Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы «Қазақстан Республикасында күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сагадиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы «Қазақстан Республикасында күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев