"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 639 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 596-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 17-1 және 17-2-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-2-1 және 21-2-2-жолдармен толықтырылсын:
      «

21-2-1

Пробация туралы

ІІМ

тамыз

қыркүйек

қазан

Б.Б. Бисенқұлов

21-2-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

тамыз

қыркүйек

қазан

Б.Б. Бисенқұлов

                                                               ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады