінің жобалау құжаттамасына және мемлекеттік құрылыс нормалары мен қағидаларында көзделген тұрғын үй ғимараттарының сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан, сондай-ақ алғаш пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын үй ғимаратын) жарнамалары түрінде жасалған бұзушылық
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнаманы тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, үшінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау –
      жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – бір жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 692-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 455 (бірінші, екінші бөліктің 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
      5) 700-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428 (екінші бөлігінде), 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.»;
      6) 729-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші бөлігінің 1), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларда және үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».
      6. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.»;
      2) 4-3-баптың 13-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-2) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оның есеп айырысу әдістемесін бекітеді;»;
      3) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:
      «3-4. Тауарларды (жұмыстарды және қызметтерді) өткізу туралы бағаны (тарифтерді, бағалауды, мөлшермелерді) ұлттық валютада емес көрсететін ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.».
      7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13,
115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар, № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат, № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47-құжат; № 7-I, 49-құжат; № 8-II, 72-құжат;):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары елді мекендердегі ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын жарнама саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.»;
      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «33-1) жарнама саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік қағидалар негізінде әзірленген сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендерде орналастыру қағидаларын әзірлеп, оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады;».
      8. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат, № 22-VІ, 159-құжат):
      1) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға:
      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде – Ұлттық оператор;
      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде – облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн паспорт болған жағдайда жол берiледi.»;
      2) 30-баптың 4-1) және 4-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт беру;
      4-2) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алу және мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және нысандарда осындай төлемақы төлеушілер және салық салынатын объекті туралы мәліметтер ұсыну;».
      9. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 г., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 г., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат, № 7-ІІ, 53-құжат, № 8-II, 70-құжат):
      1) 3-бапта:
      1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) дараландыру құралы – азаматтық айналым тауарларын (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), қатысушыларды (фирмалық атауларын, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және басқаларды) айыруға арналған белгі;
      1-2) жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
      1-3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – әртүрлі көлемді немесе тегістікті құрылыстар, жылжымалы немесе жылжымайтын жарнамалық- ақпараттық объектілер, конструкциялар және оларда жарнама бейнесі мен жарнамалық ақпаратты салуға, орналастыруға немесе бейнелеуге арналған өзге де құралдар, оның ішінде электрондық және бейнесуреттерді көрсетуге арналған экрандар мен электрондық таблолар;»;
      мынадай мазмұндағы 1-4), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-4) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі ашық кеңістікте көруге болатын жарнама;»;
      «4-1) жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар – жарнама қызметі жүзеге асырылатын жеке салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
      4-2) жарнама саласындағы уәкілетті орган – жарнама саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;»;
      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және олар нақты орналасқан уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың атауы және қызмет түрі туралы ақпарат;»;
      2) 6-бапта:
      2-1-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін (көрсетілетін) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасы, оның құны көрсетіле отырып, ұлттық валютада жүзеге асырылады.»;
      3) 8-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші жақтың жарнамасын қамтымайтын теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), сондай-ақ теле-, радиоарна дайындайтын және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды қоспағанда, тәулік ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналыстырылатын әлеуметтік жарнама бір ай ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің кемінде бір пайызын құрауға тиіс.
      Міндетті теле-, радиоарналарда орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағаттық уақыт аралығында жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізден бастап есептелетін, міндетті түрде екі рет шығатын ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығында таратылады.
      Әлеуметтік жарнама Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде, оның күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыты бойы біркелкі таратылады.
      Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.»;
      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама
      Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнаманы, оның тақырыбын дербес айқындайды.
      Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.
      Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.»;
      4) 11-бапта:
      1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың
2–7-тармақтарында көзделген тәртіппен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жарнама бейнелерін және/немесе жарнамалық ақпаратты салу, орналастыру немесе бейнелеу арқылы жүзеге асырылады.
      1-1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
      1) маңдайша;
      2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
      3) мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын сауық іс-шаралардың репертуары бар арнайы бөлінген жерлерде орналастырылған афишалар;
      4) қызмет көрсетудің техникалық құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;
      5) автожанармай құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атауы мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло;
      6) қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд;
      7) жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:
      тауарлық өнімнің үлгілері;
      дараландыру құралдары;
      декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру жатпайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға:
      1) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор беретiн паспорт;
      2) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастыру кезiнде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың жергiлiктi атқарушы органы беретiн паспорт;
      3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастыру кезiнде – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн паспорт;
      4) елді мекендердің ашық кеңістігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген рұқсат беру құжаттары бес жылғы мерзімге беріледі, иеліктен шығарылатын болып табылады.
      Елді мекендердің ашық кеңістігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары елді мекендердің ашық кеңістігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттарына бекітуге береді.
      Елді мекендердің ашық кеңістігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың үлгілік қағидаларын жарнама саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы есептеледі және төленеді.»;
      5) 17-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi жарнама саласындағы уәкілетті орган, жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыреттері шегiнде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Өзге де нысандағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы кезінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактілері фото немесе бейнетіркеу жасала отырып, байқау арқылы жүзеге асырылады.»;
      6) 17-1 және 17-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-1-бап. Жарнама саласындағы уәкiлеттi органның және жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
      1. Жарнама саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) жарнама саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) жарнама қызметі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін, оның ішінде жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолдануы үшін оларды тарта отырып қарайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      2. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
      1) жарнама қызметі жүзеге асырылатын тиісті салада басшылық етеді;
      2) жарнама қызметі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      3) жарнама саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
      5) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылық шараларын қолданады;
      6) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат құжаттарды береді;
      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
      3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға тыйым салынады.».
      10. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19- II,
96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 10, 87-құжат):
      9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауардың бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талабымен оны өткізу кезінде ұлттық валютада айқындалады және белгіленеді.».
      11. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат):
      1) 8-баптың 3) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «жарнама саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалардың негізінде елді мекендердегі ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын;»;
      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-1) жарнама саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын әзірлеп, оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады.».
      12. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат):
      1) 24-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сатушы (дайындаушы) тауардың құнын сауда объектісінің ішкі және сыртқы сөрелерінде баға қойылған жапсырмасымен ресімделген ұлттық валютада көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
      Дайындаушы (орындаушы) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын ұлттық валютада жазбаша түрде көрсетуге міндетті.»;
      2) 25-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) ұлттық валютадағы бағасын және оны сатып алу шартын;».
      13. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) теле-, радиоарналардың өз ақпараты (анонс) – үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпарат (анонс), сондай-ақ теле-, радиоарналар дайындаған және өткізген іс-шаралар туралы хабарландырулар;»;
      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 12-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-3) әлеуметтік жарнаманы жасау және міндетті теле-, радиоарналарда орналастыру қағидаларын бекітеді;»;
      3) 11-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде, сондай-ақ әлеуметтік жарнаманы жасау және міндетті теле-, радиоарналарда орналастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;»;
      4) 34-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялаған кезде әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты, тікелей эфирде немесе оның қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы тарату рұқсат етіледі.».
      14. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат, № 10, 87-құжат):
      2-қосымшада:
      1) 165 және 166-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

165.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының айыру жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға құжат беру

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының айыру жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт

Иеліктен шығарылатын, қолданыс мерзімі 5 жыл

166.

Елді мекендердегі ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Елді мекендердегі ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат

Иеліктен шығарылатын, қолданыс мерзімі 5 жыл

                                                                   »;
      2) 168-жол алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағында көзделген сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға берілген рұқсат құжаттары берілген күнінен бастап бес жыл бойы қолданысын сақтайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады