"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 465 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 қарашадағы № 663 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 465 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Маминді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады