Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 643 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 5) тармақшасына сәйкес және Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық және Ақтөбе қалалық мәслихаттары мақұлдаған Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

      2. "Ақтөбе қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 350 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 643 қаулысымен
бекітілген

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)

      Ескерту. Бас жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.06.2024 № 461 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) аумақты ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына және облыстың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

      Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Экология кодекстерінің, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарының және қала құрылысын жобалау саласына жататын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.

      Бас жоспар (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес аумақтық перспективалық дамыту шекараларында жасалды.

      Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:

      бастапқы жыл – 2022 жылғы 1 қаңтар;

      бірінші кезек – 2030 жыл;

      есептік мерзім – 2050 жыл.

2-тарау. Бас жоспардың мақсаты

      Бас жоспарда Ақтөбе қаласының орнықты даму қағидаттары айқындалады және адамның қажеттіліктерін жан-жақты ескеретін әлеуметтік-экологиялық өлшемшарттарға негізделген негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

      Ақтөбе қаласының Бас жоспары Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістерді: қала шекараларының өзгеруін, мынадай екі әкімшілік ауданның құрылуын: № 1 аудан – "Астана", № 2 аудан – "Алматы"; қала шегіндегі ауылдардың тұрғын алаптарға айналуын ескере отырып әзірленді.

      Бас жоспар мыналарды:

      1) жобалық кезеңдер бойынша халық санының демографиялық болжамын;

      2) табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық параметрлерді ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, Ақтөбе қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттарын;

      3) осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлуді және пайдалануды шектеуді;

      4) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасын;

      5) басым түрде иеліктен шығарылатын және жер сатып алынатын аймақтарды, резервтік аумақтарды;

      6) аумақты табиғи және техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды;

      7) қалалық және сыртқы көлікті дамытудың негізгі бағыттарын, қаланың көше-жол желісін дамыту схемасы мен негізгі параметрлерін, жол жүрісін ұйымдастыру схемасын;

      8) Ақтөбе қаласының орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды айқындайды.

      Бас жоспар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін – инженерлік және көліктік инфрақұрылымды, аумақтарды инженерлік даярлауды дамытудың салалық схемаларын; тұрғын үй, өндірістік және рекреациялық аймақтарды реконструкциялауды, реновациялауды және дамытуды әзірлеу және іске асыру; қоғамдық, іскерлік, этномәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін одан әрі дамыту, қала құрылысы жоспарларын, Ақтөбе қаласының әкімшілік аудандары мен басқа да аумақтық бірліктерінің аумақтарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, қаланың қала құрылысы тораптарын жоспарлау және салу жобаларын әзірлеу және іске асыру үшін негіз болып табылады.

      Бас жоспардың негізгі мақсаты жоспарлау құрылымының барлық элементтері өзара байланысты дамыған, өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтар ұтымды функционалдық аймақтарға бөлінген және орналастырылған жайлы және қауіпсіз тыныс-тіршілік ортасын құру болып табылады.

      Бас жоспарда шешімдері ұсынылған негізгі міндеттер:

      1) бесжылдыққа арналған қаланы дамытудың бекітілген жобаларының шешімдерін, елді мекендердің бас жоспарларын және нақты қалыптасқан құрылысымен Ақтөбе қаласының шекарасына кіретін тұрғын үй алаптарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын өзара байланыстыру;

      2) әуежайды Ақтөбе қаласының шегінен шығарудың ТЭН жобасы бойынша жаңа жобалық ұсыныстарды нұсқалық негізде әзірлеу;

      3) қолайлы лайықты өмір сүру ортасын, дамудың барлық негізгі бағыттары бойынша инженерлік және көлік инфрақұрылымның техникалық шешімдерін қамтамасыз ететін жобаланатын аумақты оңтайлы сәулеттік-жоспарлау және кеңістікте ұйымдастыру;

      4) Ақтөбе қаласы халқының өмір сүру жағдайын және мекендеу ортасын жақсарту;

      5) аумаққа тұрғын үйлерді, қызмет көрсету объектілерін және басқа да шағын бизнес объектілерін кешенді салуды жүзеге асыруға бағытталған қала құрылысы регламенттерімен ұтымды функционалдық аймақтарға бөлу;

      6) халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің барлық түрлерін дамыта отырып, қоғамдық орталықтардың қалалық жүйесін дамытуды жалғастыру;

      7) көгалдандырудың бірыңғай жүйесін: рекреациялық аймақтар, саябақтар, гүлзарлар, скверлер, санитариялық-қорғаныштық жасыл аймақтар құру;

      8) заманауи смарт-сити құру және оны дамыту, Ақтөбе қаласында инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру және жаңғырту;

      9) ластану көздерін мониторингтеу базасын құрып, қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларын сақтай отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      10) тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау;

      11) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау.

3-тарау. Қала туралы мәлімет

      Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Астана қаласынан 1678 км қашықтықта орналасқан. Ақтөбе қаласы аумағының ауданы 2,3 мың км2 құрайды. Қала шегінде Елек өзені мен оның бірнеше саласы ағып жатыр, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан.

      Қала Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігін Батыс Қазақстан өңірлерімен, Оралмен, Ресейдің еуропалық бөлігімен және Еуропа елдерімен байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль және теміржол көлік магистральдарында орналасқан.

      Ақтөбе қаласының және Ақтөбе агломерациясының аумағы арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі өтеді, ол өңір мен қаланың әлемдік нарықтарға шығуымен Ұлы Жібек жолының ежелгі жоларнасының жандануын, көрсетілетін қызметтердің қолайлы деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңірдің және тұтастай алғанда елдің экономикалық дамуына оң әсер ететін болады.

4-тарау. Табиғи-климатттық жағдайлар

      Жалпы климаты жазы ыстық, құрғақ және қысы қары аз, суық болып сипатталады. Ақтөбе қаласының климатына тән ерекшеліктер көктемгі кезеңнің қысқа болып, қыстың жазға өте жылдам өтуі, атмосфералық жауын-шашынның тұрақсыздығы мен тапшылығы, ауаның аса құрғақтығы, булану процестерінің қарқындылығы және көктем-жаз маусымында тікелей күн сәулесінің молдығы болып табылады. Жазда – құрғақ жел, қыста – боран жиі болады.

      Жазы ыстық, орташа есеппен 5 айға – мамырдың басынан қыркүйектің аяғына дейін созылады. Ең ыстық ай – шілде, шілдеде орташа температура – 22,3 ºС. Күндізгі уақытта ол 29,2 ºС жетеді, түнде 15,3 ºС дейін төмендейді. Кейбір жылдары абсолютті максимум 43ºС жетуі мүмкін.

      Қысы едәуір ұзақ – қарашадан сәуірдің басына дейін шамамен 5 ай, ауа райы тұрақты аязды, шуақты күндер саны аз болады, қатты жел жиі соғады. Ең төменгі температура қаңтар айында, орташа айлық мәні – 15,4 ºС. Түнде ауа температурасы – 20,0 ºС дейін төмендейді, абсолютті минимум 48 ºС жетеді.

      Климатының сипатты белгілерінің бірі – жыл бойы жел режимінің белсенді болуы. Желдің орташа жылдық жылдамдығы солтүстік-шығыста 3,3 м/секундтан және қалған аумақта 5,6 м/секундқа дейін өзгеріп тұрады.

      Ақтөбе қаласы Елек өзені жайылмасының және оның салаларының жазық бөлігінде орналасқан. Ақтөбе қаласы аумағының басым бөлігінде Елек, Сазды, Тамды, Қарғалы, Жіңішке өзендері арналарының жайылмаларына қарай көлбеу болатын жазық рельеф басым, бұл нөсер және қардың қарқынды еруі кезінде өзендердің жайылма бөліктеріндегі аумақты су басу сияқты процестердің орын алуына негіз болады.

5-тарау. Қаланың стратегиялық даму тұжырымдамасы

      Ақтөбе қаласының ұзақ мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қаланың барлық экономикасының мультипликативтік дамуына, оның ағымдағы және перспективалы өндірістік күштерінің сапалық және сандық дамуына, экономикалық тұрғыдан белсенді халықты толық және тиімді түрде жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, отбасылардың кірісін және халықтың жалпы әл-ауқатын ұлғайтуға ықпал ететін оның негізгі ресурстарын ұтымды және инновациялық тәсілмен пайдалануға мүмкіндік беретін бірнеше стратегиялық бағыттарды дамытуға негізделуге тиіс.

      Стратегияда Ақтөбе қаласы болашақта қандай қала болуға тиіс, оның бірегейлігі мен тартымдылығы неде болады, ол елдің және өңірдің басқа қалаларымен бәсекелестікте қандай орын алуы тиіс деген мақсат-пайымдар белгіленген.

      1-пайым: Ақтөбе қаласы – жоғары деңгейде өнделген өнім шығаратын, "жасыл" экономиканы дамытуға басымдық берілген, орнықты, ұтымды даму қағидаттарына негізделген, облыстың табиғи ресурстарын – көмірсутектерді, металдарды, минералдық шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің жоғары технологиялық өнеркәсіптік орталығы.

      2-пайым: Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы – Ұлы Жібек жолындағы Қазақстанның батыс қақпасы. Еуразия континентінің орталығындағы халықаралық және өңірлік көлік-логистикалық мультимодальды хаб.

      3-пайым: Ақтөбе қаласы – Батыс Қазақстандағы жетекші ғылыми-білім беру орталығы, студенттер қаласы.

      4-пайым: Ақтөбе қаласы – креативті экономика, қызмет көрсету саласының барлық салаларында стартаптар аясында жастар кәсіпкерлігінің барлық нысандарын дамыту және көтермелеу қағидаттарына негізделген заманауи және барабар қызмет көрсету саласы бар қала. Туризм кластері және медициналық туризмнің дамуымен медициналық кластер драйверлер бола алады.

6-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму

1-параграф. Демография

      Ақтөбе қаласының болашақ дамуының демографиялық болжамы халықтың қозғалысына әсер ететін көрсеткіштер мен факторлардың көпжылдық трендтерін: табиғи өсімді – туу, өлім-жітім және оларға әсер ететін факторларды: этникалық құрамды, жастық-жыныстық құрамды, отбасылық көрсеткіштерді және т.б.; көші-қон өсімін – көпжылдық серпінді, көші-қон географиясын, халықтың көші-қон шешімдерін қабылдауына әсер ететін факторларды, еңбек ресурстарын тарту/тұрақтамау орталығы ретінде қаланың әлеуметтік-экономикалық бәсекеге қабілеттілігін және т.б. талдауға негізделеді.

      Анықталған үрдістер мен заңдылықтар, сондай-ақ орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық пайымдары есептік мерзімге демографиялық болжам есептелген жоспарды айқындады.

      2022 жылғы 1 қаңтарға Ақтөбе қаласы халқының саны 523,7 мың адамды құрады, бірінші кезекке – 2030 жылы 636,9 мың адамды, есептік мерзімге – 950,0 мың адамды құрайды.

2-параграф. Жұмыспен қамту

      2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақтөбе қаласының еңбекке қабілетті жастағы халқы 361,3 мың адамды немесе халықтың жалпы санының 69 %-ын құрады, бұл ретте экономикалық тұрғыдан белсенді халық (жұмыс күші) 246,6 мың адамды құрады, экономикалық белсенділік деңгейі – 68,2 %. Жұмыс күшінің құрамында жұмыспен қамтылған халық саны 234,8 мың адамды құрады, ресми тіркелген жұмыссыз халық саны – 11,8 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі – 4,8 %.

      Ақтөбе қаласында халық санының 2030 жылға қарай 636,9 мың адамға дейін және 2050 жылға қарай 950 адамға дейін ұлғаюы қала билігінің алдында саны артып келе жатқан халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды мәселені қойып отыр. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешеннің стратегиялық салаларында, қызмет көрсету саласында жұмыс орындарын құру мәселелері бірінші кезекке шығады.

      Осы жұмыста– өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деңгейін есептік мерзімге қарай 6 %-ға дейін, жұмыссыздық деңгейін 4 %-ға дейін, жастар жұмыссыздығы деңгейін 15-24 жас тобы үшін 3,5 %-ға дейін және 15-28 жас тобы үшін 1,5 %-ға дейін төмендету нысаналы индикаторлар болып қабылданды.

3-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

      Бас жоспардың жобасында бірінші кезекке және есептік мерзімге Ақтөбе қаласының қажеттілігіне жүргізілген талдауды ескере отырып, әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үйлерді орналастыру бойынша шешімдер көзделген.

      Бас жоспарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалық бастамалар жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларына бағдарланған және халықтың түрлі сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

      Әлеуметтік саладағы негізгі бағыт әрбір адамның өмір сүруі, оның денсаулығы, білімі, еңбек қызметі және халықтың барлық топтарына арналған әлеуметтік әділеттілік үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      Ақтөбе қаласында тұрғын үй құрылысын дамытудың перспективалық бағыттары аумақтарды кешенді дамытуды қамтамасыз етуге және қала тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыруға негізделген. Ақтөбе қаласының сәулеттік келбеті оның индустриялық қала ретіндегі мәртебесіне сәйкес келуге тиіс.

      Жобада Бас жоспарда қабылданған құрылыс аймақтарына бөлуге сәйкес тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру ұсынылады.

      Кіші айналма автомобиль жолымен шектелген қала аумағында орташа қабатты және көпқабатты құрылыстар бар және ішінара азқабатты үйлер салынған. Үлкен Ақтөбе айналма автомобиль жолымен (бұдан әрі – ҮАААЖ) шектелген Ақтөбе қаласының аумағында орташа қабатты және азқабатты құрылыстар салу ұсынылады.

      ҮАААЖ-мен және Ақтөбе қаласының әкімшілік шекарасымен шектелген аумақта азқабатты меншікжайлы және бөліктелген құрылыс салу жоспарланып отыр.

      Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11592,9 мың м2 құрады, оның ішінде: көп пәтерлі үйлер – 7251,4 мың м2, жекеменшік үйлер – 4341,5 мың м2. 2022 жылдың басында тұрғын үймен қамтамасыз ету Ақтөбе қаласында тұратын бір адамға шаққанда орташа есеппен 22,14 м2 құрады.

      Жобаны іске асырудың бірінші кезегінде жалпы ауданы 3176,5 мың м2 жаңа құрылыс салу көзделеді. Жобаны іске асырудың есептік мерзіміне жалпы ауданы 9388,8 мың м2 жаңа құрылыс салу көзделеді. Қолданыстағы тұрғын үй қорының кемуі 248 мың м2 құрайды.

      Ақтөбе қаласының тұрғын үй қоры мынадай параметрлерде жоспарланған:

      бастапқы жыл: 11592,9 мың м²;

      бірінші кезек: 14521,5 мың м²;

      есептік мерзім: 23910,3 мың м².

4-параграф. Білім беру

      Жобалық кезеңдер бойынша Ақтөбе қаласында мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беру мекемелері объектілерінде орындардың саны мынаны құрайды:

      мектепке дейінгі балалар мекемелері үшін: бастапқы жылы – 22957 орын, бірінші кезекте – 59497 орын, есептік мерзімде – 93237 орын.

      жалпы білім беретін мектептер: бастапқы жылы – 63562 орын, бірінші кезекте – 132262 орын, есептік мерзімде – 197062 орын.

      Ақтөбе қаласында мектептен тыс қосымша білім беру объектілеріндегі орындар саны: бастапқы жылы – 4076 орын, бірінші кезекте – 6886 орын, есептік мерзімде – 13386 орын.

      Ақтөбе қаласында оқушыларға арналған оқу-өндірістік комбинаттардағы орындар саны 14000 орынды, оның ішінде жаңа құрылыс: бірінші кезекте – 9000 орынды, есептік мерзімде – 5000 орынды құрайды.

5-параграф. Денсаулық сақтау

      Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардағы төсек-орын саны: бастапқы жылы – 3242 төсек-орын, бірінші кезекте – 3992 төсек-орын, есептік мерзімде – 5992 төсек-орын.

      Ақтөбе қаласында амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін объектілердің жобалық қуаты: бастапқы жылы – бір ауысымда 5655 адамды қабылдауды, бірінші кезекте – бір ауысымда 6955 адамды қабылдауды, есептік мерзімде – бір ауысымда 10955 адамды қабылдауды құрайды.

6-параграф. Экономикалық қызмет

      Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан өңірінің дәстүрлі қалыптасқан жетекші өнеркәсіптік, қаржылық, ғылыми-білім беру, медициналық орталығы болып табылады, Қазақстан мен Еуразия картасында трансеуразиялық көлік-жолаушылар дәліздерінің қиылысында экономикалық-географиялық жағынан ұтымды орналасқан, бұл оның Қазақстанның бірінші деңгейдегі стратегиялық мультимодалды көлік-логистикалық орталықтарының қатарына қояды.

      Өңдеу өнеркәсібінің орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан Ақтөбе облысы минералды шикізатпен – мұнай, газ, металл кендерінің, құрылыс материалдарының стратегиялық қорларымен, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін бай ауыл шаруашылығы алқаптарымен қамтамасыз етілген.

      Қала әлеуетті еңбек ресурстарымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген, өйткені оның демографиясы бүкіл Батыс Қазақстанға тән табиғи өсімнің жоғары қарқынымен сипатталады, сондай-ақ қала дәстүрлі түрде осы өңір үшін еңбек ресурстарын тарту орталығы болып табылады.

      Осы және басқа да факторлардың барлығы Ақтөбе қаласының Батыс Қазақстанның бас инновациялық-индустриялық орталығы ретінде бастапқы минералдық және ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу мен қайта бөлудің ең жоғары дәрежесінде және қосылған құнын арттыра отырып, дайын өнім өндіретін әлеуетін көздеумен Ақтөбе қаласының индустриялық және постиндустриялық дамуы үшін тұрақты жағдай жасайды.

      Басым бағыттар:

      металлургияда, химияда және мұнай-химияда аз тонналы өндірісті, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өндіру, фармацевтика, машина жасау, білдек жасау және аспап жасау, автомобиль жасау және т.б. сияқты өнеркәсіптік өндірістің жоғары рентабельді бағыттарын дамыту есебінен шағын және орта кәсіпкерлікті өнеркәсіптік өндіріске барынша тарта отырып, облыстың, қала мен республиканың негізгі өнеркәсіптік салаларын жиынтықтауыштармен, қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен, құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етудегі импортты алмастыру;

      соғыс қимылдары мен санкциялар нәтижесінде бірнеше елдің өнеркәсіптік өнімдер мен азық-түліктің ірі экспорттаушылары өз өндірістері үшін жаңа орындарды іздеуге мәжбүр болған Еуразия аумағындағы қазіргі заманғы әскери-саяси қақтығыстардың салдарын ескере отырып, халықаралық нарықтарда орнықты түрде сұранысқа ие өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенде жоғары деңгейде өңделген бірегей өнімді шығару есебінен қала мен облыс экономикасының экспорттық әлеуетін іске асыру;

      қала мен облыс экономикасын өнеркәсіптік және тұрмыстық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді өндіру жөніндегі халықаралық өндірістік және технологиялық тізбектерге барынша интеграциялау;

      Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру болуға тиіс.

      Бұл әлеуетті іске асыру үшін минералды және ауыл шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін қайта өңдеуге негізделген қала мен облыстың өнеркәсіптік өндірісінің негізгі салаларын одан әрі инновациялық дамытудың стратегиялық маңызы зор болып табылады. Бұл – металлургия, химия және мұнай-химия, агроөнеркәсіптік өндіріс, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика, машина жасау, оның ішінде дәлдікті машина жасау және аспап жасау сияқты салалар. Қаланы индустриялық дамытудың белгіленген бағыттарын іске асыру үшін осы жұмыста кластерлік-салалық қағидат бойынша біріктірілген мамандандырылған индустриялық парктер жүйесін құру ұсынылады.

      Индустриялық парктерді шикізатпен, материалдармен және жиынтықтауыштармен жабдықтауда логистиканы қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дайын өнімнің ішкі және халықаралық нарықтарға экспортын қамтамасыз ету үшін қаланың автомобиль, теміржол және авиациялық көлікті қоса алғанда, мультимодальды көлік қатынасын қамтамасыз ететін тораптық көлік нүктелерінде мультимодальды көлік-логистикалық орталықтарды орналастыру ұсынылады.

      Ақтөбе облысының Ресей Федерациясымен шекаралас екендігін, сондай-ақ оның аумағы арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі өтетіндігін ескере отырып, Ақтөбе облысының өндірістік әлеуеті тиімділігінің мұндай трансформациясы дайын өнімнің басқа елдерге экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

7-тарау. Аумақтарды функционалдық ұйымдастыру және пайдалану

1-параграф. Негізгі ережелер

      Ақтөбе қаласының аумағын перспективалық функционалдық-қала құрылысы аймақтарына бөлу қаланы дамытудың, қолданыстағы құрылыс салуды сақтаудың, жайластырылмаған ескі азқабатты орамдарды реновациялаудың, жаңа тұрғын үй және өнеркәсіптік-коммуналдық құрылысты, мәдени-қоғамдық, әлеуметтік объектілерді, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, перспективалық көлік-жоспарлау құрылымын дамытудың, көлік-жаяу жүргіншілер байланыстарын ұйымдастырудың және толық инженерлік қамтамасыз етудің есептік параметрлеріне сүйене отырып орындалды.

      Бас жоспарда аумақтарды пайдалануда ретке келтіру қағидаты негізгі алынған: әрбір функционалдық аймақ жобада қабылданған нысаналы мақсат шеңберінде және функционалдық аймақ шекараларында қатаң түрде пайдаланылуы мүмкін.

      Бас жоспарда аумақты функционалдық аймақтарға бөлу орындалған және мынадай функционалдық аймақтар мен аумақтар белгіленген:

      бір-үш қабатты меншікжайлы тұрғын үй құрылысы аймағы;

      учаскелері бар бір-үш қабатты оқшауланған тұрғын үй құрылысы аймағы;

      учаскелері жоқ бір-үш қабатты оқшауланған тұрғын үй құрылысы аймағы;

      көпқабатты (4-8 қабатты) тұрғын үй құрылысы аймағы;

      көпқабатты (9-16 қабатты) биік тұрғын үй құрылысы аймағы;

      қоғамдық-іскерлік аймақ;

      ортақ пайдаланымдағы жасыл желектер;

      инженерлік-көлік дәліздерінің аймағы;

      өндірістік және коммуналдық аймақ;

      су қорғау аймағы мен белдеуі;

      санитариялық-қорғаныш аймақтары;

      рекреациялық аймақтар;

      жоспарлаудағы шектеулер аймақтары және санитариялық-қорғаныш аймақтары.

      Функционалдық аймақтардың шекаралары әрбір жер учаскесінің бір аумақтық аймаққа қана тиістілік талаптарына жауап беруге тиіс. Функционалдық аймақтардың қала құрылысы регламенттері және ерекше жағдайлары бар аумақты пайдалану регламенттері: функционалдық мақсатты, регламенттелетін аумақтардың шекараларын белгілеудің негіздері мен тәртібін, аумақтардың құқықтық мәртебесін, тыйым салынған және рұқсат етілген қызмет түрлерін қамтиды.

      Аймақтың функциясына сәйкес келмейтін объектілерді меншік нысанына қарамастан орналастыру көзделмейді.

      Тұрғын аймақ тұрғын үй қорын, әлеуметтік сала объектілерін, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, ғылыми-зерттеу институттары мен олардың кешендерін, сондай-ақ санитариялық-қорғаныш аймақтарын, қалаішілік қатынас жолдарын, көшелерді, алаңдарды, саябақтарды, бақтарды, гүлзарларды, жасыл желектерді және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды жайластыруды талап етпейтін жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған. Онда қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптік, көліктік және басқа кәсіпорындарды салуға тыйым салынған.

      Тұрғын аймақтарда жеке тұрған, кіріктірілген немесе жапсарлас әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру объектілерін, ғибадат үйлерін, автомобиль көлігі тұрақтарын, гараждарды, азаматтардың өмір сүруіне байланысты және қоршаған ортаға теріс әсер етпейтін объектілерді орналастыруға жол беріледі.

      Ақтөбе қаласының тұрғын аймағы орташа қабатты тұрғын үйлерді, көпқабатты тұрғын үйлерді салуға, сондай-ақ өзгермелі қабатты тұрғын үй кешендерін салуға арналған. Қалада үй жанындағы жеке учаскелері бар 1-3 қабатты жеке тұрғын үй құрылысы, қалалық үлгідегі азқабатты бөліктелген тұрғын үй құрылысы сақталады.

      Ақтөбе қаласының қоғамдық орталығының қалыптасқан жүйесі қоғамдық мақсаттағы, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінен, бір-бірімен жалпы қалалық және аудандық орталықтардың бірыңғай жүйесіне біріктірілген көгалдандырылған гүлзарлар мен скверлерден тұратын қаланың аса маңызды құрылымдық құраушы элементі болып табылады. Бас жоспарда ұсынылатын мәдениет, өнер, басқару, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, демалыс және ойын-сауық объектілері, ғибадат объектілері шоғырланған қоғамдық аймақтар халықтың әлеуметтік белсенділігінің орталықтары ғана емес, сонымен қатар қаланың жоспарлау құрылымының танымал "торабы" болып табылады.

      Бұл аймақ Ақтөбе қаласының аумағын қоғамдық мақсаттағы объектілермен қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық-іскерлік аймақта облыстық және қалалық маңызы бар қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар, ортақ пайдаланымдағы жасыл желектер, көрсетілген объектілер жанындағы ашық көлік тұрақтары орналастырылады.

      Екі өнеркәсіптік солтүстік және оңтүстік аймақтары қолданыстағы өндірістік объектілерді қамтиды, олардың одан әрі аумақтық және экономикалық даму мүмкіндіктері бар. Өндірістік, логистикалық және коммуналдық аймақтар коммуналдық және қойма объектілерін, өндірістік кәсіпорындар мен олармен байланысты объектілерді, олардың тәжірибелік өндірістері бар ғылыми мекемелер кешендерін, коммуналдық-қойма объектілерін, қаланың өндірістік аймақтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инженерлік инфрақұрылым құрылыстарын, көлік инфрақұрылымы құрылыстары мен қалалық және сыртқы қатынастардың көлік байланыстарын орналастыруға арналған.

      Өндірістік-коммуналдық аймақтар барлық функционалдық аймақтармен көше-жол желісінің бірыңғай жүйесімен байланысады. Сақталатын өндірістік кәсіпорындар реконструкциялауға және жаңғыртуға, санитариялық-қорғаныш аймақтарын ұйымдастыруға жатады. Өнеркәсіптік аумақтарды одан әрі дамыту және санитариялық-қорғаныш аймақтарын құру көзделеді.

      Ақтөбе қаласының аумағында абаттандырумен және қызмет көрсету объектілерін ұйымдастырумен өзендердің көгалдандырылған жайылмалары бойында толыққанды заманауи рекреациялық аймақтар құру, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру мақсатындағы объектілері бар қала құрылысы кеңістігін қалыптастыру және түрлі тақырыптық саябақтар жүйесін құру көзделеді.

      Құрылыс салу жүйесі, жасыл желектер жүйесі, жаяу жүргіншілер жолдары мен өткелдер желісі бар сәулеттік-жоспарлау құрылымы қала аумағын қабылданған функционалдық аймақтарға бөлуге негізделеді.

      Бас жоспарда санитариялық-қорғаныш аймақтары – өнеркәсіптік кәсіпорындарды, өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін, сондай-ақ оларға қолайсыз факторлардың әсерін төмендету мақсатында жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан арнайы мақсаттағы объектілерді (зираттар, аса қауіпті аурулардың ошақтары) бөлетін аумақтар көзделген.

      Бұл мекендеу ортасы мен адам денсаулығына әсер ету көзі болып табылатын коммуналдық және өндірістік мақсаттағы объектілердің айналасында жайластыратын, ерекше пайдалану режимі бар арнайы аумақтар. Санитариялық-қорғаныш аймағының мөлшері ластанудың атмосфералық ауаға (химиялық, биологиялық, физикалық) әсерін гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.

      Санитариялық-қорғаныш аймағы халықтың тыныс-тіршілік әрекетінің экологиялық қолайлы ортасын қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Санитариялық-қорғау аймағы шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.

      Санитариялық-қорғаныш аймағының көлемі объектінің және қоршаған ортаның өзара қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2-параграф. Қала маңы аймақтарын дамыту

      Қала аумағының шегіне ауыл шаруашылығын жүргізетін азаматтар мен кәсіпорындардың (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа және фермер қожалықтары, кооперативтер және т.б.) жер пайдалануы енгізілді. Олардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге одан әрі қатысуы болжанады. Жер учаскелерін Ақтөбе қаласының шегіне қосу бұрынғы жер пайдаланушылар мен жер иелерінің пайдалану құқығын тоқтатуға әкелмейді. Жер учаскелерін қала шегіне негізді енгізгеніне қарамастан, оларға құрылыс салынбайынша немесе жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлер санатына ауыстырылмайынша, олар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуға жатады.

      Бас жоспарда қаланың сыртқы шекараларын, қаланың аудандарға ішкі бөлінуін, Бас жоспарда ұсынылған аумақты қоныстану, қоныстанудан тыс аймақтарды, қазіргі ауылдық елді мекендер, әртүрлі құрылыс салу, нысаналы аймақтар, жалпыға ортақ пайдаланымдағы, көгалдандыру аумақтарының шекараларын бөле отырып, оларды дамыту перспективасымен аймақтарға бөлуді сақтау, қалған аумақтарды негізгі қызметін тамақ өнімдерінің өндірісіне мамандандыра отырып, ауыл шаруашылығының негізгі салаларын, өсімдік шаруашылығын да, мал шаруашылығын да дамыту үшін барынша пайдалану ұсынылады.

      Ол үшін Бас жоспарда Ақтөбе қаласының аумағын кеңістіктік-функционалдық белгілері бойынша мынадай аймақтарға бөлу көзделді:

      1. Ақтөбе қаласының тарихи орталығын және шағын автомобиль айналма жолымен шектелген аумақты қамтитын орталық бөлігі көпқабатты және орташа қабатты құрылысы бар аймақ болып табылады.

      2. Үлкен айналма автомобиль жолымен шектелген екінші аймақ орташа қабатты құрылыс аймағы болып табылады, сонымен қатар мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындар: рекреация объектілері орналасқан.

      3. Ақтөбе қаласының әкімшілік шекарасымен шектелген ауылдық қоныстану және ауыл шаруашылығы өндірісі аймағы (қала шегінің ішінде орналасқан Ақтөбе қаласының қала маңындағы аймағы). Бұл аумақта меншікжайлы құрылыс көзделеді.

      Үшінші аймақта ауыл шаруашылы мақсатындағы жерлердің басым бөлігі орналасқан. Соңғы кезге дейін бұл аумақтарда ауылдық округтер орналасқан, олардың аумағын 2018 жылы Ақтөбе қаласының құрамына енгізу арқылы ауылдық округтер таратылды.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 107-бабының 3-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Бас жоспарда: Ақтөбе қаласының шекарасына енген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері үшін ауыл шаруашылығын пайдаланудың өзге де функционалдық аймағын белгілеу; әлеуметтік қолдау шараларын ұсына отырып, елді мекенді аумақтық дамытуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған қала құрылысы қызметіне тартылмаған резервтік және өзге де (қала маңындағы) аймақтар ұсынылады.

3-параграф. Функционалдық аймақтардың негізгі регламенттері

      Толыққанды тыныс-тіршілік ортасын қалыптастыру Бас жоспардың шешімдерін нақты іске асырумен тікелей байланысты. Ақтөбе қаласының үйлесімді, эстетикалық кеңістігін құру үшін қала құрылысы регламенттерін және қала құрылысы мен жобалау құжаттамасын әзірлеу кезектілігін сақтау қажет.

      Бас жоспардың негізгі регламенттері аумақты функционалдық пайдалану аймақтарын және оларды пайдаланудың түрлерін, параметрлері мен шектеулерін айқындайтын қала құрылысы регламенттерін белгілейді.

      Функционалдық аймақтардың регламенттері салық салу, жалдау ақысы және басқа да төлемдер үшін жерді пайдалануды және олармен байланысты жылжымайтын мүлікті бағалау, жер учаскесін бөлу туралы мәселелерді шешу, әртүрлі құрылыстарды салу және орналастыру жобаларын қарау және келісу, объектілерді салуға рұқсат беру кезінде қолданылады.

      Функционалдық аймақтардың жалпы регламенттері Бас жоспардың жобалық шешімдерін одан әрі іске асыру кезінде де қолданылады.

      Бас жоспардың жобалық шешімдерін іске асыру кезінде сақталуы қажет негізгі регламенттер:

      объект орналастырылатын аймақтың функционалдық мақсатын сақтау жөніндегі регламент;

      функционалдық аймақтардың шекараларын сақтау жөніндегі регламент;

      көшелер мен жолдардың қызыл сызықтарын сақтау жөніндегі регламент;

      бастапқы құрылымдық бірліктердегі тұрғын үй-азаматтық құрылыс көлемін сақтау жөніндегі регламент;

      инженерлік желілер мен өндірістік кәсіпорындардың қорғау аймақтарын сақтау регламенті болып табылады.

      Аумақтарды пайдалану жөніндегі әрбір функционалдық-қала құрылысы аймағының өзінің нысаналы мақсаты бар және келешекте осы нысаналы мақсаттың шеңберінде және осы функционалдық аймақтың шекараларында қатаң түрде пайдаланылуы мүмкін.

      Аймақтарда объектілердің негізгі функциясына ілеспе учаскелер, сондай-ақ өтпежолдар астындағы аумақтар, тұрақтарға, жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына, инженерлік қамтамасыз ету объектілеріне арналған аумақтар көзделуі мүмкін.

      Аймақтың тиісті функцияларына сәйкес келмейтін объектілерді меншік нысанына қарамастан орналастыру көзделмейді. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы аймағында Бас жоспармен регламенттелетін ғимараттардың қабаттылығы сақталуға тиіс.

8-тарау. Аумақты кеңістікте ұйымдастыру

      Жоспарлау құрылымы тұрғын үй, қоғамдық, рекреациялық, өнеркәсіптік, коммуналдық, көлік және басқа да функционалдық аймақтардың орналасуы мен өзара байланысын көрсететін қазіргі заманғы қаланы кеңістікте ұйымдастырудың негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.

      Қаланың тарихи тұрғыдан қалыптасқан құрылымын сақтау, сондай-ақ қала құрылысы жүйелерінің қазіргі даму үрдістерін ескеру қаланың перспективалық жоспарлау құрылымы мен функционалдық аймақтарға бөлінуінің, көліктік қаңқасының негізіне алынған.

      Елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы:

      құрылыс салынған аумақтың ауданы – 15239,6 гектар, құрылыстың 1-кезегіне – 20204,3 гектар, есептік мерзімге – 26612,1 гектар;

      құрылыс салынбаған аумақтың ауданы – 218518,4 гектар, құрылыстың 1-кезегіне – 213553,7 гектар, есептік мерзімге – 207145,9 гектар.

      Қала шекарасында, тұрғын үй құрылысына жатпайтын жерлерде орналасқан (қазіргі уақытта) жердi басымдықпен иелiктен шығару және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар – 62059,8 гектар, құрылыстың 1-кезегіне – 44032,8 гектар, есептік мерзімге – 36192,7 гектар.

      Ақтөбе қаласының тарихи дамуы, қаланың тыныс-тіршілігі жүйелерінің дамуын, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, жоспарлау шектеулерінің болуын ескере отырып, қала тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасын құру оның құрылымы мен функционалдық аймақтарының қалыптасуын алдын ала айқындайды. Қалада аумақты өнеркәсіптік және қоныстану аумақтарына функционалдық бөлу қалыптасты: қаланың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі екі ірі өндірістік аймақ, "Алматы" және "Астана" аудандарындағы тұрғын аудандардың құрылымы.

      Ақтөбе қаласын перспективалық әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамытудың жобалық шешімдері нұсқалық негізде қабылданды. Нұсқаларды салыстырудың есептік көрсеткіштері үшін тұрақты шама ретінде халық саны мен халықты қоныстандыру үшін қажетті тұрғын үй қоры алынды. Бұл ретте өнеркәсіптік аумақтардан, су қорғау аймақтары мен белдеулерінен, сібір жарасы ошақтарынан санитариялық-қорғаныш аймақтарынан, зираттардан және әуежайдың әсер ету аймағынан барлық жоспарлау шектеулері ескерілді.

      Аумақты кеңістікте ұйымдастырудың негізгі идеясы Елек өзенінің жайылмасы мен оның салалары бойында сулы-желекті кеңістіктерде экологиялық жағынан жайлы тіршілік ету ортасы бар ықшам қалалық құрылымды құру болып табылады.

      Ықшам урбандалған қалалық өзек тарихи орамдарды, қоғамдық орталық жүйесінің негізгі тораптарын, гүлзарларды, саябақтарды, скверлерді қамтиды.

      Халықтың тыныс-тіршілігінің экологиялық жағынан қолайлы ортасын қалыптастыруда жағалаулары мен жағажайлары, ҮАААЖ және шағын көліктік айналма жолы бойындағы каналдармен және орман қорғау жасыл аймақтарымен толықтырылған жайлы қоғамдық аймақтары бар өзен арналары бойындағы су-желекті кеңістіктердің орны ерекше.

      Абаттандыру деңгейі жоғары, инклюзивті ортасы бар тарихи орамдар Ақтөбе қаласының солтүстік-батыс бөлігінде тұрғындар қалашығы тұрғын үй алабымен, Ғазиза және Ахмет Жұбановтар алаңымен, филармониямен және Мәдениет сарайымен, сондай-ақ теміржол вокзалы мен қалалық базар аймағындағы тарихи ораммен көзделген. Жалпықалалық орталық жүйесін Бас жоспарда ұсынылған ән аренасы бар этномәдени орталық, ипподром және қаланың шығыс осінде орналасқан шеберлер қаласы толықтырады.

      Бас жоспарда мынадай үш аймақ:

      көпқабатты қалалық тұрғын үй құрылысы аймағы (ішкі кіші айналма жолдың шекарасындағы орталық өзек);

      орташа қабатты тұрғын үй құрылысы аймағы (ҮАААЖ шекарасында);

      ҮАААЖ мен Ақтөбе қаласының шекарасы арасындағы азқабатты тұрғын үй құрылысы аймағы (ауылдық қоныстану) нақты белгіленеді.

      Ақтөбе қаласының жобаланатын аумағын ұйымдастыру бойынша жобада ұсынылатын шешімдер көпқабатты және орташа қабатты құрылыс тұрғын аудандарынан, бірқабатты меншікжайлы құрылыс орамдарынан, сауда, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету және демалыс кәсіпорындары бар қалалық қоғамдық орталықтан, жоспарлау аудандарының қоғамдық орталықтарынан, рекреациялық және өнеркәсіптік-қойма аймағынан тұратын толыққанды қалалық құрылымды қамтамасыз етеді.

      Қаланың жоспарлау құрылымының маңызды элементі алаңы, қоғамдық нысандары мен қызмет көрсету нысандары бар, жалпы қалалық тарихи-мәдени және әкімшілік орталық қалыптасқан қаланың сақталатын тарихи бөлігі болып табылады.

      Қаланың тарихи өзегі негізгі доминанта болып табылады, одан төрт бағытта үш айналма жолмен бір құрылымға біріктірілген негізгі жалпы қалалық магистральдар өтеді. Магистраль аралық аумақтардың бөлінісі көшелердің тікбұрышты орамдық жүйесімен ұсынылған.

      Жаңа құрылыстың негізгі көлемдері батыс, оңтүстік-шығыс және ішінара солтүстік бағыттардағы жаңа көлік айналмалары арасындағы аумақта жоспарланған. Қалаға кіру магистральдарының бойында тарихи орталықпен және рекреациялық аймақтармен өзара байланысатын қала құрылысы тораптарының жүйесі құрылатын болады.

      Ең маңызды қала құрылысы тораптарында қала үшін маңызды объектілер, мысалы: Димаш-арена, шетелдік туристерді тартатын бірегей объектілері бар этномәдени саябақ, фольклорлық ауыл, "Астана-арена" үлгісіндегі олимпиада стадионы және т.б. салынады. Этномәдени саябақты құру және ұлттық өнер түрлерінің орталығын қалыптастыру Бас жоспардың ең маңызды ұсыныстарының бірі болып табылады.

      Батыс бағытта Үлкен сыртқы айналма жолға шығатын және Хромтау (Хромтау тасжолы) жағынан шығыстан кіреберіс қақпасы болып табылатын магистральдық көше бойында қонақ үй және мектеп лагері бар жоғары қабатты ғимараттармен құрылыс салу ұсынылады (9 қабатты және одан жоғары).

      Песчанка өзенінің қиылысында спорттық-сауықтыру мақсатындағы объектілер және мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері: дене шынықтыру-сауықтыру кешені, спорт залдар, спорт алаңдары, үсті ашық және жабық бассейндер, перинаталдық орталық, психоневрологиялық диспансер және әмбебап клиника орналасатын жаңа қала құрылысы торабы қалыптасады.

      Сонымен қатар мұнда сауда ойын-сауық орталығын, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын орналастыру ұсынылады. Нысандар магистральдық көше мен тұрғын көшелер бойында дисперсті түрде орналастырылады, олардың арасында қолайлы микроклимат құра отырып, көгалдандырылған кең жайылмасы бар өзен өтеді.

      Әрі қарай Рауан-2 көпқабатты құрылысының тұрғын алабы ауданында Ақтөбе қаласы үшін аса тартымды ірі қала құрылысы торабы – ауданы бойынша үлкен көгалдандырылған аумақты алып жатқан, маңызы жағынан үлкен объектілер: әмбебап спорт залы, стадион мен қонақ үй, сауда ойын-сауық орталығы, концерт залы мен филармониясы бар Димаш-арена және аквапарк орналасатын, еуропалық стандарттар деңгейінде абаттандырылып, көгалдандырылған кеңістіктерді қамтитын этномәдени саябақ қалыптасады.

      Бұл орталық Ақтөбені әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын Қазақстанның өңірлік-бірегей туризм орталығы ретінде позицияланатын бірегей қалаға айналдырады.

      Қаланың оңтүстік бөлігінде бірінші шағын айналма жолының Елек өзенімен және Ақтөбе су қоймасымен қиылысы ауданында саябақтар мен скверлер жүйесі бар рекреациялық аймақты қалыптастыру ұсынылады: тақырыптық саябақ Оқушылар сарайын, филармонияны, пансионаттар мен демалыс үйлерін, дендросаябақты, инновациялық технологиялар саябағын, спорт саябағын қамтиды.

      Оңтүстік-батыс бөлігінде Сазды су қоймасы ауданында гольф саябағы, "Сазды" орман саябағы бар Сазды рекреациялық-ландшафтық аймағын құру ұсынылады. Су қоймасының жағалауында гүлзарлар, шағын сәулеттік нысандар және демалуға арналған күркелері бар ұйымдастырылған жағажайлар ұсынылады.

      Қаланың солтүстік бөлігі тұрғын үй-азаматтық құрылыс салуға қолайсыз аумақтар болып саналады, осыған байланысты мұнда "Жасыл Төбе" орман саябағы аймағын, Қарғалы ландшафтты рекреациялық ауданын және солтүстік-шығыстағы Сатыбаноба көлі маңында 8 көлдің рекреациялық саябағын құру ұсынылады. Қаланың әртүрлі бөліктерінде көгалдандырылған кеңістіктердің бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін Елек агросаябағын, солтүстік-шығыс Қарғалы агросаябағын, Талды ландшафтты аймағын, Елек ландшафтты аймағын, Сазды рекреациялық-ландшафтты аймағын және т.б. аймақтарды құру ұсынылады.

      Жалпы қалалық орталықтар жүйесін дамыту халықтың күнделікті және мерзімді қызмет көрсету объектілеріне қадамдық қолжетімділігін ескере отырып орындалды. Халықтың тыныс-тіршілігінің қолайлы ортасын құру үшін әлеуметтік-мәдени сала объектілерімен (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет) толық көлемде қамтамасыз етілетін болады. Әрбір тұрғын ауданда қаланың қоғамдық орталықтарының бірыңғай жүйесін қалыптастыратын аудандық маңызы бар қоғамдық орталықтар орналасқан.

      Сондай-ақ өнеркәсіптік аймақтар мен коммуналдық-қойма және көлік-логистикалық орталықтардың аумақтарын сабақтас дамыту көзделеді.

      Ақтөбе қаласы батыс өңірдің жетекші өнеркәсіптік орталықтарының бірі болғандықтан, осы Бас жоспарда қолда бар ресурстардың базасында екі ірі индустриялық аймақты: Солтүстік индустриялық аймақ пен Оңтүстік индустриялық аймақты қалыптастыру ұсынылады, олардың әрқайсысы бойынша экономика салалары бөлінісінде мамандандырылған индустриялық парктерді орналастыру бойынша ұсыныстар берілді.

      Негізгі магистральдар жүйесі осы құрылымдарға жалпықалалық орталық жүйесімен байланысты, айналма магистральдар жүйесі (ішкі және сыртқы) осы аудандардың қаланың негізгі өнеркәсіптік аймақтарымен байланысын қамтамасыз етеді.

      Қала аумағында қолайлы микроклимат құру және аумақтарды тасқын сулардың су басуынан инженерлік қорғау үшін кіші айналма жол мен Үлкен Ақтөбе айналма автожолының (ҮАААЖ) бойында суару үшін пайдаланылатын еріген суды жинауыш тоғандар, беткей арнасы бар қорғаныш жасыл аймағын құру жөнінде ұсыныстар берілді.

      Ақтөбе қаласының айналасындағы жобаланатын жасыл белдеу қалалық орман саябақтарымен, қала аумағы арқылы ағып жатқан өзендердің көгалдандырылған жайылмаларымен, ірі қалалық саябақтармен, скверлермен және гүлзарлармен өзара байланысқан.

      Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың қала шекарасында орналасуына және оның қорғау аймағына қолданыстағы құрылыстың едәуір бөлігінің кіруіне, сондай-ақ Батыс көпқабатты тұрғын алабы құрылысының жүргізіліп жатқанына байланысты жобада әуежайды оңтүстік-батыс бағыттағы жаңа Нұрбұлақ-1 алаңына шығару ұсынылады.

      Әуежайды сыртқа шығару кезінде оның қолданыстағы аумағындағы бүлінген жерлерді қалпына келтіру қажет, осыдан кейін дайындалған алаң көпқабатты тұрғын үйлер, қоғамдық және коммуналдық құрылыс, рекреациялық аймақтар салу үшін резервке қойылады.

      Қаланың перспективалық әлеуметтік-экономикалық, аумақтық дамуы және аумақтарды сәулеттік-кеңісте ұйымдастыру үшін резервтік аумақтар негізінен қолданыстағы қаланың оңтүстік бөлігінде көзделген.

9-тарау. Көгалдандырылған кеңістіктер жүйесін ұйымдастыру

      Қарастырылып отырған аумақтың көгалдандырылған кеңістігін ұйымдастырудың негізгі тұжырымдамасы – құрылымын қаланы кесіп өтетін өзендер арналары қалыптастыратын жасыл қаңқаны, ішкі қалалық кеңістікті табиғи-экологиялық және жасыл белдеулермен байланыстыратын кең сулы-саябақ белдеулерін құру болып табылады.

      Бас жоспарда ұсынылған көгалдандырылған кеңістіктерді ұйымдастыру жүйесі табиғи-климаттық жағдайларға, сәулеттік-жоспарлау шешімдеріне, сондай-ақ қалыптасқан көгалдандыруға негізделеді. Жобада қолда бар барлық екпелерді елді мекеннің көгалдандырылған кеңістіктерінің жалпы жүйесіне қосу көзделеді.

      Перспективада жаңа көрікті скверлер мен саябақтар құру арқылы қаланың ескі және жаңа бөліктерінде жаяу жүргіншілерге арналған серуендеу аймақтары мен негізгі магистральдық көшелер бойындағы гүлзарлардың кең жолақтарымен біріктірілген, тұрғындарға бір саябақтан немесе скверден екіншісіне жасыл жаяу жүргіншілер кеңістігі арқылы жүруге мүмкіндік беретін қаланың жалпы тұйық жасыл желектер жүйесін құру ұсынылады.

      Шағын аудандар мен тұрғын алаптардың тұрғын аудандарын көгалдандыруға барынша көңіл бөлінеді. Жобада жобаланатын көпқабатты тұрғын үй құрылысының аула аумақтарын көгалдандыру ұсынылады.

      2022 жылғы 1 қаңтарда Ақтөбе қаласы халқының саны 523,7 мың адам құрағанын негізге ала отырып, жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектердің ауданы бір адамға шаққанда 16 м2 нормативіне сәйкес 837,9 га болуға тиіс.

      Жасыл желектердің нормативтік ауданына қол жеткізу мақсатында қаланың барлық аудандарында жаяу жүргіншілер мен саябақ аймақтарын, скверлер мен орман саябақтарын жайластыру арқылы кемінде 486,9 га жаңа көгалдандырылған алаңдарды құру қажет.

      Бірінші кезектің соңында 2030 жылға қарай халықтың күтілетін саны 636,9 мың адамды құрайды, бұл ретте жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектердің ауданы 1019,5 га құрауға тиіс. Есептік мерзімнің соңында 2050 жылға қарай Ақтөбе қаласы халқының саны 950,0 мың адамды құрайды, тиісінше, жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектердің ауданы 1520 га құрауға тиіс.

10-тарау. Көлік инфрақұрылымы және көше-жол желісі

      Ақтөбе агломерациясында тармақталған көлік инфрақұрылымының қуатты қаңқасы қалыптасқан. Агломерация орталығы Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан аумағында хаб-қала ретінде танылады.

      Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай қала шекарасында орналасқандықтан және оның қорғаныш аймағына қолданыстағы құрылыстың едәуір бөлігі кіретіндіктен, жобада әуежайды оңтүстік-батыс бағыттағы жаңа Нұрбұлақ-1 алаңына шығару ұсынылады.

      Жаңа әуежай Батыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы авиациялық тасымалдар үшін транзиттік байланыстырушы түйін болады, ірі халықаралық және мультимодальды көлік торабына айнала отырып, ішкі және халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалы үшін жақсы жағдай жасайды.

      Теміржол көлігіне келетін болсақ, Бас жоспарда перспективада:

      есептік мерзімге жобаланатын Үлкен Ақтөбе айналма автожолының (ҮАААЖ) бойында батыс жағынан теміржол айналма жолын (40,0 км) салу;

      Ресей Федерациясының аумағын айналып өтіп, байланысты қамтамасыз ететін Орал қаласына (Батыс Қазақстан облысы) дейін теміржол тармағын салу ұсынылады. Болашақ Ақтөбе – Орал теміржол желісінің батыс бөлігін қолданыстағы республикалық маңызы бар жүрдек автомагистральға (М-32) параллелді төсеу орынды. Жобалау шекарасындағы теміржол тармағының ұзындығы 10,0 км құрайды.

      Ақтөбе қаласының қоныстану аумағы арқылы өтетін темір жолдың орнында рельсті жолаушылар көлік желісінің құрылысы көзделеді. Рельсті жолаушылар көлігінің жүру жолдары бойында жеңіл рельсті көлік желісіне (аялдамалар, тежегіш тұрақтар, трамвай депосы және т.б.), жасыл дәлізге (гүлзарға), веложол инфрақұрылымына, коммерциялық, офистік объектілер бар қоғамдық аймақтарға, рекреациялық аймақтарға қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылымдық объектілерді ұйымдастыру көзделеді. Осы аумаққа арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында босатылған аумақтарды басқа функцияларға пайдалану мәселелері де қаралатын болады.

      Ақтөбе қаласының аумағы арқылы бірнеше өзендер мен олардың салалары ағып өтеді, аумақта Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Ең үлкен өзендер мен су қоймаларын халық рекреацияға және балық аулау үшін пайдаланады. Бас жоспарда перспективада "трамвай-кабриолеттер" өзен трамвайларын, жолаушылар катамаран-теплоходтарын пайдалана отырып, суға шөгу тереңдігі төмен кемелерде халықтың демалуы үшін туристік және экскурсиялық кеме қатынасын ұйымдастыру ұсынылады.

      Ақтөбе қаласы – Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі аса ірі көлік тораптарының бірі, Қазақстанның басқа өңірлерімен және Ресейдің іргелес облыстарымен мемлекетаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісімен байланысады.

      Даму перспективасы:

      І техникалық санаттағы республикалық маңызы бар Үлкен Ақтөбе айналма автожолының (ҮАААЖ) (68,7 км) құрылысы (есептік мерзім);

      І техникалық санаттағы республикалық маңызы бар батыс айналма жолының құрылысы (есептік мерзім үшін);

      І техникалық санаттағы республикалық маңызы бар Үлкен көліктік айналма жолын (ҮКА) салу (есептік мерзім);

      эстакадаларда сегіз бұрылмалы ілмек салу, М-32 "Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент" автожолының "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" учаскесін 763-1025 км, "763-791 км учаскесін" реконструкциялау;

      жобада айналма жолдардың республикалық және облыстық маңызы бар автожолдармен қиылыстарында екі деңгейлі көлік жол айрықтарын салу көзделеді.

      Бас жоспарда көше желісінің тікбұрышты схемасы сақталады және одан әрі дамиды, ол жаңа магистральдардың учаскелерімен және қолданыстағы көшелерді кеңейтумен, оны тікбұрышты-радиалды көшеге айналдырумен толықтырылады, жаңа көпірлер мен жол айырықтарын салу, жалпықалалық және аудандық маңызы бар жолдардың жүру бөлігін кеңейту, жол санаттарын арттыру көзделген. Қаланың көлік жүйесін жетілдіру бойынша негізгі міндеттер:

      көліктік байланыстарды ұйымдастыру;

      қаланың қалыптасқан функционалдық аймақтарының өзара байланысын жақсарту;

      көшелердің өткізу қабілетін арттыру;

      көше-жол желісін абаттандыруды арттыру.

      Келешек кезеңдер бойынша көше-жол желісінің ұзындығы: бірінші кезекте – 594,97 км, есептік мерзімде – 978,61 км. Көше-жол желісімен перспективалық қамтамасыз етілу: бірінші кезекте – 2,2 км/км2, есептік мерзімде – 2,4 км/км2 құрайды.

      Жобада мына қиылыстарда жасанды құрылыстар салу көзделеді:

      құрылыстың бірінші кезегінде:

      Шағын көлік айналмасы (ШКА) құрылысы – М-32 (созу), А-25 (тұтас беде жапырағы), КД-1 (тұтас беде жапырағы), А-24 (жол өтпесі), М-32 (тұтас беде жапырағы) автожолдарымен қиылыста, 2 эстакада;

      М-32 экстакадаларында сегіз айналмалы ілгектердің құрылысы.

      есептік мерзімге:

      Үлкен Ақтөбе айналма автожолының (ҮААЖ) оңтүстік бөлігінің құрылысы – М-32 (батыс) (тұтас беде жапырағы), М-32 (шығыс) (тұтас беде жапырағы), А-24 (тұтас беде жапырағы), А-27 (тұтас беде жапырағы), КД-5 (тұтас беде жапырағы) автожолдарымен қиылыста, ШКА шығатын 2 жол айрығы ("құбыр" типті);

      Әбілқайыр хан даңғылының Әлия Молдағұлова даңғылымен (тұтас беде жапырағы) және Ғазиза Жұбанова көшесімен (тұтас беде жапырағы) қиылыстарында көлік жол айырығының құрылысы;

      М-32 және КД-5 автожолдарымен қиылыста теміржол айналма жолының құрылысы, екі өтпежол салу;

      үлкен көлік айналмасының құрылысы – магистральдық жолдармен қиылыста екі деңгейлі көлік жол айрықтарын салу.

      Қалаішілік көліктің жұмысын ұйымдастыру үшін перспективада маршруттық желінің теңгерімді жүйесін әзірлеуді, қалаішілік көлік байланыстарын одан әрі жетілдіруді, автобустардың тоқтауы үшін кіру жолын салуды, заманауи жабдықталған аялдама пункттерін салуды көздеу қажет.

      Автобустардың жүру жылдамдығын арттыру және қоғамдық көлікте жүретін жолаушылардың уақыт шығындарын азайту үшін жоспарда қоғамдық көлікке арналған белгіленген жолақтар салу ұсынылады.

      Ақтөбе қаласы бойынша халықтың жүріп-тұруына, шалғай аудандардың орталықпен қатынауына кететін уақытты азайту үшін Бас жоспарда жолаушылар жеңіл рельсті көлік желісін салу көзделеді.

      Жеңіл рельсті көлік желісі батыстағы Құрашасай тұрғын алабынан М-32 "Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент" автожолы бойымен, Едіге батыр даңғылы, Әлия Молдағұлова даңғылы, Кеңес Нокин даңғылы, Д.А. Қонаев көшесі, Мұхаммед-Салық Бабажанов көшесі, Бауыржан Момышұлы даңғылы бойымен, Рауан тұрғын алабымен және одан әрі Р-50 "Ақтөбе қаласының Солтүстік айналма жолы" қиылысынан М-32 "Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент" автожолы бойымен өтеді. Жүйе 18 станцияны қамтиды, оларды шамамен әрбір 1,5-2,0 км орналастыру көзделеді.

      Жобалау шекарасындағы жеңіл рельсті көліктің ұзындығы екі бағытта 101 км құрайды.

      Депоны Р-50 "Ақтөбе қ. Солтүстік айналма жолы" автожолынан М-32 "Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент" трассасының қиылысынан оңтүстік-шығысқа қарай Бекқұл баба тұрғын алабы ауданында салу ұсынылады.

      Бас жоспарда перспективада қалада велосервистің әртүрлі түрлерін құру, жаңа аудандарда веложолдар салу және оларды тиісті жол белгілермен қамтамасыз ету ұсынылады. Бірінші кезекке қолданыстағы көше-жол желісінде 51,5 км веложол, есептік мерзімге 115,0 км веложол салу жоспарлануда.

11-тарау. Инженерлік инфрақұрылым

1-параграф. Сумен жабдықтау

      Перспективада Ақтөбе қаласын сумен жабдықтауды қолданыстағы Құндақтақыр жерасты көзінен және Елек кен орындарынан жүзеге асыру ұсынылады. Ақтөбе қаласы ауданында бекітілген қорлары бар жер асты суларының жалпы балансы тәулігіне 424,3 мың м³ құрайды, бұл 2050 жылға суға қажеттілікті қамтамасыз етеді.

      Ақтөбе қаласын үздіксіз сумен жабдықтау және сапалы сумен қамтамасыз ету үшін "Ақтөбе қаласының Жоғарғы Қарғалы су қабылдағышынан Төменгі Қарғалы су қабылдағышының 2-көтеріліміне дейін су құбырын реконструкциялау" жұмыс жобасы әзірленді.

      Жобада диаметрі 600 мм 2-көтерілімнің Төменгі Қарғалы сорғы станциясына дейінгі арынды су құбырларының екі желісін, диаметрі 150 мм қосқыш су құбырларын салу көзделеді.

      Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау схемасы Жоғарғы Қарғалы, Құндақтақыр, Електің оң жағалауы және сол жағалауы жер асты суларын, сондай-ақ Тамды су жинағыштарын пайдалана отырып, қолданыстағы схема бойынша сақталады.

      Жобаланатын магистральдық су құбыры желілерінің болжамды ұзындығы (диаметрі 100-800 мм) есептік мерзімге шамамен 387,8 км, оның ішінде құрылыстың 1-кезегіне 66,1 км құрайды.

      Бірінші кезекке су тұтынудың жиынтық есептік көлемі 274,23 мың м³/тәул. немесе 100544 мың м³/жыл, оның ішінде:

      шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына: 228,36 мың м³/тәул. немесе 83726 мың м³/жыл;

      өндірістік қажеттіліктерге: 45,67 мың м³/тәул. немесе 16745 мың м³/жыл;

      өзге қажеттіліктерге: 0,2 мың м³/тәул. немесе 73 мың м³/жыл құрайды.

      Есептік мерзімге су тұтынудың жиынтық есептік көлемі: 411 мың м³/тәул. немесе 150046 мың м³/жыл құрайды, оның ішінде:

      халықтың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына: 342,0 мың м³/тәул., 124856 мың м³/жыл;

      өндірістік мұқтаждықтарға: 68,4 мың м³/тәул., 24971 мың м³/жыл;

      өзге мұқтаждықтарға: 0,6 мың м³/тәул., 219 мың м³/жыл.

      Бас жоспар шеңберінде сумен жабдықтау жүйелерін дамытуда мыналар:

      бірінші кезекке:

      жалпы ұзындығы – 66,1 км, диаметрі 100-800 мм магистральдық су құбыры желілерін салу;

      қолданыстағы магистральдық су құбыры желілерін реконструкциялау – 92 км;

      ауызсу резервуарларын салу (әрқайсысы V-10000 м³) – 16 бірлік;

      халыққа берілетін ауыз су сапасының мониторингін ұйымдастыру;

      суды қайта пайдалану арқылы суды пайдалануды оңтайландыру бойынша жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу көзделеді.

      Есептік мерзімге:

      жалпы ұзындығы – 321,7 км, диаметрі 100-800 мм магистральдық су құбыры желілерін салу;

      қолданыстағы магистральдық су құбыры желілерін реконструкциялау – 70 км;

      ауызсу резервуарларын салу (әрқайсысы V-10000 м³) – 10 бірлік;

      халыққа берілетін ауызсу сапасының мониторингін ұйымдастыру;

      Ақтөбе қаласын сумен жабдықтау үшін жер асты су қорларын қайта бағалау көзделеді.

2-параграф. Су бұру

      Бас жоспарда әрбір әкімшілік аудан үшін ағынды суларды тазарту құрылыстарының жаңа кешендерін салу көзделген. "Алматы" әкімшілік ауданы үшін тазарту құрылыстары кешені Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде, "Астана" әкімшілік ауданы үшін – солтүстік-батыс бөлігінде орналасатын болады.

      Тазарту құрылыстарының әрбір кешені орман екпелерін суару үшін тазартылған ағынды суларды қайта пайдалана отырып, тазарту дәрежесін қамтамасыз ететін ағынды суларды терең тазарту станциясы болып табылады, бұл таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Тазартылған ағынды суларды су жинауыш тоғанға ағызу қажет.

      Бұдан басқа, Бас жоспарда су бұру жүйесін реконструкциялау көзделген, ол құрылыс салумен және құбыр учаскелерін ауыстырумен орамдарды кәріз желісімен қамтамасыз ету мақсатында желілерді кеңейтуден тұрады (кәріз желілерінің тозуы 78,2 %-ды құрайды). Қалаішілік кәріз желілері диаметрі 200-1000 мм деп жобаланған. Су бұру жүйесінің кеңеюіне байланысты ағынды сулардың құрамы өзгереді, олардың шығыны артады, демек ағынды суларды кәріз сорғы станциясына жеткізетін қысымды құбырлардың диаметрі артады.

      Диаметрі 200-1000 мм жобаланатын магистральдық кәріз желілерінің болжамды ұзындығы перспективада шамамен 393,6 км, оның ішінде құрылыстың 1-кезегінде кәріз желілерінің ұзындығы 90,6 км құрайды.

      Ақтөбе қаласы үшін құрылыстың бірінші кезегіне арналған су бұрудың жиынтық есептік көлемі 234,18 мың м³/тәул. немесе 85663 мың м³/жыл құрайды.

      Ақтөбе қаласы үшін есептік мерзімге су бұрудың жиынтық есептік көлемі 350,6 мың м³/тәул. немесе 127851 мың м³/жыл құрайды.

      Бас жоспар шеңберінде су бұру жүйелерін дамытуда мынадай іс-шаралар:

      құрылыстың бірінші кезегінде:

      диаметрі 200-1000 мм, ұзындығы 90,6 км магистральдық кәріз желілерін салу;

      қолданыстағы магистральдық кәріз желілерін реконструкциялау – 60 км;

      кәріз сорғы станцияларын жобалау және салу – 2 бірлік.;

      қолданыстағы кәріз сорғы станцияларын реконструкциялау – 19 бірлік;

      ағынды суларды тазарту мен тұнбаларды өңдеудің заманауи технологияларын енгізе отырып, тазарту құрылыстары кешендерін жобалау және салу – 2 бірлік;

      тазартылған ағынды суларды жинақтауыштарды жобалау және салу;

      ағынды суларды тазарту мониторингін жүргізу;

      бүкіл халық үшін орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді жүзеге асыру көзделеді;

      есептік мерзімде:

      диаметрі 200-1000 мм, ұзындығы 303,0 км магистральдық кәріз желілерін салу;

      қолданыстағы магистральдық кәріз желілерін реконструкциялау – 44,5 км;

      кәріз сорғы станцияларын жобалау және салу – 20 бірлік;

      қолданыстағы кәріз сорғы станцияларын реконструкциялау – 14 бірлік;

      ағынды суларды тазарту мен тұнбаны өңдеудің заманауи технологияларын енгізе отырып, тазарту құрылыстары кешендерін кеңейту – 2 бірлік;

      тазартылған ағынды сулардың жинақтауыштарын кеңейту;

      ағынды суларды тазарту мониторингін жүргізу;

      бүкіл халық үшін орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді жүзеге асыру көзделеді.

      null

3-параграф. Санитариялық тазарту

      Бас жоспарда Ақтөбе қаласында толық циклді қоқыс өңдеу зауытын салу көзделген. Бұл ретте қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану мерзімі өткеннен кейін рекультивациялау қажет болады. Жаңа полигон құрылысын 2032 жылға қарай жүзеге асыру қажет, өйткені осы мерзімге қарай қолданыстағы полигонды пайдалану мерзімі аяқталады.

      Жаңа полигонда барлық экологиялық талаптар: сүзіндінің топыраққа түспеуі, жер асты суларының ластанбауы, атмосфераға зиянды шығарындылардың болмауы ескерілуге тиіс. Заманауи технологияларда қалдықтарды энергияның алуан түрлерін, мысалы, биогаз бен компостты өндіруге түрлендіру ескеріледі.

      Сонымен қатар 2024 жылы Ақтөбе қаласында қоқыс сұрыптау кешенінің іске қосылуын жүзеге асыру қажет.

      Ақтөбе қаласы үшін перспективада тұрмыстық қалдықтардың түзілуінің есептік көлемі: бірінші кезекке – жылына 747,916 мың тоннаны, есептік мерзімге – жылына 835,556 мың тоннаны құрайды.

      Бас жоспар бойынша санитариялық тазартуды дамыту мынадай шараларды көздейді:

      бірінші кезекке:

      қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жобалау;

      қоқыс өңдеу зауытын жобалау;

      қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м³) – 4492 дана;

      автокөлік сатып алу (оның ішінде суару-жуу, сыпыру-жинау, ассенизациялау, қоқыс жинау, қар тиеу, құм (хлорид) шашатын автомашиналар) – кемінде 7900 бірлік;

      есептік мерзімге:

      екі жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу;

      қоқыс өңдеу зауытын салу;

      қолданыстағы полигонды рекультивациялау;

      қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м³) – 5583 данаға дейін;

      автокөлік сатып алу (оның ішінде суару-жуу, сыпыру-жинау, ассенизациялау, қоқыс жинау, қар тиеу, құм (хлорид) шашатын автомашиналар) – кемінде 10245 бірлік.

4-параграф. Электрмен жабдықтау

      Болжамды есептеулерге сәйкес электр тұтыну деңгейі мен жүктеменің барынша өсуі бірінші кезекке – 4792 млн кВт сағ және 850 МВт, есептік мерзімге – сәйкесінше 5736 млн кВт сағ және 1035 МВт жетеді деп күтілуде. Ақтөбе қаласы бойынша қуаттылық тапшылығы есептік кезеңге шамамен 700 МВт құрайды (оның ішінде 1 кезекке шамамен 500 МВт).

      Ақтөбе қаласында негізгі генерациялау көзі Ақтөбе ЖЭО болып табылады. Бірінші кезекке өндіруші көздерді дамыту 2022 жылы Энергетика министрлігі бекіткен 2022 – 2028 жылдар кезеңіне арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгеріміне сәйкес қабылданды, оған сәйкес қуаты 57 МВт газ-турбиналық қондырғыны (бұдан әрі – ГТҚ) орнатумен Ақтөбе ЖЭО кеңейту көзделеді.

      Есептік мерзімге Ақтөбе қаласында жиынтығында 300 МВт жуық жеке өндіру көздерін дамытуды көздеу қажет, оны Ақтөбе ЖЭО реконструкциялауды және белгіленген қуатты қосымша 50 МВт мөлшерінде ұлғайтуды, өнеркәсіптік тұтынушылардың мұқтаждықтары үшін шығыс және батыс бөлігінде қуаты шамамен 2×125 МВт болатын екі ГТҚ орналастыруды (блокты-модульді қазандықтан жылу жүктемелерін жабу шартымен) ескере отырып орындауға болады. Сонымен қатар балама ретінде жылу және электр жүктемелерін жабу үшін бу-газ қондырғысын (бұдан әрі – БҚҚ) орнатуды қарастыруға болады.

      Ақтөбе қаласының тұтынушылары үшін қуат пен электр энергиясының тапшылығы Ақтөбе облысында орналасқан жаңартылатын энергия көздерінен (бұдан әрі – ЖЭК) 110-220 кВ электр желілері бойынша жабылатын болады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған Ақтөбе облысында ЖЭК-ті төмен көміртекті дамытуға арналған бағытқа сәйкес есептік кезеңде Ақтөбе облысында осындай көздердің 1000-2000 МВт кең диапазонында өсуі көзделеді.

      Газ генерациясын дамыту перспективалары Қазақстанда ЖЭК интеграциялау үшін маневрлік қуаттарды ұлғайту қажеттілігімен байланысты және газ генерациясын енгізу жөніндегі барлық шешімдер Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінің жалпы энергетикалық теңгерімін байланыстыра отырып, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлей отырып, экономикалық негіздемелер негізінде қабылдануға тиіс.

      Бірінші кезекке және есептік мерзімге Ақтөбе қаласының электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағытында мыналар көзделеді:

      қала айналасына екі 220 кВ ҚС айналма құрумен 220 кВ сыртқы желілерді күшейту (Жаңа-4 Оңтүстік, Жаңа-3 Батыс), бұл 220 кВ желілері (Орск – Ақтөбе ЖВ) бойынша мемлекетаралық транзиттік қайта ауысымдарды болдырмауға мүмкіндік береді;

      тұтынушылардың жүктемелерін 110/10 кВ жаңа қосалқы станцияларға ауыстыру және 220 кВ тіректік қосалқы станциялардың жүктемесін қамтамасыз ету (220 кВ Ақтөбе ҚС, 220 кВ Ақжар ҚС, 220 кВ Жаңа-3 Батыс ҚС, 220 кВ Жаңа-4 Оңтүстік ҚС);

      тірек 220 ҚС-нан радиалды блоктық схемалар бойынша 110/10 кВ жаңа ҚС салу (КЛ 110 кВ КЖ-мен Жаңа-2 Парасат, Жаңа-5 Жіңішке, Жаңа-1 Баянауыл, Жаңа-4 Оңтүстік);

      физикалық және моральдық жағынан ескірген электр желілік объектілерді реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру, трансформаторларды жоғары қуатқа ауыстыру (110/10 ПОШ Заречная, 41 Разъезд, Қалалық, Сазды, Елек, Сүт зауыты ҚС), шығындарды азайту және қосарланған трансформацияны болдырмау үшін қаланың орталық бөлігіндегі 35 кВ желілерді біртіндеп жою;

      қаланың қоныстану бөлігіндегі 110 кВ әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру;

      тұтынушыларға тікелей орнатылған "ақылды" есептегіштер (Smart Meters) жүйесіне және "ақылды" желіге (Smart Grid) негізделген "ақылды қала" тұжырымдамасын іске асыру;

      энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу мәселелерін күшейту;

      бөліп таратылатын генерацияны енгізу (10 кВ тарату желілеріндегі шатыр қондырғылары және т.б.).

5-параграф. Жылумен жабдықтау

      2050 жылға дейінгі перспективаға өнеркәсіптің жылу тұтынуын болжамды бағалау қазіргі экономикалық қатынастарды, меншік нысанының өзгеруін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылатын кәсіпорындарда прогрессивті энергия үнемдеу технологияларын белсенді енгізуді, жылу энергиясын есепке алу және бақылау аспаптарын орнатуды ескере отырып, қалыптасқан өнеркәсіптік аймақтар шекараларында кәсіпорындарды дамытудың қабылданған стратегиялық бағытын негізге алумен орындалды.

      Бас жоспарда Ақтөбе қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың қағидатты бағыттары әзірленді. Жылумен жабдықтаудың неғұрлым ұтымды жүйесі (оның ішінде тұрғын үйлерде топтық жылу алмастырғыштарды орната отырып, ыстық сумен жабдықтау жүйесі бойынша жабық жүйеге ауыстыру) жылумен жабдықтау схемасын және жылу желілері мен жылу көздерін реконструкциялаудың және дамытудың техникалық-экономикалық негіздеуін әзірлеу сатысындағы техникалық-экономикалық және экологиялық есептеулер негізінде ықтимал нұсқаларды салыстырумен айқындалады.

      Қолданыстағы жылу электр орталығы технологиялық және физикалық тұрғыда ескіргенін ескерген жөн. Алайда нақты қосылған жылу жүктемесі және оны басқа жылу көздеріне қайта бөлудің мүмкін еместігі жүктемені жабуға мүмкіндік бермейді.

      Ақтөбе қаласының орталық жылумен жабдықтау жүйесін дамыту перспективасында жылу электр орталығы қалыптасқан қолданыстағы жылумен жабдықтау аймағының шекарасында көзделеді. Ақтөбе жылу электр орталығы аймағының жылу желілеріне жұмыс істеп тұрған жылу желілерінің шекараларында орналасқан объектілерді қосу ұсынылады, бұл қомақты шығындарды талап етпейді.

      Құрылыс тығыздығы жоғары аудандарда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін дамыту қажет. Шағын жылыту қондырғыларымен салыстырғанда газ шығарындыларында уытты заттардың шоғырлануы аз болатын ірі жылу көздерін пайдалану қоршаған ортаны қорғау міндетіне де ықпал етеді.

      Қаланың батыс және солтүстік-шығыс бөліктеріндегі бос аумақтарда орналасқан жаңа көпқабатты құрылыстарды жылумен жабдықтауды жылу қуаты 10 Гкал/сағаттан 100 Гкал/сағатқа дейінгі жаңа топтық қазандықтардан жүзеге асыру ұсынылады.

      Жаңа қазандықтардың құрылысы қазіргі заманғы тиімділігі жоғары негізгі және қосалқы жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиіс. Ірі топтық қазандықтарды салудың экономикалық тиімділік дәрежесі жаңа құрылысты салу қарқынына байланысты: бұл қарқындар неғұрлым жоғары болса, қазандықтар соғұрлым тезірек қалыпты пайдалану жағдайына шығады.

      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ақтөбе қаласының жылумен жабдықтау жүйесі 2050 жылға дейінгі кезеңде былайша дамуға тиіс:

      Ақтөбе жылу электр орталығы аймағындағы жаңа қоғамдық ғимараттарды және "Aqtobe su-energy group" АҚ қазандықтарын жылумен жабдықтау оларды реконструкциялау, жаңғырту есебінен қамтамасыз етілетін болады;

      "Нұр-Ақтөбе" шағын ауданының ауданындағы жаңа көпқабатты тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жылумен жабдықтау "Ақтөбе-Сити" қазандығының кеңейтілетін бөлігінен қамтамасыз етілетін болады;

      қазіргі таңда жылумен қамтамасыз етілмеген жинақы орналасқан көпқабатты тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жаңа құрылыс аймақтарында табиғи газбен жұмыс істейтін жаңа топтық блокты-модульді қазандықтар салу көзделуде;

      жаңа жеке тұрған қоғамдық ғимараттарды жылумен жабдықтауды табиғи газбен жұмыс істейтін қуаты аз блокты-модульді қазандықтар негізінде жаңа автономды жылумен жабдықтау жүйелерінен жүзеге асыру көзделеді;

      жаңа азқабатты жеке және бөліктелген үйлерді жылумен жабдықтау жабық жану камерасы бар толық зауыттық дайындықтағы автоматтандырылған қазандықтарды пайдалана отырып, автономды жылыту жүйелерімен және пәтерлік жабдықтармен көзделеді;

      қолданыстағы және жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылумен жабдықтау кәсіпорындардың жылумен жабдықтауға арналған алаңдарында орналасқан меншікті қазандықтардан жүзеге асырылады.

6-параграф. Газбен жабдықтау

      Болжамды бағалау бойынша Ақтөбе агломерациясы аймағында орналасқан өнеркәсіптік-индустриялық сектор тарапынан және жаңа тұрғын алаптарының дамуынан табиғи газға сұраныс перспективалы 2050 жылға қарай жылына шамамен 5,2 млрд м³/жыл жетуі мүмкін.

      Ақтөбе қаласында газ құбыры-бұрмасы 3-ші желісінің құрылысын іске асыру № 3 автоматтандырылған газ тарату станциясының толық қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.

      "ҚазТрансГаз" АҚ салған, өнімділігі сағатына 300 мың текше метр газды құрайтын № 3 автоматтандырылған газ тарату станциясы облыс орталығын ғана емес, сонымен қатар қала маңындағы және одан да шалғай елді мекендерді де үздіксіз газбен қамтамасыз етуге қабілетті. Станция табиғи газды қолданыстағы объектілерге беруге ғана емес, сонымен қатар оның қуаты перспективаға да жетеді.

      Қаланың дамуы мен белсенді тұрғын үй құрылысының салдарынан қолданыстағы № 1 автоматты газ тарату станциясы тұрғын үй секторының айналасында қалды. № 1 автоматты газ тарату станциясының магистральдық бұрмасын 1,2 МПа қысыммен жоғары қысымды газ құбыры режиміне ауыстыру, ал № 1 автоматты газ тарату станциясының орнына жаңа бас газ реттеу пункттерін салу қажет.

      Тұрғын орамдар, жаңа әкімшілік және қоғамдық ғимараттар құрылысы ұлғайған сайын жоғары, орта және төмен қысымды қалаішілік газ тарату желілерінің жаңа тармақтары салынатын болады.

      Халықты, жылу электр орталығын, әлеуметтік маңызы бар объектілерді газбен үздіксіз жабдықтау үшін барлық қысымдағы газ тарату желілерін айнала қоршау қажет.

      Бірінші кезекке табиғи газды жалпы тұтыну 1852,0 млн м³/жыл, есептік мерзімге – 2759,80 млн м³/жыл құрайды. Қала бойынша жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларының жалпы ұзындығы бірінші кезекке 1159,5 км, есептік мерзімге 1393,5 км құрайды.

7-параграф. Телекоммуникация және байланыс

      Жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарда G-PON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясы бойынша заманауи телекоммуникациялық желі салу ұсынылады. Қолданыстағы аумақтардың GPON технологиясына біртіндеп көшуін көздеу ұсынылады.

      Ұсынылған FTTH телекоммуникациялық желісі абоненттерге ақпараттандырудың әлемдік көшбасшылары деңгейінде шексіз көлемде және жоғары сапада жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізу қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

      Бірінші кезекке желінің нөмірлік сыйымдылығы 29454 нөмірді құрайды. 29454 нөмірге арналған станциялық және желілік құрылысжайлардың құрылысын көздеу қажет.

      Есептік мерзімге GPON технологиясы бойынша телекоммуникациялық желінің құрылысын аяқтау ұсынылады. Халық санының болжамды өсуімен желінің нөмірлік сыйымдылығының өсуі 78248 нөмірді құрайды. Станциялық және желілік құрылысжайларды 78248 нөмірге кеңейтуді көздеу қажет. Бұл ретте телефондық тығыздық 100 адамға шаққанда 25 нөмірді құрайды.

12-тарау. Аумақты инженерлік дайындау мен оны қауіпті геологиялық және техногендік құбылыстардан қорғау

      Ақтөбе қаласының Бас жоспарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ықтимал әсер ету аймағында инженерлік дайындық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықтың қорғалуын, тыныс-тіршілігін, жайлы тұруын және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар жасау үшін қажетті іс-шаралар мен құрылысжайлар кешенін білдіреді.

      Аумақ Ақтөбе өңірінің Орал маңында мезо-кайнозой шөгінділерінен түзілген және жайпақ-еңісті жазық болып табылатын, Орал – Ембі құрылымдық үстіртінің денудациялық шығыс жағынан Каспий маңы ойпатын қоршап тұрған шеткі шығыс бөлігінің бетінде орналасқан. Аумақ Елек өзенінің алқапүстілік І террасасының жайпақ толқынды беткейінде орналасқан. Терасса беткейі жалпы алғанда солтүстік-батыс пен Елек өзенінің арнасына қарай ойысатын әлсіз толқынды жазық болып табылады. Жазықтың беті қуаттылығы 10-15 метр болатын аллювиалды құмды-сазды қазіргі және төрттік кезеңдегі қалыптасқан түзілімдерден тұрады. Жер бедері абсолюттік белгілері 371,60 – 205,30 метр аралығында.

      Бас жоспарда көзделген Ақтөбе қаласының аумағын инженерлік дайындау мынадай іс-шараларды қамтиды:

      аумақты сатылас жоспарлау;

      жерүсті ағынын ұйымдастыру;

      жасыл желектерді суаруды ұйымдастыру;

      аумақтардың тілімденуін азайту (жыра түзілумен күрес);

      аумақты жер асты суының жайылуынан қорғау;

      су объектілері мен су ағындары арналарын абаттандыру;

      аумақты тасқын судың басуынан қорғау;

      өзендердің жағалау аумақтарын су басудан қорғау.

      Ақтөбе қаласының аумағында бірқатар теріс физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардың болуы аумақты инженерлік дайындау бойынша бірқатар іс-шараларды жүргізуді талап етеді, олардың ең бастысы жер үсті ағынын реттей отырып, сатылас жоспарлау болып табылады.

      Сатылас жоспарлау жер бедерінің табиғи бедерін абаттандыру арқылы орындалған, бұл жер үсті суларын қоныстану аумағынан су бұру желісіне ағызуды қамтамасыз етеді. Қолданыстағы құрылыстың да, жобаланатын құрылыс салу учаскелерінің де биіктету шешімі негізгі магистральдық және тұрғын көшелердің осьтері бойынша белгілермен және еңістермен берілген.

      Солтүстік-батысқа қарай еңісті жер бедері жер жұмыстарының ең аз көлемімен, іс жүзінде табиғи рельефте жер үсті суларын өздігінен ағызу үшін ыңғайлы жолдардың жүру бөлігі бойынша бойлық еңістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жер бедерін өзгерту және құрылыс салу мен жол салу талаптарына бейімдеу үшін жекелеген учаскелерде аумақты сатылас жоспарлауды жүзеге асыру көзделген.

      Жолдардың жүру бөліктері мен орамішілік өткелдер көшелердің екі жағында жиектастарды орната отырып, қос еңісті болып жайластырылады.

      Өткелдерден атмосфералық суларды ағызу ашық типтегі су жинау кәрізі ретінде атмосфералық суларды бұру функциясын атқаратын арық желісіне көлденең еңістер бойынша жүзеге асырылады. Атмосфералық суларды ағызу жиектастардың ажырамалары арқылы жүзеге асырылады. Нормативтік еңіс жоқ жол учаскелерінде жауын-шашын суларының ағыны көлденең еңіс есебінен жүргізіледі.

      Жобалық ұсыныстарға сәйкес ашық жер үсті әдісі орамдар аумағындағы атмосфералық сулардың су бұру (арық) желісіне түсуіне мүмкіндік береді, ол арқылы ағын одан әрі өздігінен ағумен жергілікті тазарту құрылыстары мен жауын-шашын ағындарын жинауыш тоғандарға жіберіледі және жасыл желектерді суару мен жол төсемдеріне су себуде техникалық су ретінде пайдаланылады.

      Коммуналдық аумақтарда орналасқан аса ластанған учаскелерден (бензин құю станциялары, автомашиналар тұрақтары, автобус станциялары, автожуу орындары) жер үсті ағындары жергілікті тазарту құрылыстарында жауын-шашын кәрізінің арық желісіне ағызбас бұрын қосымша тазартудан өтуге тиіс.

      Бас жоспарда жыралардың дамуын болдырмау, оларды жою және абаттандыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді.

      Ұзындығы 300 метрге дейінгі және тереңдігі 10 метрге дейінгі, яғни құммен толтырылуға тиіс ұсақ, құрғақ жыралар жойылуға жатады. Шағын және тұрақты жер асты ағындары бар жыраларға суды жіберу қажеттілігімен жабық суағар орнату ұсынылады.

      Ұзындығы 2000 метрге дейін болып сипатталатын орташа жыралар үшін беткейлерді керту немесе сатылау арқылы, оларды абаттандыру қажет.

      Ірі жыраларда тегістеу жұмыстарын жүргізу, жыртылған жерлерді толтыру, оларды одан әрі гараждар, қоймалар салу, саябақтар, көгалдандырылған аумақтар мен су қоймаларын орналастыру кезінде пайдалану арқылы түбін толтыру қажет.

      Егер тікжақтаудың шамасы 8 %-ға дейін болса (кіші және орта еңістер), онда тікжақтау немесе беткей өсімдіктер мен ағаштарды отырғызу арқылы күшейтіледі. Тікжақтаудың шамасы орташа мәннен асса, жасанды конструкциялар: көгал торлары, биоматтар, геоторлар қолданылады.

      Биік құлама еңістерде габионды конструкциялар мен геоторларды қолдану қажет. Бұл тікжақтаудың немесе беткейдің түрлі жүктемелерге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар олар декоративті-тартымды сыртқы көрініс үшін қолданылады. Сонымен қатар габиондар мен геоторлар тасты және сазды тікжақтауларға немесе беткейлерге орнатылуы мүмкін.

      Бас жоспарда жобалық ұсыныс ретінде деңгейлес жабық дренажды қолдану ұсынылады. Жер асты суларының зиянды әсерінің алдын алуды және жоюды мынадай шаралар кешенін орындау арқылы қамтамасыз ету қажет:

      жер асты сулары 0,5 метрден 3,0 метрге дейінгі жататын аумақтарда жабық көлденең дренаж жүйесін салу;

      жертөлесі бар ғимараттар үшін – жертөлелерді гидрооқшаулау;

      жобаланатын аумақтан жер үсті жауын-шашын және еріген суларды жинау және бұру жөніндегі іс-шараларды орындау;

      автожолдардың төсемдері арқылы қолданыстағы су жібергіштерді тазарту және жаңа су жібергіштер салу;

      аумақты су басудан қорғаудың алдын алу шараларын әзірлеу және орындау.

      Су объектілері мен су ағындарының арналарын абаттандыруға келетін болсақ, Ақтөбе қаласының аумағы арқылы ағатын өзендерде, таяз су ағындарында жағалау маңы белдеулерін абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ конструкцияларды пайдалану арқылы жағалауды нығайту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірқатар шараларды іске асыру, өзен арналарын түзету мен кеңейтуді, өзен беткейлерін нығайтуды жүргізу қажет. Ескі су өткізу құрылыстарын реконструкциялау және жаңа су өткізу құрылыстарын салу көзделеді. Саябақ және жасыл аймақтарда жағалаулар мен суға түсетін жерлерді жайластыру қажет.

      Елек өзенінің бойында қажет етілетін жерлерде жағалауды, суға түсетін жерлерді арнаның қаптамасын жөндеу қажет.

      Ақтөбе және Сазды су қоймаларының жағалауларын қоқыстардан және шөгінділерден тазарту, жағалауларды тазарту, ағаштар мен бұталарды отырғызу және жағалауларды бетон плиталармен немесе габион конструкциялармен қаптау арқылы жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу қажет.

      Қардың қатты еруі кезеңінде жобаланатын аумақ арқылы ағып жатқан өзендердегі су деңгейінің айтарлықтай көтерілуі байқалады. Осыған байланысты жағалау аумақтарын су басу процестері байқалады.

      Бас жоспарда өзен арналары толуының ең жоғары деңгейінде жағалау аумақтарын су басудан қорғау үшін өзен арналарының бойында жер бөгеттерін салу көзделген.

13-тарау. Қоршаған ортаны қорғау

      2022 жылғы 1-жартыжылдықта Ақтөбе қаласы бойынша атмосфералық ауаның ластануының жалпы көрсеткіші өте жоғары деп бағаланады.

      Перспективада Бас жоспарда Ақтөбе қаласының өнеркәсібін одан әрі үдемелі инновациялық дамыту көзделеді. Ақтөбе қаласын шығарындыларының зиянды әсерін азайту үшін жобада мынадай іс шаралар кешені көзделеді:

      қаланың солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс шетінде су жинауыш тоғандары бар жаңа кәріз тазарту құрылыстарын салу, орман екпелерін суаруға тазартылған ағынды суларды қайта пайдалана отырып, тазарту құрылыстарының ескі кешендерін реконструкциялау;

      қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарынан санитариялық-қорғаныш аймақтарын сақтау;

      сібір жарасы көмулерінен, мал қорымдарынан және биотермиялық шұңқырлардан санитариялық-қорғаныш аймақтарын қатаң сақтау;

      қаланың солтүстік-батыс шетінде компосттау полигондары бар қоқыс өңдеу зауытын салу;

      қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарының шекті рұқсат етілген шығарындыларында көзделген ластаушы заттар шығарындыларын қысқарту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету;

      табиғатты пайдаланушыларға өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату ұсынымдары;

      қоршаған ортаға шығарындылар мен төгінділерден тазартудың заманауи технологияларын енгізу және жаңа кәсіпорындарды жобалау және салу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесін қамтамасыз ету;

      калий-магний тұздарының Жыланды кен орнын игеруге тыйым салу;

      өзендердің жағалауларын габионды конструкциялармен нығайту;

      қала шегінде Сазды өзенінің арнасын бетондау;

      кіші айналма жолы шегінде барлық өзендердің жайылмаларын тазарту, су қорғау белдеуі немесе аймағы шегінде судың есептік 3 пайыздық шығынын өткізу арқылы жағалауды нығайту және регламентке сәйкес абаттандыру;

      су ағызатын суару арналары бар сызықты орман қорғау белдеулерінің жүйелерін орындау;

      ҮАААЖ-ның сыртқы жағынан ені 250 м қар тоқтатын конструкциясы бар орман қорғау белдеуін ұйымдастыру (осы белдеудің ішіне су тасқыны кезінде дала алқаптарының еріген суын қабылдай алатын, суды одан әрі жасыл желектерді суаруға тарататын арна салу қажет);

      жобаланатын кіші айналма жолдың сыртқы жағынан ені 150 м қар тоқтатын конструкциясы бар орман қорғау белдеуін ұйымдастыру (осы белдеудің ішінде су тасқыны кезінде дала алқаптарының еріген суын қабылдай алатын, суды одан әрі жасыл желектерді суаруға тарататын арна салу да ұсынылады);

      Еуро-5 стандартына көшу арқылы бензиннің сапасын арттыру;

      мына кәсіпорындарды сыртқа шығару: "Взрывпром" ЖШС – қоныстану аумағына жақын орналасқан жарылғыш заттар қоймасы (жобада жою ұсынылады), "Аdm investment" ЖШС (құс фабрикасы), "КТП" ЖШС, мобильді асфальтбетон зауыты және т.б.;

      әуежайды қаланың тұрғын алаптарынан 20 км қашықтықта Нұрбұлақ-1 алаңына шығару;

      азқабатты құрылыс аудандарында энергияның дәстүрлі емес түрлерін, ең алдымен күн энергиясын жылумен жабдықтау үшін пайдалануды ынталандыру.

      Қазіргі жасыл желектерді барынша сақтау, оларды реконструкциялау, сондай-ақ Бас жоспардың жобалық шешімдеріне негізделген жаңа екпелерді отырғызу ұсынылады.

      Бас жоспарда өнеркәсіптік аймақтың оңтүстігіне қарай (тұрғындар қалашығы ауданының солтүстігіне қарай) орналасқан аумақта жеке тұрғын үйлерді бұзу көзделеді. Бұл шара қауіптіліктің бірінші сыныпты кәсіпорындарынан (Ақтөбе хром қосылыстары зауыты және ферроқорытпа зауыты) санитариялық-қорғаныш аймағын құру, сондай-ақ осы аймақта халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жобалаудың келесі кезеңінде қорғаныш өсімдіктерінің ассортиментін және санитариялық-қорғаныш жасыл белдеуінің конструкциясын әзірлеу қажет. Бұл шара белгілі бір дәрежеде өнеркәсіптік кәсіпорындардан келетін жағымсыз иістің таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ су қорғау аймақтары мен жер үсті су объектілерінің белдеулері шегінде заңсыз салынған тұрғын үйлерді және өзге құрылыстарды бұзу көзделеді.

      Жобада адамдардың жайлы өмір сүруі және қоршаған ортаны қорғау мақсатында:

      табиғи кешен аумақтарын ауа бассейнінің ластануынан қорғау;

      жер үсті және жер асты су ресурстарын ластанудан және сарқылудан қорғау;

      урбандалған аумақтарды физикалық факторлардың (шуыл, вибрация, электромагниттік сәулелену) әсерінен қорғау;

      топырақ-өсімдік жамылғысын атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларынан және қатты-тұрмыстық қалдықтардың түзілуінен қорғау;

      жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау;

      аумақтарды техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті процестерден қорғау;

      көгалдандыру және микроклиматтық жағдайларды жақсарту арқылы тыныс-тіршілік ортасының жайлылығын арттыру көзделген.

      Халықтың қалыпты әлеуметтік және санитариялық-гигиеналық тыныс-тіршілігі жағдайларын қамтамасыз ету үшін елді мекеннің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық дамуы қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру шараларын жүзеге асырумен байланысты болуға тиіс.

      Қоршаған ортаның әрбір құрамдас бөлігі бойынша ұсынылған іс-шараларды орындау кезінде экологиялық жағдайдың нашарлауының алдын алуға, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және нормативтік талаптарға сәйкес қоршаған орта мен адамдарды сауықтыруға болады.

14-тарау. Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Бастапқы жыл

Бірінші кезек

Есептік мерзім

1

2

3

4

5

6

1

Аумақ





1.1

қала шегіндегі елді мекен жерлерінің ауданы, барлығы

га

233758

233758

233758


оның ішінде:





1.1.1

тұрғын үй және қоғамдық құрылыс

га

10347,7

14158,5

18689,3


оның ішінде:





1.1.1.1

үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжайлы және бөліктелген құрылыс

га

8527,7

10196

10591,4

1.1.1.2

азқабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы

га

174,5

176,9

1513,7

1.1.1.3

орташа қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы

га

638,2

1052,3

2950,7

1.1.1.4

көпқабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы

га

266,3

381

917,3

1.1.1.5

қоғамдық құрылыс

га

741

2352,3

2716,2

1.1.2

өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма құрылысы

га

3103,4

4010

5755,7


оның ішінде:





1.1.2.1

өнеркәсіптік құрылыс

га

2786,2

3703,4

5177,6

1.1.2.2

коммуналдық құрылыс

га

54,7

54,8

324,4

1.1.2.3

қойма құрылысы

га

262,5

251,8

253,7

1.1.3

көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар, оның ішінде: сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржол көлігі)

га

103,8

351,1

799,6

1.1.3.1

магистральдық инженерлік желілер мен құрылыстар

га

0,1

0,1

0,1

1.1.3.2

автокөлік кәсіпорындары, көлік

га

103,7

351

799,5

1.1.4

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

га

-

-

3306,2


оның ішінде:





1.1.4.1

қорықтар

га

-

-

-

1.1.4.2

қаумалдар

га

-

-

-

1.1.4.3

табиғи саябақтар

га

-

-

3306,2

1.1.5

су айдындары мен акваториялар

га

3272,6

3272,6

3274,7


оның ішінде:





1.1.5.1

өзендер, табиғи және жасанды су айдындары

га

3272,6

3272,6

3232,2

1.1.5.2

гидротехникалық құрылыстар

га

-

-

42,5

1.1.5.3

су шаруашылығы құрылыстары

га

-

-

-

1.1.6

ауыл шаруашылығы мақсатындағы

га

145874,1

137058

132244,7


оның ішінде:





1.1.6.1

егістік жерлер

га

69205,6

65733

64709,7

1.1.6.2

көпжылдық екпелер, орман

га

4043

4043

3805,8

1.1.6.3

шабындықтар, жайылымдар

га

72625,5

67282

63729,2

1.1.7

жалпыға ортақ пайдаланымдағы

га

8996,6

30875

33495,1


оның ішінде:





1.1.7.1

көшелер, жолдар, өтпежолдар

га

3620

4340

7334,3

1.1.7.2

жағажайлар, жағалаулар

га

1280

1754,7

1751,2

1.1.7.3

саябақтар, скверлер, гүлзарлар, жалпыға ортақ пайдаланылатын жасыл желектер, рекреациялық аймақтар

га

354,1

14214,9

14275,3

1.1.7.4

ормандар мен орман саябақтары

га

2057,8

8880,7

8766,8

1.1.7.5

режимдік аумақтар, арнайы мақсаттағы аймақтар

га

1684,7

1684,7

1367,5

1.1.8

Резервтік

га

62059,8

44032,8

36192,7


оның ішінде:





1.1.8.1

қоныстану аумақтарын дамыту үшін

га

19751,6

7616

3270,3

1.1.8.2

өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін

га

10076,6

3556,3

1926,4

1.1.8.3

өзге резервтік аумақтар

га

32231,6

32860,5

30996

2

Тұрғындар





2.1

Бағынысты елді мекендерді ескергендегі халық саны, барлығы

мың адам

523,7

636,9

950,0


оның ішінде:





2.1.1

қаланың өзі

мың адам

523,7

636,9

950,0

2.1.2

басқа елді мекендер

мың адам

-

-

-

2.1.3

Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері:






өсім

мың адам

12,5

129,3

429,4


кему

мың адам

3,9

31,6

121,7

2.1.4

Халықтың көші-қон көрсеткіштері:






өсім

мың адам

22,3

187,9

411,5


кему

мың адам

18,7

161,7

406,1

2.2

халық тығыздығы

адам/га

2

2,5

3,8

2.2.1

қоныстану аумағы шегінде

адам/га

8,6

9,6

7,5

2.3

Халықтың жас құрылымы:





2.3.1

15 жасқа дейінгі балалар

мың адам/%

163,8/31,3

193,0/30,3

269,8/28,4

2.3.2

еңбекке қабілетті жастағы халық

мың адам/%

306,2/58,5

408,3/64,1

622,3/65,5

2.3.3

еңбекке қабілетті жастан асқан халық

мың адам/%

53,7/10,2

35,7/5,6

57,9/6,1

2.4

Еңбек ресурстары, барлығы:

мың адам

361,3

439,5

646,0


оның ішінде:





2.4.1

Экономикалық белсенді халық, барлығы

мың адам

246,6

303,2

452,2


оның ішінде:






экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар

мың адам

234,8

289,9

434,1


оның ішінде:

мың адам





қала түзуші топта

мың адам

69,0

81,6

136


оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, оның ішінде

мың адам

6,6

7,0

5,0


қызмет көрсету тобында

мың адам

165,8

201,0

298,0


оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, оның ішінде:

мың адам

25,4

28,0

21,0


жұмыссыздар

мың адам

11,8

13,3

18,1

2.5

Экономикалық белсенді емес халық

мың адам

114,7

136,2

193,8


оның ішінде:





2.5.1

өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар

мың адам

-

-

-

2.5.2

экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар

мың адам

-

-

-

3

Тұрғын үй құрылысы





3.1

Тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың ш. м

11592,90

14521,50

23910,30


жалпы қордан:





3.1.1

көппәтерлі үйлерде

жалпы ауданы мың ш. м

7251,40

10028,90

18423,20

3.1.2

меншікжай үлгісіндегі үйлерде

жалпы ауданы мың ш. м

4341,50

4492,60

5487,10

3.1.3

70 %-дан астамы тозған тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың ш. м

деректер жоқ

деректер жоқ

деректер жоқ


оның ішінде:






мемлекеттік қор

мың ш.м

-

-

-


сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы

мың ш.м

-

11345,00

14521,50

3.2

тұрғын үй қорын қабат саны бойынша бөлу:

мың ш.м




3.2.1

азқабатты

мың ш.м

-

5101,80

6453,50


оның ішінде салынып жатқаны:






үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) үлгісінде

мың ш.м

-

3445,10

4492,50


бөліктелген азқабатты тұрғын үйлер (1-3 қабатты)

мың ш.м

-

1656,70

1961,00

3.2.2

орташа қабатты (4-8 қабатты) көппәтерлі

мың ш.м

-

3948,10

5346,70

3.2.3

көпқабатты көппәтерлі

мың ш.м

-

2295,10

2721,30

3.3

Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы

мың ш.м

-

247,9

-


оның ішінде:





3.3.1

техникалық жағдайы бойынша

мың ш.м

-

-

-

3.3.2

реконструкциялау бойынша

мың ш.м

-

-

-

3.3.3

басқа себептер бойынша (үй жайларды қайта жабдықтау)

мың ш.м

-

247,9


3.4

Мыналарға қатысты тұрғын үй қорының кемуі:





3.4.1

қолданыстағы тұрғын үй қорына

%

-

2,14

-

3.4.2

жаңа құрылысқа

%

-

7,80

-

3.5

Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы

жалпы ауданы мың ш.м

-

3176,50

9388,80

3.6

Қабат саны бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы






оның ішінде:





3.6.1

азқабатты

жалпы ауданы мың ш.м

-

1351,70

2218,50


оның ішінде:






үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) үлгісінде

жалпы ауданы мың ш.м

-

1047,50

994,6


бөліктелген азқабатты (1-3 қабатты)

жалпы ауданы мың ш.м

-

304,20

1223,90

3.6.2

орташа қабатты (4-8 қабатты) көппәтерлі

жалпы ауданы мың ш.м

-

1398,60

5928,70

3.6.3

көпқабатты көппәтерлі

жалпы ауданы мың ш.м

-

426,20

1241,60

3.7

Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналастырылады:





3.7.1

бос аумақтарда

жалпы ауданы мың ш.м

-

3176,50

9388,80

3.7.2

қолданыстағы құрылыс салуды реконструкциялау есебінен

жалпы ауданы мың ш.м

-

-

-

3.8

Жылына орта есеппен жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының пайдалануға енгізілуі

жалпы ауданы мың ш.м

-

397,06

469,44

3.9

Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі:





3.9.1

су құбырымен

жалпы тұрғын үй қорының %-ы

99,80

99,8

100

3.9.2

кәрізбен

жалпы тұрғын үй қорының %-ы

92,80

96

100

3.9.3

электр плиталарымен

жалпы тұрғын үй қорының %-ы

0,17

2

6

3.9.4

газ плиталарымен

жалпы тұрғын үй қорының %-ы

99,80

98

94

3.9.5

орталық жылытумен

жалпы тұрғын үй қорының %-ы

51,00

55

65

3.9.6

орталық ыстық сумен жабдықтаумен

жалпы тұрғын үй қорының %-ы

63,50

68

78

3.10

Халықтың жалпы пәтерлердің ауданымен орташа қамтамасыз етілуі

м²/адам

22,14

23,0

25,0

4

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері





4.1

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы

орын

22957

59497

93237


қамтамасыз етілу деңгейі

%

75,6

100

100


1000 тұрғынға

орын

44

93

98

4.1.1

жаңа құрылыс

орын

-

36540

33740

4.2

Жалпы білім беру мекемелері, барлығы

орын

63562

132262

197062


қамтамасыз етілу деңгейі

%

78,3

100

100


1000 тұрғынға

орын

123,9

207,7

207,4

4.2.1

жаңа құрылыс

орын

-

68700

64800

4.3

Ауруханалар, барлығы/1000 адамға

төсек

3242/6,2

3992/6,3

5992/6,3

4.4

Емханалар, барлығы/1000 адамға

ауысымына келушілер

5655/
10,8

6955/
11,0

10955/
11,5

4.5

Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (қарттар интернат-үйлері), барлығы

орын

280

560

560

4.6

Ұзақ демалу мекемелері (оқушылар лагері және т.б.), барлығы

орын

1460

1460

1460

4.7

Дене шынықтыру-спорт құрылысжайлары – барлығы

үсті жабық құрылыстардың жалпы ауданы м²

27860

63660

85260

4.8

Ойын-сауық-мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т.б.), барлығы

орын

3446

21446

55046

4.9

Сауда кәсіпорындары, барлығы

сауда ауданы м²

231600

274500

426800

4.10

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, барлығы

отырғызатын орын

12100

16700

29200

4.11

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы

жұмыс орны

деректер жоқ

деректер жоқ

деректер жоқ

4.12

Өрт сөндіру депосы

автомобиль саны/ бекеттер

61/5

86/12

164/21

4.13

Жедел жәрдем станциялары

автомобильдер саны

36

64

95

4.14

Психоневрологиялық интернаттар

орын

360

360

2160

4.15

Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар

орын

-

9000

14000

4.16

Қосымша білім берудің мектептен тыс мекемелері

орын

4076

6886

13386

5

Көлікпен қамтамасыз ету





5.1

Жолаушылар қоғамдық көлігі желісінің ұзындығы, барлығы

км

1553,6

2826,8

3693,6


оның ішінде:





5.1.1

теміржол

қосарлы жолдың км

51,8

51,8

153,8

5.1.2

электрлендірілген теміржол

қосарлы жолдың км

-

-

153,8

5.1.3

ЖРК

км

-

-

101,0

5.1.4

автобус

км

1501,8

2775,0

3285,0

5.2

Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы

км

528,7

594,97

978,61


оның ішінде:





5.2.1

жүрдек қозғалыс жолдары

км

39,3

39,3

108,0

5.2.2

жалпықалалық маңызы бар магистральдар

км

101,0

186,61

220,81

5.2.3

аудандық маңызы бар магистральдар

км

75,1

87,4

211,4

5.2.4

жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар

км

257,46

281,66

438,4

5.3

Сыртқы көлік, оның ішінде:





5.3.1

Теміржол көлігі, оның ішінде:






жолаушыларды тасымалдайтын

мың жолаушы/ жыл

1198,3

3186,0

9502,0


жүк тасымалдайтын

мың т/жыл

8115,8

12744,0

28506,0

5.3.2

әуе көлігі, оның ішінде:






жолаушыларды тасымалдайтын

мың жолаушы/ жыл

748,2

1910,6

4747,3


жүк тасымалдайтын

мың т/жыл

20,1

32,0

76,0

5.3.3

автомобиль көлігі, оның ішінде:






жолаушыларды тасымалдайтын

мың жолаушы/жыл

0,35

31,86

57,01


жүк тасымалдайтын

мың т/жыл

25940

30100

38940

5.4

Көше-жол желісінің тығыздығы

км/км²

2,9

2,2

2,4

5.5

Жеңіл автомобильдерді сақтауға арналған автомобильдер тұрақтары, барлығы

машина-орын

500

500

500


оның ішінде:





5.5.1

автомобильдерді тұрақты сақтауға арналған автопаркингтер (тұрақты тұратын халық үшін), барлығы

машина-орын

500

500

500


оның ішінде:






тұрғын үйлер астындағы жерасты

машина-орын

-

-

-


жерүсті (жеке тұрған)

машина-орын

500

500

500

5.5.2

Заңды тұлғалардың көлігі

бірлік

17294

22012

36008

5.5.3

Жеке тұлғалардың көлігі

бірлік

97403

153763

342788

6

Инженерлік жабдықтар





6.1

Сумен жабдықтау





6.1.1

Жиынтық тұтыну, барлығы

мың м³/тәул.

188,5

274,23

411,0


оның ішінде:





6.1.1.1

шаруашылық-ауызсу қажеттіліктеріне

мың м³/тәул.

-

228,36

342,0

6.1.1.2

өндірістік қажеттіліктерге

мың м³/тәул.

-

45,67

68,4

6.1.1.3

өзге

мың м³/тәул.

-

0,2

0,6

6.1.2

Тәулігіне орта есеппен 1 адамға жалпы су тұтыну

л/тәул.

360

430,4

432,5

6.1.3

Магистральдық су құбыры желілерінің ұзындығы

км

162,0

228,1

549,8

6.1.4

Су құбыры желілерінің диаметрі

-

-

100-800

100-800

6.2

Су бұру





6.2.1

Ағынды сулардың жалпы түсуі

мың м³/тәул.

167,87

234,18

350,6

6.2.2

Орташа есеппен 1 адамға су бұру

л/тәул.

320

367,5

369

6.2.3

Магистральдық кәріз желілерінің ұзындығы


104,8

195,4

498,4

6.2.4

Кәріз желілерінің диаметрі

мм

-

200-1000

200-1000

6.3

Санитариялық тазалау





6.3.1.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) түзілетін көлемі

мың тонна/
жыл

716,108

747,916

835,556

6.3.2

Қоқыс контейнерлерінің саны

бірлік

-

4 492

5 583

6.3.3

Тазалау машиналарының саны

бірлік

-

7 900

10 245

6.4

Электрмен жабдықтау





6.4.1

Электр энергиясын жалпы тұтыну

млн кВт сағ/
жыл

4210

4792

5736


оның ішінде:





6.4.1.1

коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

млн кВт сағ/
жыл

295

505

1068

6.4.1.2

өндірістік қажеттіліктерге

млн кВт сағ/
жыл

3915

4287

4668

6.4.1.3

"Қазхром" ТҰК" АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

млн кВт сағ/
жыл

3272

3342

3461

6.4.1.4

өнеркәсіп, құрылыс, көлік, өзге

млн кВт сағ/
жыл

643

945

1207

6.4.2

жылына орта есеппен 1 адамға электр тұтыну ("Қазхром" ТҰК" АҚ АФЗ қоспағанда)

кВт сағ/
адам

1791

2276

2394

6.4.2.1

оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

кВт сағ/
адам

563

793

1124

6.4.3

Жүктемелерді жабу көздері

МВт

718

851

1035


оның ішінде:





6.4.3.1

ЖЭО (ГТҚ), ГРЭС

МВт

252

366

666

6.4.3.2

біріккен энергия желісі

МВт

466

485

369

6.4.4

Желілердің ұзындығы

км

650

815

830

6.5

Жылумен жабдықтау





6.5.1

Орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы

МВт

1091

1571

2170


оның ішінде:





6.5.1.1

ЖЭО

МВт

853

1102

1102

6.5.1.2

топтық қазандықтар

МВт

188

357

930

6.5.1.3

орамдық қазандықтар

МВт

50

112

138

6.5.2

Жылыту үшін тұтыну, барлығы

МВт

1632

2 768

3809


оның ішінде:





6.5.2.1

коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

МВт

1370

1654

2339

6.5.2.2

өндірістік қажеттіліктерге

МВт

262

1114

1470

6.5.3

Ыстық сумен жабдықтауды тұтыну, барлығы

МВт

209

425

639


оның ішінде:





6.5.3.1

коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

МВт

180

226

369

6.5.3.2

өндірістік қажеттіліктерге

МВт

29

199

270

6.5.4

Жылумен жабдықтаудың жергілікті көздерінің өнімділігі

МВт

1230

2377

3031

6.5.5

Желілердің ұзындығы

км

260

280

320

6.6

Газбен жабдықтау





6.6.1

Табиғи газды тұтыну, барлығы

млн м³/жыл

1530,734

1852

2759,8


оның ішінде:





6.6.1.1

коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге

млн м³/жыл

507,531

590,088

919,9

6.6.1.2

өндірістік қажеттіліктерге

млн м³/жыл

1023,202

1261,912

1839,9

6.6.2

Табиғи газды беру көздері

млн м³/жыл

2680

5200

5200

6.6.3

Қаланың, басқа елді мекеннің отын балансындағы газдың үлес салмағы

%

95

95

95

6.6.4

Кентаралық газ тарату желілерінің ұзындығы

км

1003,5

1165,3

1399,3

6.7

Телекоммуникация және байланыс





6.7.1

Телефон нөмірлерінің белгіленген саны

бірлік

75265

29454

78248

6.7.2

Халықты телевизиялық хабар таратумен қамту

% халық

100

100

100

6.7.3

Халықтың ортақ пайдаланымдағы телефон желісімен қамтамасыз етілуі

100 отбасыға арналған нөмірлер

14,4

25

25

6.7.4

АТС сыйымдылығы

нөмірлер

75265

29454

78248

6.7.5

Желілік байланыс құрылысжайларының ұзындығы

км

-

105

130

6.7.6

Цирфлық автоматты телефон станциясы (АТС)

дана

9

-

-

6.7.7

Мультисервистік абоненттік қол жеткізу (МАҚ)

дана

64

-

-

6.7.8

WLL CDMA радио қол жеткізу жүйесі

дана

2

-

-

6.7.9

Оптикалық тарату шкафы

дана

10

42

73

7

Аумақты инженерлік дайындау





7.1

Жауын-шашын кәрізінің жалпы ұзындығы (арық желісі)

км

-

38,0

103,0

7.2

Жағалауды бекіту

км

-

230,3

330,3

7.3

Жер асты сулары деңгейінің төмендеуі (дренаждық құбырлар)

км

-

77,0

90,3

7.4

Аумақты сатылас жоспарлау

га

-

2208,5

8488,5

7.5

Жауын-шашын суларын тұндырғыштар

дана

-

10

13

7.6

Жауын-шашын суларын жинайтын тоғандар

дана

-

3

3

7.7

Суаратын су құбыры

км

-

32,0

45,0

7.8

Сорғылық суармалы сумен жабдықтау

дана

-

19

25

7.9

Тасқын суларды жинауыш тоғандар

км

-

4

7

7.10

Темірбетонмен қапталған ашық су бұру коллекторы

км

-

80

162

  Ақтөбе облысы Ақтөбе
қаласының бас жоспарына
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
қосымша



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады