«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық мүлік «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 734 қаулысына
1-қосымша
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың
қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге
республикалық меншіктен берілетін мүліктің
тізбесі
Р/с |
Мүлік атауы |
Орналасқан жері |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
құрылысы аяқталмаған объекті |
Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы |
алаңы 5228,72 шаршы метр, жер учаскесінің алаңы 0,5 гектар |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 734 қаулысына
2-қосымша
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау
институты» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге
республикалық меншіктен берілетін мүліктің
тізбесі
Р/с |
Мүлік атауы |
Орналасқан жері |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
құрылысы аяқталмаған объекті |
Алматы қаласы Әуезов ауданы № 3 шағын ауданы, Ұлықбек көшесінен оңтүстікке, Сайын көшесінен шығысқа қарай |
алаңы 3110 шаршы метр, жер учаскесінің алаңы 0,2002 гектар |