Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 744 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Ертіс су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Атырау су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Іле су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;

      2) қызмет көрсететiн шекаралар шегiнде кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды тиісінше ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру кәсіпорынның негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

Б.Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады