РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
«Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:
«50-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор мен астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияның және басқа квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет кепілдігімен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден берілетін төлемақылар (төлемдер) болып табылатын, қарыз алушыдан мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін алдын ала біржолғы төлем (алым) алынбайтын, екінші деңгейдегі банк кепілдігі не сақтандыру шарты берілмейтін, меншікті капиталының болуы талап етілмейтін әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларының және (немесе) инвестициялық бағдарламаларының тізбесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 64-1) және 64-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«64-1) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерінің стандарттарын бекіту;
64-2) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 169-6), 169-7), 169-8) және 169-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«169-6) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін айқындау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
169-7) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларын бекіту;
169-8) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;
169-9) тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;»;
203) және 204) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«203) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
204) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
205) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 248-1), 248-2) және 248-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«248-1) жеке кәсiпкерлiк субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу;
248-2) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілері қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді сарапшылық кеңестің қарауына енгізу;
248-3) кәсiпкерлiкті мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігі мониторингін жүзеге асыру;»;
288) тармақша алып тасталсын;
327) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«327) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 327-1), 327-2), 327-3), 327-4), 327-5), 327-6), 327-7), 327-8) және 327-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«327-1) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
327-2) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
327-3) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
327-4) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
327-5) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
327-6) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
327-7) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
327-8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялардың Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына, екінші деңгейдегі банкке немесе жергілікті атқарушы органға (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) беретін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;
327-9) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылыс жобасы бойынша құжаттарды тексеру тәртібін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 337-1), 337-2), 337-3), 337-4), 337-5), 337-6) және 337-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«337-1) қоғамдық кеңес құру;
337-2) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
337-3) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау;
337-4) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;
337-5) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдік құрамын бекіту;
337-6) қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;
337-7) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 339-60), 339-61), 339-62), 339-63), 339-64), 339-65), 339-66), 339-67), 339-68) және 339-69) тармақшалармен толықтырылсын:
«339-60) мыналарды:
тамақ өнімдеріне оның қауіпсіздігін айқындау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытынды беруі;
тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы;
балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу туралы шешімді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және кері қайтарып алу;
тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;
339-61) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
339-62) жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есеп жіберу;
339-63) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;
339-64) ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру;
339-65) ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру;
339-66) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпарат орналастыру;
339-67) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
339-68) ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актіні келісу;
339-69) ақпараттың сапасына және уақтылы берілуіне ішкі бақылау жүргізу;»;
«Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта:
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жинау;»;
мынадай мазмұндағы 83-1) тармақшамен толықтырылсын:
«83-1) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу бойынша қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті дайындау;»;
85) тармақша алып тасталсын;
109) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«109) мемлекеттік монополия субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 114-1) және 114-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«114-1) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу;
114-2) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн әзірлеу;»;
127) тармақша алып тасталсын;
128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«128) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін лицензиялауды және хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;»;
132) және 133) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 173-1) тармақшамен толықтырылсын:
«173-1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 174-1) тармақшамен толықтырылсын:
«174-1) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асыру;»;
177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«177) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына, оның ішінде эпидемиялық маңызы бар объектілерге әкелуге, онда қолдануға және өткізуге тыйым салу;»;
мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын:
«186-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 189-1) тармақшамен толықтырылсын:
«189-1) тұтынушылардың шағымдарына жартыжылдық, жылдық талдауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайынғы талдауды жүргізу;»;
191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«191) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін интернет-ресурстарда орналастыру;»;
мынадай мазмұндағы 197-1) және 197-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«197-1) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;
197-2) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін анықтау және өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында өндіріс объектілері мен ішкі сауда объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 198-1) тармақшамен толықтырылсын:
«198-1) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 205-1) тармақшамен толықтырылсын:
«205-1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 206-1) және 206-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«206-1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды әзірлеу;
206-2) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 208-1) тармақшамен толықтырылсын:
«208-1) бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгіну;»;
мынадай мазмұндағы 227-1) тармақшамен толықтырылсын:
«227-1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;»;
243) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы оның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алпыс төртінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев