"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 741 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық
қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 380-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «380-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу»;
      2) 108 және 109-баптар алып тасталсын;
      3) 379-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төтенше жағдай жарияланған жерлерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жиналыстар, митингілер, пикеттер, көше шерулерін және демонстрациялар өткізу барысында құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган өкілінің, әскери қызметшінің өз қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты оларға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет – »;
      4) 380-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, бірнеше рет жасалған не төтенше жағдай жарияланған жерлерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жиналыстар, митингілер, пикеттер, көше шерулерін және демонстрациялар өткізу барысында құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган өкілінің, әскери қызметшінің өз қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты оларға қатысты жасалған іс-әрекет –
      жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      5) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:
      «380-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу
      1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты оның немесе оның жақындарының өміріне қол сұғу –
      мүлкі тәркіленіп не онсыз он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекет –
      мүлкі тәркіленіп он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат):
      1) 32-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 (бірінші бөлігінде), 114 (бірінші және екінші бөліктерінде), 123, 130, 131, 147 (бірінші және екінші бөліктерінде), 149 (бірінші бөлігінде), 150 (бірінші бөлігінде), 198 (бірінші бөлігінде), 199 (бірінші бөлігінде), 321 (бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.»;
      2) 58-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Негіздер болған кезде және осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеуші өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды осыған уәкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады.»;
      3) 59-баптың екінші бөлігінің 9) тармағындағы «беруге уәкілетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:
      «10) тергеушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне жасалған шағымдарды қарауға уәкілетті.»;
      4) 60-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келiспеген жағдайда, олар жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы.»;
      5) 62-бапта:
      үшінші бөліктің 3) тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Анықтау органының бастығы прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол олар жөнінде жоғары тұрған прокурорға шағым жасауға құқылы.»;
      төртінші бөліктің 4) тармағындағы «жүргізуге құқылы.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
      «5) анықтаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне жасалған шағымдарды қарауға құқылы.»;
      6) 63-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Анықтаушы істі өз қаулысымен өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың, соттың, тергеу судьясының санкциялары немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекеттері мен басқа да процестік әрекеттерді жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.»;
      7) 105-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына немесе прокурорға берiледi. Прокурордың әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi. Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен лауазымды адам шағымды өзiнiң түсiнiктемесiмен бiрге дереу жоғары тұрған лауазымды адамға не тиiстi прокурорға жіберуге мiндеттi. Егер лауазымды адам шағымды негiздi деп есептесе, онда ол шағым жасалған әрекетiн (әрекетсіздігін) тоқтатады немесе шағым жасалған шешiмінің күшін жояды, бұл туралы прокурорға хабарлайды.
      2. Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулiк iшiнде оны қарауға және шағым берген адамды қабылданған шешім туралы хабардар етуге мiндеттi. Ұстап алу, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымынан шеттету кезiнде заңды бұзу, сондай-ақ қорғалу құқығын бұзу туралы шағымдар оларды алған кезден бастап үш тәулiк iшiнде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшiн қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қолдану қажет болатын айрықша жағдайларда, шағым берген адамға бұл туралы хабарлай отырып, шағымды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмде қарауға жол берiледi.»;
      8) 145-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты осы Кодекстің 148-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен шығарылған қаулысына сәйкес кепіл енгізілген жағдайда, күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіге, айыпталушыға кепіл жөніндегі міндеттерді және оларды орындамаудың салдарын түсіндіруді жүзеге асырады.
      Күдіктiнi, айыпталушыны күзетпен ұстаудан босату кепілдігінің енгізілгенін растайтын құжатты алғаннан кейін күзетпен ұстау орнының бастығы жүзеге асырады, ол туралы сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын тұлғаға, қадағалаушы прокурорға және тергеу судьясына дереу хабарланады.»;
      9) 147-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды таңдау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық істің расталған көшірмелері қоса беріледі.
      Осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, сот алдында оны қолдануды санкциялау туралы өтінішхат оған қоса берілген барлық материалдармен бірге ұстап алу мерзімі біткенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірілмей прокуратураға ұсынылуға тиіс.
      3. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатын қолдау, күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау үшін негіздерді қамтитын барлық материалдармен танысуға міндетті және ұсталғандарды ұстау орны бойынша күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға құқылы. Прокурор ұсынылған барлық материалдарды зерделеп:
      1) өтінішхатты қолдау және бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені шешу үшін материалдарды сотқа жіберу туралы;
      2) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздің болмауына байланысты күдіктіні күзетпен ұстаудан босату туралы;
      3) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және қылмысты жасады деген күдіктің расталмауына байланысты күдіктіні босату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
      Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қолдаған жағдайда, прокурор қылмыстық қудалау органының қаулысына келісім білдіреді. Бас тартқан жағдайда прокурор уәжді қаулы шығарады. Прокурор тергеу судьясына өзге бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберуге құқылы.
      Күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстаудан босату туралы қаулы мүдделі тұлғаларға жіберіледі. Аталған қаулыға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам не өзінің немесе білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар жоғары тұрған прокурорға осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен шағымдана алады.
      4. Прокурор сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулысын келіскеннен кейін оны негiздiлiгiн растайтын материалдармен бірге ұстап алу мерзiмi аяқталардан бұрын он екi сағаттан кешіктірмей сотқа жібереді, бір мезгілде ол туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етеді.»;
      10) 148-бапта:
      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Күзетпен ұстауды санкциялауға байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы істің көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты материалдарын зерттеумен қатар, адамға қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексереді.»;
      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Прокурордың осы өтінішхатын қарау барысында күдікті, айыпталушы, сондай-ақ олардың мүддесінде қорғаушы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.»;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша тергеу судьясы:
      1) күзетпен ұстауды санкциялау туралы;
      2) екі ай мерзімге күзетпен ұстауды санкциялау үшін жеткілікті негіздер болмаған жағдайда, он тәулікке дейінгі мерзімге күзетпен ұстауды санкциялау туралы;
      3) күзетпен ұстауды санкциялаудан бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады. Осы бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылған жағдайда, тергеу судьясы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге де бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.»;
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулыны шығарған кезде:
      1) адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс қасақана жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
      2) адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс, террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
      3) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар болған;
      4) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттерді жалғастыруы туралы деректер бар болған;
      5) күдікті, айыпталушы бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда, тергеп-тексерілетін қылмыстық іс бойынша кепіл белгілемейді.»;
      11) 153-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тергеу судьясы санкциялаған күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдауы кезінде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісімімен жүргізіледі.»;
      12) 187-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 255, 256, 257, 259, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды жымқыруға не қорқытып алуға қатысты), 360, 373, 374, 375, 392 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 445 (екінші бөлігінде), 458 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (үшiншi бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 439 (үшінші бөлігінде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 362 (үшінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 3-тармағында), 366 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 367 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды әскери қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаса, алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері жүргізуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеулігіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екiншi бөлiгiнде), 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшiншi бөлiгiнде), 120, 121, 122, 124, 125, 126 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127, 128 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 148, 150 (екiншi бөлiгiнде), 151, 155 (екiншi бөлiгiнде), 156 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 157, 188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 191 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 192, 193, 194 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 200 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 201 (екiншi бөлiгiнде), 202 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 203, 205 (үшiншi бөлiгiнде), 206 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 207 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 208 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 210 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 211 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 212 (екiншi бөлiгiнде), 213 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 254, 261, 268, 271, 272, 273, 274 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 287 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 288 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 291, 293 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 295 (үшiншi бөлiгiнде), 296 (төртiншi бөлiгiнде), 297, 298, 299 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 300 (екiншi бөлiгiнде), 301, 302, 303 (екiншi бөлiгiнде), 304, 305, 306 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 309 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 310 (екiншi бөлiгiнде), 312, 314 (екiншi бөлiгiнде), 315 (екiншi бөлiгiнде), 317 (екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 318, 319 (бесiншi бөлiгiнде), 320 (екiншi бөлiгiнде), 322 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 323, 324, 325 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 326 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 327, 328 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 329, 330, 331 (бiрiншi бөлiгiнде), 332, 333, 334 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 335 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 337 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 338, 340 (төртiншi бөлiгiнде), 341 (екiншi бөлiгiнде), 343 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 344, 346 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 348 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 349 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 350 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 351 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 352, 353 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 354 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 355, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 359 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 376 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 377, 380, 380-1, 382 (екiншi бөлiгiнде), 386 (екiншi бөлiгiнде), 388, 389 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 394 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 399 (үшiншi бөлiгiнде), 401, 402 (екiншi бөлiгiнде), 404 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (үшінші бөлігінде), 408, 409, 411, 426 (екiншi бөлiгiнде), 428 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 429, 437 (үшінші бөлiгiнде), 438 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 440 (төртiншi бөлiгiнде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 443 (екiншi бөлiгiнде), 446 (екiншi бөлiгiнде), 449 (үшiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 459 (үшiншi бөлiгiнде), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 464, 465, 466 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.»;
      13) 193-баптың бірінші бөлігінде:
      12) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі алып қояды және осы Кодексте белгіленген тергеулігіне сәйкес оны сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа органына береді; айрықша жағдайларда тергеп-тексерудің объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты қылмыстық қудалау органының не қылмыстық процестің қатысушысының жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір органнан екінші органға береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және оларды осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан тергеп-тексереді;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақпен толықтырылсын:
      «12-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-тарауында көзделген азаптаулар, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
      Бас Прокурор ерекше жағдайларда өз бастамасы бойынша осы Кодексте белгіленген тергеулікке қарамай, прокурорға сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді тапсыруға құқылы.»;
      14) 527-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдерін тіркейтін ғана тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуге құқылы.
      Осы Кодекстің 189-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша анықтау тағайындалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.».
      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптардың атауларымен толықтырылсын:
      «73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
      73-2-бап. Ұрып-соғу»;
      2) 54-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:»;
      3) 64-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 79 (бірінші бөлігінде), 146, 185, 186, 220, 229 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптармен толықтырылсын:
      «73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру/
      1. Қысқа мерзімге денсаулықтың бұзылуына не жалпы еңбекке жарамдылықтың шамалы тұрақты бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін –
      жиырма тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      73-2-бап. Ұрып-соғу
      1. Тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 462-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 162, 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау –
      белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе тоқтатпай не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе тоқтатпай, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 684-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151 (екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397(төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 456-1, 460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екiншi бөлiгiнде), 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (екiншi бөлiгiнде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 636 (екiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      7) 804-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) iшкi iстер органдарының (73, 73-1, 73-2, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруға және оның патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі), 506, 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі), 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 604 (екінші бөлігі), 605 (екінші бөлігі), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 665, 669, 674, 675-баптар);»;
      8) 819-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтауды ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға салынған және осы Кодекстің 44-бабының бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұлдың мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасынан отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.».
      4. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат):
      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
      Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заңнамалық актiлермен, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен, сондай-ақ республика Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-3) жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
      3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Прокуратура органдарының міндеттері
      Прокуратура органдары өз өкілеттіктері шегінде:
      1) заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің республиканың аумағында дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыруға;
      3) әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыруға;
      4) заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге;
      5) сотта мемлекет мүддесін білдіруге және қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдауға;
      6) заңда белгіленген тәртіппен және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа қатысуға және азаматтық талап қоюларды ұсынуға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша сот актілеріне наразылық білдіруге;
      9) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыруға;
      10) нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде мемлекеттік органдар әзірлейтін актілерді әзірлеуге және дайындауға қатысуға;
      11) прокуратура органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдамалық жұмысты жүргізуге, объективтi және шынайы статистикалық есептілікті және арнайы есепке алуды қалыптастыруға;
      12) сұрау салу бойынша ақпарат беруге;
      13) халық тарапынан сенімділікті арттыра отырып, өз қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауға;
      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;
      4) 5-бапта:
      2-тармақта:
      3-1) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына байланысты жүргiзедi.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заңның 28-бабының 2 тармағына сәйкес:
      1) құзыретті органның не оның лауазымды адамының қызметінде мүдделер жанжалы болған;
      2) егер құзыретті органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым тексерудің негізі болып табылған;
      3) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурор тексеруді құзыретті органға тапсырады.
      Құзыретті орган тексерудің нәтижелері туралы прокурорға заңда белгіленген немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
      4. Заңнаманың қолданылуын тексеру бір айлық мерзім ішінде жүргізіледі. Тексеру жүргізу туралы қаулы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда тіркеледі, онда оның тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Қосымша зерттеулер жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің көлемі елеулі болуына байланысты прокурор (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда, прокурор құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы міндетті түрде қаулы ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы қаулының нөмірі мен тіркеу күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
      Тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Жүргізілетін тексеру шеңберінде елеулі маңызы бар мәліметтер мен құжаттарды шетелдік мемлекеттерден, осы бапта көрсетілген мерзімдерден кейінірек алу қажет болған жағдайларда, тексеру жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Тексеру тоқтатыла тұрған не қайта басталған кезде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы қаулы шығарылады, бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.
      Тоқтатыла тұрған тексеру жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Заңдылықтың жай-күйін талдау Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің қолданылуы туралы мәліметтер мен ақпараттарды жинау және зерделеу арқылы тексеру талап етілмейтін жағдайларда жүргізіледі.
      Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармастан жүргізіледі.»;
      5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жоғары тұрған прокурор жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоюы не оларды қайтарып алуы мүмкін.»;
      6) 11-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының, ведомстволарының, мекемелерi мен білім беру ұйымның барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері орындауға мiндеттi, Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру және оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын іске асыру тәртiбiн реттейтiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады, өзінің орынбасарларына, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымының басшыларына және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жеке қолдану актілерін қабылдау мәселелері бойынша өкілеттіктер береді;»;
      4-1) тармақшаның бесінші абзацындағы «белгілейтін нормативтік құқықтық актілер» деген сөздер «белгілейтін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «прокуратура органдарында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;»;
      7) 21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жеке тұлғалардың Конституциямен және заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қозғайтын жедел-iздестiру іс-шаралары мен тергеу әрекетiн, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге;»;
      8) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жедел-iздестiру қызметi, жасырын тергеу әрекеттері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелерi жөнiндегi нұсқауы тергеу және анықтау органдарының, жедел iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшылары мен қызметкерлерінің орындауы үшін мiндеттi.»;
      9) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;»;
      10) мынадай мазмұндағы 29-1 және 29-2-баптармен толықтырылсын:
      «29-1-бап. Прокурордың міндеттері және тексерулерді жүзеге асыруға байланысты шектеулер
      1. Тексерулерді жүзеге асыру кезінде прокурорлар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
      2) тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы қаулыны, қызметтік куәлікті және қажет болған кезде мемлекеттік құпияларға қол жеткізуге рұқсатты растайтын тиісті нысандағы құжатты көрсетуге;
      3) осындай әрекеттер (актілер қабылдау) жасау заң бұзушылықтарды болғызбау, жолын кесу және жою үшін қажет болатын және осы мақсаттарға өзге де әрекеттер мен актілер арқылы қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, тексерілетін субъектілердің қалыпты жұмыс істеуі үшін кедергі келтіретін әрекеттер мен актілерге жол бермеуге;
      4) тексеру нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
      2. Тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілген прокуратура қызметкері ғана тексеруді жүргізе алады.
      3. Тексеру тексерілетін субъектінің (объектінің) ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүргізіледі. Заң бұзушылықтар тікелей жасалған кезде олардың жолын кесу қажет болған жағдайларда, тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
      4. Тексеруді жүзеге асыру кезінде прокурор:
      1) егер құжаттар, ақпараттар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, олардың ұсынылуын талап етуге;
      2) тексеруді жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыруға;
      3) тексерілетін субъектілердің есебінен шығындық сипаттағы іс-шаралар жүргізуге құқылы емес.
      5. Прокуратура органдарының лауазымды адамдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде кәсіпкерліктің субъектісіне келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
      29-2-бап. Тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
      1. Прокурорлар тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:
      1) мынадай:
      тексеруді тағайындау туралы қаулы болмаған;
      тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы қаулы ұсынылмаған;
      осындай тіркеу міндетті болған кезде, тексеруді тағайындау туралы қаулыны құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркеусіз тексеру жүргізілген;
      осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
      тексеруді жүргізу оған тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
      тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен артық ұзартылған;
      мемлекеттік құпияларға қол жеткізу туралы рұқсатты растайтын тиісті нысандағы құжатты ұсынбаған (мемлекеттік құпияларға қол жеткізуге байланысты тексеру кезінде) жағдайларда объектіге тексеруді жүргізу үшін келген прокуратура органдарының лаузымды адамдарын тексеруге жібермеуге;
      2) егер мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысты болмаса немесе актіде көрсетілген кезеңге қатысты болмаса, оларды бермеуге;
      3) тексеруді тағайындау туралы қаулыға және тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ прокуратура органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
      2. Прокуратура органдары тексеру жүргізген кезде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:
      1) прокуратура органдары лауазымды адамдарының тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
      Прокуратура органдары лауазымды адамдарының арнайы мемлекеттік органдар күзететін режимді объектілердің аумағына және үй-жайларына кіруі тексерілетін ұйымда белгіленген өткізу және объектішілік режим туралы талаптар ескеріле отырып қамтамасыз етіледі;
      2) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, салық не өзге де құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, прокуратура органдарының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің мақсаттары мен нысанасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілеген тәртіппен мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың құқық қорғау, мемлекеттік арнайы және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен біріктірілген ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерге қол жеткізуге;
      3) тексеруді тағайындау туралы қаулының екінші данасына танысқандығы және алғандығы туралы қол қоюға;
      4) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы анықтаманың екінші данасына танысқандығы және алғандығы туралы қол қоюға;
      5) осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.»;
      11) 43-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін және атқару құжаттарын орындаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.»;
      12) 46-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, оны анықтау немесе тергеу органына тергеп-тексеру жүргізу үшін беруге не қылмыстық-процестік заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда және тәртіппен оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;».
      5. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
      22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.».
      6. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-6) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, сақтауды және беруді жүзеге асырады;»;
      2) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-2) туысқандарымен байланысын жоғалтқан адамдарды;
      16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;».
      7. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18,142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., 8-II, 67-құжат):
      50-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атақтары, сыныптық шені бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.».
      8. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар, № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16; 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-V,154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
      1) 10-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.»;
      2) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметтік куәліктің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін, сондай-ақ оларды беру тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;
      3) 44-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу демалысын бере отырып оқытқан;»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған жағдайларда құқық қорғау қызметін атқара алады.»;
      4) 46-1-баптың 3-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуымен байланысты күзетпен ұстау уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.»;
      5) 48-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлауын анықтау үшін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі – шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
      6) 65-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына есепке алынады.»;
      7) 71-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларда қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып және құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып, еңбекақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
      Еңбекақысы сақталмайтын демалысы аяқталған соң қызметкерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.»;
      8) 77-баптың 3-тармағының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жүктілігі және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде қызметкер тиісті органның немесе мекеменің қарамағына есепке алынады. Жүктілігі және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыс, бала үш жасқа толғанға дейінгі оның күтімі бойынша жалақысы сақталмай берілетін демалыс уақытында қызметкердің соңғы жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
      Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алу бойынша демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ пен сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.».
      9. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
      6-баптың 2-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде, төтенше жағдайлар жарияланған жерлерде немесе терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында жеке тұлғалардың фототүсірілім мен бейнежазба жасауына тыйым салуға, бұл талаптарды орындамаған жағдайда, тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады