"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалықактілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 740 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж. № 1, 4-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат):

      1) 133-баптың 2-тармағы 7) тармақшадағы "табыстарға азайтуға құқығы бар." деген сөздер "табыстарға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған, жергілікті атқарушы органдар ақысыз негізде берген электр желілерінің құнын азайтуға құқығы бар.";

      2) 397-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Егер энергия беруші ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерін өз балансына қабылдаған жағдайда, мұндай желілердің құны "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада мұндай желілер бойынша мүлікке салық сомасы есепке алынғанға дейін объектілердің салық базасына енгізілмейді.".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 301-1 және 301-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "301-1-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу

      301-2-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру туралы талаптарды бұзу";

      2) мынадай мазмұндағы 301-1 және 301-2-баптармен толықтырылсын:

      "301-1-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу

      1. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың құжаттарын қабылдаудан және (немесе) беруден бас тарту –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      301-2-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру туралы талаптарды бұзу

      1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, дәйекті бермеуі –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыруы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 305-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыру, базарларды, құрылыстар, құрылысжайларды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдар салу, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарып тастау, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу –";

      4) 690-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 144 (бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1, 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      5) 729-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде) 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 300 (барлық қуаттардағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.".

      3. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 8-І, 60-құжат):

      1) 3-бапта:

      8) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көлемі жылына жиырма бес миллион кВт. сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшін – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;";

      2) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электр энергиясын беру жөнiндегi;";

      3) 5-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) реттеліп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);";

      4) 7-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) мүлікті мемлекет меншігіне беру, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілерінің электр желілерін беру жағдайларын қоспағанда, өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлікті тендер нысанындағы сауда-саттықта иеліктен айыруға;";

      5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-3) өз балансына және (немесе) сенімгерлік басқаруға электр желілерін қабылдаған жағдайда, сондай-ақ электр желілерін өтеусіз пайдалануға алған кезде энергия беруші ұйымдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін қайта қарауға;";

      6) 18-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Табиғи монополиялар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын бекітуді және осы баптың 5-тармағында және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 1, 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген шекті тарифтің қолдану кезеңінде бір реттен жиі жүргізілмейді.";

      7) 18-4-баптың 2-1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электр энергиясын беру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;".

      4. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) авариялық бронь – апатты экологиялық, әлеуметтік зардаптарды болғызбауға қажетті, технологиялық процесі толығымен тоқтатылған кәсіпорынның персонал және қоршаған орта үшін қауіпсіз жай-күйін қамтамасыз ететін электр энергиясының ең аз шығыны (ең аз электр қуаты);";

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жылу энергиясын беру – жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын және (немесе) жылу тасымалдағышын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;

      10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы – шарттар негізінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын өндіруге, беруге қатысушылардың өзара қарым-қатынастары жүйесі;";

      мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-2) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін басқару және бақылау, сондай-ақ бұзылғандары мен істен шыққандарын жөндеу және шаралар қабылдауды қажет ететін технологиялық бұзылыстар немесе олардың пайда болуының алғышарттары жөнінде заңды және жеке тұлғалардан түскен хабарларды қабылдау және өндеуге арналған диспетчер жүзеге асыратын процесс;";

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) ұлттық электр желісі – шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттармен ұлттық компанияға беріледі.

      Бұл ретте өңірлік деңгейдегі электр желілері болып табылатын және олар бойынша электр энергиясын тек жеке өзінің мұқтаждығы үшін ғана беруге пайдаланылатын, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері ұлттық электр желісіне жатпайды;";

      29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1) электр желілері – электр энергиясын беруге арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) электр қуатын реттеу – жасасқан шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша көтерме сауда нарығы субъектілеріне және жүйелік операторға көрсетілетін, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) электр энергиясын беру – электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты әрекеттер;";

      44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы – ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;";

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін ұйым;";

      2) 5-бапта:

      30-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-1) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 30-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-3) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;";

      70-22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-22) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді және бекітеді;";

      70-23), 70-24), 70-25), 70-26), 70-27) және 70-28) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 70-29) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-29) электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел жөндеу персоналының салалық жарыстарын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 6-бапта:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшін орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті кіру рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, ол мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылады.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебiн жүргiзедi;";

      4) 6-1-баптың 6-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілген актілер мен хабарламалар, сондай-ақ тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабардар ету тексерілетін субъектіге мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тексеруді тағайындаған басшысының цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында не өзге де тәсілмен жіберіледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің берілген күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.";

      5) 7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітеді;";

      6) 9-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау электр желілік қағидаларға сәйкес кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сатуға арналған шарт болған кезде жүйелік оператормен келісілген сынау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.";

      7) 12-1-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде үш жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.";

      8) 13-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншік нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасасқан электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.";

      9) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

      1. Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын электр желілерінің меншік иесі өз электр желілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға өткізуді (сатуды), өтеусіз негізде немесе сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асыруға құқылы.

      Электр желілерінің меншік иесінің электр желілеріне қосылмаған энергия беруші ұйымға осындай электр желілерін беруге құқығы жоқ.

      2. Өз қажеттіліктері үшін пайдаланылатын электр желілерін қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы электр желілері өздері оның электр желілеріне қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беріледі.

      3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі:

      1) оларды жұмыс жағдайында ұстауға және осы баптың 1-тармағына сәйкес ұйымның қарамағына толық бергенге дейін олардың сақталуын және тұтастығын қамтамасыз етуге;

      2) заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда, өз электр желілеріне қосылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тоқтатуға әкеп соғатын әрекеттерге жол бермеуге;

      3) тұтынушыларға өз желілері бойынша электр энергиясын беруді тоқтатуға, сондай-ақ өз электр желілерінің бұзылуына, бөлшектенуіне, зақымдануына, жойылуына, қасақана зақымдануына (бұзылуына) әкеп соғатын әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

      4. Егер электр желілерінің меншік иесі өзіне меншік құқығында тиесілі электр желілерін (электр желілеріне тікелей қосылған) өңірлік электр желілік компаниясына сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз негізде беруге ниет білдірген жағдайда, өңірлік электр желілік компанияның осындай беруге кедергі келтіруге құқығы жоқ.

      5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген ережелер жүйелік операторға қолданылмайды.

      6. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс және олардың құрамында:

      1) диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы;

      2) электр желілерін, жабдықтарды, тетіктерді пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын оқытылған және аттестатталған персоналмен толық жинақталған, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар және құрылғылармен қамтамасыз етілген қызметтердің болуы;

      3) жүйелік қызмет көрсетуге жүйелік оператормен шарттардың болуы;

      4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компаниясында орнатылған жүйелермен оларды біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алуға арналған автоматтандырылған жүйелердің, телекоммуникация жүйелерінің болуы тиіс.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға электр энергиясын беруге қатысушылардың сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      7. Жаңадан құрылатын электр энергиясын беруге қатысушылар осы баптың 6-тармағында көрсетілген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      8. Энергия беруші ұйымдар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-2-бабымен регламенттелген жағдайлар туындаған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметке тарифті қайта бекітуді қамтамасыз етеді.";

      10) 15-2-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттауды өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырады.";

      11) 18-бапта:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тұтынатын электр энергиясының көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бөлшек сауда нарығында электрмен жабдықтау үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша:

      1) электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын;

      2) электр энергиясын тұрмыстық емес тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын;

      3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін электрмен жабдықтау үлгілік шартын жасасады.";

      12) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жүйелік авария туындаған кезде энергия беруші (энергиямен жабдықтаушы) ұйыммен энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броньдары бойынша тиісті актілері бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үздiксiз энергиямен жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдар өмiрiне қатер төндiретiн, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтыратын шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.";

      13) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қарамағында электр немесе жылу желілері объектілері бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр және жылу желiлерi объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстар, құрылысжайларды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдар салуға, тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тиым салынады.";

      14) 25-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін энергия беруші ұйымдар мынадай талаптарға:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға;

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға;

      3) 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      7. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығындағы электр желілерін беруді осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей қамтамасыз етеді.".

      5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар, № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; № 8-І, 62-құжат):

      1) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның 119-1, 119-2, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.";

      2) мынадай мазмұндағы 119-2-баппен толықтырылсын:

      "119-2-бап. Электр желілерін өтеусіз беру

      Иесіз деп танылған электр желілерін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олар желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға өтеусіз береді.".

      2-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады